Файл: Р. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.03.2024
Просмотров: 411
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
стандартизация, сертификация және метрология орталықтары (ССМО) ұйымдастырылып, Қазақ Республикалық Мемстан- дартының басқаруы атқарушы орган болып Қазақстан Республи- касы үкіметінің құрылымына кірді.
-
жылы Қазақстан Республикасының егемендік алуымен, Кеңес одағының бұрынғы республикаларымен байланыстары- ның үзілуімен халық шаруашылық салаларын басқаруды орта- лықтандыруға қатысты республиканың экономикасына және Мемстандарттың жүйесіне түбегейлі құрылымдық өзгерістер енгізілді.
Еліміздің Мемстандартының алдында республикадағы өл- шемдердің шекті деңгейін сақтау, Қазақстан ұлттық эталон базасын құру және дамыту, ұлттық нормативтік құжаттарды өңдеу және гармонизациялау, оларды халықаралық талаптарға сәйкестендіру сияқты күрделі мәселелер тұрды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметі мемлекеттік метрологиялық қызметті, заңды және жеке тұлғаларды метрологиялық қызметімен және бірнеше мың адам- ды штатпен қамтамасыз етеді.
Метрологиялық қызметтің үйлестірушісі уәкілетті орган «ҚазМетрИн» РМК болып табылады, ол мемлекеттік жүйенің өлшем бірлігін қамтамасыз етеді. Салалар мен кәсіпорындарда метрологиялық жұмыстар министрліктердің, ведомсволардың, мекемелер және олардың бөлімшелерінің метрологиялық қыз- меттерімен немесе осы функцияларға жауапты тұлғалармен іске асады.
Республикадағы метрологиялық қызмет 2000 жылы 7 мау- сымда метрологиялық қызметтердің атқару талаптарымен, нор- маларын анықтайтын метрологиялық нормативті құжаттар мен ҚР Үкіметінің қаулысымен қабылданған ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі. Республика- да Халықаралық бірліктердің жүйесі қолдануы заңдастырылған.
Республикада 2002 жылдан бастап заттар мен материалдардың стандарттық үлгілер құрамының және қасиеттерінің Мемлекеттік қызметі өз жұмысын бастады, 2005 жылы уақыт пен жиіліктің Мемлекеттік қызметі және заттар және материалдардың физикалық тұрақтылығы және қасиеттері туралы анықтама мәліметтерінің Мемлекеттік қызметі құрылды.
ҚР Үкіметінің 1996 жылдың 1 қарашасында № 1342 қа- былданған Қаулысымен құрылған «Қазақстан метрология институты» он жыл жұмыс ішінде түбегейлі жетістіктерге жетті. «ҚазМетрИн» РМК елдегі метрологиялық қызметті үйлесті- реді және стандарттау мен метрология бойынша халықаралық және аймақтық ұйымдардың қызметінде қатысып, Қазақстанның мүддесін қорғайды.
1994 жылдан бастап Халықаралық заңнамалық метрология ұйымның (МОЗМ) толық құқылы мүшесі, 1998 жылдан бастап мемлекеттік метрологиялық мекемелердің Еуро-Азия ұйымының мүшесі болды - КООМЕТ, 1992 жылы Мемлекетаралық стандартизация, метрология және сертификация Кеңесіне - МГС, 1992 жылы Өлкеаралық стандартизация Қауымдастығын - МАС, 2003 жылдан бастап Орта Азиялық метрология, тіркеу, стандартизация және сапа қауымдастығына - ЦАС МАС-К кірді, 2005 жылдың қыркүйегінде шама және салмақ Бас конференцияның ассоциацияланған (ГКМВ) мүшесі болды.
2006 жылдың 6 қаңтарында Халықаралық шамалар және салмақтар Бюросының шеңберінде ұлттық өлшеу эталон- дар және калибрлеудің сертификаттары және
(CIPM - MRA) ұлттық метрологиялық институттармен шамалардың бірлік эталондарының халықаралық салыстырулары шеңберінде іске асатын және әлемнің әртүрлі мемлекеттерінің өлшеу және калибрлеу мүмкіндіктерінің мойындауын халықаралық базасы жасалатын бүгінгі күнге ең маңызды халықаралық құжат санала- тын көрсетуші өлшемдердің өзара мойындауы туралы келісімге қол қойылды.
