Файл: Білім алушыларды лгерімін аымды баалау.pptx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДББҰ

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨЛШЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Нұр-Сұлтан, 2022

Білім алушылардың білімін ағымдық бағалау және қорытынды аттестаттау

The Guardian's 1986 'Points of view' advert

Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бағалау - бұл жалпы білім беретін оқу бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында мұғалім жүргізетін білім алушылардың білімдерін жүйелі тексеру

"Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ

ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ

Оқу кезіндегі бағалау мен мониторинг

Оқушылар үлгерімін жақсарту

Оқу бағдарламасының оқу мақсаттарын толық қамту

Бағалау процесс ретінде қаралады

Бағалау бөлім, тақырыптарды меңгерген соң жүргізіледі

Оқушылардың жетістіктерін бағалау

Оқу бағдарламасының оқу мақсаттарын ішінара қамту

Бағалау нәтиже ретінде қаралады

ҚБ

БЖБ

ТЖБ

ҚА

ОМ:географиялық дереккөздермен жұмыс істейді: карта, сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық материалдар;

ОМ:географиялық дереккөздермен жұмыс істейді: карта, сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық материалдар;

ОМ:географиялық дереккөздермен жұмыс істейді: карта, сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық материалдар;

БМ-2 Физика-географиялық және әлеуметтік-экономикалық заңдылықтар мен үдерістерді зерттейді, талдайды, жүйелейді және баға береді;географиялық дереккөздерді (карта, диаграмма, график, сурет, кесте және т.б.), статистикалық мәліметтерді қолданады, оқиды, зерттейді, талдайды.

6-суретте берілген Сырдария өзеннің гидрографына қараңыз.

6-сурет

6-суретті қолданып, Сырдарияның ең жоғары су көлемі байқалатын айды анықтаңыз.

Географиялық координаталар арқылы географиялық нысандарды анықтаңыз.

a.1-кестедегі анықталған географиялық нысандарды шартты белгілер арқылы кескін картаға белгілеңіз.

6-суретке мұқият қараңыз.

a. 2-суреттегі өзен аңғарының өзгеруіне әсер ететін бір себепті жазыңыз.

b. Қай ағыста жайылманың пайда болу мүмкіндігі жоғары екенін атап, себебін түсіндіріңіз.

Жылына дүниежүзілік мұхиттың акваториясына шамамен 2 млн тонна мұнай төгіледі.

Теңіз түбін бұрғылау кезінде ұңғымадан тәулігіне 100 литр мұнай суға құйылады.

Сонымен қатар, бензин мен дизель сияқты өңделген өнімдер жер бетіне төгіледі.
  • Mұнайдың суға төгілуінің 4 қауіп-қатерін жазыңыз

  • [4]
  • Мұнай төгілуінің теңіз бен құрлық тіршілігіне тигізетін 4 әсерін анықтаңыз.

  • [4]

Дескриптор

Дескриптор

Балл қою кестесі

Балл қою кестесі

-өзен гидрографына талдау жасайды;

-ең жоғары су көлемі байқалатын айды анықтайды.

географиялық координаталар арқылы: -бірінші нысанды анықтайды;

-екінші нысанды анықтайды;

- үшінші нысанды анықтайды

- анықталған бірінші нысанды кескін картаға түсіреді;

- анықталған екінші нысанды кескін картаға түсіреді;

- анықталған үшінші нысанды кескін картаға түсіреді;


БАҒАЛАУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ӨЗАРА САБАҚТАСТЫҒЫ

a. су жылдамдығы / жер бедері / тау жыныстарының құрамы

b. орта және төменгі

себебі – орта және төменгі ағыстарда су жылдамдығы баяулайды/ шөгінділер тасымалы болады / жер бедері жазыққа сәйкес келеді

1

1

1

Балама жауаптар қабылданады

• құрлыққа қарағанда ластау ауқымыкеңдігі

• мұхит бетінде көп жылдар жабын қабат түзуі

• мұхит суы булануына кедергі жасауы

4

Берілген нұсқалардың

біреуін көрсетсе, жауап

қабылданады.

Балама жауаптар қабылданады

• теңіз өсімдіктеріне фотосинтез үшін қажетті күн сәулесін бөгеуі

• жағалық ормандар мен сулы-батпақты жерлерді жоюы

• талшықты өсімдіктер мен шөпті

өсімдіктерді зақымдауы

4

«ГЕОГРАФИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША СПЕЦИФИКАЦИЯ

Бөлім\Бөлімше

Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма саны*

Тапсырма № *

Тапсырма түрі*

Орындалу уақыты, мин*

Балл*

Бөлімге берілетін балл саны

Географиялық зерттеу әдістері

8.1.1.3 - далалық, картографиялық, теориялық географиялық зерттеу әдістерінің мәнін түсіндіріп, қолданады

