Файл: Зат есімні орнына жмсалып, атау тлада трып, бастауыш.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тілге үлкен күш және көтеріңкілік беретін қайталамалардың халықтың поэтикалық тіліндегі мағыналық стилистикалық қызметін анықтауда Мағжан Жұмабаевтың поэтикалық тілін талдауымызға болады.


  1. Неологизмдердің көркем мәтіндегі қолданысы

Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер үлкен екі топқа бөлінеді: а) ғылыми-техникалық әдебиет; ә) көркем әдебиет. Қазіргі қазақ тілінде Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңде, негізінде, орыс тілінің әсері арқылы көптеген неологизмдер пайда болған. Мысалы: базальт, боксит, кидлит, плутон сияқты терминдер орыс тілі арқылы алынды. Бұл – геология терминдері – сол ғылымның жергілікті мамандары үшін де неологизм болады. Бұл сөздер қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамында аударылмай, тікелей келіп кірсе, терминдер қазақтың байырғы сөздерінен де жасалады. Бірақ бұлардың өзі де неологизм түрінде болады. Мысалы: алтын шаю (золотопромывание), атпа (извержение), желі (жила), керегетас (горсть), шөктіру (осаждение), шөгінделер (осадки). Мысалы: желі деп – бұрын тек бие байлау уақытында құлындарды тізіп байлап қою үшін қазыққа керілген арқанда атаса, қазір тау жынысын білдіретін атау. Берілген мысалдар геология мен тау өнері терминдеріне қатысты. Бірақ ғылымның бұл саласына қатысы бар заттар мен ұғымдар жөнінде сөз болса, олар көркем әдебиетте немесе басқа әдебиеттерде қолданылуы мүмкін. Бұл сөздер қазақ тілі сөздік құрамына, бір жағынан неологизм болып енсе, екінші жағынан термин сөз болып енеді (1, 192). Неологизмдердің бір түрі ретінде қаралып жүрген жеке авторлық қолданыстағы жаңа сөздерді айтып өтуге болады. Автордың стильдік мақсатта қолданған өзіндік жаңалығы сол күйінде неологизм болып қала беруі, актив лексика қатарына енбеуі де мүмкін. Ал жеке автордың қолданысында пайда болатын жаңа сөздер – стильдік мақсатпен туындайтын, әдеби тілімізге кіру қабілеті шектеулі, мағынасы жағынан контекстке байлаулы, жасалуы жағынан тіл заңдылықтарына үйлесе де, үйлеспей де келетін, үнемі жаңашылдығымен ерекшеленетін сөздер. Мысалы, Қ.Мырзалиевтің мынандай қолданыстарын атауға болады: дертхана, ұшарман, Азалыстан. Кейде көркем әдеби тіл нормасына ғана тән окказионализмдер тілдік нормамен үйлесімділік тауып, оған еніп те жататын кездері болады. Мәселен, Ш.Ш.Сарыбаев «Казахская региональная лексикография» деген еңбегінде 
балмұздақ, аялдама, теледидар сөздерінің алғашқы кезде окказионализмдердің қатарында болғанын, кейіннен әдеби тілімізге қабылданғанын атап көрсетеді. Сонымен бірге 1957 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде І.Жарылғаповтың көрермен, оқырман деген өзіндік жаңа сөздері берілді. Бұл қолданыстар бүгінгі күні әдеби тілімізге қабылданып, одан орнықты орын алып отырған сөздердің бірі болып табылады. Әрине, берілген сөздер алғаш қолданылған кезден әдеби тілімізге енген жоқ. Бірақ кейіннен көпшіліктің қолдауы негізінде тілімізде тұрақталды. Ә.Кекілбаевтың «Үркер» мен «Елең-алаң» романдары Бұл шығармада жеке сөздердің қолданысында көзге түсетін нәрсе – әдеби тіліміздің бүгінгі лексикалық нормасында көп кездеспейтін кейбір сөздердің, тіркестердің қолданылғандығы. Мысалы, сол кезеңде қазақ әскері қолданған мылтық түрлерін күлдір мамай, жекеауыз, бірауыз, қандыауыз, жездіауыз, шиті, берен деп, сауыт-саймандарды жалаңқат, зере, кіреуке тон деп көрсетеді. . 

