Файл: Жол тртібін білейік, аман есен жрейік 10 "Б" сынып ткізген Кулкаева Д. Е.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 41

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



.....................................................


Мектеп атауы

Мұғалжар ЖББОМ

Күні

26.09.

Класс жетекші:

Кулкаева Д.

Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

Қарияға құрмет – мұсылмандық асыл қасиет»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды ата-анасын қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу. Оқушылар бойындағы адамгершілік қасиеттері, мейірімділікті, қайырымдылықты, қамқорлықты, кішіпейілділікті дамыту. Оқушыларға қариялар жөнінде, олардың бізге қалдыратын баталы сөздері мен істері жөнінде мағлұмат беру.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)

Сәлемдесу. Сыныпты түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аударту.

Барысы:

  1. Мен атам мен әжемнің жалғасымын.

  2. Асылдың сөзі, ақылдың кені. (Мақал-мәтелдер)

  3. Ескірмейтін есті сөз




Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.

Компьютер


Сабақ басы (13 мин)

Мұғалім: Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса. Әр халықтың бойында оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы телегей теңіз болып келеді.

Оқушылар сендерге жұмбақтар жасырамын. Сол жұмбақтарды шешу арқылы біздер сынып сағатымызды жалғастырамыз.

Айтары мол ғұлама, Атаңның баласы,

Көп жасаған бұл адам. Кей кезде таласып

Әкесі ол әкеңнің, қаласың әжеңе.

Білер оны сұраған. Білгенің асады кәдеге.

Ол кім? (Атаң) Ол кім? (Әкең)
Аймалайды «Күнім» деп, Әлпештеп өзіңді өсірген,

Мейірімді жүзі күлімдеп. Нағашы әжеңнің баласы.

«Тәтті-ақ» дейді немере, Төрінде жалпиып көсілген

«Бал шырындай үнің» деп. Бұл күнде жиеннің анасы.

Ол кім? (Әжең) Ол кім? (Анаң)

Мұғалім: Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса. Әр халықтың бойында оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы телегей теңіз болып келеді.

Оқушылар сендерге жұмбақтар жасырамын. Сол жұмбақтарды шешу арқылы біздер сынып сағатымызды жалғастырамыз.


Мұғалімді тыңдайды

Сұрақтарға жауап береді

Аймалайды «Күнім» деп, Әлпештеп өзіңді өсірген,

Мейірімді жүзі күлімдеп. Нағашы әжеңнің баласы.

«Тәтті-ақ» дейді немере, Төрінде жалпиып көсілген

«Бал шырындай үнің» деп. Бұл күнде жиеннің анасы.

Ол кім? (Әжең) Ол кім? (Анаң)
Айтары мол ғұлама, Атаңның баласы,

Көп жасаған бұл адам. Кей кезде таласып

Әкесі ол әкеңнің, қаласың әжеңе.

Білер оны сұраған. Білгенің асады кәдеге.

Ол кім? (Атаң) Ол кім? (Әкең)


презентация

 


Ортасы (20 мин)


Мұғалім: Келесі бөлім «Асылдың сөзі, ақылдың кені» деп аталады. Құрметі оқушылар, біздің аталарымызды ардақтайтын қандай қанатты сөздер, мақал-мәтелдер білесіңдер?

«Мақал – сөздің мәйегі» ортаға мақалшыларды шақырамыз.

Мұғалім:

Өнбойың тұнған ақыл, ұлағат,

Ешкімге жасамайсың қиянат.

Жайлап қана ақылменен түзейсің,

Болып қалса ұғына алмай бір ағат.

Көрініс: «Ақсақал мен жігіттің салемдесуі»

Ақсақал: Ассалаумағалейкум, «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді» демекші қалың қалай, балам?

Жігіт: «Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады» деуші еді, кеіңіз, төрге шығыңыз, қонақ болып кетіңіз.

Ақсақал: «Қонағын сыйласа, төрге шық» дегендей төрге шығайын.

Жігіт: «Жат асына қарайды, дос басына қарайды» деуші еді аталарымыз, асқа отырыңыз.