Қолдану

1

2

ҚЖ

5

3

6

8.1.1.4 - сандық және сапалық географиялық деректерді өңдеп, талдайды; 

Жоғары деңгей дағдылары

1

5

ТЖ

5

3

Картография және географиялық деректер базасы

8.2.1.1- тақырыптық карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді құрастырады: профиль, диаграмма, график, кесте; 

Қолдану

1

3

ҚЖ

7

4

7

8.2.1.2- географиялық шартты белгілер мен карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді қолдана отырып, тақырыптық карталарды оқиды

Қолдану

1

1

ҚЖ

5

3

Физикалық география. Литосфера



8.3.1.1- жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтарын зерттейді

Жоғары деңгей дағдылары

1

7

ТЖ

6

3

12

8.3.1.4 -материктер мен мұхиттарда орналасқан ұқсас орографиялық бірліктерді салыстырады

Қолдану

1

4

ТЖ

5

3

8.3.1.5 - тау жыныстары мен минералдарды түрлі белгілері бойынша жіктейді;

Қолдану

1

6

ТЖ

6

3

8.3.1.9 -геологиялық жылсанау мен геохронологиялық кестені талдап, жер қыртысының және тіршіліктің дамуындағы ірі кезеңдері мен геологиялық оқиғаларды ажырата алады

Жоғары деңгей дағдылары

1

8

ТЖ

6

3

Барлығы





8

8



45

25

25

Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер


НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰЖАТТАР

«Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің типтік ережелерін бекіту туралы» ҚР БҒМ №125 бұйрығы

Негізгі және жалпы орта білім беру сатысына арналған мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары

Оқу бағдарламалары

Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы

Пән бойынша қорытынды аттестаттау спецификациясы

№125 БҰЙРЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРМЕН (2019 ж. 26 қарашадағы № 509 бұйрық)

Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына араналған білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің типтік ережелерін бекіту туралы

9 (10)-сыныптың білім алушыларына арналған емтихан жұмыстарының материалдарын (тапсырмалар мен балл қою кестесі) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары (бұдан әрі – білім басқармалары), республикалық мектептердің 9 (10)-сыныптың білім алушылары мен мектептердің 11 (12)-сыныптың білім алушыларына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі дайындайды

9-сыныпта жазба жұмыстарын орындауға 2 астрономиялық сағат, математикаға (алгебра) (жазбаша)

3 астрономиялық сағат бөлінеді (физика-математикалық бағыттағы мамандандырылған мектептерде –

4 сағат), 11-сыныпта жазба жұмыстарын орындауға 3 астрономиялық сағат, алгебра және анализ бастамалары (жазбаша) пәні бойынша 5 астрономиялық сағат бөлінеді.

Қорытынды аттестаттау мазмұны мен күтілетін нәтижелер әрбір пән мен оқыту тіліне байланысты спецификацияда көрсетіледі

9 және 11 сыныптарда жұмыстар балл қою кестесіне сәйкес тексеріледі

НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАРИХ ЕМТИХАНЫН ӨТКІЗУДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІНЕН (ТАҢДАУ ПӘНІ РЕТІНДЕ)

IGCSE (НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕП)

Стандарт деңгей/ Тереңдетілген деңгей


1 компонент (міндетті 3 сұраққа жауап жазу ) – 1 сағ 45 мин

2 компонент (қысқа жауапты қажет ететін сұрақ) –1 час 30 мин

3 компонент (курстық жұмыс жазу ( 2000 сөзге дейін) /міндетті 2 сұраққа жауап жазу) –1 сағ 30 мин

AS-Level & A-Level (ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП)

AS-Level (стандарт деңгей)

A-Level (тереңдетілген деңгей)


1 компонент (дереккөздерге негізделген сұрақтарға жауап жазу 3 сұраққа жауап жазу) – 1 сағ 30 мин

2 компонент ( берілген 3 құрылымдық сұрақтың біреуіне жауап беру ) – 1 сағ 30 мин


1 және 2 компонент (деректермен жұмыс берілген 3 құрылымдық сұрақтың біреуіне жауап беру ) – әрқайсысына 1 сағ 30 мин уақыт беріледі

3 және 4 компонент (толық жауапты қажет ететін құрылымдық тапсырмалар) - әрқайсысына 1 сағ 30 мин уақыт беріледі


9-СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Қорытынды аттестаттау спецификациялары критериалды бағалау жүйесімен және жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларымен тығыз байланыста құрастырылды

Емтихан материалдарының мазмұны білім алушылар меңгеруі керек пән бойынша оқу бағдарламасынан күтілетін нәтижелерге бағытталды

Емтихан жұмыстарын бағалау балдық жүйеде жүзеге асырылады және балға қатынасы анықталып, сәйкес баға қойылады
  • Бағалау мақсаты
  • Оқу бағдарламасымен байланысы
  • Критериалды бағалау жүйесімен байланысы
  • Емтихан жұмыстарының сипаттамасы
  • Бағалау міндеттері (БМ)
  • Балдардың бөлінісі
  • Емтиханды тапсыру тілі
  • Емтиханды өткізу процесін басқару
  • Емтихан жұмыстарына балл мен баға қою процесі
  • Бағалардың сипаттамасы
  • Сұрақтар мен балл қою кестесінің үлгілері

«География» пәні бойынша 9-сыныптағы қорытынды аттестаттаудың тест спецификациясына шолу

Емтихан жұмысының сипаттамасы

Емтихан жұмысы

2 сағат

Емтихан жұмысы екі бөлімнен тұрады.

