Файл: Р. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.03.2024
Просмотров: 407
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Р. Қ. Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. Қ. Бектұрғанова, В. А. Донбаева, К. У. Тоғызбаев, Л. А. Байбосынова
Z. См
Алматы, 2012
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Р. Қ. Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. Қ. Бектұрғанова, В. А. Донбаева, К. У. Тоғызбаев, Л. А. Байбосынова
МЕТРОЛОГИЯ
Оқулық
Алматы, 2012
ӘОЖ 006 (075.8)
КБЖ 30.10 я 73 М 48
Қазақстан Республикасы Білім және гылым министрлігінің
«Оқулық» республикалық гылыми-практикалыц орталығы бекіткен
Пікір жазғандар:
Техника ғылымдарының докторы, профессор А. Т. Шакиров;
Техника ғылымдарының докторы, профессор Т. Ә. Толқынбаев; Техника ғылымдарының кандидаты С. Б. Ермекбаев.
М 48 Метрология: оқулық. / Авт.: Р. К. Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. Қ. Бектұрғанова жэне т.б. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2012. - 296 бет.
ISBN 978-601-217-351-2
Оқулықта өлшем бірлігін қамтамасыз етудің техникалық, құқықтық, ұйымдық және ғылыми негіздеріне шолу жүргізілген. Негізінен тер- минологияға, өлшем бірліктеріне, Қазақстан Республикасының эталон базасына, өлшем бірлігін қамтамасыз ету аясындағы заңнамасына, экономика саласындағы метрологиялық қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінген. Ғылым жүйесіндегі метрологияның орны, басқа пәндер және ғылымдармен қарым- қатынасы қарастырылған.
Еңбек сертификаттау, метрология және стандартизация пәндері оқы- тылатын білікті жоғары оқу орындарының студенттеріне, сондай-ақ инженер- техникалық жұмысшыларға арналған.
ӘОЖ 006 (075.8) КБЖ 30.10 я 73
© Ниязбекова Р. К. және т.б., 2012 © Қазақстан
Республикасы Жоғары
ISBN 978-601-217-351-2 оқу орындарының қауымдастығы, 2012
Өлшем бірлігі - нәтижелері заңдастырылған шама бірліктерін- де көрсетілген және өлшем қателігі берілген ықтималдықпен белгіленген шектегі өлшемнің жай-күйі.
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі - өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстарды өз құзіреті шегінде жүзеге асыратын нысандардың, мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы.
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаттары:
-
Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін және экономикасын өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғау; -
отандық және импортталатын өнімдердің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету; -
материалдық және энергетикалық қоры барлық түрінің дұрыс есебін қамтамасыз ету; -
іргелі зерттеулерде және ғылыми талдамаларда өлшем дұрыстығын қамтамасыз ету; -
диагностика және сырқаттарды емдеу, адамдардың еңбек және тұрмыс жағдайларының қауіпсіздігін бақылау, қозғалыс қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғау кезінде сенімді өлшем нәтижелерін қамтамасыз ету болып табылады.
Стандарттау және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган:
-
өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды ұйымдастырады; -
Қазақстан Республикасы метрологиялық қызметінің жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады; -
мемлекеттік шама бірліктерінің эталондарын бекітеді; -
Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілуі мүмкін халықаралық бірліктер жүйесіне енбейтін шамаларды айқындайды; -
метрология саласында гылыми зерттеулер жүргізуді ұйым- дастырады; -
шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын, шама бір- ліктерінің эталондарын жасау, бекіту, сақтау, қолдану және салғастыру ережелерін белгілейді, Қазақстан Республикасының шама бірліктерінің эталондық базасын жетілдіреді; -
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарының сыныптамасын белгілейді; -
өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу тәртібін белгілейді және бекітеді; -
өлшем құралдарына, әдістеріне және нәтижелеріне, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелеріне қойылатын жал- пы метрологиялық талаптарды анықтайды; -
өлшем құралдарын қолдану, өндіру және жөндеу тәртібін белгілейді, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибр- леу нәтижелерін салғастыруды ұйымдастырады; -
өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізуді ұйымдастырады; -
мемлекеттік метрологиялық қадағалауды ұйымдастырады және өткізеді; -
метрология жөніндегі халықаралық және аймақтық ұйым- дарда Қазақстан Республикасының атынан өкіл болады; -
өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрлардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастырады; -
өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында лицензиялау- ды және аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы аккредиттеуге жататын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындайды; -
өлшем құралдарының түрін бекіту туралы сертификаттар- дың, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттардың, өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттардың нысандарын белгілейді; -
салыстырып тексеру таңбаларын дайындаудың, сақтаудың және қолданудың тәртібін белгілейді. -
техникалық құралд ардың өлшем құралд арына қатыстылығын белгілеудің тәртібін айқындайды.
Шама бірліктері, шама бірліктерінің мемлекеттік эталон- дары, шама бірліктерінің эталондары, өлшем құралдары, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері, өлшем құралдарына, әдістеріне және нәтижелеріне қойылатын талаптар, өлшемдерді орындау әдістемелері, өлшем бірліктерін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік басқару органдарының, жеке, заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің жұмысы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің нысандары бо- лып табылады.
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімі - өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нысандар- ды, жұмысқа қатысушылар мен құжаттарды тіркеуді есепке алу құжаты. Тізілім нысандарын тіркеу оларды есепке алу және ҚР МӨЖ ақпараттық жинақтарының орталықтандырылған қорын құру мақсатында ұйымдастырылған.
ҚР МӨЖ тізілімі:
-
шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары; -
түрі бекітілген өлшем құралдары; -
түрі бекітілген заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілері; -
өлшем құралдарының салыстырып тексеру әдістемесі; -
өлшем құралдарын өндіруге және жөндеуге құқылы лицен- зиаттар; -
өлшемдерді орындау әдістемелері; -
метрологиялық аттестациялаудан өткен өлшем құралдар; -
өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы- аудиторлар; -
шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарының ғылыми сақтаушылары; -
өлшем құралдарды салыстырып тексерушілер сияқты бөлімдерден тұрады.
Тізілімді техникалық реттеу және
метрология Комитетінің тапсырысы бойынша Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықпен (МҒМО) жүргізеді.
Тізілім техникалық реттеу және метрология Комитетінің сай- тына енгізілген.
-
- Б Ө ЛІМ.