ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.03.2024
Просмотров: 10
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Гиперсілтемелер және оны практикалық тұрғыдан қолдану
Бөлім | V бөлім. Компьютер және қауіпсіздік | |
Мұғалімнің аты-жөні | | |
Күні: | 03.02.2022 | |
Сынып: 6 | Қатысушылар саны: 21 | Қатыспағандар саны: 0 |
Сабақтың тақырыбы | Гиперсілтемелер және оны практикалық тұрғыдан қолдану | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 6.2.2.1 сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұны, тақырыптар, түсіндірмелер) | |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: «Гиперсілтеме» ұғымына анықтама береді Оқушылардың басым бөлігі: Мәтіндік құжаттарда сілтеме қояды Кейбір оқушылар: Құжат ішінде бір беттен екінші бетке жылдам ауысатын гиперсілтеме кірістіру командаларын қолданады |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Қызықты квест» әдісі Жаңа сабақты бастамас бұрын өткен тақырыптарға бір шолу жасайық. Learnis.ru интерактивті квест ойыны арқылы қайталау жұмысын жүргізу. "Гиперсілтеме" сөзі сіздерге таныс па? Оқушыларға сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты ашып алу. - Қалай ойлайсыздар, бүгінгі сабақта не туралы айтамыз? Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. Оқушыларды бағалаумен таныстыру | 1.Мұғаліммен амандасады. 2. Квест ойыны арқылы тақырыптарды қайталайды 3. Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. 4. Сабақтың мақсаттарымен танысады. | | Слайд Learnis.ru | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | Жаңа тақырып бойынша бейнеролик көрсету. Құжаттың көлемі үлкейген сайын, оның ішінен қажетті ақпаратты жылдам табу керек болады. Мұндай жағдайда құжаттағы қажетті бөлімге жылдам өтіп, оның қатесін түзетуге көп уақыт кетеді. Word мәтіндік редакторында осындай мәселені шешу үшін гиперсілтеме қолданылады Гиперсілтеме-құжаттың өзіндегі әріп, сөз, сөйлем, абзац немесе графикалық объектілердің біріне сілтеме беретін гипермәтіндік құжаттың бөлігі. Сонымен бірге жергілікті дискідегі файлдарға, компьютерлік желіде файл, бума, қосымша, веб-беттерге сілтеме беріледі. Құрылымы гиперсілтемелер көмегімен ұсынылатын құжаттар мәтіні гипермәтін деп аталады. Word-та гиперсілтемені іске қосу үшін гиперсілтеме қойғымыз келетін әріп, сөз, сөйлем, абзац немесе графикалық объектілердің бірін ерекшелеп аламыз. Вставка →Гиперссылка командаларын орындаймыз. Гиперсілтеме кірістіру:
Ерекшеленген объектіні құжат ішіндегі екінші бір орынмен байланыстыру үшін Закладка кірістіруіміз керек. 1-тапсырма (жеке жұмыс) «Қызыл кітап» электрондық жобасы Оқулық «Практикада қолдану» тапсырмасы. Тапсырманы ұлттық құндылықпен байланыстыра отырып, балаларға ұмытылып бара жатқан қазақтың салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары және ұлттық тағамдары туралы қызыл кітап жасату
2-тапсырма (жұптық жұмыс) Тақырыпқа қатысты негізгі ұғымдарды атаңдар.
| Бейнероликпен танысады. Мұғалімді тыңдайды Гиперсілтеме туралы анықтамасын дәптерге жазады 1-тапсырманы орындайды 2-тапсырманы орындайды | 1-10 баллдық жүйе 1-10 баллдық жүйе | Презентация Оқулық Бейнеролик Ноутбук Таратпа қағаздар | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Сабақты қорытындылау «Сұрақтар айналымы» әдісі WordWall бағдарламасында дөңгелекті айналдыру арқылы сабақты қорытындылау. Бағалау | Оқушылар сұраққа жауап береді. | | WordWoll. net |
Тексерілді: