Файл: Зат есімні орнына жмсалып, атау тлада трып, бастауыш.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 20

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
арманын ойын дамытады, қабілетіне әсер етеді.

Көркем шығармадағы сюжет пен композициядан бастап, әрбір деталь,  көркемдік тәсіл белгілі бір ойға,  мақсатқа құрылады. Көркем мәтінді талдауға байланысты оқушы дағдысы,  икем машықтарына қойылатын талаптар,  осыған байланысты істелетін жұмыстар:

а) Өз бетімен, жеке талдау.  Мұндай талдауда мұғалім талдау сұрақтарын, тапсырмалар береді. Сондай-ақ,  көмек-карточкалар ұсынылады.

ә) Ұжымдық талдау.  Ұжымдық талдау мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі. Ол оқушыны көркем туындыны қабылдау,  бағалау жұмыстарына баулиды, бірігіп бір пікірге келуге,  қорытынды жасауға жетелейді.  Ұжымдық талдау сұрақ-жауап,  мәтінмен практикалық жұмыс,   пікірлесу,   әдеби айтыс негізінде жүзеге асады.

       Көркем  мәтінді  талдаудың  жолдары мен бағыттары  Рәбиға Сыздықова мен  Бердібай  Шалабай  еңбектерінде  жан-жақты сараланады.  Ғалымдар көркем мәтінді талдаудың жолы мен жүйесін айқындайды.



  1. Сан есімдердің стильдік ерекшеліктері


Шырайлым-ау, күйеуіңнің онысы несі, алайын деп отырғанда сені тастап кеткені қалай? (Б.Майлин)

Мәтіннен халық дәстүрімен байланысты сөйлеу тілінің ерекшелігін көрсетіңіз


  1. Диалектизмдердің көркем мәтіндегі қолданысы

Диалект (грек тіліндегі dialektos — әңгіме, сөз дегенді білдіреді)- жергілікті немесе әлеуметтік негіздерде бөлінген ұжымдардағы аралас-құраластық жасау құралы ретіндегі тіл ерекшелігі. Диалект – тілдің тууы мен өмір сүруінің аса маңызды формасы, ол шаруа, тұрмыстық және өндірістік қарым-қатынастар жасауының негізінде пайда болған алғашқы ұлттық тілдің ерекше белгісі.

Прозалық шығармаларда диалектілік ерекшеліктер негізінен кейіпкерлердің тілінде қолданылады. Сонымен қатар, кейде автор сөзінде қолданылуы да орын алып отырады. Жазушылар диалектілік ерекшеліктерді көбінесе жергілікті тұрғындарды сипаттауда, халық тұрмысын шынайы көрсету, белгілі бір аймаққа тән материалдық және рухани мәдениет ерекшеліктерін беру үшін, халықтың болмысын, рухын шынайы түрде бейнелеу мақсатында қолданады.

Көркем шығармадағы материалдық мәдениетке қатысты диалектизмдерді зерттеу жұмысымызда төмендегідей топтарға бөліп қарастырдық:
1) Ыдыс-аяқ және үй-жай атауларындағы диалектизмдер.

2) Киім-кешек және тағам атауларындағы диалектизмдер.

3) Құрал-жабдық пен кәсіп-шаруашылыққа қатысты

диалектизмдер.


4) Жануарлар, өсімдік атаулары мен жер бедері атауларындағы

диалектизмдер.

Мысалы, жазушы Ә.Кекілбаевтың шығармасында оның там, жай, бықынажай, құжынажай, майхана, сәлемхана, шатпа, шошала, сағанақ теппе, сылама т.б. түрлері кездеседі. Бұлардың ішінде жиі қолданылатын сөздің бірі – там. Жалпы қазақ сөйленістерінде там сөзі – көп мағыналы: қолдан құйған балшықтан, кірпіштен салынған үй; мола, зират, бейіт; қабырға, дуал. Там сөзінің Қазақстанның түрлі аймақтарындағы мағынасы туралы Ә.Нұрмағамбетов оның үй, мола, бейіт мағынасы оңтүстік говорлар тобына тән де, екінші мағынасы солтүстік-батыс говорлар тобына тән. Алматы, Жамбыл, Шымкент тұрғындары тіліндегі там сөзі «үй» мағынасында қолданылып келеді де, Қызылордадан асып, Аралға жақындай бергенде, бұл мағынасынан айырылып, «мола», «бейіт» мағынасына ауысып кетеді», – дейді

