Файл: Р. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.03.2024
Просмотров: 414
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
ББҚ-ның бақылау әдістері мен тексеру құралдарының өте көптеген стандарттары бар, олардың тізімі №1 қосымшада келтірілген.
-
Бұзбайтын бақылау құралдарын метрологиялық қамтамасыз етудің рөлі және өнімнің сапасын арттыру
Өнімнің сапасын арттыру метрологиялық қамтамасыз етудің деңгейіне байланысты. ББҚ-ның метрологиялық қамтамасыз етудің сапасын арттыру үшін ең алдымен ББҚ-ны тұрақты тек- серу қажет. Сол әдіс қана сыналып жатқан өнімнің бақыланатын өлшемдерді туралы дәл ақпаратты қамтамасыз етеді.
Салыстырып тексеруде ең алдымен ББҚ метрологиялық және техникалық мінездемелерінің стандарт немесе әдістемелік нұсқаулық түріндегі НҚ талаптарына сай келуі анықталады. Жалпыға қолдануға арналған ББҚ салыстырып тексеруде норматив™ құжаттар болып салыстырып тексеру әдістері бойын- ша мемлекеттік стандарттар немесе салыстырып тексеру бойынша мемстандарты нұсқамалары болып табылады. НҚ болмаған жағдайда ведомства мен өндіріс орындары ББҚ бойынша өзінің салыстырып тексеру бойынша әдістемелік нұсқаулығын қолдануға болады. ББҚ салыстырып тексеру бойынша ведомствалық нұсқаулықтар мемлекеттік стандарттар немесе РФ Меместандарт нұсқаулықтары бар жағдайда да, мемлекеттік НҚ бекітілген негізгі
талаптарды сақтау шартымен қолданыла алады.
Бір кәсіпорында дайындалған және қолданылатын стандарт- ты емес ББҚ-ны тексеру үшін кәсіпорында әзірленген салыстырып тексеру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар қолданылады.
Егер тексерілетін ББҚ салыстырып тексеру құралдарымен қамтамасыз етілген болса, кез келген деңгейдегі салыстырып тексеру бойынша нормативтік құжаттарды әзірлейді.
Салыстырып тексеру әдістері және салыстырып тексеру жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар бойынша әрекет ететін мемлекеттік стандарттарды қарастыру және жаңа стандарттарды әзірлеуді стандарттау және метрология орталықтары және техникалық реттеу және метрология комитеті, сондай-ақ, ББҚ әзірлеуші ұйымдар немесе негізгі министрлік қызметінің метрологиялық ұйымдары жүзеге асыра алады.
Метрологиялық институттардың салыстырып тексеру бо- йынша әдістемелік нұсқаулықтарын мемлекеттік қабылдау сынауларына ББҚ-ны таныстыратын ұйымдар әзірлейді. Кә- сіпорынның және ведомствалардың салыстырып тексеру бойынша әдістемелік нұсқаулықтарын ББҚ әзірлеуші ұйым- дар немесе елге келетін ББҚ-ға жауапты негізгі министірлік қызметінің метрологиялық ұйымдары әзірлейді.
Кез-келген деңгейдегі салыстырып тексеру нормативтік құжаттарына сәйкес келуі керек. Әзірлеу, үйлестіру, рәсімдеу, тіркеу және
салыстырып тексеру бойынша ведомстволық әдістемелік нұсқаулықтарды басып шығару тәртібін министр- ліктер бекітеді.
-
Салыстырып тексеру әдістері.
Салыстырып тексеру бойынша нормативтік құжаттар
СИ салыстырып тексеру әдісі бойынша физикалық шаманың бірлігінің өлшемін беру түсінігі жоғары тұрған өлшеу құралдарын салыстырып тексеру стандарттарға сәйкес келуі керек.
