Файл: Жол тртібін білейік, аман есен жрейік 10 "Б" сынып ткізген Кулкаева Д. Е.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.03.2024
Просмотров: 43
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
___________
Тәрбие сағаты | "Қатыгездік пен зорлық зомбылықсыз балалық шақ" | |
Күні | 14.11 | |
Класс жетекші: | Кулкаева Д.Е. | |
Класс: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың мақсаты: | оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу | |
Ресімдеу | Слайд,презентация | |
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер | Презентация | |
Дайындыққа арналған әдебиет | Интернет материалдары | |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | « Бала дегеніміз -болашақ» деген екен француз жазушысы Гюго Виктор Мари. Бала періште дейді. Олардың пейілі, ниеттері қандай тұйық болса, көңілдері сондай мөлдір! «Адамның бір қызығы бала деген »-деп Абай атамыз айытқандай, мынау тіршілікте адам баласының алтынға айырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ. Халқымыз желкіндеп өсіп келе жатқан қыз баланы елдің көркі санаса, ал ер баланы елдің қорғаны санаған. Балалық шақ адам өміріндегі ұмытылмайтын қызықты да бақытты кезең. Сондықтанда әр бір қараша үйдің түтінін түтеткен ата-ана көзінің ағы мен қарасындай перзентінің өмірдегі осынау сәттерді мүмкіндігінше есте қаларлықтай етіп өткізуді ойластырады. | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. | Компьютер |
Сабақ басы (13 мин) | Зорлықтың қандай түрлері сендерге белгілі? (қара бұлттарға түрлерін жазып ілу). - Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу; - Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық; - Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану. | Оқушылар ойларымен бөліседі | презентация |
Ортасы (20 мин) | Сұрақ: 1. Сіздердің ойларыңша, неге біреу басқа адамға қатысты зорлық көрсетеді? 2. Кімді жиі ренжітеді? 3. Қаталдық көрсетудің себебі? 4. Егер қысым көрсетілген жәбірленуші өте ақылды болса, сіздің ойыңызша, неге жәбірлеуші оған қысым көрсетеді? 5. Жәбірленушіге көмек қажет деп ойлайсың ба? 6. Егер әңгімелесу көмектеспесе не істеу керек? 7. Егер жолдасың ашулы, көңіл-күйі нашар болса, қалай көмектесуге болады? | Сұраққа жауап береді | презентация |
Соңы | Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады екен. Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда , одан «ешкімнің де ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек. Кикілжіні көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не анасының отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алады. Зорлық көрсету ол әлсіз адамдардың қаруы екені барлығына мәлім. Жалпы отбасындағы зорлық - зомбылық әміршіл билік пен шектен тыс бақылаудың нәтижесінде пайда болады. Ойланыңыздаршы, қай уақытта көбінесе отбасыларында зорлық зомбылық болады? Егерде бала ата – анасының айтқанын тыңдамай теріс қылықтар көрсетсе, ата – анасы баламен тіл табыса алмай көбінесе тәрбиенің қате және жеңіл түрі зорлық көрсетуге жүгінеді. Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Адамды өзара түсіністікке жеткізетін шынайы да тұрақты сүйіспеншілік дәстүрлері де тек салауатты отбасында ғана қалыптасады. | | презентация |
___________
Тәрбие сағаты | "ЖҚТБ-ның және нашақорлықтың алдын-алу" | |
Күні | 05.12 | |
Класс жетекші: | Кулкаева Д.Е. | |
Класс: 10б | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың мақсаты: | Ғасыр дертіне айналған ЖҚТБ және АҚТҚ аурулары және нашақорлық туралы оқушыларға түсінік беру. Олардың адам ағзасына тигізер зияны, залалы жөнінде түсінік беру, | |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | -амандасу; түгендеу Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы баса айтылған болатын: «Жаңа жүз жылдықта біз өз тұрмысымызды, өз санамызды, қоғамымызды, жалпы алғанда әрбір жанұямызды салауатты өмір салтына ынталандыруды енгізуіміз қажет. Бұл еліміздің, ұлтымыздың болашағы үшін басқа басымдықтардан маңызды болуы мүмкін» | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді | | Компьютер |
Сабақ басы (13 мин) | Салауатты өмір сүру дегеніміз не? Ол- әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әрекеттерден аулақ болу. Ал зиянды әрекет дегеніміз: қазіргі таңда етек алған заманымыздың кеселді дерттері-шылым шегу, нашақорлық, маскүнемдік, СПИД ауруы.Ал енді біз “ғасыр кеселі” болып отырған ЖҚТБ туралы не білеміз? 1). ЖҚТБ дегеніміз не? Ол қайдан пайда болады? Одан жазылудың жолдары қандай? 2). ЖҚТБ вирусы қай кезде жұқпайды? 3). ЖҚТБ дерті ол адамға қалай жұғады? 4) Адамның нашақор екенін сыртқы белгісіне қарап қалай ажыратуға болады? 5)Нашақорлықты басқаша қалай деп атауға болады? | Оқушылар ойларымен бөліседі Сұраққа жауап береді | Ауызша мадақтау | презентация |