  1. Ұлық үйлерінен урядниктер, стражниктер де шықты. Бұны биыл Құнанбай өзі аға сұлтан болғаннан кейін осы Тобықтыға болыстық старшын еткен-ді (М.Әуезов)

  2. Есімдіктердің стильдік қолданысы

Есімдік,  оның  мағыналық  түрлерінің  қарым-қатынастың барлық  саласында,  яғни  функционалды  стильдер  жүйесіндегі  
қолданыс  аясы  өте  кең.  Есімдік  мағынасындағы  сөздер  белгілі ойды  беруде,  мазмұнды  жеткізуде  алуан  түрлі  стилистикалық 
реңк-бояуға  ие  болады.  Сен  –  жекелік  ұғымды  беретін  жіктеу есімдігі,  ІІ  жағы,  тыңдаушыға,  жасы  кіші  балаға,  сырлас  адам-
дарына  арналып,  жанды,  жансыз  заттардың  орнына  қолданыла береді.  Жазушы  төмендегі  сөйлемде  сен,  осы,  қашан  тәрізді 
есімдіктерді  қолдану  арқылы  кейіпкердің  жан  дүниесін,  ішкі психологиялық  жай-күйін,  ашуға  толы  жүзін  ашып  көрсетіп, 
әсерлі етіп бейнелейді: 
-Сен  қанқұйлы    тамам  елді  жылатып  болдың  ғой,  осы итаршылықты қашан қоярмысың? (М. Әуезов). 
-Сен бүлдіресің-ақ дегендей боп, Ермак кемпіріне ежірейе тағы бір қарады (Б.Майлин). 
 Тыңдаушыға  арналып  айтылып,  оның  назарын  бір  сәтке өзіне  аударып,  оны  жақын  сырласы  санап,  пікірлеседі,  ой  тас-
тайды: 
Әсемпаз болма әрнеге, 
Өнерпаз болсаң, арқалан. 
Сен де бір кірпіш дүниеге 
Кетігін тап та бар қалан. (Абай) 

Диалогті  сөйлемдерде  есімдіктің  қаратпа  сөзбен  тікелей мағыналық байланысқа түсетін кездері де болады. 
Қыз, сен де желпілдеме, – деді Бәтимаға. (Ғ.Мұстафин). 
Ойды  нақтылай  түсу  үшін  есімдік  түрін  осындай  байланыста жұмсайды. Ол  есімдігін  қолданғанда,  ойды  жалғастыру,  бір  сөзді 
орынсыз  қайталай  бермеу  мақсатында  жұмсайды:  Әсіресе  елді қатты  сағынған  Абай  болатын.  Ол  соңғы  уақытта  Жидебайдағы  шешелерін,  ауыл-аймағын  түсінде  де  көре беретін  (М.Әуезов). 
Сөйлеу  әрекетінде  жазушының  немесе  сөйлеушінің кішіпейілділік  қасиетін  танытатын,  әдептілікті  көрсететін  біз жіктеу есімдігі жиі қолданылады: біз мынадай тұжырымға келдік,  біздің  түсінігімізде, біздің  деректер  бойынша  тәрізді  тілдік бірліктер көбінесе ғылыми стиль мәтіндерінде ұшырасады.  Сілтеу  есімдіктері  де  функционалды  стильдің  әр  саласында  кеңінен  қолданылады.  Бұл,  сол  деген  түрлері  көне  түркі жазбаларында  жиі  кездеседі.  Нақты  деректі  затты  нұсқағанда анау, дерексіз құбылыс пен ойды нұсқағанда сонау есімдіктерін қолданамыз.  Кейіпкер  атын    қайталай  бермеу  мақсатында  кей жазушылар сілтеу есімдігінің ана, анау түрлерін пайдаланады. Анау намыстанғандай: 
-Жақпаса   қойсын, – деді   де,  енді  қайтып  үн  шығармады  (С.Мұқанов). 
Есімдіктердің  беретін  мағыналық  реңктері  алуан  түрлі. Неше,  қанша  сұрау  есімдіктері:  қанша  –  мол,  көп,  неше  –  әр, 
қанша мағыналарын береді. 
Бұрымының қыз Құртқа, 
Кекілін, жалын тарайды 
Күніне неше қарайды («Қобыланды батыр»). 
Қандай  сөзі  таңдануды,  сүйсінуді  аңғартатын,  адамның түрлі көңіл-күйлерін беретін, экспрессивтік мағынада жұмсалатын  есімдік  түрі:  Сол  екеуінің  ертеде  достасу  тарихы  қандай қызық, қандай әдемі (Ғ. Мұстафин). 


