Файл: Бабал Олжас Жеісалылы Дипломды жобаны Тсіндірме жазбасы таырыбы Жкктергіштігі 50т ілмеблокты конструкциясын игеру.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 48

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Көлденен қималарының әр түрлі формалары бойынша (домалақ,сопақ,жалпақ және т.б.) сонымен қатар жеке өрімдер конструкциясы және олардың өрулеріне арқанда өрілген элементтер саны,өру түрі,сым диаметрі қарай болат сымдарын өрілген арқандар конструкциясының көптүрлілігі бар.

Бұрғылау қондырғыларының тәл жүйелерінде тек қана дөнгелек қималы болат арқандарын қондырады.Құрлымы бойынша бұл арқандарды үш топқа бөледі: жалғыз, қосақталған, үштік өрімді. Жалғыз өрімді арқан бір немесе әртүрлі диаметрлі болат сымдардан тұрады.Қосақталып өрілген арқандар өрім деп аталады,және жалғыз арқангдардан өріледі.Үштік арқандарды өрімдері қосақ өрімдерден өріледі, олар тек тәл жүйелерінде қолданбайды.

Бұрғылау қондырғыларында шектелген санды тек қана домалақ тросты конструкциялы алты өрімді арқандарын,яғни қосақталған өзекшелі өрім қолдануға болады.Өрімдері әр түрлі қабаттар санынан дайындалады.Үшқабатты, қарапайым конструкциялы (1+6+12+18=37),орталық сым өзекшенің айналасында өрілген бір диаметрлі сымдар-ТК типті;екі қабатты әртүрлі диаметрлі сымдардың бірдей сандарымен (1+9+9=19) барлық қабаттарда АК типті.

Өрімнің өрім бағыты бойынша трос конструкциялы арқан және сымдарда айқас өрімді және біржақты өрімді арқандар болады.

Айқас өрімді деп арқандағы өру бағыты жоғары қабаттағы сымдардың өру бағытына қарама-қарсы арқан өрімін айтады.

Біржақты деп арқандағы өру бағыты өрімдегі сымдардың өру бағытымен бағыттыс арқан өрімін айтады.Біржақты өрімді арқандар бағыттары сәйкестену салдарынан ұзақмерзімді және айқас өрімдерге қарағанда иілгіш болады,бірақ бірінші арқандар өздігінен бұрылады,нәтижесінде олардың құрылымы бұзылады.

Бұрғылау қондырғыларда тәл арқандарының шығындары 1 м. ұңғының өтуіне бірнеше килограмм болады,ал олаодың пайдалану мерзімі бірнеше күн немесе кейде бірнеше аптаға жетеді. Сондықтан,қажеттті ұзақмерзімділікті қамтамассыз ету үшін арқанды дұрыс есептеу және таңдау мәселесі өте маңызды болып табылады.

Әртүрлі конструкциялы арқандарды пайдалану ұзақ тәжірибесі негізінде тәл жүйелерде келесі дөңгелек алты өрімді арқандар қолданылады:

  1. сыртқы және ішкі қабаттарда сымдар саны бірдей,сымдар диаметрі әртүрлі,арқанда өрімдер айқасты,ал өрімнің өзі сымдардың сызықты жанасуымен өрілген

  2. сыртқы және ішкі қабаттарда сымдар саны әртүрлі,сымдар диаметрі бірдей,ал өрімдерден сымдардың жанасуы сызықты болады

Арқандардың оралып кетуі өрім бұрышына тәуелді.Өрім бұрышы деп сымдардың өрім өсіне қарай иілу немесе орамның арқан өсіне иілу бұрышын айтады.Тәжірибеде тәл арқандарына оптималды болып 10
0-200 бұрыштары саналады.Арқандардың өру бұрышы 100-ты қолдану төзімділік шарттарымен,ал 200-беріктік шарттарымен шектеледі.

Болат арқандарының ұзақмерзімділігі өстік және радиалды жүктемелердің әсерінен болатын арқандық иілуіне және өрімдердің ығысуына кедергі жасайтын өзектерінің материалымен конструкцияларына тәуелді болады. Органикалық өзекшелері өсімдік талшықтардан (қайыс, сизаль,манила) тұратын арқандар өте иілгіш келеді.