ББҚ салыстырып тексеру кезінде келесі әдістер қолданылуы мүмкін:
-
Тікелей бірігу әдісі (салыстыру құралдарын қолданусыз) салыстырып тексеріліп жатқан үлгілік ББҚ сол түрден (яғни, шара мен шараның немесе өлшеу құралымен)
-
Тікелей бірігу әдісі салыстырып тексеріліп жатқан үлгілік ББҚ сол түрден компаратордың көмегімен (яғни салыстыру құралдары көмегімен)
-
Үлгілік шамамен ұдайы өндірілетін салыстырып тексеріліп жатқан ББҚ өлшеуін тікелей әдісі;
-
Шаманы салыстырып тексеруге түсетін ұдайы өңделетін шаманы үлгілік өлшеу құралымен тура өлшеу әдісі;
-
Тура өлшеуге түсетін шама мен осы ізделіп отырған шама негізінде белгілі тәуелділік кезінегі жанама өлшеу әдісі;
-
Тәуелсіз салыстырып тексеру әдісі, яғни өлшеу шамалары бірліктерінде градуирленген эталон немесе үлгілік өлшеу құралдарымен өлшеу бірліктерін талап етпейтін қатысты ша- маларды өлшеу құралын салыстырып тексеру
ББҚ салыстырып тексерген кезде біртұтас ретінде қарас- тырылады және қателік те тұтас бағаланады. Кей кезде ББҚ- ның қолдану жарамдылығына эсер ететін элементтік салыс- тырып тексеруді жекелеген бөліктердің өлшемдерін анықтап жүргізеді.
Стандарт бойынша нормативті құжаттарда ББҚ салыстырып тексеру әдістерінде мынадай бөлімдер бар:
-
Кіру бөлімі;
-
Салыстырып тексеру үдерісі;
-
Салыстырып тексеру құралдары;
-
Қауіпсіздік талаптары;
-
Салыстырып тексеру шарттары;
-
Салыстырып тексеруге дайындалу;
-
Салыстырып тексеруді өткізу;
-
Тексеру нәтижелерін рәсімдеу.
Салыстырып тексеру бойынша нормативтік құжаттарға салыстырып тексерудің әдістері мен құралдары енуі тиіс. Соған сәйкес, ерекше назар барынша қолдануға НҚ-дың салыстырып тексерілетін құралдардың жарамдылығы туралы сұрақты шешу үшін метрологиялық мінездемеге аударылуы тиіс.
«Салыстырып тексеру үдерісі» бөлімінде барынша жүзеге асырылатын нәрсе мақсатты түрде кезекпен тізімде болады.
Салыстырып тексеру құралдары. Нормативтік құжаттарда салыстырып тексеруге қажет үлгілік және көмекші салыстырып тексеру құралдарының тізімі болады. Үлгілік және көмекші салыстырып тексеру құралдары үшін осы құралдардың негізгі техникалық және метрологиялық немесе мемлекеттік салыстырып тексеру схемаларының разряды техникалық талаптарды регламенттейтін нормативтік кұжаттарының нөмірі көрсетіледі.
Салыстырып тексеруді өткізу шарттары. ББҚ-ны салыстырып тексеру өткізген кезінде салыстырып тексеру әдістерінің нормативтік құжаттарында айтылатын барлық қалыпты шарттар орындалуы тиіс:
-
293 К-да салыстырып тексеру жүретін қоршаған ортаның температурасы (200С);
-
Ауаның ылғалдылығы 60%;
-
760 мм/сын.бағ. атмосфералық қысым (101,3 кПа);
-
50 Гц кернеуді қамтамасыз ететін жиілік, 220 В кернеу.
Егер осы шарттар орындалмаса, онда басқа түзетулер алу
керек.
Тексерісті дайындау және жүргізу
Тексерісті жүргізудің алдында әдетте дайындық жұмыстарын жүргізеді:
-
Тексерілетін ББҚ және тексеріс құралдарын орнатады және дайындайды;
-
әсері бар өлшемдер әрекет ететін жағдайда тексерілетін ББҚ-ын ұстайды;
-
стандартты үлгілерден майлауды алып тастайды;
-
экрандауды жүргізеді (қажет болған жағдайда);
-
түйісетін байланыстарды тексереді;
-
температура, ылғалдылық және т.б. мәндерін тексереді;
-
ББҚ және тексеріс құралдарын жерге қосады;
-
Түйістіретін кұрылғыларды іске қосады;
-
ББҚ-ын кернеу астында қыздырады;
-
ҚТ бойынша керекті іс-шараларды жүргізеді.