Ортасы (20 мин) | 1-топ: «Балалар темекі шегуге неге әуес?» 2-топ: «Алкогольдің адам ағзасына тигізер әсері туралы не білесің?» 3-топ: «АҚТҚ/ЖҚТБ – жұқпалы ауру дегенді қалай түсінесің? » (белгілері, жұғу жолдары, т.б.) 4-топ: «Нашақорлық қандай дерт?» Төрт топқа тапсырма беріледі. 1-топ: «Темекі шегетін адамның суретін салу» 2-топ: «Ішімдік ішетін адамның суретін салу» 3-топ: «Есірткі қолданатын адамның суретін салу» 4-топ: «Дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын адамның суретін салу» | Сұраққа жауап береді Тапсырманы орындайды | Стикер арқылы Бірін - бірі бағалау | презентация |
Соңы | Тренингке қатысушылар жүрекшелерге тілектерін жазып, бір-біріне ұсынады. | Тілектерін айтады | | жүрекше |
___________
Тәрбие сағаты | Тәуелсіздік — елімнің ерлік жолы | |
Күні | 12.12 | |
Класс жетекші: | Кулкаева Д.Е. | |
Класс: 10б | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың мақсаты: | Тәуелсіздік тарихына шолу жасау. Оқушыларды елжандылыққа , Отансүйгіштікке баулу.Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова , Ербол Сыпатаевтың өмір жолдарымен танысу және артында қалған мұраларын қастерлеп, халық батырларының рухына тағзым ету. | |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | - амандасу; - түгендеу. Оқушылар біздің тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге биыл неше жыл толады? - Ендеше Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығы құтты болсын | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді | | Компьютер |
Сабақ басы (13 мин) | Тәуелсіздік жолында өздерін құрбан еткен Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбираның аңсаған армандары мен үміт-тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Тәуелсіздік – қазақ елі үшін киелі ұғым. -1986 жылы жастар не себепті көтеріліске шықты? Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді. Арада қанша жылдар өтті. Қаралы күннің қасіреті алыстап, егемендік алған еліміздің көкшіл жалауы желбіреп, биіктей түсті. Ия, Тәуелсіздік шыңы бізге оңай келмеді! Қайраттай қайратты жастардың қанымен, Ләззаттай албырт арулардың үнімен, боздаған жоқтаған қасіретті ананың зарымен, ұландарына ақ тілек айтқан бабалардың батасымен келді! Желтоқсанда опат болған боздақтарымыз тірі болғанда, отыз бес пен қырықтың арасындағы қылшылдаған азамат болар еді. Біз бүгін сіздердің рухтарыңызға бас иеміз асыл аға-әпкелер! Президенттің жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке “Халық қаһарманы” атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен “Алтын жұлдыз” тапсырылды. Сабира, Ләззат, Ерболға “Ақтау жөніндегі анықтама” қағаздары берілді. Халқымыздың егемендігі жолында құрбан болғандарын дәлелдеп, оларды ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтарымыз: Мұхтар Шаханов, Хасен Қожа-Ахмет сынды ағаларымыз көп еңбек етті. | Оқушылар ойларымен бөліседі Сұраққа жауап береді 1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10-да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді. 1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10-да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді. | Ауызша мадақтау | презентация Қайрат Рысқұлбеков Ляззат Асанова Сәбира Мұхамбеджанова |
Ортасы (20 мин) | Жылдар Атаулы күндер 1991 жыл, 29 тамыз ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 1991 жыл, 2 қазан Ұлттық валюта – Теңгенің айналысқа енгізілуі. 1991 жыл, 1 желтоқсан ҚР тәуелсіздік күні 1991 жыл, 10 желтоқсан Семей полигоны жабылды 1991 жыл, 16 желтоқсан Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. 1992 жыл, 2 наурыз ҚазақКСР - нің Қазақстан Республикасы болып аталуы. 1992 жыл, 4 маусым Жаңа Ата заңымыз қабылданды 1992 жыл, 7 мамыр ҚР Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. 1993 жыл, 15 қараша ҚР Қорғаныс министрі құрылды. 1995 жыл, 30 тамыз ҚР мемлекеттік рәміздері бекітілді. 1997 жыл .Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы және қуғын-сүргіндерді еске алу жылы.Білім заңы қабылданды. Тіл туралы заң қабылданды. 1998 жыл .Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы деп жарияланды.Ел астанасы Ақмолаға көшірілді. 1999 жыл .Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы. 2000жыл . Мәдениетті қолдау жылы.Шежірелі Түркістанның 1500 жылдығы тойланды. 2001 жыл .Тәуелсіз Қазақстанға 10 жыл. Қазақстандағы Ресей жылы. 2002 жыл .Денсаулық жылы. 2003-2005 жылдар.Ауыл жылдары | Атаулы күндерді айтады | Стикер арқылы | Презентация |

Тәрбие сағаты | Мемлекеттік рәміздер - тәуелсіздік белгілері | |
Күні | 1912 | |
Класс жетекші: | Кулкаева Д.Е. | |
Класс: 10б | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы ақпарат беру, оларды ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету. Оқушылардың өз бетінше іздену, ойлау қабілеттерін дамыту. Өз отанына, оның рәміздеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. | |
Сабақтың барысы |