А бөлімі 15 бір дұрыс жауабы бар көп таңдауды қажет ететін тапсырмалардан тұрады.

Әр тапсырма 1 балмен бағаланады.

B бөлімі 4-5 құрылымдық тапсырмалардан тұрады. Тапсырмалар 5-10 балл аралығында бағаланады.

Барлық балл саны

50 балл

Бағалау міндеттері (БМ)

БМ 1

Білу және түсіну

Білім алушылар:

• географиялық зерттеулер әдістерін, карталардың түрлерін, жіктелуін және

элементтерін білуі тиіс;

• географиялық объектілердің, табиғи және әлеуметтік-экономикалық

заңдылықтардың, процестер мен құбылыстардың мәнін, жіктелуін, таралу

және орналасу ерекшеліктерін білуі тиіс;

• географиялық қабықтағы және географиялық ортадағы процестердің,

құбылыстардың өзара байланысын, себептерін, маңызын түсінуі тиіс;

БМ 2

Қолдану және жоғары деңгей дағдылары

Білім алушылар:

• географиялық қабық пен географиялық орта компоненттерінің сандық

және сапалық сипаттамаларын анықтау әдістерін, картометрия тәсілдерін,

кеңістікте бағдарлау дағдыларын қолданауы тиіс;

• географиялық қабық пен географиялық ортадағы процестер мен

құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын, географиялық

объектілердің орналасу факторларын талдауы тиіс;

• әртүрлі мақсаттар мен қызмет түрлері үшін географиялық объектілердің,

процестер мен құбылыстардың жарамдылық және пайдалану дәрежесін

бағалауы тиіс.


БМ бойынша балдардың бөлінісі

Бағалау міндеттері

Барлығы

БМ 1 Білу және түсіну

25

БМ 2 Қолдану және жоғары деңгей дағдылары

25

Барлығы

50

Емтихан жұмысына балл мен баға қою процесі

Емтихан жұмысының

балдары

Балдардың проценттік

құрамы, %

Баға

0-19

0-39

2 (қанағаттанарлықсыз)

20-32

40-64

3 (қанағаттанарлық)

33-42

65-84

4 (жақсы)

43-50

85-100

5 (өте жақсы)

«География» пәні бойынша 11 - сыныптағы қорытынды аттестаттаудың спецификациясына шолу

Емтихан жұмысының сипаттамасы

Емтихан жұмысы

3 сағат

Емтихан жұмысы үш бөлімнен тұрады.

А бөлімі ұсынылған төрт жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін 15 тапсырмадан тұрады. Әр тапсырма 1 балмен бағаланады.

B бөлімі 4-5 құрылымдық тапсырмадан тұрады. Тапсырмалар 5-10 балл аралығында бағаланады.

С бөлімі толық жауапты қажет ететін 2 тапсырмадан тұрады. Әр тапсырма 10 балмен бағаланады. Білім алушы ұсынылған екі тапсырманың тек біреуін таңдайды.

Балл саны

60 балл

Бағалау міндеттері (БМ)

1-БМ

Білу және түсіну

Білім алушылар:

Негізгі географиялық ұғымдармен жұмыс істейді, географиялық объектілерді, құбылыстар мен процестерді сипаттайды, олардың орналасуын анықтайды.

2-БМ

Қолдану және талдау

Білім алушылар:

• Географиялық зерттеудің заманауи әдістерін және олардың комбинациясын, географиялық деректердің түрлі көздерін, тақырыптық карталардың қосымша сипаттау элементтерін, картометрия тәсілдерін, қажетті мәнмәтінде есептеулер жүргізу үшін түрлі формаларды қолданады.

• Географиялық қабық пен географиялық ортада болып жататын процестер мен құбылыстардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстарын, табиғат пен қоғамның өзара байланыстары мен олардың кеңістіктік ерекшеліктерін талдайды.

3-БМ

Баға беру және шешім қабылдау

Білім алушылар:

• Экономикалық, әлеуметтік және саяси мәселелерді шешу және шаралар қабылдау үшін уақыт пен кеңістіктегі географиялық объектілердің, құбылыстар мен процестердің қасиеттері мен параметрлерін, олардың тұрақтылық дәрежесін, дамуын, белгілі бір мақсаттарға жарамдылығын бағалайды.