Файл: Жол тртібін білейік, аман есен жрейік 10 "Б" сынып ткізген Кулкаева Д. Е.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.03.2024
Просмотров: 40
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мұғалжар жалпы білім беретін орта мектеп
«Жол тәртібін білейік,
аман - есен жүрейік»
10 "Б" сынып
Өткізген: Кулкаева Д.Е.
2022-2023 оқу жылы
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты | «Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік» | |
Күні | 19.09.2022 | |
Класс жетекші: | Кулкаева Д.Е. | |
Класс: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың мақсаты: | Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. | |
Ресімдеу | Слайд,презентация | |
Музыкалық және бейне көркемдеу | интерактивті тақта, слайд | |
Үлестірмелі материалдар | мақал – мәтелдер жазылған плакаттар | |
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер | Презентация | |
Дайындыққа арналған әдебиет | Интернет материалдары | |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | -Оқушыларымен амандасу, түгендеу Шаттық шеңбер. Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды қаламыз Жайнай түсті даламыз, Жол тәртібін білетін Біз білімді баламыз, Қайырлы күн қонақтар! Қайырлы күн достарым! | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. | Компьютер |
Сабақ басы (13 мин) | Балалар, біздің ата-аналарымыз базарға, қалаға, ауылға барғанда олар немен жүреді? - Көлікпен. - Қандай көлік түрлерін білесіңдер? - Жер үсті, ауа, суда жүретін көліктер. - Жер үстінде қандай көліктер жүреді? - Жеңіл көлік, ауыр көлік, велосипед, поезд, трамвай, троллейбус, автобус. т.б - Жолда жүргенде жол жүру ережелерін сақтайсыңдар ма? - Иә. - Олай болса мен сендерге жұмбақ жасырайын. Үш көзді батыр, Жолды аңдып жатыр /бағдаршам/ Мұғалім бағдаршам суреттері бар қиындыларды таратады. Оқушылар қиындылардан сурет құрастырады. 3 сурет шығу керек. Осы әдіс арқылы оқушыларды топқа бөліп аламын. 1-топ: Қызылдар; 2-топ: Сарылар; 3-топ: Жасылдар болып бөлінеді. Мұғалім: Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан - жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта біздің сыныбымызда бүгін «Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік» атты жол ережелеріне арналған сынып сағатын өткіземіз. Әр топ өздерін таныстырады: «Қызылдар» тобы: Қызыл көзін ашқанда, Сынық сүйем баспа алға. «Сарылар» тобы: Сары көзін ашқанда Қарап қалма аспанға. «Жасылдар» тобы: Жасыл көзін ашқанда, Жүре бергін, жасқанба! І бөлім. Сұрақтар: 1.Бағдаршам дегеніміз не? Адам үшін оның маңызы қандай? 2.Бағдаршамның неше түрі болады? 3.Бағдаршамның қызметін атап бере аласың ба? 3 топқа сұрақтар қойылады, оқушылар жауаптарын айтады. ІІ бөлім «Жұмбақтарды шешу» 1. Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған Өміріңді күзеткен, Ысқырықпен түзеткен. (милиционер) 2. Көше бойлап аяңдайды, Адам тасып аялдайды. (автобус) 3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген, Іргеден басталып алысқа жеткізген. (жол) 4. