Файл: Бабал Олжас Жеісалылы Дипломды жобаны Тсіндірме жазбасы таырыбы Жкктергіштігі 50т ілмеблокты конструкциясын игеру.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 70

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Агрегаттардың екі түрі де құбыр мен штанга бағанасын бұрайтын құралдармен жабдықталады. Күрделі жөндеуге арналған агрегаттар басқа жабдықтарға қосымша ротормен жабдықталады.

Скважиналарды жер асты жөндеуге арналған көтергіштер көмегімен келесі жұмыстар орындалады:

  1. Жер асты жөндеу кезінде құбыр мен штангілерді түсіру және көтеру.

  2. Скважина түбін тазалауға арналған құралдарды түсіру және көтеру.

  3. Құмды және цементті тығындарды бұрғылау кезінде құралдарды
    түсіру мен көтеру.

  4. Тығындарды бұрғылаған кезде роторды қозғалысқа келтіру.

  5. Қауғаны түсіру және көтеру.

  6. Апат болғанда құбырларды, штангілерді аулау құралын түсіру және
    көтеру.

  7. Ауыр жүктерді жылжыту және тағы басқа көмекші жұмыстарды орындау.

Қазіргі таңда ТМД-да (бұрынғы кеңес одағының территориясы) мұнай және газ саласына арнап шығарылған мынадай агрегаттар қолданылуда: "А50У"- жүк көтергіштігі - 500 кН; "Азинмаш - 37А" - жүк көтергіштігі-320 кН; "Бакинец-ЗМ"- жүк көтергіштігі - 350 кН; "Азинмаш - 43А"- жүк көтергіштігі-280 кН; Бірінші екі агрегаттардың тасымалдық базасы -автокөлік, екінші екеуінікі - трактор.

А50У агрегаты мұнай-газ скажиналарын игеруге және жөндеуге арналған. Оның орындайтын операциялары: , сораптық компрессорлық ды түсіріп-көтеру, цементті тығындарды (диаметрі 141-168 мм да).

Агрегат КРАЗ-257 автокөлігіне орнатылған. Жетек ретінде автокөліктің қуаты 160 кВт қозғалтқышы қолданылады. Агрегатқа шығыр көмегімен көтерілетін екісекциялы телескопиялық мұнара орнатылған. Мүнара биіктігі 22,4 м. Жұмыстың жағдайында мұнара тік сызыққа 6° бұрышпен орнатылып, алты арқанмен керіледі.
Агрегаттың ерекшелігі екібарабанды шығыр қолданылады, бұрғылау және тартальді. Бұл жер асты жөндеу жұмыстарының еңбек өнімділігін арттырады. Тағы, агрегат жұмыстарына арналған гидрожетекті ротормен жабдықталған. 9МГР жуу сорабын бөлек орнатады.

Агрегат жұмыс істегенде скважинада кұбырлар мен штангілерді қалайтын арнайы төсеніш болуы керек.

Шығырды басқару - пневматикалық. Машинисттің жұмыс орны скважина сағасына жақын орналасқан. Агрегат сипаттамасы көрсетілген.

1.1 кесте - А50У агрегатының сипаттамасы

Қосылған

Барабанның

Арқан

Тәлдік

Ілмектегі

жылдамдық

айналу жылдамдығы айн/мин

жылдамдығы м/сек

жүйенің

жылжу жылдамдығы

жүккөтергіштік КН










м/сек




I

40

1,1

0,18

500

II

70

1,9

0,30

340

III

153

4,2

0,70

126

IV

263

7,8

1,20

755


А50У агрегатының негізгі кемшілігі оның шектелген өткіштігі. Тежегіштің суыту жүйесі түйық, айналмалы, сумен жұмыс істейді.

Агрегат қосымша күш көзі ретінде дизельді СМД - 7 маркалы қозғалтқышпен жабдықталған. Қозғалтқыш гидрожүйенің май сорабына, және жарықтандыру электрогенераторына жетек ретінде қолданылады.

Скважина сағасы жарылысқа қауіпсіз болып орындалған ФВН типтес шырақтармен жарықтандырылады.

Агрегаттың барлық механизмдерін басқару жылытуы мен желдетуі бар арнайы кабинадан жүргізіледі. Сонымен бірге агрегат сорапты компрессорлы және бүрғылау құбырларымен жұмыс істеуге арналған жабдықтар комплексімен қамтамасыздандырылған.

1.4 Тәл жүйесінің элементтері
1.4. 1 Тағайындалуы және сипаттамалық ерекшеліктері
Тәл жүйесі щығыр барабанының айналмалы қозғалысын ілмектің вертикалды жылжуына айналдыруға және арқан тармағына жүктеулерді азайтуға арналған.

Тәл жүйелер анрегаттың мұнарасына бекітіледі және келесі сипаттамалық ерекшеліктері болады:

- тәл блок ілмекпен бірге еркін ілінген жағдайда ұңғы сағасының үстіне орналасады және қатаң ұңғы өсі бойынша тік жағдайда ұңғы сағасының үстіне орналасады және қатаң ұңғы өсі бойынша тік (вертикаль) бағытта орын ауыстырады

- ілмектің көтеру биіктігі мұнара биіктігімен және түсіру-көтеру операциялардың қауіпсіздігімен шектеледі

- шкивтер диаметрлері,басқа жүккөтеру мүшелерінің габариттері бұрғылау мұнарасының көлденең өлшемдерін ескерумен таңдалады

- әсер ететін жүктемелердің бақылау және бұрғылау процесінде берілген өстік жүктеуді қашауда ұстау мақсатында тәл жүйелері бақылау өлшегіш аппараттарымен және датчиктермен жабдықталады.

Тәл жүйе қозғалмайтын (жылжымайтын) кронблок, жылжымалы-тәл блок; жылжымалы және жылжымайтын блоктарды қосатын тәл арқаннан, жүк ілінетін (отырғызылатын құбырлар тізбегі) ілмекпен және сырғадан; тәл арқанның соңын бекітетін құрылғыдан тұрады.

Жүккөтергіштігі және жабдықтауда арқан тармақтарын санымен тәл жүйелері әр- түрлі өлшем түріне бөлінеді.

Шкивтер саны, олардың өлшемдері және тәл жүйедегі арқанның тиектер саны, яғни полиспастың жиілігі ілмектегі мүмкін жүктеумен, шығырдың тарту күшімен, барабанда арқанның оралу жылдамдығымен, арқанның орам қатар санымен тәл арқанның өлшемдері, биіктігі, жұмысқабілеттілігі, түрі және құнымен анықталады. Тәл жүйелерін конструкциялау кезінде осы элементтер бір-бірімен

байланысты болу керек, осыған қатысты жобалау кезінде күрделі мәселе болатын тиімді шешім табылады.

Жабдықтауда неғұрлым блоктар және тармақтар көп болған сайын, соғұрлым арқан тез тозады: неғұрлым блоктар және тармақтар аз болса, соғұрлым арқан жүктелуі және қажулық ұзақмерзімділігі қысқарады. Бірдей теңдікте әртүрлі жағдайларда ұңғыларды жөндеуге ілмек кебідей жүктеулер әсер етеді.

Тәл жүйенің конструкциясын таңдау және бағалауда оның сапасынан, түрінен ұңғыларды өткізу процесінде маңызды фактор болатын түсіру-көтеру жылдамдығына тәуелді болады.

Арқан конструкциясын жақсарту және беріктікті арттыру немесе олардың диаметрін арттыру жолында тәл жүйелерінде блок сандарын қысқарту тенденциясы ұсынылды. Бірақ неғұрлым арқан диаметрі көп болса, соғұрлым блоктар димаетрлері көп болуы, сонымен қатар кронблок және тәл блок өлшемдері мен салмағы көп болады. Блоктар саны көп болғанда жұқа арқанды қолдануға болады, осы кезде блоктар кіші өлшемді болуы мүмкін.

Осы ойластырулар тәл жүйелерін құру кезінде бағалануы және мүмкін өлшемдері, ұзақмерзімділік талаптарын қанағаттандыратын конструктивті шешім қабылдау қажет.

Соңғы жылдар тәжірибесі мақсат ұңғыларын куәландырады: арқан және шкив диаметрінің үлкен қатынастарын пайдалану (Dш/d=48 дейін);шкивтер диаметрін көбейту;үлкен диаметрлі берік арқанды қолдану.

Кронблок шкивтер саны әрқашан тәл блоктағы шкивтер санынан бір бірлікке үлкен болады,яғни жабдықтау жиілігі –жұпты (zкб=zкб+1);um=2zmб (zкб және zmб )-кронблок және тәл блок шкивтер саны. Осынын конструкциялау кезінде ескер керек. Кронблок және тәл блок арқан шкивтері арқылы белгілі ретте болат тәл арқаны өткізіледі,оның бір соңы қозғалмайтын болып бекітіледі.

Арқанның жүрісті шек жылдамдығы vж шығыр барабанына оралу шарттары бойынша 20 м/с-тен аспауы керек, яғни Тәл жүйедегі жаңа арқанның беріктік қор коэффициенті қауіпсіздік техника нормаларымен белгіленген. Ілмектің статикалық жүктеуінде Sb=2, бұрғылау тізбегінің ТКО –да Sb=3.