Арқан тозудан және атмосфералық коррозиядан сақтау үшін оны өру кезінде арнпйы майлармен (техникалықт вазелин,гидронмен қосылған битум,полиамидты май және т.б.)майланады.

Тәл арқандарына арналған майлар антикоррозиялы,антифрикциялық қасиеттермен қатар мүмкін жабысу және температуралық тұрақтылығы болуы керек.Дайындау кезінде арқанның бетіне,өрімнің ішіне жұқа қабатпен жағады. Арқан органикалық өзекшелері антикоррозиялық қоспалармен қанығады.

Арқандардың істен шығып жарамсыз болып қалу сынбағалары жұмыстың қауіпсіздің ережесінде регламенттелген, ол бойынша арқан ауыстырылады немесе бірнеше жерлерінде ғана үзілулер болса қайта өңделіп жасалынады
Дұрыс таңдалынған және құралымданған арқан құрылымы арқанның жаншылу мен түйіншектеліп қалуына кедергі болатын көлденеңдік қатаңдығын қамтамасыз етеді, сонымен бірге ол шкивтер мен шығыр барабандарында жұмыс істеу барысында жеткілікті беріктілік пен иілгіштікті қамтамасыз етуі тиіс. Арқан сымдарының материалы ретінде құрамында 0,55-0,75% көміртек бар көміртекті болат қолданылады. Бұл болаттардың ерекшелігі күйдірілген жағдайда үлкен деформацияға қабілеттілігі, бұл сымдарды дайындау барысында сымдау тәсілін жүзеге асыруды жеңілдетеді. Бұлардың бір кемшілігі төмен беріктілк шегі, соққылық тұтқырлығы, дайын сымның иілгіштігі. Сонымен қатар жоғары беріктілікті төмен легірленген болаттар белгілі, олардың тұтқырлығы және иілгіштігі өте жоғары, мысалыға Д5 болат. Бұл Д5 болаттар арқандық сымдарды дайындау технологиясы үшін дайын өзекті мәселелерді бірі. Соңғы жылдары алдын ала қысылған бұрымдардан орындалған арқандар енгізілуде. Бірақ әлі де оларды эксперименттік тексеруден өткізуді қажет етеді.

    1. Ілмеблоктың конструкциясы мен жұмыс істеу принципі



Жүккөтергіштігі 10 т КН -10 ілгегі. Бұл штангті ілгек, ол тереңсорғылы штангтарды ілуге арналған.


Жүккөтергіштігі 15, 25 және 50 т КН -15, КН -25, КН -50 ілгектері. Бұл ілгектер құбырлық, олар компрессорлы сорғыш және бұрғылағыш құбырлар коллоннасын ілуге арналады.

Ілгек КН-10 (фиг.6). Ілгектің негізгі бөлшектері – тұтастай соғылған өзекті мүйізше 1, траверса 2, шығыршық 3, қайтпайтын шарикті мойынтірек 4, гайка 5, серіппелі ілмек 7.

Гайканың өздігінен айналуынан сақтану үшін шплинт 8 қарастырылған. Шарикті мойынтіректер 4 тереңсорғышты штангтың бұрандалы қосылыстарының бұрап кіргізілуі мен бұрап шығарылуы кезінде мүйізшенің еркін айналуын қамтамасыз етеді, қақпақ 6 шарикті мойынтіректі шаң түсуден қорғайды, шиыршық цапфада еркін айналады, ол элеватормен жұмыс жасауды жеңілдетеді.

Ілмек 7 мүйізшенің өзекшесімен топсалы байланысқан. Элеватор штропы зауытында ілгек бұрылады және штропты өткізеді, одан кейін серіппенің әсерінен автоматты түрде бастапқы қалпына келеді және мүйізшенің жұтқыншағын жабады. Мүйізшеден элеватор штропын шығару үшін қолмен шиыршықты сығу керек. Ілгектің бүйірлік шығыңқылары бұл кезде қолдың ыңғайлы жағдайын қамтамасыз етеді. Мүйізшенің бетінде ілгектің типі көрсетіледі.



1.1-сурет Ілгек КН – 10

Ілгек КН-15 (1.2-сурет). Бұл ілгекте бір түтікше тізесінің салмағында ұстап тұруға есептелінген амортизирлейтін серіппе 8 қосымша көрсетілген (қалған позициялар 6 фиг. көрсетілген).