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та, Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам) 5. Екі аяқты, бір басты, Жүгіреді тым қатты. (велосипед) 6. Өзі тым күшті, Аяғы тісті. ( трактор) 7. Төрт аяғы домалақ, Адамсыз жүрмейді. ( машина) 8. Екі ағасы қашады, Екі ініс қуады. ( машина дөңгелектері) 9. Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді, Ескеріп ешбір адам емдемейді. Жүк емес жануарға жүз адам да, Шылбырын сымға байлап тез жөнейді. (трамвай) 10. Арқаным бар тым ұзын, Ала алмайсың бір үзім. Табыңдаршы балалар Бұл жұмбақтың шешуін. (жол) ІІІ бөлім «Әдептілік әліппесі» Мұғалім: - Балалар енді мен сендерге мынадай жұмбақ - әңгіме оқып берейін. Шешуін өздерің айтыңдар. Дастан көшеде анадай жерде өтіп бара жатқан жүргіншіге: -«Айтыңызшы, сағат қазір қанша?» - деп айқайлады. Ол жүргінші уақытты айтқан соң, алмас бұрылып жөніне кетті. Бала бөтен адаммен қарым - қатынасында бірнеше қателік жіберді. Осы қателіктерді кім табады? Жауабы: 1. Көшеде айқайлап жөн сұрамау керек! 2. «Сағат қанша?» емес, «Уақытты айтып жіберіңізші» немесе «Сағат қанша болғанын айтыңызшы» деп сұрауы қажет. 3. Алдымен кешірім өтінуі керек. 4. Алмас ол адамға «Рахмет» айтуды ұмытты. ІV бөлім «Жағдаяттарды шешу» «Қызылдар» тобы: Ержан жол жиегінде доппен ойнап жүреді. Добы жолға домалап кетеді. Ержан добын алмақ болып машина жолына жүгіреді. Машиналар сигналы естіледі. Ержан добын тастай қашады. Ержанның әрекеті дұрыс па? Ол қандай шара қолдану керек еді? «Жасылдар» тобы: Бағдаршамы жоқ көшеде жолдан екі бала өтпек болады. Бірі жолдан жан - жағына қарамастан, асығыс жүгіріп өтеді. Екіншісі алдымен сол жағына, сонан соң оң жағына қарап өтеді. Кімнің әрекеті дұрыс? Жолдан қалай өту керек? «Сарылар» тобы: Сіз жолдан өтейін деп тұрсыз. Бағдаршамның жасыл түсі жанбай жатып қасыңызда тұрған бірінші сынып оқушысының машиналар зулап жүріп жатқан жолдан өтпекші болып тұрғанын көресіз. Сіздің әрекетіңіз? Қай топтың жеңімпаз екенін анықтау. Марапаттау! | Оқушылар ойларымен бөліседі | презентация |
Ортасы (20 мин) | Шығармашылық жұмыстар: 1-топ: Эссе жазу: «Бақытты жанұя – бақытты ел» 2-топ: Постер қорғау: «Бақытты жанұя – бақытты ел» 3-топ: Нақыл сөздер, мақал-мәтелдер дайындау, айту: «Отбасы», «Тәрбие», «Ата-ана», «Бала» | Сұрақтарға жауап береді | презентация |
Соңы | Мұғалім: Айналайын абайла, Жан - жағыңа қарайла. Жолда жүру ережесін, Есте сақта қалайда. Міне балалар, біз сендермен жолда қалай жүру керек екенін білдік. Жол ережесін әрқашан есте сақтау керек. Жол ережесін жақсы білсек, өзімізді жол апатынан сақтаймыз. Ал енді ережелерді әрқашан орындап, аман болайық! Алдағы уақытта осы жол ережесін сақтап, басқа балаларға үйретіп жүріңдер. Барлығы: Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік! | Оқушылар түсінеді сынып сағаты қорытындылайды | презентация |
Мұғалжар жалпы білім беретін орта мектеп
«Отбасы өмір аясы»
10 "Б" сынып
Өткізген: Кулкаева Д.Е.
2022-2023 оқу жылы
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты | «Отбасы өмір аясы» | |
Күні | 12.09.2022 | |
Класс жетекші: | Кулкаева Д.Е. | |
Класс: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың мақсаты: | 1. Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу. 2. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту. 3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу. | |
Күтілетін нәтиже: | 1.Білуі керек: Отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлай білуі керек. 2. Болуы керек: Отбасында әдепті, сыйлы болуы керек. 3. Жасай білуі: Берілген тапсырмаларды орындай білулері керек | |
Ресімдеу | Слайд,презентация | |
Музыкалық және бейне көркемдеу | интерактивті тақта, слайд | |
Үлестірмелі материалдар | мақал – мәтелдер жазылған плакаттар | |
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер | Презентация | |
Дайындыққа арналған әдебиет | Интернет материалдары | |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | Алфавиттің А тұрады басында, Әрқашанда Ә тұрады қасында Байқадың ба, Б тұрады үшінші Ал, осының сыры неде?түсінші: «А»деген ол – аналар ғой ардақты «Ә»деген ол — әкелер ғой салмақты «Б» деген ол- балалар ғой әдемі Біздің елде үшеуі де кәделі. Алшақ кетпей сондықтан да расында Тұрады олар алфавиттің басында. (Ж.Әбдірашев) «Ата-ана – бәйтерек, бала-жапырақ» деген қазақта дана сөз бар. Бәйтерек өз тамырынан қоректі заттар алып, оны жапырақтарына береді. Жақсы ата – анада бәйтерек сияқты. Отбасында бала не көріп, не істесе, соны бойына сіңіреді. Бала тәрбиесінің ең үлкен мектебі - өз отбасы. Бала деген 6 сағат мектепте болса, 18 сағат үйде, яғни ата-ананың қасында болады. Бұл дегеніміз ең алдымен бала тәрбиенің 70 пайызын ата-анадан алады деген сөз. Мінекей осыдан қалса керек « әкесіне қарап үлын таны, шешесіне қарап қызын таны» деп жатады. Ендеше бүгінгі 5-сынып оқушылары арасында өткелі отқан сынып сағатымызға хош келдіңіздер. Бүгінгі сынып сағатымыз дидактикалық ойын есебінде өтеді, мұндағ оқушылардың ірбірінің ойын білу, жинақтау, шығармашылық, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа үйрету. | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. | Компьютер |
Сабақ басы (13 мин) | Сұрақ-жауап: Балдан тәтті не? (бала) Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл) Балаға кім сыншы? (ата-ана) Әкеден балаға беріледі (мұра)
| Оқушылар ойларымен бөліседі | презентация |
Ортасы (20 мин) | Шығармашылық жұмыстар: 1-топ: Эссе жазу: «Бақытты жанұя – бақытты ел» 2-топ: Постер қорғау: «Бақытты жанұя – бақытты ел» 3-топ: Нақыл сөздер, мақал-мәтелдер дайындау, айту: «Отбасы», «Тәрбие», «Ата-ана», «Бала» | Сұрақтарға жауап береді | презентация |
Соңы | Отбасы. Бала. Мектеп. Бір - бірінен ажырағысыз үш ұғым. Отбасы бар жерде бала бар, бала бар жерде мектеп бар. Мектеп пен ата-ананың міндеті - әр балаға бақыт, қуаныш сыйлау. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала отбасында алады. Отбасы - әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым - қатынаста болу керек сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек. | Оқушылар түсінеді сынып сағаты қорытындылайды | презентация |
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты | Ұлтымыздың ұлы ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлына 150 жыл | |
Күні | 05.09.2022 | |
Класс жетекші: | Кулкаева Д. | |
Класс: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) | | |
Сабақтың мақсаты: |
| |
Құндылықтарды дарыту | | |
Ресімдеу | Слайд,презентация | |
Музыкалық және бейне көркемдеу | интерактивті тақта, слайд | |
Үлестірмелі материалдар | Ахмет Байтұрсынұлының портреті, кітап көрмесі, ақынның қанатты сөздері. | |
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер | Презентация | |
Дайындыққа арналған әдебиет | Интернет материалдары | |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | Сәлемдесу. Сыныпты түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аударту.
| Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. | Компьютер |
Сабақ басы (13 мин) |
Ахмет Байтұрсынұлы Шәкәрім Құдайбердіұлы Міржақып Дулатов Жүсіпбек Аймауытов Мағжан Жұмабаев Дәуірдің жарық жұлдызы, ұлттың ұлы ұстазы саналатын Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отыр. Ендігі кезекте Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянымен танысып өтсек. Слайдқа назар аударып, онда көрсетілген тірек сөздерге сүйене отырып әңгімелеу үшін 3 топқа түрлі тақырып берілген:
1 тақырып бойынша 1 топқа берілген тірек сөздер:
2 тақырып бойынша 2 топқа берілетін сөздер:
3 тақырып бойынша 3 топ:
| ...Күңірене шыққан күй әуені. Сахнада оқушы Ахметтің ролінде, ақынның «Маса-сөз иесінен» өлеңін оқиды. (сахнада музыка үні әуелейді де бәсеңдейді | презентация |
Ортасы (20 мин) | Миға шабуыл Неліктен Ахмет Байтұрсынұлының екінші кітабы «Маса» деп аталған?
Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал» аударма жинағы.
«Аққу, шортан һәм шаян» мысалының желісі: Жүк алды шаян, шортан, аққу бір күн Жегіліп, тартты үшеуі дүркін-дүркін, Тартады: ақку көкке, шаян кейін, Жұлқиды суға қарай шортан шіркін. Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас. Əуелі бірлік керек болса жолдас, Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей, Істеген ынтымақсыз ісің оңбас! Бұл мысал арқылы елді бірлікке, ынтымаққа, татулыққа шақырып отыр. Бір-бірін тыңдамай, әркім өзімдікі дұрыс деген істе береке болмайды дейді. Осы мысал төңірегінде қандай мақал-мәтелдер еске түседі?
Ахмет Байтұрсынұлы «Оқуға шақыру» өлеңі: Балалар! Оқуға бар! Жатпа қарап! Жуынып, киініңдер шапшаңырақ! Шақырды тауық мана әлдеқашан, Қарап тұр терезеден күн жылтырап. Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да, Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да: Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп, Барады аралар да ұшып балға.
| Сұрақтарға жауап береді | презентация |
Соңы | С Ахмет Байтұрсынұлы абақтан алған білімдерімізді қорытындылай келе берілген сызбаны толтыру. | Оқушылар түсінеді сынып сағаты қорытындылайды | презентация |
Қорытынды |
| | |
«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»
10 сынып
Өткізген:
2022-2023 оқу жылы
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты | «Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және отаншылдық» | |
Күні | 01.09.2022 | |
Класс жетекші: | | |
Класс: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) | | |
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларды адал еңбекке баулу , кәсіптік білім беру. 3. Тәрбиелік: Адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу. Оқушыларды адал еңбекке баулу , кәсіптік білім беру. 3. Тәрбиелік: Адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу. | |
Құндылықтарды дарыту | | |
Ресімдеу | Слайд,презентация | |
Музыкалық және бейне көркемдеу | интерактивті тақта, слайд | |
Үлестірмелі материалдар | мақал – мәтелдер жазылған плакаттар | |
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер | Презентация | |
Дайындыққа арналған әдебиет | Интернет материалдары | |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | -Нағыз еңбек неден басталады? -Еңбек қана бар қиындықты жеңбек. Балалар , бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: Білімге ұмтылу еңбексүйгіштік және отаншылдық»Балалар, еңбек сөзін естігенде ойларыңа не келеді? /Оқушылар өз бетінше ойларын жазып, қорғап шығады/. тақта арқылы «еңбек» деген сөзге топтастыру жасау. Сүйікті іс күш,жігер береді.Жарқын болашақ Қуаныш,ләззат алу ақша пайдалы өмір сүруге үйретеді.Ауыр шынықтырады жеңіл Балалардың жауаптары тыңдалып болған соң, мұғалім толықтырып, адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келетіні түсіндіру Итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген екен. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Адамның адам болуында еңбек шешуші роль атқарған. Адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене берген. Сондықтан қоғамның даму тарихын еңбек пен еңбек құралдарының өзгеру, жетілу тарихы деуге де болады. Тіршілік жағдайының қиындауы еңбекті күрделендірді. Еңбектің арқасында табиғат заттарын еңбек құралы етіп, отты сөндірмей пайдаланды, топтасып аң аулады, бір-біріне көмектесті.Ф. Энгельс айтқандай «Адамды адам еткен- еңбек» | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. | Компьютер |
