Файл: Зат есімні орнына жмсалып, атау тлада трып, бастауыш.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.03.2024
Просмотров: 18
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Көркем мәтіндегі есімдіктердің қызметі
Есімдіктер әр түрлі сөз табының орнына жүретіндіктен, барлық сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.
1. Есімдіктер зат есімнің орнына жұмсалып, атау тұлғада тұрып, бастауыш болады. Олар (кімдер?)үнсіз отырып қалды. Барлығы (кім?)келісті. Әркім (кім?)өзінше дайындалыпты. Өзі (кім?)айтып берді.
2. Есімдіктер барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде тұрып, толықтауыш болады. Бұл ешкімге (кімге?)айтпаған сыры болатын. Мынаны (нені?)апаңа берерсің. Ешқайсысында (кімде?)арнайы рұқсат жоқ. Тапсырма бәрінен (кімнен?)сұралады. Ол әркіммен (кіммен?)ақылдасуды жөн көрмеді.
3. Есімдіктер ілік септігінің жалғауын жалғап және сын есімнің, сан есімнің орнына қолданылып, анықтауыш болады. Барлығының (кімнің?)пікірі бір жерден шықты. Бұл (қай?) пікірді бәрі құптады. Бірнеше (қанша?)дауыс қатар шықты. Ешбір (қандай?)адам өзіне жамандық тілемейді.
4. Есімдіктер мезгіл, мекен үстеулерінің орнына қолданылып, пысықтауыш болады. Әңгіме әлдеқашан (қашан?)аяқталған.Ол ешқайда (қайда?)бармауға бел байлады.
5. Есімдіктер жіктеліп қолданылса, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Менің мақсатым– осы. Ата-анамыздың барлық тірегі – біздерміз.
-
Шылаулардың көркем мәтіндегі байласымдық қызметі
Шылаулар – тілде лексикалық мағынасы жоқ болса да, мәтін ішінде өз орны, қызметі бар сөз табы. Әсіресе, өзара тығыз байланысқан тілдік бірліктер арасындағы логикалық-мағыналық байланысты жүзеге асыратын жалғаулық шылаулар қызметі ерекше. Жалғаулық шылаулар жеке сөйлемдер арасындағы логикалық-мағыналық байланысты күшейтіп, мәтін әсерлілігін арттыра алады. Мұндай байланыстың түрі шылаулардың мағыналық қызметімен байланысты. Мысалы, себепті, талғаулықты, қарсылықты т.б. жалғаулықтардың жалғауына орай сөйлемдер де осындай мағыналарды білдіретін сөйлемдер болып келеді.
Мәтін ішіндегі тілдік бірліктер арасында болатын байласым қызметін жүзеге асыратын қыстырма құрылымдардың да атқаратын маңызы зор. Олар сөз тіркестері, сөз және сөйлем түрлерінде кездеседі. Қыстырмалар арқылы сөйлемдердің арасындағы байласымдар нығая түсді. Сонымен қатар, мәтіндегі ойға қатысты автордың қатысын білдіріп, мәтіндегі модальдылықты анықтап тұрады. Осы ретте автор аталған элементтер арқылы түрлі жағдайлар мен оқиғаларға қатысты көзқарасын білдіре алады. Мысалы, мәтінде айтылатын ой жүйесін құптайтыны немесе күмәнданатыны, қуанатыны немесе сенетіндігі, ренжіп, растайтыны анық байқалып тұрады. Міне, мәтіннің осы мағыналық ерекшелігіне байланысты ғылыми еңбектерде сөз болады. Мысалы, белгілі фонетист З.Базарбаева мен Ж.Қайшығұлованың еңбектерінде шегендеуіштер – қыстырма құрылымдар, шылаулар 9 түрлі топқа бөлініп қарастырылады.
1. Шүбәсіздік, сенімділік, анықтық, дұрыстықты, мақұлдауды, растау, қоштауды, келісуді, растауды білдіретін шегендеуіш сөздер: әлбетте, әрине, дауа жоқ, сөз жоқ, дұрысында, шын, рас, расында, шынында, бәсе, иә, дұрыс, ақиқатында, шындығында;
2. Болжауды, белгісіздікті, сенімсіздікті, күмәнді білдіретін шегендеуіш сөздер: кім білсін, мүмкін, шамасы, кім біледі, болжауымша, шамалауымша, құдай біледі, сірә, қайдам, сенің ойымша, тегі, әлде, неге екенін қайдам, бәлкім, дәу де болса, білем, бәлки, байқаймын, айтты білем, байқауымша, солай ғой деймін.
