Файл: Р. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.03.2024
Просмотров: 415
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
ҚАЗАҚСТАН МЕТРОЛОГИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ
-
Метрология дамуының келешектегі жолы
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ұлттық метрология институты (ҰМИ) ретінде техникалық реттеу және метрология Комитетінің (ТРМК) республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Қазақстан метрология институты» (РМК «ҚазМетрИн») бо- лып табылады. Сонымен қатар РМК «ҚазМетрИн» Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық та (МҒМО) болып есептеледі. РМК «ҚазМетрИн» мемлекеттік эталондар мен эталон кұрылгыларын жабдықтау және құрастыруға қатысты ғылыми зерттеулерге қатысады, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін жасайды, өлшем құралдарының түрін бекіту мақсатында сынау және метрологиялық аттестат- тау жұмыстарын жүргізеді, мемлекеттік, мемлекетаралық және халықаралық стандарттарды енгізуге атсалысады, метрология саласы кадрларын даярлайды.
Қазақстанның ауқымды аймағында климатикалық шарт- тары бойынша әртүрлі өнеркәсіп салаларының орналасуына байланысты РМК «ҚазМетрИн» құрылымы келесідей болып бөлінген: бас мекеме мемлекеттің астанасы Астана қаласында орналасқан және 5 филиал: Ақтөбе филиалы (Ақтөбе қаласы), Шығыс Қазақстан филиалы (Өскемен қаласы), Батыс Қазақстан (Орал қаласы), Қарағанды
филиалы (Қарағанды қаласы) және Оңтүстік Қазақстан филиалы бар және мәдениет орталығы болып табылатын біреуі Алматы қаласында да орналасқан.
Қазақстанда өлшем мен өлшеу техникасының даму тарихы Ресейдегі метрологияның қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты. Қазақстанда метрологиялық қызметтінің құрылу баста- масы деп 1923 жылы Семей қаласында шама және таразы бас палатасына қарасты Томск салыстырып тексеру палатасының семейлік бөлімшесінің құрылуын санаған жөн. Бөлімше үкі- меттік, әскери және азаматтық ғимараттардағы, дәріхана, қауымдық және жеке, сауда және өнеркәсіп орындарында шама 6
және таразыны қолдана отырып тіркелетін өлшем құралдарды, таразыда өлшенетін шикізаттарды, материалдар мен басқа да заттарды салыстырып тексеру және таңбалаумен, сонымен қатар алуан түрлі айырбастау, алып сату, жалақыны санап тіркеу сияқты келісімдермен және т.б. жұмыстармен айналысқан. Томск салыстырып тексеру палатасының рұқсатынсыз шама және таразыны жөндеу жұмыстарымен айналысуға ешкімнің құқығы болмаған.
1925 жылы 1 қазан айында Қазақстан тарихында тұңғыш рет Семейде шама және таразы салыстырып тексеру палатасы өз бетімен мекеме болып құрылды. Бастапқы уақытта ол екі об- лысты ғана қамтыды. Жұмысшылар штаты жеті адамнан тұрды. Жыл сайын
салыстырып тексеру палатасында 3000 данадан аса өлшем құралдары салыстырып тексеруден өтіп отырды. 1925 жылы Семей палатасы: Алматы, Орал, Фрунзе, Петропавл жэне Ақтөбе бөлімшелерінен тұрды. 1929 жылдың 1 қазан айынын бас- тап, Семей салыстырып тексеру палатасы Қазақ аймақтық шама және таразы салыстырып тексеру палатасына айналды.
Гиря жэне таразы сияқты қарапайым өлшем құралдарын салыстырып тексеру жэне таңбалау сияқты бастапқы жеңіл-желпі қойылған шарттарға қарамастан палатаның жұмысы аймақ экономикасының орнығуында, халық шаруашылығын қайта құру және ұйымдастыруда маңызды рөл атқарды.
Қазақ аймақтық шама жэне таразы салыстырып тексеру палатасы 1931 жылы Қазақ Аймақтық Стандарттау Бюросы болып атаиды. Бюро өз жұмысын 1931 жылдың 1 қазан айында Алматы қаласында бастады.
