Файл: 1. Ебек ыы дегеніміз а жалдамалы жмысты реттейтін ы саласы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1. Еңбек құқығы дегеніміз...

А) жалдамалы жұмысты реттейтін құқық саласы

В) жұмыс беруші мен жұмыскердің құқықтарын реттейді

С) тараптардың арасында еңбек, ұжымдық шарт негізінде туындайтын қатынастарды реттейтін құқық саласы

D) еңбек дауын, ұжымдық дауды реттейтін құқық саласы

Е) мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін құқық саласы

2. Еңбек құқығының субьектiсiн атаңыз.
А) жұмыскер және жұмыс беруші.
В) азаматтар.
С) жұмыс берушiлер.
D) мемлекеттiк биліктің жоғарғы органдары.

Е) барлық жауап дұрыс.


3.Азаматтардың еңбектiк құқық субьектiлiгi неше жастан бастап белгiленедi?
А) 15 жасан.
В) 14 жастан.
С) 13 жастан.
D) 16 жастан.
Е) 17 жастан.

4. Еңбек кодексі қабылданған жыл ?

А) 1997 ж

В) 2007 ж

С) 2016 ж

D) 2012 ж

Е) 1994 ж


5.Азаматтардың кәмелеттiк жасы қай жастан басталады ?
А) 14 жасан.
В) 16 жастан.
С) 18 жастан.
D) 20 жастан.
Е) 20 жастан.


6.Жұмыс берушi:
А) еңбекпен қамтамсыз етушi тұлға.
В) еңбек шартын жасасқан заңды тұлға
С) Ұйыммен шарт жасасқан тұлға.
D) жеке тұлға мен қоғамдық Ұйымдар.
Е) дұрыс жауап жоқ.





7. Еңбек заңнамасының мақсаты...

А) еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған құқықтық реттеу

В) еңбек қатынастары мүдделерінің теңгеріміне, әлеуметтік тұрақтылыққа қажетті құқықтық жағдай жасау

С) ҚР Конституциясына негізделген нормативтік актілерді реттеу

D) Еңбек принциптерін басшылыққа алу

Е) барлық жауабы дұрыс


8.Заңды тұлға дегенiмiз:
А) азаматтар және коммерциялық ұйымдар.
В) коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар.
С) мемлекеттiк органдар.
D) жеке тұлғалар.
Е) азаматтығы жоқ адамдар.

9. Еңбек құқығының принциптері

А) еңбек бостандығы

В) мәжбүрлі еңбекке жол беру

С) кәмелетке толмағандарды үстеме жұмысқа тарту

D) қауіпсіздік және гигиена талаптарымен қамтамасыз етілмеуі

Е) еңбек саласындағы кемсітушілікке жол беру

10. Кооператив түрлерiн атаңыз:
А) мемлекеттiк және өндiрiстiк.
В) шаруашылық және өндiрiстiк.
С) тұтынушы және өндiрiстiк.
D) құрылтайшы және тұтынушы.
Е) құрылтайшы және мемлекеттiк.



11.Еңбек құқығың пәнi не болып табылады?
А) қоғамдық қатынас.
В) еңбек дауларын қарау барысындағы қатынас.
С) еңбектiк қатынас.

D) өзіндік еңбек.
Е) тұлғаның қоғамға қауiптi әрекеттi жасауына байланысты қатынастар.
12.Еңбек заңнамасының міндеті...

А) еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған құқықтық реттеу

В) еңбек қатынастары мүдделерінің теңгеріміне, әлеуметтік тұрақтылыққа қажетті құқықтық жағдай жасау

С) ҚР Конституциясына негізделген нормативтік актілерді реттеу

D) Еңбек принциптерін басшылыққа алу

Е) барлық жауабы дұрыс


13. Еңбек қатынастарын реттейтін мемлекеттік органдар

А) Үкімет және парламент

В) Еңбек инспекциясы және үкімет

С) мемлекеттік органдар және парламент

D) жергілікті атқарушы органдар және парламент

Е) президент және парламент
14. Азаматтардың еңбекке қабiлеттiлiгiн тiкелей жүзеге асырумен байланысты әрекет, ол:
А) еңбек құқығының пәнi.
В) еңбек құқығың обьектiсі.
С) жалдамалы еңбек.

Д) өзіндік еңбек.

Е) Еңбек құқығың институты.


15.Ұйымның қызметiне өзiнiң еңбегi арқылы қатысатын азаматтардың бiрiгуiн бiлдiретiн еңбек құқығы субьектiлерiнiң бiрi:
А) кооператив.
В) фермерлiк шаруашылық.
С) еңбек Ұжымы.

Д) кәсiпорын әкiмшiлiгi.

Е) Дұрыс жауап жоқ.


16.Еңбек құқығың субьектiсi ретiнде кәсiпорын әкiмшiлiгiнiң құрамында шешушi роль атқаратын:
А) мастер.
В) әкiмшiлiк басшысы.
С) кәсiпорын басшысы.

Д) бигадир.

Е) Еңбек коллективi.

17. Жұмыс беруші акт қабылдауға құқығы бар ма?

А) құқығы бар, заң шеңберінде

В) құқығы жоқ

С) тек қызмет барысы бойынша

D) жұмыскерлермен ортақ келісімге келе отырып, Еңбек кодексіне сәйкес қабылдауға құқылы

Е) заңды тұлғаға қатысты актілер қабылдауға құқылы

18. Жұмыс берушінің актісін талқылап, ұсыныс беру үшін қызметкерлерге берілетін уақыт

А) 10 жұмыс күні

В) 7 жұмыс күні

С) 5 жұмыс күні

D) 3 жұмыс күні

Е) 15 жұмыс күні

19. Кәсiпорын басшысының өкiлеттiгi немен анықталады?
А) жарғымен.
В) шартпен.
С) мiндеттiлiкпен.
D) кәсiподақ шешiмiмен.
Е)Еңбек туралы Заңмен.



20. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына неше сағат ?
А) 41 сағат.
В) 45 сағат.
С) 40 сағат.
D) 29 сағат.
Е) 35 сағат.