3. Фактілер мен оқиғаларға мәтін түзуші автордың экоционалды сезімі мен көзқарасын білдіретін шегендеуіш сөздер. Олар адамның көңіл-күйлерінің түрлі болуына байланысты төмендегідей жіктеледі:
а) Күйзелісті, өкінішті, опық жеуді білдіретін шегендеуіштер: өкінішке орай, амал нешік, амал қанша, өкінішке қарай, әттеген, қап, өкінішті, қап, әттең, амал не т.б.
ә) Армандауды, таңырқауды, қуанышты, шүкіршілік етуді, таңдануды білдіретін шегендеуіш сөздер: ең қызығы, ойпыр-ай, бір ғажабы, бақытымызға қарай, құдайға тәуба, құдайға шүкір, мәссаған, бәрекелді, бетім-ай, бетім т.б.
4. Хабардың мәнділігі, біріздігін білдіретін шегендеуіш сөздер: әсіресе, ең әуелі, алдымен, ең алдымен, оның үстіне, ақырында, сонымен бірге, сонымен қатар, екіншіден, біріншіден.
5. Ойды түсіндіру, нақтылау, анықтау үшін қолданылатын шегендеуіш сөздер: мәселен, мысалы, яки, яғни, айтқандай, айтпақшы, басқаша айтқанда, сондықтан, өйткені, сол үшін, сол себепті, себебі, ендеше, олай болса, неге десең, солай болғандықтан, демек.
6. Айтылар ойды қорытып, жинақтап айту мәнін білдіретін шегендеуіш сөздер: түптеп келгенде, қорыта айтқанда, қысқасы, тоқ етерін айтқанда, сайып келгенде, сөйтіп, сонымен, жалпы алғанда, ұзын сөздің қысқасы, т.б.
7. Құптамау, келіспеу, теріске шығару мағынасын білдіретін шегендеуіш сөздер: әйтпесе, бірақ, қайта, керісінше, сөйтсе де, әйтсе де, әткенмен, өйткенмен, алайда, қалай дегенмен, немесе, сонда да, болмаса, немесе, ендеше, олай болса, қалай десе де, ал, не болмаса, т.б.
8. Айтылатын ойға қатысты мәтінтүзушінің пікірін білдіретін шегендеуіш сөздер: менің ойымша, меніңше, біздіңше, сіздіңше, айтуына қарағанда, айтуы бойынша, оның айтуынша, айта кетерлік нәрсе, айта кету керек, ескерте кететін жайт, негізінде, әдетте, т.б.
9. Оқырман назарын аудару мақсатында қолданылатын шегендеуіштер: қарай гөр, көрдің бе, несін айтасың, білесің бе, т.б.
-
-лы, -лі, -ды, -ді жұрнақтарының көркем мәтіндегі сөз-образ жасау әлеует
Мұндай жұрнақтар арқылы: малды, көлдi, ағашты, бiлiмдi, қapлы, жүздi, сапты, мүйiздi, т.б. қатыстық сын есiмдерi зат есiмдермен тiркесiп, көлдi жер, бiлiмдi жiгiт, қарлы тау, малды жер сияқты жалаң сөз тipкeciн құрайды. Сол сияқты -лы, лi жұрнақты сөздер кейде өздерi сөз тiркестepiнің дербес сыңарын құрaғaнымен, кейде ондай жұрнақ ты сөздер сөз тipкeciнің жеке сыңары ретiнде қолданыла алмайды. Мысалы, Бұл əлемдегi отыз биенi сауып келiп, сүтті сабаға құйып, күмic саnты пicпекпен бiрер рет толғап шыққан сауыншы едi(З. Ақышев). Екiншi үйден күдiгi бар бiр кемпiр мен басын қалың орамалмен ораған, бетiнде қалың қызылы бар, жалnақ жүздi, домалақ тұмсық ке лiншек шықты (М. Əуезов).Осы сөйлемдерде күмic сапты, жалnақ жүздi зат eсім мен қатыстық сын есімдерi nicneк жəне келiншек сөзiмен қaтысa байланысқан сөз тipкecтepiн құрап тұр. Осындағы күмic саnты мен жалnақ жүздi бағыныңқы сыңарларының əрқайсысы жеке-дара толық мағыналы сөздер. Бiрақ сонысына қарамастан, саnты немесе жүздi қатыстық сын есiмдерi жеке-жеке басыңқы nicneк, келiншек сөздерiмен сөз тipкeciн құрай алмайды. Өйткенi онда онша мағыналық байланыс бола да бермейдi. Олардың мағынасы өзiнен бұрынғы сөздермен бірлiкте ғана айқындaла түспек. Сонда ол сөздер күмiс, жалnақ зат есiмдерiнiң қосақталуы арқылы жұмсалған да нақтыланып, сөз тipкecтepiнің толық сыңары қызметiнде жұмсалмақ. Олай болса, -лы, -лi қатыстық сын eciмдерi, бiр жағынан, өздерi сөз тipкeciнің бiр сыңары қызметiнде жұмсалғанымен, екiншi жағынан, осы тəрiздi жұрнақты сөздерде ондай қасиет бола бермейдi екен. Зерттей келгенiмiзде, -лы, -лi жұрнақты сөз тipкеciнің қо салқы жағдайды қажет ететiн жайттар төмендегiше:
а) Бағыныңқы сыңардың негiзгi сөзi зат eciмнeн жа салған -лы, -лі жұрнақты сын eciм де оған зат eciм қо сақталып жұмсалады. Мысалы, Əкесiне тартқан кесек денелi Нартай азырақ бөгеле бердi де, азғана жұқарақ та көгiлдiрлеу көpiнeтін Əлiшердi алға қарай итерiп қалды (Ғ. Мұстафин).