Қазақстан Республикасы 2008 жылдың 31 қаңтарында Метр- лік конвенциясының толық құқықылы 52 мүшесі болып қосыл- ды және ассоциацияланған мүшеліктен толық құқықты мүше- лікке өткен бірінші ел болды.
2007 жылғы 6 қыркүйекте Францияның Париж қаласында 50 Казинметр РМК өлшемдердің Халықаралық конфедерацияның Бас кеңесі мәжілісіндегі (ИМЕКО) отырыста «ҚазМетрИн» РМК 38 ретінде қабылданды.
2007 жылдың 2 қарашасында Австралияның Сидней қаласында өткен Азия-Тынықмұхиттық Бас Ассамблеяның (АРМР) метрологиялық ұйымның 23 мәжілісінде Қазақстан Рес- публикасынан «ҚазМетрИн» РМК АРМР-дың ассоциацияланған мүшесі ретінде қабылданды.
Бұл ұйымдар шеңберінде мемлекетаралық стандарттар және нормативтік құжаттарды өңдеу, стандарттық үлгілерді өңдеу және қолдану, өлшем бірліктері эталондарының аймақтық салғыстырулары іске асады.
Қазақстан Республикасының эталон базасына қарайтын әртүрлі өлшемдер аймақтарында эталондардың жиынтықтары елдің метрологиялық қызметінде экономикалық қамтамасыз ету жүйесінің ең маңызды элементі болып табылады.
Бар эталон базасы экономиканың барлық салаларын дамы- туға қызмет көрсетеді, соның ішінде стратегиялық маңызды- лығы зор: азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіз- дігінің, диагностика және адам ауруын емдеу, елдің қорғанысы, қоршаған ортаны бақылауды, судың және топырақтың ластануы, радиацияны бақылауды, жылу-энергетикалық кешен,
машина жасау, өндірістік салалар, тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, қозғалыс қауіпсіздігі, сауда коммерциялық операциялар, металлургия, мұнай өнеркәсібі, құрал жасау, тағы басқаларды қамтамасыз етеді.
Республикадағы метрология өз дамуын тоқтатпайды, керісін- ше, мемлекеттің жан-жақты қолдауының арқасында метроло- гиялық жұмыстардың жаңа түрлерін меңгеруді, жетілмеген са- лаларды қамтамасыз етуді жалғастыруда, ол болашақта міндетті түрде өз жемістерін береді.
-
1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 58
Қазақстан Республикасының мемлекеттік метрологиялық қызметі
-
Мемлекеттік метрологиялық қызметті ұйымдастыру негізі
ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету» Заңына сәйкес өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің құрылымына:
-
ұйымдық негізді құратын Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметі; -
шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары, шама бір- ліктерінің эталондары және техникалық негізді құратын өлшем құралдары; -
нормативтік құқықтық актілер мен өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, жұмыстарды ұйым- дастыру және жүргізу тәртібін регламенттейтін нормативтік құжаттар кіреді.
Метрологиялық қызмет - қызметі өлшем бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған субъектілер жиынтығы.
Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметі:
-
мемлекеттік метрологиялық қызметтен; -
уақыт және жиілік мемлекеттік қызметтерінен; заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерінен; заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары және қасиеттері туралы стандарттық анықтама де- ректерден, сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз етудің өзге де мемлекеттік қызметтерінен; -
мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінен; -
өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы- аудиторлардан; -
өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында консалтингтік қызметтер көрсететін заңды тұлғалардан тұрады.
Метрологиялық қызмет өз қызметтерінде:
-
Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлікті қамтамасыз ету» туралы заңын; -
заң шығару және Қазақстан Республикасының норматив- тік құжаттарын, соның ішінде өлшем бірлікті қамтамасыз ету бойынша: -
мемлекетаралық нормативтік құжаттарын; -
стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша уә- кілетті органның бұйрықтарын; -
Метрологиялық қызмет туралы жағдайымен, игерілген уә- кілетті органның ұсыныстарының негізінде: -
басқаруды мемлекеттік құрылым және заңды тұлғаның бұйрық-жарлықтарын негізге алады.