  1. Осы қылғаныңа исі Үйсін, Дулат мұқым тегі ұлы жүз баласы мың мәртебе алғыс айттық (М.Әуезов)

  2. Көркем мәтінді талдау түрлері

Қазіргі мәтін лингвистикасында мәтіннің бірнеше даму бағыттары көрсетіліп жүр. Олардың бірнешеуі төмендегідей болып келеді:
Мәтінді жоғары дәрежедегі жүйе деп қарап, оның басты белгілері тұтастылық пен байланыстылық екендігін назарда ұстау;

лингвистикалық белгілерге сүйене отырып коммуникативтік параметрлер бойынша мәтін типологиясын құру (айтып жеткізу мен мазмұн бірлігі);

мәтінді құрайтын бірліктерді анықтау;

негізгі мәтіндік категорияларды анықтау.

Мәтінді аспектілі талдау, мәтінді тақырыптық талдау, мәтінді кешенді талдау, мәтінді филологиялық талдау.

  1. Эпитеттің көркем образ жасаудағы қызметі

Тілді көріктеу құралдарының бірі - эпитет. Эпитеттің құрылымдық, лексика-семантикалық, структуралық ерекшеліктері тіл білімінде зерттелген. Мәселен, орыс тіл білімінде А.Зеленецкийдің, Л.Тимофеевтің, В.Сорокиннің, Д.Розентальдың, ал қазақ тіл білімінде А.Байтұрсыновтың, Қ.Жүмалиевтің, З.Қабдоловтың, Р.Сыздықованың эпитет мәселесін зерттеген еңбектері бар.

«Эпитет - адамның, заттың, құбылыстың бір белгісін: сырын, сипатын, қасиетін атап көрсететін сөз, бірақ осы қызметте келетін жай анықтауыш сөзден эпитеттің айырмасы бар.

Эпитет қай стильде кездессе де екі мақсатта қолданылады. 

Біріншісі - анықталған мүше ретінде, екіншісі, көркемдік бейнелі мағынада қолданылады. Анықталатын мүше ретінде келетін эпитет ресми құжат тілінде жиі қолданылады. Бұл сын есім немесе сын есім ретінде есімшенің орнына қолданылатын сөздер тобы болып келеді.

  1. Тағын айтқын, айтқылашы, інішегім! Кеудеме, саңылау кірмеген кеудеме нұр төккендей болдың-ау, мүлдем тегі! (М.Әуезов)

  2. Көркем мәтіндегі антонимдер: антитеза, акротеза, альтернатеза




  1. Өлең тілін тілдік талдаудың ерекшелігі

Өлең тілін тілдік талдаудың ерекшелігі Өлең мәтіндерінің лексикалық ерекшеліктері оны құрайтын сөздік қорға байланысты. Өлең мәтіндерін түзуде өлеңнің тақырыптық ерекшелігі мен жеке автордың сөз таңдау мәнеріне қарай тілдің лексикалық қабаттарының барлығы қатысады. Өлең мәтіндерінде грамматикалық тұлғалардың өзгерісі, жаңа сөзжасам үлгілері де назардан тыс қалмауы тиіс. Мәселен, жекелеген сөз таптарының өлең мәтіндерін құрудағы ерекшеліктері жайлы тілдік зерттеулерде жақсы талданып жүр. Поэзиялық шығармаларда дыбыстар гармониясы – эвфония туралы да аз айтылып жүрген жоқ.

Өлең контексті поэтикалығының прагматикасы – оқушы сезіміне әсер ету. Мұнда өлең мәтіндерінде синтаксистік заңдылықтар үнемі сақтала бермейді. Өлең мәтініндегі поэтиканың оқушыға жеткізілу амалдары мен сипаты – поэтиканың басты белгілерінің бірі саналады.