ə) Негiзгi тipeк сөз -лы, -лi жұрнақты қатыстық сын eciмгe сын есiмдер қосақталып жұмсалады. Мысалы: Хатшы арық,
opaқ мұрынды, қapa көздi жiгiт (С. Ерубаев).
б) Негiзгi сыңары -лы, -лi жұрнақты қатыстық сын eciмгe сан eciм қосақталып жұмсалады. Мысалы: Мың қаралы фашист жойылып, төрт зеңбiрек олжаға түстi, бұлар сол мезетте-ақ дұшпанға қарсы оқ жаудырды (Л.И. Брежнев). Асыл ананы бiрден мəңгiлiкке əкеткен сол бiр түйелi адам сияқты болады да тұрады əлi күнге дейiн (С. Жиренов).
в) Негiзгi сыңары -лы, -лi қатыстық сын eciмi мен eciмдiкарқылы жасалады. Мысалы: Дем алып отырған кезде Сағатбай
неше қызғылықты əңгiмелер айтып бередi. Апа-ай, осы бiр кеселдi мiнез кiшi апамнан неге шыға бередi (М. Əуезов).
г) Негiзгі сыңары -лы, -лi қатыстық сын eciмi мен күшейтпелi шырайлы сын eciм арқылы жасалады. Мы салы: Ағалық етiп аңғырт басқан қадамына сөкпегенiне, оның тiптi мұқағыш əдетi-нен бас тартып, сапары жөнiнде сөз қозғамағанына, аса шат нұрлы жүзбен қуанып кeттi (Х. Есенжанов).
-
Көркем мәтінді лингвистикалық талдауға қойылатын міндеттер
Көркем мәтінді лингвистикалық талдаудың өзіндік ұстанымдары болады. Қазақ прозасының тарихы тереңде, сондықтан таңдап алынған мәтіннің ішкі және сыртқы факторларында ескерген жөн. Қазақ тілін мәтін арқылы деңгейлеп оқыту барысында неше түрлі мәселелер туындайды. Осындай мәселелердің алдын алуда арнайы ұстанымдарды ескерген жөн. Көркем мәтінді талдауда келесі ұстанымдар басшылыққа алынған:
– Тарихилық ұстанымы
– Әлеуметтік танымдық ұстаным
– Автордың дара стилін айқындау ұстанымы
– Функционалдық ұстанымы
– Концептуалдық, семантикалық қстаным
– Автор-кейіпкер категорияларының қатынасын басшылыққа алу ұстанымы
– Мазмұн мен форманың бірлігі ұстанымы
Көркем туындының құрылысы әртарапты көптеген компоненттердің бірлігінен тұрады. Олар көркем шығарма тілінің заңдылығына бағынады және тілдік жүйе түзеді. Осы жүйені жасайтын жазушының өзі. Осыдан «автор бейнесі» мәселесі туындайды». «Автор бейнесі»-көркем әдебиет тілінің ішкі сапалық қасиеттері мен заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік беретін категориялардың бірі әрі негізгісі болып табылады. Автор өзі жазып отырған шығарманың өн бойында ойы мен идеясын, көзқарасын, психологиясын танытып отырады, яғни әрбір көркем шығарманы оқығанда автор бейнесін де байқауға болады. Көркем мәтінде жазушы өз идеясын, көзқарасын жеткізуде оқырман қажетіне жарайтындай, түсініп оқитындай тілдік бірліктерді қолданады.