Арқанның үзілу беріктігі оның құрылысы мен диаметріне тәуелді болып, ал жүрісті тармақтағы жүктеу-тәл жүйенің жиілігіне тәуелді болғандықтан, бұл мәселе таңдау әдісімен және оптималды шешімде іздеумен шешіледі. Тәл жүйе бұрғылау процесінде айнымалы циклдік жүктеулер жағдайында, әсіресе ТКО кезінде және дірілдеу жүктеулер жағдайларында жұмыс істейді.


Тәл жүйелерін мына тәртіпте құрастыру керек: қажетті максимал жүктеу және бұрғылау тізбегін көтеру жылдамдығына байланысты тәл арқанның өлшемдерімен түрлерін таңдайды,сосын жүйеде жабдықтау жиілігі және щкивтер диаметрлерін,осыдан кейін оның жеке элементтерінің өлшемдерін есептейді.

Тәл жүйелеріне жалпы талаптар қойылады:

  1. Пайдалану кезінде сенімділігі,қауіпсіздігі және ыңғайлылығы;

  2. Үлкен ұзақмерзімділігі;

  3. Тез монтаждау және демонтаждау мүмкіндігі,арқанды жабдықтау кезінде тез ауыстыруы;

  4. Біртипті механизмдері мен элементтері мен өзара ауыспаушылығы;

  5. Тәл жүйенің барлық механизмдері транспорттық құралдарға арту кезінде ыңғайлылығы және олардың өндіріс территориясында тобымен жеткізу мүмкіндігі.



1.4.2 Тәл жүйені жабдықтау
Ұңғы тереңдеген сайын түсіріп –көтеру жүктің салмағы ауырлай түседі. Өйткені шығырға арналған қозғалтқыш максимал салмақты жүкті көтеру және түсіру шартынан таңдалып алынады. Оның толық қуаты ұңғының жобаланған тереңдігіне жеткенде, оның өзінде бірінші свечаларды көтергенде ғана пайдаланады. Сондықтан аз қуатты қажет ететін полипастты механизмді таңдауға ұмтылады. Ол тәл жүйеде әртүрлі жабдықтаудың 2*3, 3× 4 , 4× 5, 6× 7 қолданумен жетіледі.

Одан жабдықтауды 2× 3 жабдықтауда бастап, сосын теңдікке байланысты 3× 4, 4× 5 жабдықтауға ауысу қажет. Бірақ бұрғылау қондырғыларда тәл жүйені жабдықтау процесі қиынға түседі және өте көп уақытта алады, сондықтан жабдықтауды жиі ауыстару, тек қана оны жүзеге асыруға кететін уақыт Тж.а аспапты көтеру-түсіру процесіне кететін уақыттан Тк.т аз болғанда тиімді болады.

Тәжірибеден әрқашан Тж.а>Тк.т болады,сондықтан терең ұңғыларда бір жабдықтауда 4×5 (5×6) бұрғылайды, немесе кейде екі жабдықтауда,4×5 (5×6 ) жабдықтаудан 5×6 (6×7) жабдықтауға ауысады.Жабдықтаудың кез-келген схемасында тәл арқанын қалыпты эксплуатациалаудың негізгі шарты тәл блогымен түсіру және көтеру кезінде оның қатаң белгіленген орнын сақтау.

Тәл арқаны тәл механизмде әртүрлі схемалармен қосылуы мүмкін.Барлық қолданатын жабдықтау схемаларында арқанды шығыр барабанына бірқалыпты жытқызып орау керек.

Арқан шектерінің санын шығырға келетін жүрісті шектерге қатынасын жабдықтаудың жиілігі деп айтады. Ұңғыларды бұрғылауда кеңінен айқасты жабдықтау қолданылады, осы кезде кронблоктың өсі шығыр барабан өсіне параллель, ал тәл блок өсіне перпендикуляр орналасқан болады. Осы тәл жүйеге тәл арқанының оралып кетуіне тырысуын жойып, арқанның шығыр барабанына дұрыс оралуын қамтамассыз етеді. Жабдықтауды келесі түрде жүзеге асырады. Бухтаны метал өсіне орнатып, тәл арқанына байлаған кендір арқан арқылы тәл блок және кронблок шығыршықтардан арқан соңын тізбектеп жібереді, сосын жүрісті деп аталатын арқан соңын шығыр барабанында арнайы қарастырған құрылғыға бекітіп, одан кейін барабанға 8-10 орамдарды орап, тәл блокты бұрғылау еденәне түсіреді және арнайы механизмде жылжымайтын соңын бекіту үщін және эксплутациялау процесінде оны қайта жіберуге, қандырғылары тәл арқанның жылжымайтын соңын бекітуге арналған арнайы механизмдермен жабдықталады.


    1. Тәл жүйелерінде болат арқанды таңдау