Сабақ басы (13 мин) | Еңбектену тек адамға ғана тән деген пікірмен келіспеймін. Жануарлар да дамыл таппай еңбектенеді ғой. Жануарлар қалай еңбектенеді екен? Алдымен соған мысал келтірсеңші, сонда ойың дәлел болар еді ғой. Сен «Құмырсқа елінде» деген әңгімені оқыған шығарсың. Құмырсқа илеуінің ішінде қаншама «бөлмелер» бар. Әр бөлмені пайдалану ретіне қарай «аналық құмырсқа бөлмесі», «балалар бөлмесі», «азық қоймасы» т.б. деп атауға болады. Сондай-ақ бал арасының қалай ұя салатынын айтсақ та жетпей ме? Мысалдарың тамаша! Жануарлар да еңбектенеді екен. Бірақ қанша еңбектенгенмен адам еңбегінің олардан зор айырмасы бар ғой. Қандай айырмасы бар? Адам еңбегі оймен, санамен, ақылмен істеледі. Табиғат заттарын өңдеп, өзіне қажет, табиғатта кездеспейтін бұйымдар жасайды. Адамнан басқа қандай жануар арнай шам жасап қараңғыны жарық етеді? | Оқушылар ойларымен бөліседі | презентация |
Ортасы (20 мин) | Оқушылардың мектептегі және қоғамдық пайдалы іс- әрекеті оның кейін әлеуметтенуіне үлкен әсерін тигізеді. Мамандық таңдауына, рухани құндылықтарға ие болуына, әр түрлі адамдармен араласуға, мінезінің қалыптасуына әсер етеді. Енді оқушылардың сіздерге қояр сұрақтарымыз бар. Сол сұрақтарға кезек берейік. 1.Өз мамандығының шебері болу үшін адам өзін-өзі қалай дайындау керек деп есептейсіз? 2. Өзіңізді еңбекқормын деп санайсыз ба? Еңбекқорлық адамды қандай қасиеттерге баулиды? 3. «Адал еңбек» деген ұғым нені білдіреді? 4. «Еңбектің жемісі» дегеніміз не? 5. Адамның бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады? 6. Қандай мамандық таңдауға кеңес берер едіңіз? 7. Осы мамандықты таңдауыңызға не себеп болды? 8 .Сіздіңше мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз не деп ойлайсыз? 9. Ұстаз болу сіздің бала күнгі арманыңыз ба еді? 10. Бүгінгі таңда жастардың көбі ұстаз болуды қаламайды, керісінше заңгер, банкир, экономист т.б мамандықтарды құрметпен бағалайды. Мұның себебі неде деп ойлайсыз? Пайдалы кеңестер. /сергіту сәті/ Дәптермен жұмыс Ұлағатты сөздер Өмірде үлкен еңбексіз ештеңеге де қол жетпейді. ( Гораций) Талап, еңбек, терең ой Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс көнсеңіз. (Абай) Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, Қардың суы секілді тез суалар. (Абай) Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық Аздырар адам баласын (Абай) Еңбексіз өмір кешуге жол жоқ. Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. (М.Әуезов) Елге сіңірген еңбек жақсы, Еңбекті елеген ел жақсы. (Спандияр Көбеев) Еңбектегі әр минут- бір несібе. (Ғафұр Ғұлам) Терлеп еңбек етпегенннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ. (Бауыржан Момышұлы) Қандай мұратың болса да өз еңбегіңе сен, басқаға телмірме. (Ғабдолла Садықұлы) | Сұрақтарға жауап береді | презентация |
Соңы | Қорытынды бөлім -Нағыз еңбек неден басталады? «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі –ішсем,жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмары. Біреуі білсем екен деп туады. Не көрсе соған талаптанып. Білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген. Мұның бәрі-жанның құмары деген екен Ұлы Абай атамыз. Сабақ оқу да – еңбек. -Еңбек қана бар қиындықты жеңбек. Барлық байлық еңбекпен келеді. Ауылымызда тек өзінің маңдай терімен отбасын асырап отырған ер адамдар бар. Еңбексіз бос жүру адамды моральдық жағынан құлдыраушылыққа, жұрт еңбегінің есебінен күн көруге әкеліп соғады.Еңбек етпесең не қорлыққа, не ұрлыққа барасың.Еңбек қана адамның жанын жарастыққа, ризалық сезіміне бөлеп бақытты етеді.Еңбек етсең ешкімге тәуелді болмайсың. Атың да, атағыңды да шығаратын -Еңбек Қатаң ұста-бос жүрмесін сандалып, Болсын тәртіп-бала өседі сомдалып. Бала нені білсе жастан, ұядан. Өле өлгенше соны таныр қиядан. Жас кезінде білім берсең,қалай да- Өсе келе қолы жетер талайға. Тәрбиесіз бала білім ұғар ма? Олай болса уысыңнан шығарма. (Жүсіп Баласағұн) | Оқушылар түсінеді сынып сағаты қорытындылайды | презентация |