Өлең авторы оқушысының әр түрлі сезімдік қабылдауына қарай қатынас орнатады. Өлеңдегі коммуникацияда автор оқушысының шындық дүниемен барлық қарым-қатынасын грамматикалық категориялармен жүзеге асыруымен қатар, сөйлеудегі оқшау сөздер әсіресе қаратпа сөздердің қолданылу маңыздылығын бірден байқатады. Өлең мәтінінде қаратпа сөздердің қолданылу ерекшеліктері мен маңызы арнайы қарастыруды қажет етеді

  1. Барабанға оралған сталь арқанының екі ұшы екі вогонеткада. Көміршілердің қолында врубмашиина, электровоз, электрлі балға, конвейерлер ойнайды (Ғ.Мұстафин).

  2. Проза тілін тілдік талдаудың ерекшелігі

  3. Көркем мәтіндегі сентенция құбылысы

Сентенция – ой-пікір, терең мағыналы сөздер. Мақал-мәтелдер. Қанатты сөздер. Афоризмдер. Прозалық, поэзиялық жанрлардың еншісіне тиеді. Дидактикалық жағы басым түсетін түйінді, ойлы сөздер.


Сентенцияның да өзіне тән көркемдік табиғаты, стильдік қызметі юар тілдік құбылыс. Көркем әдебиет тілін талдау барысында байқалатыны: сентенция шығарманың оқушыға эстетикалық әсерін қоюлата түседі және танымдық ой дүниесін биіктететін және түйсікке қозғау салатын сөздер. Көркем мәтін құрамын ұйымдастыратын сентенциялардың түрлері мен стильдік қызметі мәтіннің лингвистикалық талдауында сырт қалмауы тиіс.

Ақын-жазушылар авторлық афоризмнің бір түрі ретінде сентенцияны жиі қолданады. Сентенция стильдік мақсатта жұмсалады. Әдетте сентенция контексте де, контекстен сырт та қолданыла береді.

Сентенция ақыл-уағыз айтатын , терең философиялық мазмұнды ой-тұжырымы бар сөздер болып есептеледі. Сентенция прозалық, поэзиялық жанрлардың еншісіне тиетін тілдік фактор.

Сентенцияның жасалуы тілдік факторларға байланысты. Сентенция компоненттерінде тұлғалық бірлік, дыбыстық сәйкестік, мағыналық үйлесім болуы керек. Сентенциялар көбінесе екі бөлімнен тұрады. Құрылымдық ерекшелігі олардың қарама-қарсылық пен параллельге негізделуінде


  1. Екі ит балықты екі қолына алыпАқмамбет те кубрикке құлайды. Рубка ішінен тек алдыңғы бағытты болмаса, өзге тұсты болжай алар емеспін (Ә.Сәрсенбаев)

  2. Қайталама – стилистикалық тәсілдің бірі

Фигураның (айшықтаудың) бір түрі – қайталама – сөз әсерін күшейте отырып оқырман назарын айрықша аударғысы келген нәрсені не құбылысты бірнеше мәртебе қайталап, айтар ойды, ұқтырар сырды ұғымға мұқият сіңіре түсу” – деп анықтама береді [8,229].

Қайталамалар – дүние жүзі тілдерінде кең түрде дамыған, олардың әр түрлі семантикалық-грамматикалық функцияларды атқаратындығы, соның нәтижесінде әр түрлі мағыналарды беретіні белгілі.

Қайталамалар жаңа грамматикалық формалардың және мағыналардың жасалуының негізі үшін қызмет етеді де, коммуникативті процестердің құрылымдық және мазмұндық бүтіндігін жүзеге асырады. Сондай-ақ қайталамалар кейде ақын не жазушының ұқыпсыздығынан да болатын нәрсе.

