Файл: Пні азастан Републикасыны мемлекет жне ы тарихы Курс.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Пәні:

Қазақстан Републикасының мемлекет және құқық тарихы

Курс:




Уақыты:




Сабақтың тақырыбы:

Қазақ хандығының қоғамдық-саяси құрылымы. Қазақ халқы мен қазақ хандығының қалыптасуы.

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) Білімділік:

Ә) Дамытушылық:


Б) Тәрбиелік:



Қазақ хандығының қалыптасуы, ішкі және сыртқы саяси жағдайы туралы оқушыларға жан-жақты түсінік беру. Тәуке ханның билердің көмегімен хан билігін нығайтуы, мемлекеттік құрылыстың негізгі ұстанымдарын анықтайтын «жеті жарғы» заңы туралы ақпарат беру.
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру,өз ойларын айтуға жетелеу, өздігінен іздене білулеріне бағыт беру.
Ата-бабаларымыздың жүріп өткен тарихи жолы арқылы оқушыларға патриоттық рухани тәрбие беру және елі үшін еңбек сіңірген тарихи тұлғаларды құрметтей білуге дағдыландыру.

Сабақтың типі:

Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдісі:

Тірек- сызбалармен жұмыс, сұрақ-жауап,ауызша баяндау, СТО т.б

Пәнаралық байланыс:

Қазақ әдебиеті, Мәдениеттану, Математика

Оқыту құралдары:

Тірек –схема , хандардың суреттері,графопроектр,карта

Сабақтың барысы:




І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын тексеру,зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ-жауап арқылы

ІІІ. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық

Өткен сабақты қорытындылап , жаңа сабаққа назар аудару үшін «қазақ», «жүз» сөздерінің шығу тарихы туралы оқушылар білгендерін еске түсіріп, ойларын ортаға салады.

ІҮ. Жаңа тақырыпты түсіндіру




V.Жаңа тақырыптың жоспары

1.Қазақ халқы мен қазақ хандығының қалыптасуы.

2. Қазақ хандығының басқару жүйесі.

3.Қазақ хандығының әлеуметтік-саяси құрылымы.

4.Қазақ хандары, Тәуке ханның «Жеті жарғы»заңы



Сабақ жоспары

VI. Жаңа тақырыптың мазмұны:

1. Әрбір халықтың жеке халық болып қалыптасуы үшін көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткізуіне тура келеді. Бұл күрделі процесс бір немесе екі ғасырдың ішінде болмайды, халық болу үшін бірнеше ғасырларды керек етеді. Мысалы, Қазақстан жерінде халық болып құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі мен (б.д.д. II-I м.ж. кезеңі) темір дәуірі  (б.д.д. VII-IV) кезеңдермен, немесе бұл кезде өмір сүрген ру-тайпалардың өсіп-өркендеуінен басталады. Олар Қазақстанның ұлан-ғайыр территориясын ежелден мекендеген байырғы (автохонды) тайпалар мен тайпалар бірлестіктерінен құралған.

Қ
Халық бұқарасының Әбілқайыр ханға наразылығының күшеюі
азақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол ұлан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды.
1456 жылы Керей мен Жәнібек ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті – қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоңыс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді. Бұл оқиғанның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өкімет үшін өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр құрған «көшпелі өзбектер» мемлекеті пайда болды. Осы мемлекеттің территориясы XV ғ. орта шенінде Сырдариядан Сібір хандығына дейінгі Ұлан байтақ жерді алып жатты. Алайда бұл мемлекеттің ішіндегі өкімет үшін күрес бір сәтте толастаған жоқ. Әбілхайыр хан өзінің саяси душпандарын-Жошы әулетінен шыққан султандарды құдалауын тоқтатпады. Өкімет үшін күрес барысында Дешті – Қыпшақтан өздерін қолдайтын жеткілікті күш таба алмаған Ұрыс ханның шөберелері-Керей мен Жәнібек XV ғ. 50 жылдары орта шенінде қарамағандағы ауылдарымен Шу өзенінің бойына көшіп кетуге мәжбүр болды. Осы оқиғалар жөнінде Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің “Тарихи -Рашиди” атты шығармасында былай деп жазады: «Ол кезде Дешті-қыпшақ Әбілхайыр хан биледі және Жошы әулетінен шыққан султандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Керей мен Жәнібек Моғолстанға көшіп барады. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Манғолстаның батыс жағындағы Шу мен Қозыбас аймақтарың берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр (1468 ж.) дүние салды да, Өзбек ұлысының щаңырағы шайқалды. Ірі –ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей мен Жәнібекке көшіп кетті. Сүйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер- «қазақтар» деп атады. Қазақ султандары 870 жылдары (1465-1466 жж.) билей бастады»

1. Сөйтіп, 1465-1466 жылдыры Шу мен Талас өзендерінің алқабында Қазақ мемлекетінің негізін салған дербес қазақ хандығы құрылды. Осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет «Қазақстан» деген атау қолданыла бастаған..