ББҚ тексерісі сыртқы тексеруден, сыннан өткізуден және олардың метрологиялық сипаттамаларын анықтаудан тұрады.
Сыртқы тексеріс кезінде келесілер тексеріледі:
-
Кешенді тізім сәйкестігі;
-
әрбір ауыстырып қосқыштың тағайындалуы туралы жазбалардың болуы;
-
дәлдік сапасын және физикалық өлшемді құрал шкаласында белгілеу;
-
есеп беру құрылғыларының бөліну бағасы;
-
техникалық шарттар бойынша олардың бар болуы қол- данысқа жіберілмейтін ББҚ элементтерінің ақауларын және олардың жабындысын белгілейді;
-
тауарлық белгі немесе өндіруші-кәсіпорын атауы;
-
түрі;
-
реттік нөмері;
-
шығарылған жылы.
ББҚ сынауын сыртқы тексерістен кейін жүргізеді. Бұл жұмыс НҚ-ға сәйкес жүргізіледі. Сынау кезінде әдетте стандартты үлгілер пайдаланылады. Сонымен қоса, үлгілі өлшеу құралдары мен қосымша тексеріс құралдары пайдаланылуы мүмкін.
ББҚ сынауы мынадай тексеріске негізделеді:
-
басқару, реттеу және жөнге келтіру органдарының іс- әрекеттері;
-
тоқ көзін қосу және өшіру кезіндегі құрал көрсеткіштерінің нөлге орнатылуы;
-
жеке элементтердің еркін орын ауыстырулары және бел- гіленулері немесе өзара әрекеттесулері;
-
Басқару органдарының іс-әрекеттеріне құралдардың әсер- лері;
-
Жеке элементтердің жансыз жүрісі мен люфты;
-
Олардың жұмысқа қабілеттілігі.
ББҚ-ның метрологиялық сипаттамасын анықтау рұқсат етіл- ген шектердегі олардың атаулы мәндерінің сәйкестігін орнату үшін жүргізіледі. Стандарттарда немесе НҚ-да тексеріске әр- дайым ББҚ-ның метрологиялық сипаттамасын анықтау тәсілдерін және тексеріс операцияларын жүргізу әдістерін орнатады. Тексерістің әрбір операциясы үшін төмендегілер анықталады:
-
Тексеріс әдістерінің сипаттамасы;
-
Тексеріс құралдары туралы нұсқаулық;
-
Қосылу сұлбалары мен сызбалар;
-
Операцияны орындау реті туралы нұсқаулықтар;
-
Метрологиялық сипаттамаларды анықтау нәтижелерін өңдеу тәсілдері.
Тексеріс нәтижелерін өңдеу және рәсімдеу НҚ бойынша тексеріске кейіннен ББҚ-на таңба орнатуына, тексеріс туралы куәлік берілуіне, ББҚ-ын тексеріліп жатқанның төлқұжаттарын- дағы жазбаларға және тексеріс мерзімін белгілеуге негізделеді. Егер тексеріс нәтижесі теріс болса, онда таңба өшіріледі, куәлік күшін жояды, ал төлқұжатқа ББҚ-ның жарамсыздығы туралы жазба жасалады.
-
Ведомствалық метрологиялық қызметтің тексеріс бөлімдерін құру және ұйымдастыру
Метрологиялық тексеріс бөлімшелері кәсіпорындардың, ірі бірлестіктердің метрологиялық қызметінің құрамында құрылады. Соның барысында осындай қызметті құрудың немесе керекті тексеріске құқығы бар баска ұйымдар тексеріс қызметін пайдалануының егжей-тегжейлі техника-экономикалық мақсатқа лайықтылық бағасы жүргізіледі. Кәсіпорында метрологиялық қызметті ұйымдастыру білікті мамандар штатын ғана емес, сонымен қатар арнайы орындарды, тексеріс құралдарына қоса үлгілі өлшеу құралдарының болуын талап етеді. Бұның қомақты қаржы шығындарын талап ететін сөзсіз, алайда ББҚ-ның тексеріс орнына жеткізілуі болмайтыны есебінен тексеріс жылдамдығы пен сенімділігін тездетіледі.