1.2-сурет. КН-15

Бұрандалы қосылысты бұрап шығару кезінде бұрап шығарылатын түтікше серіппе керілісінің астында болады және түтікшенің бірнеше айналымынан кейін соңғысы бұранданың конустығының арқасында муфтадан серіппе арқылы созылады. Сол сияқты бұрап кіргізу кезінде түтікше серіппе салмағында серпімді ұсталып тұрады, бірақ муфтаның бұрандасына тірелмейді.

Конструкцияның осы ерекшелігіне байланысты бұрандалы қосылыстар бүлінуден қорғалады, бригаданың жұмысы жеңілдейді және түсіру-көтеру операциялары жеделдейді.

Коллоннаның салмағының әсерінен серіппе сығылады, және шарикті мойынтіректің тіректі шайбасы коллоннаның соңғы салмағына бере отырып траверсаға отырады. Түтікшенің бір тізесінің салмағының әсерінен серіппе шарикті мойынтіректің шайбасын траверса үстінде көтеріп ұстап тұрады. Жүктемеден ілгекті босату кезінде серіппе жазылады, шарикті мойынтіректің шайбасы қақпақтың буртына 6 тіреледі, және серіппенің әсерінен шарикті мойынтірек босатылады. Осы арқылы траверсаның төменгі беті мен мүйізшенің бурты арасындағы
Е тұрақтысаңылаудың бар болуын және сәйкесінше мүйізшенің аса жеңіл айналуын қамтамасыз етеді.

Басқасы жағынан КН-15 ілгектің конструкциясы жоғарыда сипатталған КН-10 ілгектің конструкциясына ұқсайды.
1.7 Жобаланушы КН-25 және КН-50 ілгектері конструкциясы
Бұл ілгектер қосштропты элеваторларды іліп қоюға арналған. Соңғыларының штроптары бірштропты элеваторлардың штроптарынан айырмашылығы оларды әр түтікшені түсіру және көтеру кезінде алып және қайта салуға тура келмейді, олар түсіру-көтеру өндірісі операцияларының барлық уақытында ілгекте ілулі күйде болады. Сондықтан ілгіштің 7 төменгі соңын (фиг.8) 11 болттың және гайканың көмегімен бекітеді. Ілгіштің жоғарғы соңы әрқашан ілгектің мүйізшесімен топсалы байланысады.

Мұндай конструкция жұмыстың аса жоғары қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ілгектің мүйізшесінің жұтқыншағының өлшемдері қос штроптың сыйысуына есептелінген.

КН-50 ілгектің 1 мүйізшесі 10 өзекшемен 9 саусақ арқылы байланысады. КН-25 ілгектің мүйізшесі өзекшемен тұтастай соғу арқылы қосылысады. Ілгектің мүйізшесінің оның өзекшесімен топсалы қосылысы ілгек – штроп – элеватор буындалуының иілгіштігін қамтамасыз етеді және жер асты жөндеуінің бригадасының жұмысын жеңілдетеді.

КН-50 ілгек аса мәнді жүккөтергіштігі болғандықтан ұңғымаларды капиталды жөндеу кезінде де қолданылады. Бұл жұмыстар кезінде ілгектің өзекшесін тоқтату керек болған жағдайда тоқтатқыш винт 12 қарастырылған, ол мүйізшені айналдырмай ұстап тұрады. Басқасы жағынан КН-25 және КН-50 ілгектерінің конструкциялары жоғарыда айтылған КН-15 ілгектің конструкциясына ұқсайды.

Жұмысты бастар алдында ілгекті мұқият қарап шығу керек. Бұл кезде ілгекте таңбаланған жүккөтергіштікке көтерілетін жүк салмағының сәйкестігі, ілгіш пен амортизирлейтін серіппе жұмысының дұрыстығы, тиекте шиыршықтың айналуы және вертикальді өске қатысты мүйізшенің айналуы тексеріледі. Егер мүйізше тығыз айналса, онда мүйізшені қолмен айналдырудың жеңілдеуіне дейін қақпақты бұрай отырып Е саңылауды реттейді.

Айына бір рет мойынтіректер мен топсаларда майдың бар болуын тексеру қажет.



1.3-сурет. КН-50 ілгегі.

