ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 16
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мұқағали Мақатаев
«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»
Көрнекілігі: слайд, кітап көрмесі,ақынның өз дауысымен оқылған өлеңдері.
Сахнада ақын жайлы слайд. «Есіңе мені алғайсың» әні (баяу ойналып тұрады)
1-жүргізуші:
Болмаса егер ақиқаттан бөтені,
Айтылған сөз арлы адамға жетеді.
Туындысы дана менен дараның
Жүректе екен жайғасатын мекені.
2-жүргізуші:
Жырыменен жүректерді тербеген,
Жан жарасын талайлардың емдеген.
Мөрі болған жиырмасыншы ғасырдың
Мұқағали сынды ақындар кемде кем.
1-жүргізуші:Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар!
1-жүргізуші: «Барлығы да, Поэзия, сен үшін»,–деп əдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы ретінде салтанат құрған Мұқағалидың құдіретті өлеңдері халқының жүрегінде. Шындығында, Мұқағали бойындағы тамаша талантын жұртына арнаған.
2-жүргізуші: Ендеше, ақыншығармашылығынаарналған « «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»атты әдеби кешке қош келдіңіздер!!!
1-жүргізуші: Ақиық ақынның өмір жолына қысқаша тоқтала кетсек, сөз кезегі 7-сынып оқушысы Ақтай Рахимжанда
Ақтай Рахимжан
1931 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. Әкесі Сүлеймен Ұлы Отан соғысында, Калининград майданында, қайтыс болған. Анасының аты – Нағиман. Әжесінің бауырында өскен соң, Мұқағали өз анасын «Нақа» деп атаған екен.
Соғыс зардабы бұғанасы қатпаған балаларға ауыр салмақ салды. Сол бір сұрапыл жылдарда әжесі мен шешесінің, екі інісінің ортасындағы бас көтерер еркек кіндіктен ересегі Мұқағали болып, бала иығын батпандай басқан отбасының ауырпалығын ерте сезе бастайды.
Иә, ақын ерте есейді,еңбекке ерте араласты. Орта мектепті бітірген соң, ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол комитетінде болды. 1949 жылы Лашын апамызбен өз отбасын құрды. Одан соң дүниеге Алмагүл, Шолпан атты екі қызы, Айбар, Жұлдыз атты ұлдары келді. Ал, Майгүл есімді қызы 10 жасында қайғылы қазаға ұшырап, Мұқағали ағамыздың қабырғасын қайыстырды.
1954 – 1962 жылдары Қазақ радиосында диктор болып қызмет атқарды. Ал, 1962 – 1972 жылдарда «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі болып еңбек етті. 1972 – 1973 жылдары Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметін атқарды.
Ақынның тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінде жарық көрді. Ақынның шығармалары негізінен елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, махаббатын, өмірге деген құштарлығын жырлауға арналған.
1-жүргізуші
«Барлығы да, Поэзия, сен үшін»,–деп əдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы һəм бірегей сардары ретінде салтанат құрған Мұқағалидың құдіретті өлеңдері халқының жүрегінде. .
Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салайық.
(Ортаға ақын өлеңдерін жатқа айтуға оқушылар шығады)
2-жүргізуші
Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
…Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын,–
деп ақын жырлағандай , ақын өлеңдеріне жан бітірейік, әр сыныпқа Мұқағали өлеңдері бойынша сурет салу ұсынылады.
/Топтар жұмыстарын қорғайды/
1-жүргізуші
Мұқағали – қазақтың саңлағы,
Мұқағали – ән жырдың шаңырағы.
Шырқалғанда жырларың жаным толқып,
Жүдеу тартқан көңілім жадырады.
2-жүргізуші
Өлең өнер, өлең дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана өмірге әкеледі. Ақын әкелген әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатады.
Сөзжұмбақ шешу «Мұқағали Мақатаев »
1-жүргізуші
Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.
Сахнада мың бұралған биші қыздарымыздың «Ерке сылқым» биі
Қошеметпен қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші
Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?
Әр бір әні толы ғой армандарға
Шерте білген мұңдарын жас қайынға
Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма? – деп бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен халқына деген махаббатын поэзия да ғана емес өмірде де, күресте де, үлкен азаматтықпен қорғай білген М. Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емеc және оны жаттап өту біздің парызымыз. Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі.
Ортада Арап Ақбаянның орындауында «Үш бақытым » әні. Қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші
«Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан - жылға, ғасырдан - ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали - мәңгілік өмір!
Осымен ақиық ақынға арнаған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты әдеби кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!