Тексеріс бөлімшелері құрғақ, таза бөлмелерде орналасқан орындарда немесе арнайы ғимаратта, басқа өндірістік аймақ- тардан оқшауланып, 90 Дб-ден жоғары шу көздерінен, электро және радиокедергілерден, күшті электрлік, жоғарыжиілікті және магниттік өрістерден, шаңнан, зиянды газдар мен булар- дан алыстатылып орналасуы қажет. Бұл орындар арқылы бу- газ өткізгіштері өтпеуі тиіс. Бөлме терезелерінің солтүстікке қарай орналасуы және перделер арқылы күннің тікелей түсуінен қорғануы жақсырақ болар еді. Күн көзі шашыраңқы және көлең- ке түсірмеуі қажет. Тексерушінің жұмыс үстелі бетіндегі табиғи жарықтанудың коэффициенті 1.00-1.500 шегінде болуы керек. Жасанды жарықтану люминесцентті, шашыраңқы болуы керек. Жұмыс деңгейіндегі жарықтану 300 лк-тан кем болмауы шарт.
Бөлме қабырғасы биіктігінің % бөлігі ашық майлы бояумен, ал қалған бөлігі, үстел және төбесі шаңнан тазартуға шыдай алатын тығыз ақ бояумен сырлану қажет. Еденді линолеуммен немесе пластикпен жабу керек.
Бөлме жерлендірумен жабдықталуы шарт. Бөлмеде қалыпты жағдайлар қамтамасыз етілуі қажет:
-
293±3 К температурасы;
-
Ылғалдылық 60±15%.
ББҚ-ның тексеріске сақтаумен, тазалаумен және т.б. байланысты дайындығын жеке оқшауланған орындарда жүргізу ұсынылады.
Қызметкерлердің саны тексеріліп жатқан ББҚ санына, тексерістің аралық кезеңіне және әртүрлі типті ББҚ-ның тексерісіне керекті уақыт нормаларына сәйкес анықталады.
ББҚ тексерісінің кейбір ерекшеліктері
Қылтүтік дефектоскоптар үшін тексеріс барысында мыналар бақыланады:
-
Техникалық шарттары бойынша пайдаланылатын пене_ транттардың сапасы;
-
Штативтердің рұқсат етілген ауытқуларының тексерілуі;
-
Жарықтанудың анықталуы;
-
УФ сәулеленудің анықталуы.
Тексеріс кезінде жасанды ақаулары бар стандартты үлгілер қолданылады.
Магнит ұнтақты ақаулардың тексерісі. Бұл дефектоскоптың тексерісі кезінде жинақтылық тексерісінен, сыртқы тексеру
сынауынан басқа, бақылаудың нәтижелері тәуелді болып келетін дефектоскоптардың өлшемдерін анықтау қажет:
-
Суспензиядағы ферромагнитті ұнтақтың концентрациясын;
-
Ферромагнитті ұнтақтың сапасын (бытыраңқылық және магнитті қасиетін);
-
Соленоидтағы немесе магнит полюстары арасындағы магнит өрісі кернеуінің анықталуын;
-
Айналмалы магниттеу кезіндегі токтың максималды мәнін;
-
Бұйым бетінің жарықтылығын.
Коэрцитиметрлердің тексерісі. Тексеріс жалпы
операциялардан басқа келесілерді анықтайтын нормативті құжат бойынша жүргізіледі:
-
Тоқтың магнитсізденуінің өзгеруіне феррозондтың сезімталдығы;
-
Магнитсіздену тоғының абцисса осіне қарай түзудің иілу бұрышының тангенсі;
-
Миллиамперметрлердің қателігі;
-
Магниттеу тоғы.
