Файл: Зат есімні орнына жмсалып, атау тлада трып, бастауыш.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 19

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Мәтінтүзуші тілдік бірліктерді қазақ тіл білімінде зерттеуші ғалымдардың бірі – С. Мұстафина. «Текстообразующие средства казахского языка» атты зерттеуінде ғалым мәтінтүзуші тілдік бірліктерді қарастырады [2]. Мәтін лингвистикасының шетелдік тіл білімінде және кеңестік лингвистикада зерттелуіне шолу жасайды, мәтінді талдаудың грамматикалық, семантикалық, прагматикалық және психолингвистикалық бағыттарын көрсетеді. Ғалым қазақ тіліндегі мәтінтүзуші бірліктерді фонетикалық, лексикалық, грамматикалық және синтаксистік-стилистикалық фразааралық байланыс құралдары деп жіктейді. С. Мұстафина мәтінтүзуші тілдік бірліктер ретінде шылауларды, есімдіктер мен етістіктің шақ көрсеткіштерін атайды. Сондай-ақ, ғалымның пікірінше қазақ мәтіндері түзілімінде морфологиялық гетерогендік лексемалар мен фразалық тіркестер ерекше рөл атқарады. Оларға қыстырма сөздер, есімдік, үстеу, шылау, одағайлар жатады. Мәтін бөліктерінің байланысын жүзеге асырушы тілдік бірліктерді С. Мұстафина мәтінтүзуші құралдар (текстообразующие средства) деп атайды. Мәтінтүзуші құрал ұғымын кең мағынада және тар мағынадағы деп қарастырып, кең мағынадағы мәтінтүзуші құралдарға интонация, сөздердің орын тәртібі, қайталамалар, етістіктің шақ көрсеткіштерінің қатысы, синтаксистік-стилистикалық тәсілдерді жатқызады.

Тар мағынадағы мәтінтүзуші құралдар деп мәтінтүзуші аналитикалық бірліктерді атайды. Тар мағынадағы мәтінтүзуші бірліктер құрылымдық ерекшеліктерімен айқындалады. Оларды біртұтас құрылымды (демек, яғни, айталық) және тұтас емес құрылымды (не үшін десең, олай болса, содан бері, кім білсін т.б.) деп жіктейді. Мәтінтүзуші тілдік бірліктердің синтагматикалық ерекшеліктеріне олардың жалғаулықтармен (бірақ, сонда да), септеуліктермен (аздан соң), демеуліктермен (шынымен-ақ) тіркесе келуін жатқызады. Олар сөйлемнің басқы позициясында келіп алдыңғы фразадан тыс бірлікпен байланыстырып тұрады.

  1. Сөздің эмоционалды-экспрессивті бояуы – көркем мәтін талабы

Тіліміздегі сан алуан стильдік мәні бар, сезімге түрлі әсері бар сөздерді эмоционалды-экспрессивті сөздер дейміз. Эмоционалды-экспрессивті сөздер адам сезімін білдіруге, мәнерлілік пен суреттілікті күшейтуге қызмет етеді. Мысалы, қала, бала деген сөздермен салыстырғанда, шаһар, бүлдіршін, бөбек деген сөздердің бейнелілігі, әсерлілігі анық байқалады.

«Эмоционалдық сөздер мен экспрессивті сөздердің арасына тепе-теңдік белгісін қоюға болмайды. Тілдегі эмоционалдық элементтер адам сезімін білдірсе, экспрессивтік амалдар эмоцияны, ерікті ойды білдіруде де мәнерлілікті, бейнелілікті күшейтуге қызмет етеді».


Эмоционалды сөздер өз мағынасына қосымша адамның көңіл-күйін, көқарасын, жақсы көру, жек көру, жақтырмау, таңырқау, сенімсіздік т.б. сияқты қатынасын білдіре алады. Олар ойдың әсерлілігін арттыруда үлкен роль атқарады. Эмоционалды-экспрессивті сөздер көбінесе көркем әдебиет стилі мен сөйлеу стилінде, көсемсөз стилінде жұмсалады. Ғылыми және ресми-іскери стильде сирек қолданылады. Экспрессивтік бояу әр стильде әр түрлі болып келеді. Экспрессивтік бояу – жеке сөздерде де, фразеологиялық орамдарда да, синтаксистік құрылымдарда да кездеседі. Кей жағдайда тілдегі қосымшалардың да экспрессивтік реңкі болуы мүмкін. Тәуелдік жалғаудың екінші, үшінші жақтарының қолданылу ерекшеліктеріне қарай, құрметтеу, силау, мысқылдау, кекету, қомсыну сияқты қосымша әр қилы экспрессивтік реңк береді.