Хан ұрпақтарының билікке таласуы

Алым –салықтың көбеюі





Қазақ хандығының құрылу себептері



Жәнібек пен Керейдің Қазақ хандығын құруға ұмтылуы

Әбілқайырдың ойраттардан соғыста жеңілуі



Әбілхайыр хандығында тоқтаусыз өршіп отырған қантөгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқысулар



Жәнібек пен Керейдің Қазақ хандығын құрудағы алдына қойған мақсаты:



Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолында орналасқан Сығанақ, Созақ,Отырар,Йасы қалаларын қазақ хандығына қарату



Көшпелі шаруалардың жайылымдарды пайдалану кезіндегі Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан тәртіпті қалпына келтіру





Қазақ тайпаларының басын қосып қазақтың этникалық аумағын біріктіру


2. Қазақ хандығында басқарудың ұлттық жүйесі қалыптасты.Басқару жүйесінде бұрыннан келе жатқан ру-тайпалық тәртіп берік сақталды. Қазақ хандығының құрылымы жеті сатыдан қаланды:

Сатылары

Басқарудың ұлттық жүйесі

Бірігудің түрлері

Басшысы

Басшының міндеті

Басшының негізгі қасиеттері

1

Ауыл

Туыстас,қандас жақын адамдардан немесе бірнеше отбасынан

Ауылбасы

Ауылдастарының шаруашылығын басқару, маусымдық көші-қон уақытын белгілеу,адам,көлік күшін дұрыс пайдалану, салықтың уақытында төленуін қадағалау

Білгір, тәжірибелі, саяси беделге ие, ауқатты

2

Ата-аймақ

Жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан

Ақсақал

Шаруашылықты,алым-салықты қадағалау,ақсақалдық шешімін екі айтқызбай орындатып отыру(ақсақалы бар ауыл азбайды)

Жоғары мәртебеге ие, жасы келген

3

Ру

10 немесе 15 аймақтан

Рубасы

Рудың тағдыры рубасының тапқырлығы мен қабілетіне тікелей байланысты

Көпті көрген, мол тәжірибелі, білгір

4

Арыс

Бірнеше рудан

Би

Барлық қауым бидің билігін орындауға міндетті,билер әділетті болуы керек(тура биде туған жоқ,туғанды биде иман жоқ)

Әділ, шешен, ақыл-кеңес бере алатын

5

Ұлыс

Бірнеше арыстан

Сұлтан

Ұлыс ішіндегі жер,барымта,алым-салық,әскер,көші-қон мәселелерімен айналысады. Халықтың жағдайы сұлтанның қабілетті басқаруымен байланысты

Ақсүйектер әулетінен шыққан, білікті

6

Жүз

Бірнеше ұлыстан

Хан

Жер мәселесі,әскері ішкі-сыртқы тұрақтылық, сот мәселесінің барлығы ханның тікелей араласуымен жүзеге асырылып отырды

Тек қана хандар әулетінен

7

Хандық

Үш жүзден

Қаған( ұлы хан, хандардың ханы)

Үш жүздің жер, дау-дамай мәселелерін шешті. Хандықтың сыртқы саяси жағдайын қадағалады. Алайда үш жүздің арасындағы алауыздық қағандардың билігіне нұқсан келтірді.

Ақсүйек, шонжарлар елге сыйлы, көрегенді болды


3. Қазақ хандығының әлеуметтік құрамы.XYI – XYII ғасырларда Қазақ хандығында халықтың әлеуметтік құрамы феодалдық қоғамның таптық құрылымын бейнеледі. Қазақ хандығы негізгі екі топқа – феодалдар тобы мен қарашаға – қарапайым халыққа бөлінді....



4. Қазақ халқында көне заманнан бері хан сайлау дәстүрі берік сақталған.Біртұтас Қазақ ордасы тарихында Керей ханнан Абылай ханға дейінгі аралықта аттары мағлұм жиырмадан астам хан болыпты. Хан сайлау арқылы билік ағадан-ініге, ағаның баласына, одан інісінің балаларына көшу дәстүр болған. XYI ғасырдағы қазақ хандары жалпы қазақ халқының қоғамдық әдет - салтына байланысты сайланып қойылатын болған.Қазақтың ханын сайлауға барлық рудың атақты, сыйлы шонжарлары қатынасты.Ру басшылары хан болып сайланатын адамды ақ киізге о
Елді жаудан қорғауға міндетті

Әскерді басқаруға міндетті

Мем-ң сыртқы саяси бағытын белгілеп отыруға міндетті

Елдің бірлігін сақтау, қылмыстың алдын алуға міндетті

Халықтың тұрмысын, тыныштығын қамтамасыз етуге міндетті
тырғызып көтереді.