Қазақ Аймақтық Стандарттау Бюросы 1933 жылы ҚазАКСР- ның Ішкі істер халық комиссариатына (ІІХК) қарасты шама және таразы басқармасының Уәкілетті Орталық Басқармасы болып атанды, 1935 жылы ҚазКСР ІІХК қарасты шама жэне таразы Бөлімі болып құрылды, 1938 жылы ҚазКСР Халық
Комиссариаты Кеңесіне қарасты шама және өлшем құралдары жұмыстарының уәкілетті комитет Басқармасы болды.
Республикада метрологияның белсенді дамуына Ұлы Отан соғысы кезінде Мәскеу, Ленинград және тағы басқа КСРО қалаларынан өнеркәсіп орындарының эвакуациялануы қуатты серпін берген. Машина құрастыру жұмыстарына қатысты са- лыстырып тексерілетін құралдар түрінің саны арта түсті. Зауыт- тарда салыстырып тексеру құрылғыларымен қамтамасыз етілген ведомствалы метрологиялық қызметтер жұмысы жолға қойылып, өлшем құралдарын салыстырып тексеру негізінен кәсіпорынның құрылғысында жүргізілді.
1950 жылға қарай Басқарма штаты 5 облыста 143 адам- нан тұрды. Қазақстан Мемстандартының мамандары Ресей Федерациясының белгілі метрологиялық институттарында (Д. И. Менделеев атындағы ВНИИМС, ВНИИФТРИ, ВНИИМ) өлшем бірлік түрлері бойынша тәжірбиеден өткен.
Қазақстанның метрологиясының қарқынды дамуы 60 жылда- ры басталды. Бұл уақытта белсенді түрде қажетті құрылғылармен қамтамасыз етілген 2 және 3 дәрежелі зертханалар салынды.
1971 жылдың ақпанында басты міндеттерінің бірі - елдегі дамытуды негізгі бағыт және стандартизацияның жүйесінің әбден жетілдіруі және метрологияның анықтауы болып табылған мемстандарттың Қазақ Республикалық басқаруы стандартизацияның қолдануы және оның өңдеуі, өндіріс және пайдалануға шығынды өндірістің техникалық деңгейінің жоғарылатуының тиімді құралы және өнім сапасы, төмендету метрологияның масштабтарының кеңейтуі жасалды.
Мемстандарттың міндет және құқықтары енгізуге және стандарттарды сақтауды мемлекеттік қадағалаудың тиімділігін күшейту және жоғарылатуына және техникалық шарттар, күйге және өлшеу техниканың қолдануларымен бағытталды.
70 жылдардың басында Өскемен, Целиноград, Шымкент, Жамбыл және тағы да басқа облыстарда 2 және 3 дәрежелі өте жаңа жабдықтармен жарақтанған зертханалар құрылды.
Қазақ Республикалық стандарттармен және өлшеу техника- сын мемқадағалаудың зертханасы (ҚазРМҚЛ) 1975 жылы Қазақ Республикалық метрология және стандартизация орталығы (ҚазРМСО) болып ұйымдастырылды.
80 жылдары Қазақстан эталон базасы ҚазРМСО орналас- тырылып, стандарттар және өлшеу құралы ұйымдастыру әдістемелік бөлімдермен, сынау зертханаларының ондықтарымен, мемлекеттік қадағалау бөлімдері метрологиясы сынау және есептеуіш орталықпен қоса жұмыс жасады.
ҚазРМСО сынау зертханалары бес мың бірлікті өте дәл сынау жабдықтарымен жабдықталды. Орталық Орта Азия және Батыс Сібір кәсіпорындарының кейбір өлшеу құралдарын салы- стырып тексеруді қамтамасыз етті.
80 және 90 жылдарды қоса алғанда республиканың ме- трологиялық қызметі: Қазақ Республикалық басқарудан, 7 стандартизация және метрология орталықтарынан (СМО), 13 мемлекеттік қадағалаудың зертханаларынан, сонымен бірге 27 министрліктер және мекемелерден тұрды. 40 негізгі метрологиялық қызмет 700 кәсіпорындар мен ұйымдардың метрологиялық қызметтерін жетекшілікке алды.
-
жылы Республиканың Мемстандартының аймақтық органдарының шаруашылық есепке өтуімен 19 облыстық