1.2-кесте



Негізгі берілгендері

Ілмектің түрлері

КН-10

1КПШ-10

КН-15

КН-25

КН-50

Жүккөтергіштігі, т

10

10

15

25

50

Ілмектік өлшемі А, мм

42

42

50

75

105

Рог гнездосының диаметрі Д, мм

50

50

55

90

120

Серіппенің жүккөтергіштігі, кг

-

207

320

450

450

Серіппенің жүрісі, мм

-

55

55

70

90

Тірек подшипниктерінің нөмірі по ГОСТ 6874-54

8212

8310

8311

8314

8322

Тірек подшипниктерінің өлшемі, мм

60*95*26

50*85*31

55*105*35

70*125*40

ШЭН-25

110*190*63

ШЭН-50

Штроптың түрі

-

-

-

ШЭН-25

ШЭН-50

Размеры, мм:

Биіктігі Н

Ені В

Қалындығы Д1


538

218

115


685

208

117


700

250

132


999

306

170


1260

470

245

Штроппен колпак арасындағы өлшемі (С), мм

150

150

120

160

180

Салмағы, кг

19,5

23,8

38

64

182



Ілмектерге оссоголин 3 жағылады.Топсалық қосылуларға діңгекпен мүйіздері жағылады(КН-50 ілмегі).Ілмектің топсалы мүшесін суырып алу қажетті көрсетіледі.Табанды дөңгелекті мойынтіректі (ол үшін қалпақты бұрап алып және мойынтіректі маймен толтыру)және ілгешектер өсіне жағылады.

Ластанудан сақтау үшін майды жабық ыдыста сақтау керек.

Ілмектің мүйіздері тозуда элеватор штропымен байланысуда орынды тереңдігі 3 мм-дей болатын ілмекпен ауыстыру көзделеді.Ілмек жұмысының аяқталуында оны ластаудан анық тазалау керек.Ілмекті жөндеу өндірістік шеберлерде немесе зауыттарда орындалады.Ілмектің бөлшектерін пісірумен жөндеуге тыйым салынады.

Жоғарыда айтылған ілмектің негізгі мәліметтері 9 кестеде көрсетілген.

АзИНМАШ конструкциясының 1КПШ-10 ілмек түрін өндірістік сынау 1962 жылы оң нәтижемен көрсетілді.КПШ дегеніміз- серіппелі,штангалы ілмек.Ол тереңдік сорғылы штанг бағанының аспасы үшін арналған.КН- 10 ілмек түрінен негізгі айырмашылығы амортизациялайтын серiппелер болғанда,өлшеулi штангалардың салмаққа ортасының ұстап қалуымен табылады.Жер асты жөндеу бригадасының жұмысы серіппе болғанына байланысты жеңілдетіледі.

1963 жылы 1КПШ-10 ілмек түрі КН-10-мен бірге шығару жоспарланған.

Діңгек үшін КН ілмек түрінің материалы ГОСТ 2105-53 ілмектің стандартты материалымен ерекшеленеді,және ол термаөңдеу легирленген болаты маркасымен және 12ХН2 ГОСТ 4543-48 келесі механикалық қасиетімен:

Уақытша үзілу кедергісі δвр , кГ/ мм2 ..................................................................70

аққыштық шегi δт, кГ/ мм2...................................................................................50

салыстырмалы ұзартылу δ5, %............................................................................12

салыстырмалы тарылу ψ, %..................................................................................45

соқпа жабысқақтық αк, кГ/см2..............................................................................10

Қаттылық Бр.................................................................................................200-240

Жабысқақтықтың көрсеткіштері ψ ,δ5 және αк 20-беттегі жабысқақтық көрсеткіштерінен төменірек болды, яғни ГОСТ 2105-53 стандартты ілмектерден жасалады(20 бетте: δвр= 42 кГ/мм2, δт = 25 кГ/ мм2 ; δ5= 25%; ψ= 55 % ). 12ХН2 болаттың механикалық қасиетінің үлкен мәні айтарлықтай аз салмағы бойынша стандартты ілмекке қарағанда беріктігі жеткілікті қамтамасыз етіледі.

Үлкен кернеу мүйiздері мүмкiн қималардағы КН ілмектері δт тең, онда беріктік қоры аққыштық шектерiне қарағанда 1,5-1,7-ге тең.Ілмектің эксплуатациясының ұзартылған тәжірибесі жеткілікті беріктік пен сенімділікті көрсетеді.