Адам өзінің психологиялық сезімін, ой өрісін тіл арқылы ғана жеткізе алады. Яғни адамдар арасындағы түсіну құралы – тіл. Айтылған ойын ерекше жеткізу үшін сөз әсерін күшейту үшін қолданылатын тәсілдің бірі – қайталама. Қайталама – сөз жасау мен сөздерді қолдану барысында өте ертеден келе жатқан құбылыс, сондықтан да көптеген халықтардың фольклорына тән. Ең алғаш қайталама туралы зерттеу жұмысын жүргізген орыс ғалымы М.В.Ломоносов „Повторение есть многократное положение речей в предложениях” [9,258] деген еді. Зерттеу еңбектерінде В.И.Ломоносов қайталаудың классификациясын жете зерттеу мәселесіне тоқталады.


ХІХ ғасырдың екінші жартысында ХХ ғасырдың басында лингвистер қайтамаларға талдау жасауға көңіл бөле бастады. Американдық лингвист Э.Сэпер барлық тілдегі қайталамалардың кең ауқымда дамуын көрсетіп, олардың сан алуан семантикалық-грамматикалық функцияларының маңызын ашып берген [10,59]. Орыс ғалымдары В.В.Виноградов, Г.О. Винокур, В.Жирмунский, Е.А.Киселев және т.б. қайталаманың грамматикалық және стилистикалық ерекшеліктеріне де көңіл бөлді [11,54].

Қазақ тіліндегі қайталамалар көне жазба ескерткіштерден бастап, бүгінгі күнге дейін өзінің жалғастығын тауып келеді. Халықтың мақал-мәтелдер, жұмбақтар ырғағы ұйқасы жағынан ешқандай өлеңдерден кем емес, тоқсан ауыз сөздің тобықтай үлгісі ұйқасын келтіріп тұрған – тек қана қайталама. [12,27].

Қазақ тіл ғылымында Қ.Өмірәлиев, З.Ахметов, З.Керімбаева еңбектерінде қазақ ауыз әдебиеті, сондай-ақ белгілі ақын шығармаларындағы қайталамаға тоқталып, олардың сан салалы тілдік ерекшеліктеріне талдау жасалынған [13,7].

Қ.Жұмалиев қайталаманы белгілі стилистикалық тәсіл ретінде қарастырмайды, ол қайталауды әр шумақ жолынан емес, бүкіл өлеңнен іздестіріп мысалдар келтірген [14,220].

Қайталама – жаңа грамматикалық форманың және мағынаның жасалуының негізі үшін қызмет етеді де, коммуникативті процестің құрылымдық және мазмұндық бүтіндігін жүзеге асырады. Ауыз әдебиеті үлгілері мен жазушы-ақын шығармаларының да ұйқас, ырғағы қайталама негізінде жасалады. Өз шығармасында қайталаманы қолданбаған қаламгер жоқ шығар. Зерттеушілер қайталаманы қос сөз түрінде, енді бір тобы сөздердің, сөз тіркестерінің қайталануы түрінде қарастырған.

Қайталама ауыз әдебиетінде келе жатқан құбылыс болғандықтан, түрлі дидактикалық сарындағы шешендік толғау өлеңдеріне тән бірден-бір ерекшелік болып табылады. Қазақ поэзиясында баяндауыштық қайталама терме-толғау өлеңдеріне тән. Ауыз әдебиетіндегі шешендік өнердің толғау, терме, т.б. түрлері өзінен кейінгі әдебиетке тигізетін әсері мол. Өлеңнің алғашқы жолдары бір сөзді бірнеше рет қайталау арқылы басталады. Мұның өзі қазақ поэзиясында ертеден келе жатқан құбылыс.
Бүгін менің құшағымда кім болды?

Бүгін менің құшағымда Гүл болды?

Бүгін маған алтын Күн еді,

Бүгін менің құшағымда Күн болды.

„Күн еді – өмір бойы күлді – дер ме? ”
Сөздердің қайталануы қазақ тілінде лексикалық және экспрессивтік стилистикалық мақсатта жұмсалады. Әрбір қайталамалардың мағынасы айтушыны не жазушының мақсатты бағытына, контексте және шығарманың жанрына байланысты. Олай болса, қайталамалардың табиғатын ашуда жеке автордың ролі зор. Стилистикалық тәсіл ретінде қолданылатын қайталамалар поэзия жанрында қолдануында жаңа қырын байқатады.