Ақсақал: Ойбай-ау! «Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын».

Жігіт: «Досыңның тамағын қасыңдай іш» демекші ала отырыңыз.

Ақсақал: Ой, рахмет! «Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам» дейді ғой. Алла разы болсын.

Жігіт: «Жылқы кісінегенше, адам сөйлескенше». Осылай таныс-біліс болу да бір ғанибет қой, ата.

Ақсақал: «Мыңның түсін танығанша, бірдің атын біл» дейді атам қазақ. Есімің кім болады, балам?

Жігіт: Есімім – Жарас. «Көрген жерде ауыл бар», келіп тұрыңыз.

Ақсақал: «Кел демек бар, кет демек жоқ», қой қайтайын.

Жігіт: «Қонағыңнан алтын алма, алғыс ал» жолың болсын.

Ақсақал: «Алтыға дейін бала ерке, алпыстан кейін шал ерке» деуші еді аталарымыз, сөзімді көңіліңе ауыр ала көрме.

Жігіт: «Кәрі, кәрінің сөзі - дәрі» деген, о не дегеніңіз?!

Ақсақал: «Таз таранғанша той тарқар». Қайтайын.

Жігіт: «Бір ауылда мың туысың болғанша, әр ауылда бір туысың болсын» деген, келіп тұрыңыз.




Сұрақтарға жауап береді



презентация

Соңы


Қорытынды: Саналы ұрпағы бар елдің қариясы бақытты, ақсақалды атасы бар елдің балалары бақытты емес пе?! Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!




Оқушылар түсінеді сынып сағаты қорытындылайды

презентация



...........................

Сынып: 10б

Күні:03.10.2022.

Мұғалмі....................................................................
Сынып сағатының тақырыбы: «Қарияға құрмет мұсылмандық асыл қасиет»

Мақсаты: оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, нақыл сөздер.

Барысы:

І.Кіріспе сөз:

А) Келген қонақтарды қарсы алу.

ІІ. Негізгі бөлім:

Ә) Қарттарымыз қазына екендігін түсіндіру;

Б) Қарттар күніне арналған ақын жазушылардың өлең шумақтары;

В) Аталарымыздың оқушыларға берер ақыл кеңестері, оқушылардың сұрақтары;

С) Концерттік бағдарлама.

ІІІ. Қорытынды.

1. Армысыздар, құрметті қонақтар,ақ жаулықты аналар мен асқар таудай әкелер!

«Қарттарым – асыл қазынам» атты бүгінгі мерекемізді ашуға рұқсат етіңіздер.

Қарттарым жүректерің неткен дархан,

Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.

Жолыңды жүріп өткен қарасам мен

Оқитын келешекте бір-бір дастан.

Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,

Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.

Тербедің көктем бағын самал болып

Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен,- деп асыл қазына, арқа сүйер тірегіміз болып аман-есен жүре беріңіздер.

2. Алдымызда 1- қазан қарттар күні мерекесі жақындап қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

1.  Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше тақпақтар бөліміне құлақ түрелік.

1.Көп жасаған қария-

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.

Ата салты ардақты,



Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.

2-оқушы. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса,  егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық  жасаса, қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады.

Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.


2: Көрініс «карт пен немере»

Орыс жазушысы Лев Толстойдың «Қарт пен немере» мысалы естеріңде ме? Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере. Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына тамақты темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты.

Әке-шешесі:
-Балам, не істеп отырсың?- деп сұрайды.
- Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын, – депті баласы.


 «Атаңа не қылсаң,  алдыңа сол келеді» деген сөз бар. Жастарымыз ата-анасының қадірін кеш болмай түсінсе екен.     Қарттары бар ел-бақытты ел.
Сұрақ-жауап.

1.     Қариялар – ақылды дариялар.Біз оларды құрметтеуіміз керек. Қазір таңдағы жастар өз дәрежесінде құрметтеп жүр ме?

2.     Осы заманда көп адамдар өздерінің туып, өсірген қарт аталары мен әжелерін қарттар үйіне апарып тастайды.Осы дұрыс па? Қарттар үйіне ол кісілердің баруына кімдер кедергі деп ойлайсыз?

