Файл: Пні азастан Републикасыны мемлекет жне ы тарихы Курс.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 16
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
сондай-ақ, шариғат жолдары да қарастырылды. Онда: "Құдайға тіл тигізген кісі (7 адам куәлік берсе) таспен атып өлтіріледі, кәпір болған адам мал-мүлкімен айдалады", — деп көрсетілді. Дегенмен, Құранда жамандыққа жақсылық жаса деген мақсатта айтылған аяттар көп. Сондықтан, ислам діні кісі өлімін құнмен алмастыруға, кешірімді болуға үндейді. Қазақ билері кісі өлімін тексергенде өлім себептерінің әртүрлілігіне (қасақана, абайсызда, күйзеліс үстінде) қарай жазалап, құн төлеттірген. «Жеті Жарғыда» архаикалық нормалар да сақталған: қанды кек, барымта, қылмыскерге пана беру, елден қуу, өз бетінше әділдік орнату, әмеңгерлік, қалыңмал, көп әйел алушылық, жылу, асар, аманат, тамырлық, т.б. Ал, осы «Жарғыда» көзделген жазалау шаралары жүйесін шартты түрде екі негізгі санатқа бөлуге болады: біріншісіне – «басымен тартатын жазалар»
(жеке жауапкершілік) - өлім жазасы, елден қуу сияқты жазалар жатты. Екіншісіне – «малымен тартатын жазалар» - «құн», «айып» жатты.
“Жеті жарғы”заңындағы қылмыстық баптар.
1 жарғы: “Көтеріліс жасап бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын”
2 жарғы: “Отбасын бұзған адамдарға өлім жазасы бұйырылсын”
3 жарғы: “Түркі халқының мүддесін сатып елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын”
4 жарғы: “Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендерге өлім жазасына бұйырылсын”
5 жарғы: “Төбелесте мертігудің түріне қарай құн төленсін”
6 жарғы: “Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін 27 есе айып төленсін”
7 жарғы: “Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын”
«Жеті жарғының» әрбір бабы сол кездегі заман талаптарына сай, соған жауап беретіндей дәрежеде жасалған. Ол қазақ елінің ұлттық бірлігін нығайтып, рулар арасындағы алауыздықты тежеуге көп үлес қосты.
Тәуке хан заңдары – мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты тұрғысынан, оның мүдделерін қорғау тұрғысынан және қоғамды басқару тұрғысынан аса маңызды қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін әдеттік-құқықтық нормалар жиынтығы. Көне әдет-ғұрып құқығын ескере отырып, «Жеті Жарғы» қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайтуға және руаралық талас-тартысты азайтуға, экономика мен саяси билік жүйесінде үстемдік жағдайға ие болған әлеуметтік күштердің қоғамдық-қауіпті қолсұғушылығынан қорғауды қамтамсыз етуге бағытталған болатын. Бұл заң актісі қазақ қоғамының белгілі бір дәрежеде нығаюына, сырттан келген жауға қарсы бірігуіне ықпал етті. Тәуке ханның Ережелер жинағы қазақ коғамында 1867-1868 жылдары Ресейдің Уақытша Ережелері енгізілгенге дейін негізгі заңдық ереже міндетін атқарды.
«Жеті Жарғы» - елдің елдігін, халықтың бірлігін сақтап, азаттығы мен тәуелсіздігі үшін жанкешті күреске үндейтін, арды шыңдап, намысты қайрайтын, адалдық пен әділеттікке бастайтын Дала Конституциясы болды деп айтуға болады.
1

ҮІІ. Жаңа білімді бекіту | 1.Картамен жұмыс.(картадан Қазақ хандығының бастау алған жерінен бастап көрсету) 2.Математикалық ойын 3.Дискуссиялық өрнек 4.Тест тапсырмалары 5.Веен диаграммасы( Қазақ хандығы мен Қазақ мемлекеті) |
VIІI.Қорытындылау | Жерімізде қазақ хандығының құрылуы XY ғасырдың 50-60 жылдары екендігі, оның алғашқы құрушылары Керей мен Жәнібек хандар болғандығы тарихтан белгілі.Қазақ мемлекетінің көрші жатқан елдерге танылуы,Қасым,Хақназар хандар кезінде хандықтың күшеюі халқымыздың халық болып қалыптасуының аяқталуын көрсетеді. Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті, әсіресе қазақ хандығының құрылуы тарихтағы маңызды оқиға. Тәуке ханның «Жеті жарғысының» қылмыстық құқығы қазақ мемлекетінің тұтастығын қорғауға, ұлттың бірлігін сақтауға, елін, жерін, Отанын сүюге құрылғандығын байқаймыз. Қазір біздің өмір сүріп жатырған Отанымыздың іргетасы осы оқиғалардың негізі болып саналады. «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай өткен тарихты білу баршамыздың парызымыз деп ойлаймын жас ұрпақ! |
ІХ. Үйге тапсырма. | Қазіргі ҚР Конституциясы мен Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңын салыстыра отырып «Ата заңым айбыным» деген тақырыпта шағын эссе жазу. |
Х.Бағалау | |
1