Файл: й жмысын "Тарсия" дісі бойынша тексеру Дескриптор.ppt

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 20

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Топқа бөлу "Random Group generator " әдісі .


1-топ
2-топ
3-топ
4-топ


Үй жұмысын "Тарсия" әдісі бойынша тексеру


Дескриптор
-Механикалық қозғалысты сипаттайтын шамаларды біледі;
Қозғалыстың салыстырмалылығын түсінеді.
-Өлшем бірліктерді ажырата алады
Жалпы балл-3


«Болжау» әдісі


1.Жылдамдық қандай шама?
2. Жылдамдық формуласы қалай оқылады ?
3. Жылдамдықтың өлшем бірліктерін атаңыз?


Дескриптор
Жылдамдық, орташа жылдамдық шамаларының
физикалық мағынасын біледі
- Жылдамдық, орташа жылдамдық формуласымен танысады
Жалпы балл-4


Сабақтың тақырыбы
«Жылдамдық.Орташа жылдамдықты есептеу»


«№21 жалпы білім беретін мектебі» КММ


Физика пәнінің мұғалімі:
Жанайдарова Дарья Уанасовна
Педагог-модератор


Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: 12.2.1.4 – қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептеу.
Сабақтың мақсаты:Барлық оқушылар істей алады: Жылдамдық, орташа жылдамдық шамаларының физикалық мағынасын біледі, түсінеді.
Көптеген оқуышылар істей алады: Жылдамдықты өмірмен байланыстыра алады.
Кейбір оқушылар істей алады: Жылдамдықтың бірліктерін ХБЖ-ін меңгере отырып, есептер шығаруда қолдана алады

Жылдамдық туралы ұғымды біледі


Бағалау критерийлері


Жылдамдық туралы ұғымды біледі
Жылдамдықтың өлшем бірліктерін ХБЖ-не келтіре алады.
Қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептейді.
Жылдамдық формуласын түрлендіре алады.

Қозғалысты сипаттайтын шама – жылдамдық. Дененің бірқалыпты қозғалыс жылдамдығы дененің уақыт бірлігінде қандай жол жүргіндігін көрсетеді. Жылдамдық – денелер қозғалысының шапшаңдығын сипаттайтын шама. Жылдамдық бірліктері: 1 км/сағ, 1 м/с, 1 см/с. Халықаралық жүйеде (SI) 1 м/с. Дененің бірқалыпты қозғалыс жылдамдығы дененің уақыт бірлігінде қандай жол жүргіндігін көрсетеді. Бірқалыпты қозғалыс кезіндегі дене жылдамдығы – жолдың осы жол жүретін уақытқа қатынасына тең шама. Жылдамдықтың бірлігі ретінде дене 1 секундта 1 метрге тең жол жүріп өтетін қозғалыстың жылдамдығы алынған.

Бір өлшем уақытта жүрілген жолды жылдамдық деп атайды

Жылдамдық -векторлық физикалық шама.


Жылдамдықты өлшейтін аспап спидометр

Орташа жылдамдық – бірқалыпсыз қозғалысқа тән сипаттама. Бірқалыпсыз қозғалыс кезіндегі дененің орташа жылдамдығын анықтау үшін дененің барлық жүріп өткен жолын барлық қозғалыс уақытына бөлу керек.
Көлік қозғалысы барысында кейде жылдам қозғалып, кейде жылдамдығын төмендетуі мүмкін. Осының бәрі бастапқы жылдамдықтың соңғы жылдамдықтан өзгеше болуына алып келеді. Қозғалыс бірқалыпсыз болады, ал жылдамдық айнымалы. Осындай жағдайлар үшін орташа жылдамдық ұғымы енгізіледі.


“Кім жылдам” есеп шығару


1. Алматыдан шыққан автобус Сарыөзекке дейiнгi 180 км жолды 2,5 сағ жүредi. Автобустың қозғалысын бiр қалыпты деп ұйғарып, оның жылдамдығын ХБЖ-де анықтау керек.
2. Пойыз жолдағы t уақыттың жартысын 70 км /сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын 30 км /сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Орташа жылдамдығын тап.
3. Автомобиль жерге қатысты 15 м /с жылдықпен жүріп келеді. Автомобильдің 10 мин ішіндегі жерге қатысты жүрген жолын тап.
4. Автомашина 200 м жолды 36 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Осы жолды жүруге кеткен уақытты анықтаңыз


Дескриптор
-Жылдамдықтың өлшем бірліктерін ХБЖ-не келтіре алады
- Жылдамдық, орташа жылдамдық формуласымен танысады.
-Жылдамдыққа есептер шығара алады
Жалпы балл-5


Жаңа сабақты қорытындылау «Kahhot» тест


Рефлексия


Кері байланыс «Padlet тақтасына» оқушылар бүгінгі сабақтан не түсінді, не қызықты болды, не түсініксіз болды тақтаға жазады.


Үйге тапсырма Жаттығу 2.1 №8