Магнитті калыңдык өлшеуіштердің тексерісі қарастырады:
-
Сыртқы бақылауды;
-
Жинақылық тексерісін;
-
Сынауды;
Ультрадыбыстық бақылау құралдарының тексерісі. Сонымен қатар, дефектоскоптың жұмыс істеп тұрған жиілігін, тереңдік және фронт бойынша қабілеттілігін шешетін бақылаудың максималды және минималды тереңдігін, дефектоскоптың се- зімталдығын тексеру қажет. Жұмыс істеп тұрған жиілік 10%-дан аспайтын қателік бойынша нормаланады.
Бақылаудың минималды тереңдігі - эхоимпульстық әдіске тән өлі аймақ (бұйымның бақыланбайтын аймақтары). Ол да нормаланады. Өлі аймақ көлемі дефектоскоптың электронды блогы пъезотүрлендіргіштік құрылғы жүйесімен анықталады.
Тереңдік бойынша рұқсат етілген қабілеттілік бір тік сызық бойында орналасқан, УЗК-ның таралу бағытымен сәйкес келетін екі бөлек анықталған ақаулар арасындағы минималды арақашықтықпен анықталады. Ол зондтайтын импулсьтің ұзақтығына және дефектоскоп жазудың жылдамдығына тәуелді болып келеді.
(25)
Дг
(1,5 - 2) X
Тікелей бірігу әдісі (салыстыру құралдарын қолданусыз) салыстырып тексеріліп жатқан үлгілік ББҚ сол түрден (яғни, шара мен шараның немесе өлшеу құралымен)
Тікелей бірігу әдісі салыстырып тексеріліп жатқан үлгілік ББҚ сол түрден компаратордың көмегімен (яғни салыстыру құралдары көмегімен)
Үлгілік шамамен ұдайы өндірілетін салыстырып тексеріліп жатқан ББҚ өлшеуін тікелей әдісі;
Шаманы салыстырып тексеруге түсетін ұдайы өңделетін шаманы үлгілік өлшеу құралымен тура өлшеу әдісі;
Тура өлшеуге түсетін шама мен осы ізделіп отырған шама негізінде белгілі тәуелділік кезінегі жанама өлшеу әдісі;
Тәуелсіз салыстырып тексеру әдісі, яғни өлшеу шамалары бірліктерінде градуирленген эталон немесе үлгілік өлшеу құралдарымен өлшеу бірліктерін талап етпейтін қатысты ша- маларды өлшеу құралын салыстырып тексеру
Кіру бөлімі;
Салыстырып тексеру үдерісі;
Салыстырып тексеру құралдары;
Қауіпсіздік талаптары;
Салыстырып тексеру шарттары;
Салыстырып тексеруге дайындалу;
Салыстырып тексеруді өткізу;
Тексеру нәтижелерін рәсімдеу.
293 К-да салыстырып тексеру жүретін қоршаған ортаның температурасы (200С);
Ауаның ылғалдылығы 60%;
760 мм/сын.бағ. атмосфералық қысым (101,3 кПа);
50 Гц кернеуді қамтамасыз ететін жиілік, 220 В кернеу.
Тексерілетін ББҚ және тексеріс құралдарын орнатады және дайындайды;
әсері бар өлшемдер әрекет ететін жағдайда тексерілетін ББҚ-ын ұстайды;
стандартты үлгілерден майлауды алып тастайды;
экрандауды жүргізеді (қажет болған жағдайда);
түйісетін байланыстарды тексереді;
температура, ылғалдылық және т.б. мәндерін тексереді;
ББҚ және тексеріс құралдарын жерге қосады;
Түйістіретін кұрылғыларды іске қосады;
ББҚ-ын кернеу астында қыздырады;
ҚТ бойынша керекті іс-шараларды жүргізеді.
Кешенді тізім сәйкестігі;
әрбір ауыстырып қосқыштың тағайындалуы туралы жазбалардың болуы;
дәлдік сапасын және физикалық өлшемді құрал шкаласында белгілеу;
есеп беру құрылғыларының бөліну бағасы;
техникалық шарттар бойынша олардың бар болуы қол- данысқа жіберілмейтін ББҚ элементтерінің ақауларын және олардың жабындысын белгілейді;
тауарлық белгі немесе өндіруші-кәсіпорын атауы;
түрі;
реттік нөмері;
шығарылған жылы.