3.     Қазақстанның болашағы – жастардың қолында дейді, сондықтан біз сияқты жастарға берер ақыл кеңестеріңіз?

4.     Сіздердің жастық уақыттарыңыз бен қазіргі таңдағы жастардың қандай айырмашылығы бар деп ойлайсыздар?

5.     Алдағы уақытта Қазақстанның болашағы қандай деп айтар едіңіз?

6.     Қарт, ақсақал, ата сөздерінің айырмашылығы неде?(Қарияларымыз оқушылардың сауалдарына жауап береді)

1Баталы құл – арымас,

Батасыз құл – жарымас.

Батаменен ел көгереді

Жауынменен жер көгереді – дейді дана халқымыз.

2. Бата халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші және жақсылықтың бастауы. Ол ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, таланты жастарға, көптің  жүгін көтерген, адамдарға, жас сәбиге, немесе үлкендер жақсы ісіне риза болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен ақсақалдардың ақ тілегі, әрі өмірлік жолдамасы.

ҚорытындыАта-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.

Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады

___________


Тәрбие сағаты

"Қатыгездік пен зорлық зомбылықсыз балалық шақ"

Күні

14.11

Класс жетекші:

Кулкаева Д.Е.

Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу

Ресімдеу

Слайд,презентация

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы





Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


« Бала дегеніміз -болашақ» деген екен француз жазушысы Гюго Виктор Мари. Бала періште дейді. Олардың пейілі, ниеттері қандай тұйық болса, көңілдері сондай мөлдір! «Адамның бір қызығы бала деген »-деп Абай атамыз 
айытқандай, мынау тіршілікте адам баласының алтынға айырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ. Халқымыз желкіндеп өсіп келе жатқан қыз баланы елдің көркі санаса, ал ер баланы елдің қорғаны санаған. Балалық шақ адам өміріндегі ұмытылмайтын қызықты да бақытты кезең. Сондықтанда әр бір қараша үйдің түтінін түтеткен ата-ана көзінің ағы мен қарасындай перзентінің өмірдегі осынау сәттерді мүмкіндігінше есте қаларлықтай етіп өткізуді ойластырады. 



Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.





Компьютер

Сабақ басы (13 мин)


Зорлықтың қандай түрлері сендерге белгілі? (қара бұлттарға түрлерін жазып ілу).

Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;

Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;

Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.

Оқушылар ойларымен бөліседі


презентация

 



Ортасы (20 мин)


Сұрақ:

1. Сіздердің ойларыңша, неге біреу басқа адамға қатысты зорлық көрсетеді? 

2. Кімді жиі ренжітеді?

3. Қаталдық көрсетудің себебі?

4. Егер қысым көрсетілген жәбірленуші өте ақылды болса, сіздің ойыңызша, неге жәбірлеуші оған қысым көрсетеді?

5. Жәбірленушіге көмек қажет деп ойлайсың ба?

6. Егер әңгімелесу көмектеспесе не істеу керек?

7. Егер жолдасың ашулы, көңіл-күйі нашар болса, қалай көмектесуге болады?

Сұраққа жауап береді

презентация

Соңы


Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады екен. Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда , одан «ешкімнің де ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек. Кикілжіні көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не анасының отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алады.

Зорлық көрсету ол әлсіз адамдардың қаруы екені барлығына мәлім. Жалпы отбасындағы зорлық - зомбылық әміршіл билік пен шектен тыс бақылаудың нәтижесінде пайда болады. Ойланыңыздаршы, қай уақытта көбінесе отбасыларында зорлық зомбылық болады? Егерде бала ата – анасының айтқанын тыңдамай  теріс қылықтар көрсетсе, ата – анасы баламен тіл табыса алмай көбінесе тәрбиенің қате және жеңіл түрі зорлық көрсетуге жүгінеді.

Қазіргі  таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Адамды өзара түсіністікке жеткізетін шынайы да тұрақты сүйіспеншілік дәстүрлері де тек салауатты отбасында ғана қалыптасады.





презентация