Ханның құқықтары мен міндеттері





Билік жүргізуге құқылы

Соғыс жариялауға құқылы

Шет мемлекеттер мен келіссөз жүргізуге құқылы

Өзіне бағынышты адамдарды жазалауға құқылы

Заң шығару, бұйрық беруге құқылы


Қазақ хандары таблица


Жәнібек пен Керей

1465-1466 ж.Шу, Сарысу бойында Қазақ хандығын құрды.Олар қазақ мемлекетінің негізін салушы ретінде тарихта қалды.


Қасым хан

Жәнібектің баласы.1511 – 1518 жж. Билік жүргізді. «Қасым ханның қасқа жолы» заңын жасады.

Халқының саны 1 млн-ға жетеді.

Хақназар хан

Қасымның баласы.1538-1580 жж. ел биледі.

Өзбек хандығына Көшімге қауіп төндірді.

Тәуекел хан

Шығай ханның баласы.1582-1598 жж ел биледі. 1598 – 1599 жж Өзбек ханның біраз жерін басып алып, қазаққа қосты.

Есім хан

Тәуекел ханның інісі.1598 – 1628 жж. ел билеген. «Есім ханның ескі жолы» заңын жасады.


Салқам Жәңгір

Есім ханның баласы.1628-1652 жж. ел билеген.1643 ж Орбұлақ шайқасында 50 мың жоңғарға қарсы 600 сарбазбен тойтарыс берді.

Тәуке хан

Жәңгір ханның баласы.1680 – 1715 жж. ел биледі. «Жеті жарғыны» жасады, өлім жазасын тоқтатты.


Т әуке ханның негізгі мақсаты

Билердің көмегімен Бір орталыққа Ел тәуелсіздігін

Хан билігін нығайту бағынған Қазақ сақтау.

хандығын құру

Қазақтың дәстүрлі құқығы өте құнды рухани мұра. Дала заңдары жүздеген жылдар бойы қалыптасып, жетілдіріліп, дамытылып отырған. Ұрпақтан- ұрпаққа жеткен «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» бүгінде Қазақстан Республикасының Конституциясымен сабақтасып жатқандай. «Жеті жарғы» жеті тараудан тұрады. Қылмыс жасаған адамды қылмыскер деп танымайды, керісінше оларды «күнәһар» деп атайды. Қылмыстық жауапқа тарту 13 жасқа толған мөлшерден басталады.

Жеті жарғы “ баптары


1.Жер дауы 5.Қылмыстық жауапкершілік

2.Жесір дауы 6.Ру жауапкершілігі

3.Құн дауы 7.Ұлттық қауіпсіздік

4.Бала тәрбиесі және отбасы




Тәуке ханның «Жеті жарғысы» Қазақ Ата заңдары тарихында маңызы зор ірі ескерткіш, рухани мұра болып табылады. Араб, парсы тілін жетік білетін Тәуке ханның сенімді елшісі Қожабергеннің:

«Шығайдан соң орнына Тәуке қалды,

                                                Кезінде Әз Тәуке деп атақ алды

Қазыбек, Төле, Әйтеке ақылшы боп

        Дейтұғын «Жеті жарғы» заң шығарды»,-

деген өлең жолдары осы Қожабергеннің Тәуке ханға арнап жазған «Жеті жарғы» дастанынан үзінді болатын.

Өз заманында қазақ құқығының тарихында «заңшығарушыға» айналған Орта жүзден шыққан Қазыбек би де (1677-1763) өзінің артында бірқатар нормативтік-прецеденттік мәні бар мұра қалдырған.

Кіші жүздің атақты биі Әйтеке (1682-1766) айтыпты дейтін нормативтік ереже: «Көрген алмайды, білген алады» деген қағида сақталып қалады.

Тұңғыш қазақ мемлекетінің тарих сахнасында пайда болғаннан кейін екі ғасыр өткен соң әдет-ғұрып құқығының бірінші жинағы және конституциялық құжат ретінде – «Жеті жарғы» қабылданды.

Сонымен, кешегі көшпелі қазақ халқының ел билеу заңы «Жеті жарғы» - «Қанға қан алу», «Жанға жан алу» бабымен басталады. Ол уақытта қазіргідей сот үкімін орындайтын арнайы органдар болмағандықтан, билік марқұмның туыстарына берілген.

"Жеті Жарғыда"