басқару, реттеу және жөнге келтіру органдарының іс- әрекеттері;
тоқ көзін қосу және өшіру кезіндегі құрал көрсеткіштерінің нөлге орнатылуы;
жеке элементтердің еркін орын ауыстырулары және бел- гіленулері немесе өзара әрекеттесулері;
Басқару органдарының іс-әрекеттеріне құралдардың әсер- лері;
Жеке элементтердің жансыз жүрісі мен люфты;
Олардың жұмысқа қабілеттілігі.
Тексеріс әдістерінің сипаттамасы;
Тексеріс құралдары туралы нұсқаулық;
Қосылу сұлбалары мен сызбалар;
Операцияны орындау реті туралы нұсқаулықтар;
Метрологиялық сипаттамаларды анықтау нәтижелерін өңдеу тәсілдері.
Ведомствалық метрологиялық қызметтің тексеріс бөлімдерін құру және ұйымдастыру
293±3 К температурасы;
Ылғалдылық 60±15%.
Техникалық шарттары бойынша пайдаланылатын пене_ транттардың сапасы;
Штативтердің рұқсат етілген ауытқуларының тексерілуі;
Жарықтанудың анықталуы;
УФ сәулеленудің анықталуы.
Суспензиядағы ферромагнитті ұнтақтың концентрациясын;
Ферромагнитті ұнтақтың сапасын (бытыраңқылық және магнитті қасиетін);
Соленоидтағы немесе магнит полюстары арасындағы магнит өрісі кернеуінің анықталуын;
Айналмалы магниттеу кезіндегі токтың максималды мәнін;
Бұйым бетінің жарықтылығын.
Тоқтың магнитсізденуінің өзгеруіне феррозондтың сезімталдығы;
Магнитсіздену тоғының абцисса осіне қарай түзудің иілу бұрышының тангенсі;
Миллиамперметрлердің қателігі;
Магниттеу тоғы.
Сыртқы бақылауды;
Жинақылық тексерісін;
Сынауды;
Фронтальды рұқсат етілген қабілеттілік Д1 (екі ақаудың көлденең тік бойымен рұқсаты) келесі формула бойынша бағаланады:
Д1= ҺА, / D (26)
мұндағы, һ - ақаудың орналасуы; А, - толқын ұзындығы; D - пъезотүрлендіргіштің диаметрі.
УЗК-ның көлбеу енуі кезінде бұйымның УКЗ-ның ену бұрышын анықтайды.
Дефектоскоптың сезімталдығы эталондық үлгілер немесе стандартты үлгілер арқылы тексеріледі. Қажет болған жағдайда, нормативті құжаттама бойынша ультрадыбыстық дефектоскопты толығымен тексереді:
-
Номиналды жиіліктерді; -
Дефектоскоп сезімталдығын; -
Аттенюатор қателігін; -
Импульстардың ілесу жиілігінің қателігін; -
Түрлендіргіштер сипаттамасын; -
Номиналды амплитуда тексерісін; -
Бақылау аймағындағы негізгі абсолютті қателіктің анық- талуын.
Нормативті құжаттарға сәйкес ультрадыбыстық эхоим- пульстік дефектоскопқа келесілер жүргізіледі:
-
Сыртқы тексеріс (жинақылыққа сәйкес құжаттаманың болуы, электронды блок түрлендіргішінің таңбалауының болуы, механикалық бұзылудың болмауы, кабелдердің тұтастығы және т.б.); -
Дефектоскоптың жұмысқа қабілеттілігін анықтауын сынау; -
Амплитуда және оның номиналды мәннен ауытқуының, ұзақтықтың, импульстар жиілігінің тексерісі; -
Кіріс белгісі амплитудасы өлшеуінің негізгі абсолютті қателігін анықтау; -
Тереңдік өлшеуіштің негізгі қателігін анықтау; -
Үлгілі өлшемдер мен стандартты үлгілер бойынша тексеріс. КМД 4-0; КСО-2; КМД 18.0; -
Шартты сезімталдықтың анықталуы; -
Ұзақтық пен фронт бойынша рұқсат етілетін қабілеттіліктің анықталуы.