Файл: 9 6 Косинустар теоремасын білу жне олдану 1 7 Синустар теоремасын длелдейді жне олданады.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.3B бөлім: Үшбұрыштарды шешу

Мектеп: Шымкент қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Косинустар және синустар теоремасына есептер шығару




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.3.6 Косинустар теоремасын білу және қолдану; 9.1.3.7 Синустар теоремасын дәлелдейді және қолданады;

Сабақ мақсаттары

Косинустар және синустар теоремаларын есептер шығаруда қолданып талдау дағдыларын қалыптастыру.

Жетістік критерийлері

-косинустар және синустар теоремаларын біледі;

-формуланы түрлендіре алады;

-белгісізді анықтауда қандай формуланы қолданатындығын талдай отырып анықтайды.

Тілдік мақсаттар

теоремалар мен формулаларды қолданып есептерді шешу жолын түсіндіреді;

Пәнге тән лексика мен терминология:

косинустар теоремасы, үшбұрыштың қабырғасы, екі қабырға арасындағы бұрыш, екі қабырға арасындағы бұрыштың косинусы т.б

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • үшбұрыштың кез-келген қабырғасының квадраты .. ;

  • екі қабырғасы және арасындағы бұрыш белгілі болса, онда...

Құндылықтарды дарыту


Сыныптастарымен пікірталаста өз білімін нақты да сауатты жеткізуге бағыттауда, өз біліміндегі олқылықтарын көре білу және оны жоюдың жолдарын табуға бағыттай отырып, АШЫҚТЫҚ құндылығын дарытамын. Үй тапсырмасын тыңғылықты орындауға талап қоя отырып, ӨМІР БОЙЫ БІЛІМ АЛУ құндылығын дарытамын.

Пәнаралық байланыстар

Сызу пәні

Бастапқы білім


Косинустар және синустар теоремаларын біледі және формуланы түрлендіре алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі(2 минут): Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.

Миға шабуыл(6минут): Оқушыларға сұрақтар қою арқылы алдыңғы тақырыптарды естеріне түсіремін.

1.Центрлік бұрыш дегеніміз не?

2. Центрлік бұрышқа сәйкес шеңбер доғасы деп қандай доғаны айтады.

3. Шеңбер доғасының градустық өлшемі қалай анықталады?

4.Шеңберге іштей сызылған бұрыш деп қандай бұрышты атайды?

5.Диаметрге керілген бұрыш қандай бұрыш болады?

6. синустар теоремасы

7. косинустар теоремасы




Сабақтың ортасы



Сабақтың негізгі бөлімі:

Жұптық жұмыс(15 минут): Оқушылар косинустар және синустар теоремаларына есептер шығаруда толық қолданып талдау үшін, формуланы есептер шығару арқылы есте сақтаулары үшін косинустар және синустар теоремаларын қолдануға арналған тапсырмалар беріледі.Оқушылар косинустар және синустар теоремаларын қолдана отырып, берілген үшбұрыштың белгісіз бұрышын анықтауға, содан соң белгісіз қабырғасының ұзындығын анықтауға арналған тапсырмаларды орындайды.

Тапсырманың жауабын мұғалім тақтаға шығарады(немесе ауызша оқып тұрады) оқушылар дәптер алмасып келесі жұптардың жұмыстарын тексеріп, 12 тапсырмадан қанша есебі дұрыс шыққандығын белгілеп қояды.Мұғалім оқушылардың жұмыстарының орындалуына кері байланыс береді.

Сабақты бекіту(15минут): Мәтіндік есептер беріледі. Бұл жерде оқушылар тақырыптың өмірдегі қолданысына байланысты тапсырмалар орындайды. Тапсырманы орындап болғаннан соң үш оқушыны тақтаға шығарып орындаған тапсырмаларын түсіндіріп берулерін сұраймын.

Қосымша-1

Қосымша-2


Сабақтың соңы

Үйге тапсырмасы Үй тапсырмасын күнделіктеріне түсіреді.

Үй тапсырмасына бағыт бағдар беру.

Рефлексия(2 минут) Стикер тарқатып, сабақтан алған әсерін, білімін, пікір тілектерін, ұсыныстарын жазады.

Мен түсіндім........................

Мен білгім келеді.......................

Менің ұсынысым...........................

Қосымша-3

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Қабілеті жоғары оқушылар шешімін таппай отырған оқушыларға көмек беруді ұйымдастырамын. Қабілеті жоғары оқушыларға тереңдету тапсырмаларын орындауларына жағдаяттар туындатамын. Ал баяулау келе жатқан оқушыларға озық оқушылардың жеткен жетістігіне жету үшін үйде толықтырулар жасауларын сұранамын.

Жеке жұмыс орындауда өзара бағалауды ұйымдастырамын. Оқушылардың сабақ барысында орындап жатқан тапсырмаларын аралап жүріп тексеремін. Дұрыс болмаған жағдайда бағыттаушы сұрақтар қоя отырып оқушының өзі табысқа жетуіне қолдау көрсетемін.

Денсаулық сақтау технологиялары:

Баланың жас ерекшелігін ескеріп үй тапсырмасын өлшемді етіп беремін, сабақта интербелсенді тақтаны ұзақ уақыт пайдаланбаймын.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары: Талас тудыратын мәселеде оқушылар бірлесе жұмыс жасау мәдениетін ұстануына, белгілі бір тәртіптің болуына жағдаяттар туындатамын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?