  1. -лық, -лік, -дық, -дік морфологиялық тұлғаларының көркем мәтіндегі образ жасау әлеуеті

Есім сөздерден зат есім тудыратын негізгі жұрнақтар

  1. Бір күн тыртың етеді, бір күн бұртың,

Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпың (Абай)

Мәтіндегі эмоционалды-экспрессивті сөздерге назар аударыңы

Тыртың-қолдан келмейтін тыраштанған іс-әрекет.

Бұртың-мінез құлықтың тұрақсыздығы

  1. Көркем мәтінді зерттеу әдістері: синтетикалық, құрылымдық, статистикалық


Синтетикалық әдіс Бұл аталған оқиға кезінде болған маңызды элементтерді қолдана отырып, оқиғаны жинақталған түрде қалпына келтіруге тырысатын аналитикалық ойлау процесі. Басқаша айтқанда, бұл адамдарға білетін нәрселер туралы қысқаша мәлімет жасауға мүмкіндік беретін нәрсе.

Синтетикалық әдістің ерекшеліктері

- синтетикалық әдіс білім мен әдістеме негізінде құрылады.

- Бұл әдістеме білімді құрайтын әр түрлі бөліктерді талдау және нақтылау функциясына ие. Яғни, олардың әлеуеті мен мүмкін болатын салдарын анық көрсете отырып, принциптер, анықтамалар, түсініктер және басқа ресурстар жақсы анықталуы керек.

- Осы білім талдауларының мақсаты - зерттеуді дамытуда ең дұрыс әрекет ету критерийлерін жетілдіру.

- Синтетикалық әдіс әрқашан жалпы сұрақтар бойынша шындықты іздейді. Бұл білімді кейінірек қалпына келтіруге және қалпына келтіруге болады.

Құрылымдық әдіс. Латынның structura сөзі «құрылым, орналасу» деген мағына білдіреді. Берілген әдіс жүйе ішіндегі тұрақты байланыстарды айқындап, олардың негізгі қасиеттерін сақтауды қамтамасыз етеді. Осыған сәйкес, тәсілдің жүйелік әдіспен жақындығы байқалады. Сондықтан, кейбір кездері жүйелік-құрылымдық тәсіл деп атап көрсететін ғалымдар да кездеседі. Структурализмнің қайнар көзі лингвист Ф. де Соссюр және әлеуметтанушы Э. Дюркгейм еңбектерімен байланысты.

Статистикалық әдіс кейде сандық әдіс немесе математикалық әдіс деп те аталады. Статистикалық әдістің негізгі мақсаты – тілдік бірліктер (дыбыс, фонема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем т.б.) мен тілдік құбылыстарды математика ғылымының әдіс-тәсілдерімен зерттеу, олардың сандық сипатын, заңдылықтарын ашу. Тіл білімінің көптеген әдіс-тәсілдері тілдік бірліктердің сапасын зерттеуге арналған болса, статистикалық әдіс олардың сандық жағын, қолдану жиілігін, аз-көптігін т.б. жақтарын зерттеуге көңіл бөледі. Тіл бірліктерінің сапалық сипаттары да, сандық сипаттары да ғылым үшін маңызды.

Статистикалық әдіс негізінен тіл білімінің фонетика, лексика, лексикография (жиілік сөздігін жасау үшін), морфология сияқты салаларында қолданылады. Мәтін тілін, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика мәселерін зерттегенде де бұл әдісті жиі пайдаланады.