Тіліміздегі кейбір жұрнақтар силау, құрметтеу, еркелету, қомсыну, кекету мағыналарын береді: әкетай, ағажан, Мәке, Секе, апай, ағай, ағайынсымақ, туыссымақ т.б. Мұндай сөздер ойды жеткізуде әрі әсерлі, әрі бейнелегіштік, мәнерлегіштік қасиетімен көзге түседі.

  1. Қарсақ жортпас қара адыр,

Қарамай неге шабасың?

Бір атқа жүз құбылған, жүзі күйгір

  1. Көркем мәтіндегі сөз жиілігі

  2. Атауыштық мағына және ауыспалы мағына

Сөздердің тура мағынасы - сөздің таза лексикалық ұғымының сөзде бейнеленуі. Сөз мағынасы - заттың, нәрсенің, сапаның, қатынастың, қимыл-әрекеттің, қалыптың, шындықтың басқа да құбылыстардың сөз арқылы бейнеленуі. Сөз мағынасы әдетте екі түрлі болып келеді: сөздің грамматикалық мағынасы және сөздің лексикалық мағынасы. Сөздердің тура мағынасы лексикалық мағынаға тікелей байланысты. Лексикалық мағына көп жағдайда жалпылық қасиетке ие болады. Мәселен, күлді, ашуланды, қуанды деген сөздерді "адамныңпсихологиялық жайына қатысты жайдың етістік арқылы берілуі" деуге келеді, бірақ ол сөздердің әрқайсының өздеріне лайықты нақтылы ерекшеліктері бар: бірі екіншісіне қарама-қарсы (күлді—ашуланды), бірі үшіншісімен мағыналас (күлді-қуанды). Ол айырмашылықтар сол сөздердің тура мағынасы арқылы білініп тұр.

Ауыспалы мағына — сөздің қолданылуы барысында пайда болатын туынды мағынасы. Этимологиялық тұрғыда ол негізгі (тура) мағынадан өрбиді. Ауыспалы мағынаның жасалуына бір зат пен екінші бір заттың, бір құбылыс пен тағы басқа құбылыстың форма, сыртқы түр, түс ұқсастығы, қызмет сәйкестілігі негіз болады. Мысалы, “түзу ағаш үйге тіреу, түзу жігіт елге тіреу” (мақал) деген сөйлемде тіреу сөзі алғашқысында негізгі (тура), екіншісінде ауыспалы мағынада, қолданылған.[1] Сөздің ауыспалы мағынада қолданылу тәсілдеріне метафора,метонимия, меңзеу, қызмет бірлігі т.б. жатады. Сөздердің қызмет бірлігі бойыншаауыспалы мағынада қолданылуы олар бейнелейтін заттар мен құбылыстардың тұлғасы, түрі мен түсі, басқа да белгілері жағынан әр түрлі бола тұрып, атқаратын қызметтері бір болуына байланысты. Мысалы: жүру сөзі кезінде бір ғана мағынада қолданылып, кейін түрлі қозғалыс түрлерінің бәрінің атауына айналған.



  1. Жабағылы жас тайлақ,

Жардай атан болған жер.

Жатып қалып мың тоқты,

Жайылып мың қой болған жер

Мәтіндегі теңеулерге және оны сол теңеуге негіз болған атауыштық мағынамен салыстырыңыз

  1. Көркем мәтін және бейэквивалентті мәдени лексика

  2. Өткен шақ көсемшенің -ып, -іп, -п тұлғасы – көркем мәтіндегі сөз әсерлілігін арттыру тәсілі

  3. Әңгімесін әрлеңкіреп айуды ұнататын желқабаздау шалға Смағұл әдейі сұрақ қойды.

Мәтіндегі жергілікті тіл ерекшелігінің көркем мәтінде қолданылу орнына назар аударыңыз

  1. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау бағытындағы академик Р.Сыздықтың еңбегі