Файл: Мектеп Н. Тілендиев атындаы Кіші нер академиясы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 25

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


ҰМЖ-дың бөлімі: Тербелістер мен тоқындар

Мектеп: Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Еділжанқызы Ф

СЫНЫП: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Тербелістер тарауын қайталау. Есептер шығару

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Тербелістер тарауын жинақтау;

Теориялық білімдерін практикада дұрыс қолдану;

Бағалау критерийі

1.Гармониялық тербелістердің графиктері бойынша тербеліс периоды мен амплитудасын анықтайды;

2.Маятниктердің тербеліс периодының мәнін есептейді;

3. Энергияның сақталу заңын тұжырымдайды;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Тербелісті сипаттайтын физикалық шамалар период, жиілік, цикілдік жиіліктердің физикалық мағынасын біледі

Оқушылардың басым бөлігі: Есептер шығаруда формулаларды дұрыс қолданады

Кейбір оқушылар: Энергияның сақталу заңына дұрыс тұжырым жасайды

Тілдік мақсат

Оқушылар:

  • Тербелісті қозғалыстың гармоникалық түрі деп біледі

Негізгі сөздер мен тіркестер:

период, жиілік, амплитуда,резонанс, электрсыйымдылық, индуктивтілік.

Құндылықтарға баулу

ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпыәлемдік

проблемаларын шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы


Пәнаралық байланыс

Математика

Алдыңғы оқу

Электромагниттік тербелістер

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

2 мин

Ұйымдастыру:

  1. Сәлемдесу;

  2. Оқушыларды түгендеу;

  3. Психологиялық ахуал орнату;

  4. Зейіндерін шоғырландыру;




Ортасы

33 мин

"Сиқырлы қобдиша" әдісі

1. Механикалық тербелістер дегеніміз не? Олардың қандай түрлері бар?

2. Еркін тербелістер дегеніміз не? Еріксіз тербелістер дегеніміз не?

3. Математикалық маятник дегеніміз не?

4. Серіппелі маятник дегеніміз не?

5. Электромагниттік тербелістер дегеніміз не?

6. Электромагниттік тербелістерді алуға болатын тізбек қалай аталады?


Анықтама кестесі



Физикалық шама атауы

Белгіленуі

Формуласы

Өлшем

бірлігі

1

Тербеліс периоды

T

T=t/n

c

2

Тербеліс жиілігі

ν

ν=n/t

Гц, с-1

3

Тербеліс амплитудасы

A

-

м

4

Циклдік жиілік

ω

ω=2πν=2π/T

рад/с

5

Математикалық маятниктің тербеліс периоды

T



с

6

Серіппелі маятниктің тербеліс периоды

T



с

7

Электромагниттік тербеліс периоды

T



с


Есептер шығару

№1. (А деңгейі) Қатаңдығы 100 Н/м серіппеге массасы 9 кг дене бекітілген. тербеліс периоды неге тең? Жауабы: 2 с

№2. (В деңгейі) Ұзындығы 2,45 м маятник 314 с ішінде 100 рет тербеледі. Математикалық маятниктің периодын және еркін түсу үдеуін табу керек. Жауабы: 3,14 с, 9,8 м/с2

№3. (В деңгейі) Индуктивтігі 1,3 мГн катушкасын қолданып, жиілігі 2,5 МГц тербелмелі контурды құрастыру керек. Конденсатор сыйымдылығы қандай болады? Жауабы: 3,1 пФ

№4. (С деңгейі) Жер бетінде 0,5 Гц жиілікпен еркін тербелетін маятникті ғарышкерлер Айға апарды. Еркін түсу үдеуі Жермен салыстырғанда 6 есе аз. Ай бетінде маятник қандай жиілікпен тербеледі? Жауабы: 0,2 Гц
Тест жұмысы

1. Тербеліс периоды
А. Дене қозғалысы қайталанатын қозғалыс .
В. Дене қозғалысы толық қайталанатын қозғалыс
С. Дене қозғалысы толық қайталанып отыратын ең аз уақыт аралығы  
Д. Дене қозғалысы қайталанатын қозғалыстың аралығы
 
2. Тербеліс жиілігі
А. Бірлік уақыт ішіндегі тербелістер саны  
В. Өте аз уақыттағы тербелістер саны  
С. Дене қозғалысы толық қайталанып отыратын ең аз уақыт аралығы  
Д. Бір минуттағы тербелістер.
 