  1. Көркемдегіш құралдардың көркем мәтіндегі қызметі

    Көркем әдебиеттің негізгі құралы – тіл. Ұста металды, суретші бояуды қандай жақсы білсе, жазушы тілді сондай жақсы білуі керек. Онсыз ол өзінің ой-сезімін, өмір тәжірибесін басқаларға суреттеп жеткізе алмайды, өмір картинасын, адам образын жасай алмайды. Тіл, әрине, жалпы ұғым. Тіл – сан сөздердің жиынтығы. Ол сөздердің ішінде терең ой, сұлу сындар, нәзік сезім, асқақ көңіл, өжет ерлік, әдеп-әркен тағы басқа адам мінезіне тән ерекшеліктерді суреттеуге керекті тамаша көркемдері де, құлақ тұндырарлық дөкір, қоқыстары да бар.


         Көркем тіл, образды сөздерді білу тек жазушылар үшін ғана керек емес, әрбір сауатты адамның бәріне керекті. Өйткені әрбір адам өзінің ой-сезімін басқаларға білдіру үшін барынша көркем сөздерді қолдануға тырысады. Ол – табиғи нәрсе. Сондықтан оны түсіну, білу әр адамның өзі үшін керек.

         Жазушылар адам образын да, көркем сюжетті де, жеке адамға тән мінезді де, күйініш-сүйінішті де, табиғаттың әдемі көріністерін де көркем тіл арқылы жасайды. Тілсіз көркем шығарма жоқ. Тілге мән бермеу не оны білмеушілік әдебиеттің даму процесіне де көп кеселдік келтіруі мүмкін. «Жылтырағанның бәрі алтын емес». Жақсының жаманнан, асылды жасықтан айыру үшін әдебиетші, сыншылар көркем тілді өздері жақсы біліп, толық меңгеруі – басты шарттардың бірі. Міне, осылардың бәрі де көркем тілді кең зерттеп, терең түсінуімізді қажет етеді.
Көптің қамын әуелден Тәңірі ойлаған,

Мен сүйгенді сүйді деп иең сүйсін

Көптің бәрі көп деме, көп те бөлек,

Көп ит жеңіп көк итті күнде жемек.

Мәтіндегі лексикалық қайталауға негіз болып тұрған сөз қолданыстарды түсіндіріңіз

  1. Көркем мәтіндегі текст түзу мәселесі

Мәтін түзу – «Текст түзу» - жетілген жазба әдебиетінің көрінісі. Және ол қаламгердің зор талантын талап ететін құбылыс, өйткені текст түзу үшін сөз таптарын, грамматикалық амалдарды таңдай білу керек, әр сөздің лексикалық мағынасы мен модальдық өңін тап баса білу керек. Қазақ тіл біліміндегі мәтінтүзім мәселелері Р. Сыздық еңбектерінен бастау алады. Ғалым мәтінтүзім жөнінде мынадай пікір айтады: «Текст түзілісінің өзіне тән шарттары болады. Кез келген көркем шығармада немесе оның кез келген тұсында текст түзіле бермейді. Қазақ көркем сөзінде текст түзудің айқын көрінісі Абай өлеңдерінен басталады деуге болады. Текст түзілісінің бір белгісі – шығарманың бір бөлігінде немесе бір өлеңнің өн бойында мағыналары бірін-бірі айқындайтын, модальдық реңктері біртектес сөздерді шоғырлап беру. Модальдық реңк дегеніміз сөйлеушінің (жазушының, ақынның) айтылған ойға жағымды, жағымсыз көзқарасын білдіретін мағыналық реңк жеке сөздердің өн бойларында (лексикалық мағынасында) да болады, немесе шылау, одағай, көмекші есім, етістік, етістіктің рай тұлғалары, сын есімнің шырай тұлғалары, дауыс әуені (интонация) сияқты лексика-грамматикалық құралдар арқылы да беріледі [1, 74]. Сонымен қатар ғалым Абай өлеңдеріндегі мәтінтүзім мәселелеріне тоқтала келіп, мынадай қорытынды жасайды:

«Текст түзу жетілген жазба әдебиетінің көрінісі. Және ол қаламгердің зор талантын талап ететін құбылыс, өйткені текст түзу үшін сөз топтарын, грамматикалық амалдарды таңдай білу керек, әр сөздің лексикалық мағынасы мен модальдық өңін тап баса білу керек» [1, 79].