Көркем мәтінді талдауда композиция, сюжет, жазушы стилі, көркем туынды негізінде жатқан идея, оның көтерген мәселесі ерекше назарға алынады. Әдеби талдау арқылы оқушылардың әр түрлі реңдегі эмоциясына, сезіміне әсер етеді, ойларына ой, пікірлеріне пікір қосып, бүкіл жан дүниесін оятады.
Көркем мәтінді терең түсіну, талдауда әңгімелеудің де маңызы ерекше деп санаймын. Әңгімелеу әдісінің тәжірбиемде қолданып жүрген мынадай түрлері бар: мәтінге жуық, көркем мәтін ізімен әңгімелеу, оқушының өзіне ұнаған эпизодын, әсерін әңгімелеу, шығармашылық жолмен әңгімелеу болып табылады. Мәтінге сәйкес әңгімелесу баланың еске ұстау қабілетіне әсер етеді, зерделілікке, ұғымдылыққа, алғырлыққа баулиды. Сондай -ақ ең бастысы, оның сөздік қорын, тіл байлығын, өз сөйлеу тілінде пайдалануға үйретеді.
-шыл, -шіл морфологиялық тұлғасының сөз-образ жасау әлеуеті
-
Көркем мәтінді тілдік талдаудың ерекшеліктері
Көркем мәтінді талдау шығармашылық жұмыстарды талап етеді. Көркем мәтінді оқыту мен талдауда оқушының мәтін мазмұнын меңгеруіне көңіл бөлу керек. Көркем шығарманы оқығанда, оқушылардың ол туралы өзіндік әсері, пікірі туындайды. Оқушылардың зейіні, есте сақтау, қабылдау қасиеттеріне қарай мұғалім мәтінді тұтастай емес, ең негізгі басты мәселелерін ғана мазмұндатып, оны меңгеруді одан әрі жалғастырғаны тиімді болады. Үзіндіні мазмұндағанда, оқушыларды мүмкіндігінше жазушы тілімен мазмұндатуға икемдеу керек. Оқушыларды әңгімелеу, мазмұндау кезінде жиі мәтінге үңілдіріп, кейбір негізгі мәселелерді мәтінге жуық айтуды талап етемін. Көркем шығарманы үйге тапсырма ретінде бергенде, түсініксіз сөздерді, сөйлемдерді оқушылардың алдын ала белгілеп келуін талап еткен жөн. Сабақ барысында шығарманың мазмұнына талдау жұмысын жүргізгенде, күрделі, түсініксіз сөздерге түсінік беру керек.
Әдеби талдаудың басты мақсаты-оқушылардың өзіндік қабылдауларын, пікірін әдебиеттану ғылымының талабына сай ғылыми арнаға бағыттау болып табылады.
Көркем мәтінді талдауда композиция, сюжет, жазушы стилі, көркем туынды негізінде жатқан идея, оның көтерген мәселесі ерекше назарға алынады. Әдеби талдау арқылы оқушылардың әр түрлі реңдегі эмоциясына, сезіміне әсер етеді, ойларына ой, пікірлеріне пікір қосып, бүкіл жан дүниесін оятады.
Көркем мәтінді терең түсіну, талдауда әңгімелеудің де маңызы ерекше деп санаймын. Әңгімелеу әдісінің тәжірбиемде қолданып жүрген мынадай түрлері бар: мәтінге жуық, көркем мәтін ізімен әңгімелеу, оқушының өзіне ұнаған эпизодын, әсерін әңгімелеу, шығармашылық жолмен әңгімелеу болып табылады. Мәтінге сәйкес әңгімелесу баланың еске ұстау қабілетіне әсер етеді, зерделілікке, ұғымдылыққа, алғырлыққа баулиды. Сондай -ақ ең бастысы, оның сөздік қорын, тіл байлығын, өз сөйлеу тілінде пайдалануға үйретеді. Көркем мәтінді дұрыс, нақты түсінуге жетелейді. Тұжырымды әңгімелеудің өзіндік басты ерекшелігі - оқушылар ең басты, негізгі мәселелерді бөліп алып, тиянақты, қысқа ғана айтулары керек. Әңгімелеудің бұл түрі оқушыларды нақты сөйлеуге , ойын шашыратпай, қысқа ғана, негізгісін айтуға баулиды. Шығармашылықпен еркін әңгімелеу оқушылардың қиялын,