3. Тербеліс амплитудасы  
А. Дененің тепе тең күйі  
В. Дененің тербеліс күйінен ауытқуы  
С.  Дененің тепе теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәні  
Д. Дененің тепе теңдік күйінен ығысуы
 
4. Серіппелі маятник неге тәелді? :
А. Ұзындыққа  
В. Еркін түсу үдеуіне
С. Ұзындық пен еркін түсу үдеуіне
Д. Қатаңдыққа және массаға

5.  Математикалық маятниктің периоды  мына шамаларға тәуелді:
А. Ұзындыққа  
В. Еркін түсу үдеуіне
С. Ұзындық пен еркін түсу үдеуіне
Д. Қатаңдыққа
 

6. Егер математикалық маятник жібінің ұзындығы 4 есе артса, оның периоды қалай өзгереді?

А) 4 есе артады

В) 2 есе артады

С) 4 есе кемиді

Д) 2 есе кемиді

7. Тербелмелі контур тұрады  
А. Катушкадан  
В. Конденсатордан
С. Катушка мен конденсатордан.
Д. Электр сыйымдылығынан.

8. Уақыт өткен сайын амплитудасы азайып отыратын тербелістер…

А) өшетін тербелістер

В) гармоникалық тербелістер
С) өшпейтін тербелістер


Д) механикалық тербелістер

9. Резонанс дегеніміз
А. Мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі дәл келген кездегі еріксіз тербелістер амплитудасының кенет арту құбылысы
В. Мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің амплитудасының кенет арту құбылысы
С. Мәжбүр етуші күштің тербеліс амплитудасының кенет арту құбылысы
Д. Мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншіктіжиілігі кенет арту құбылысы
 
10 Электромагниттік тербелістер
А. Заряд пен  кернеудің периодты өзгерісі
В. зарядтың, ток күшінің, кернеудің периодты өзгерісі
С.  ток күші мен кернеудің периодты өзгерісі
Д. зарядтың, ток, күшінің  кернеудің өзгерісі
 
Тест жауабы

1. С 2. А 3. С 4. Д 5. С 6. В 7. С 8. А 9. А 10. В




Тапсырма жазылған беттер

Аяқталуы

5 мин

Кері байланыс "Шамшырақ"

Сізге бүгінгі сабақ ұнады ма?

Қызыл - Ұнады, пайдалы жақтары көп болды

Жасыл - Пайдалы жақтары болмаған сияқты

Сары - Мүлдем ұнамады

Бағалау
Үйге тапсырма

Үй тапсырмасын жариялау

Тербелістер тарауларына қайталау




Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКT-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс


Саралауды сабақтың мақсатынан бастап көрсеттім. Берілген тапсырмаларда сапалық сұрақтар, үш деңгейдегі есептер, эксперименттік тапсырмалар орындайды.


Әр тапсырмаға бағалау критерийі берілген және әр дескриптор 1 баллмен бағаланады.

Үй тапсырмасын орындауда қазақ тілі пәнімен байланыс, диктант жазу дағдысы қалыптасады.

Практикалық тапсырманы орындау- Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.


Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқу мақсаттарына негізделініп құрылған сабақ мақсаттары қол жетімді болды. Оқушылар алған теориялық білімдерін практикада қолданып, өздрінің білім сапасын бағалады. Сабақта ынтамастық атмосфера орнады, оқушылар ширақ, сергек болды.

Саралау сабақтың мақсатын қойғаннан басталды, топқа бөлу, берілген тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сай, деңгейлік тапсырмалар оқылым, жазылым, тыңдалым,айтылым дағдыларын қамтыды.

Қорытынды бағамдау

Сабақта қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Практикалық тапсырма
2: Бағалау критерийін алдын ала оқушының білгені
Қандай екі нәрсе Сіздің сабағыңызды жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Сыныпта білім деңгейі жоғары оқушылар көбірек болғанда
2: Сабақ пән кабинетінде өткізілетін болса
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Сабақ барысында оқушыларға топпен жұмыс істеу өте ұнайды, деңгейлік есептер шығарғанда шапшаңдық жетіспеген оқушылардың көңіл күйлері түсіп қалды.Топтарға бөлінген кезде бір топта білімі әлсіз оқушылар жиналып қалды, келесі сабақтарда топқа бөлуге көңіл бөлу керек.