Файл: Кні 09. 2022ж Сыныбы 3 Трбиеші Мухаметрахимова Н. А.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 12
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Күні: 1.09.2022ж Сыныбы: 3ә Тәрбиеші: Мухаметрахимова Н.А | |
| |
Тақырыбы: | «Мен өз елімнін патриотпын» |
Мақсаты: | 1/ Оқушылардың Отанға деген патриоттық сезімін қалыптастыру,отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адам керек екенін түсіндіру, оқушылардың сөйлеу мәдениетін, тілдерін дамыту 2. Көру/ есте сақтау қабілетерін дамыту, сөздік қорын молайту; зейіннін дамыту 3.Оқушыларды ұлтжандылыққа, инабаттылыққа,достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. |
Қолданылған әдістер: | Миға шабуыл, әңгімелесу, сұрақ-жауап |
Сөздік | патриот, азаматтық жауапкершілік |
Ресурстар: | ҚР Мемлекеттік рәміздері /бейнетаспа/ Презентациялар, видеоролик « Мен кіші Отанымның патриотымын» |
Тренинг-психологиялық ахуалды орнату | -Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз! -Олай болса патриот дегеніміз не? -Қазақта қандай патриот ұл қыздарымыз бар? - Сен өскенде қандай патриот болғың келеді? -Патриот болу үшін не істеу керек? |
Ой шақыру Негізгі бөлім | Видео көрсету «Мен өз елімнің патриотымын» - Қызығушылықты ояту сұрақтары . 1.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не жайлы екен? 2. Балалар «патриот» деген сөзді қалай түсінесіңдер? 3.Ел патриоты болу үшін бойымызда қандай қасиеттер болуы керек? 4. Қазақстанда патриоттық бейнесімен көзге түскен қандай тұлғаларға,ақын-жазушыларға, спортшыларға, әншілерге т.б. ұқсағыларың келеді? Бүгінгі тәрбие сағатымызда өзіміздің тапқырлығымызды ,білімділігімізді ,ақылдылығымызды көрсету арқылы патриот екенімізді дәлелдейміз. Сол мақсатта білімдерімізді ортаға салып сайысамыз. Мысалы: отаншыл болу үшін не істеу керек? оз отанын сүю т.б. Сұрақ-жауап ойыны. 1.ҚР астанасы қай қала? (Астана) 2. Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады? (Әнұран,Ту,Елтаңба). 3.Әнұранның сөзін кімдер жазған?( Жұмекен Нәжімеденов, Н. Назарбаев). 4.Әнұранның әнін кім жазған?( Шәмші Қалдаяқов). |
Негізгі бөлім | 5.Тұңғыш елбасымыз кім?( Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев). 6. Тудың авторы кім?( Шәкен Ниязбеков) 7. Елтаңбаның авторы кім?( Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков). 8. Қазақстан қандай мемлекет?(Егеменді,тәуелсіз мемлекет). Көзге арналған жаттығулар “ Туған жеріңе не бересің? ”ойыны – Сендер тұрып жатқан жер, яғни Орда ауылы қандай ағашпен бай ? Қарағайдың қандай пайдасы бар? Оқушылардың жауабы Ағаш – адамның күнкөрісіне қажет және рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сендерсіңдер! Еліміздің көркейуіне, гүлденуіне «Туған жеріңе не бересің? ”ойыны арқылы өз үлестеріңді қосыңдар. – Міне, сендерге қарағай ағашын дайындадым. – Ағашқа не жетіспейді? жапырақтары – Сендердің парталарыңда жапырақтар жатыр. Дайын тұрған жапыраққа «Туған жеріңе не бересің?» сұрағының жауабын жазып, оқып, қарағай терегіне ілеміз. Мысалы: әдемі үй салу…). ( Жұмыс аяқталған соң, жапырақтарды жинап, ағашқа әр бала жапырағын іледі.) Сергіту сәті: Ал, балалар, тұрайық. Алақанды ұрайық Оңға қарай иiлiп Солға қарай иiлiп Бiр отырып, бiр тұрып, Бойымызды созайық Белiмiздi жазайық. Оңға - оңға түзу тұр Солға - солға түзу тұр Жоғары - төмен қарайық Қолымызды созайық Бойымызға күш жинап Бiр шынығып алайық. Отан туралы өлендер тыңдау. |
Рефлексия Табыс баспалдығы | Табыс баспалдағы. |
Күні: 5.09.2022ж Сыныбы: 3ә Тәрбиеші: Мухаметрахимова Н.А | |
| |
Тақырыбы: | Менің және менің отбасым |
Мақсаты: | 1. Отбасындағы қамқорлық жайлы түсінік беру. Отбасы мүшелерінің арасындағы қамқорлықтың маңыздылығы туралы әңгімелесу. 2. Көру/ есте сақтау қабілетерін дамыту, сөздік қорын молайту; зейіннін дамыту, ойлау қабілеттерін дамыту. 3. Отбасын, ата-анасын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу |
Коррекциялық мақсаты: | Көру/ есте сақтау қабілетерін дамыту, сөздік қорын молайту; зейіннін дамыту. |
Қолданылған әдістер: | Миға шабуыл, әңгімелесу, сұрақ-жауап |
Сөздік | Этикалық норма, қамқорлық және мақал мәтелдердің ұғымы. |
Ресурстар: | /бейнетаспа/ Презентациялар, видеоролик « Менің отбасым» |
Тренинг-психологиялық ахуалды орнату | Қуанамын менде, Қуанасың сен де, Қуанамыз бәріміз Арайлап атқан күнге. |
Ой шақыру Негізгі бөлім | «Ой қозғау» 1. Отбасы деген не? 2. Қамқорлық деген не? 3. Өз ата-анаңа қалай көмектесесің? 4. Отбасында сенен үлкен кім? 5. Тату-тәтті болу дегенді қалай түсінесіз? 6. Қандай отбасы мерекелерін білесін? 7. Біздің сыныбымызды отбасы деп атауға бола ма Суретпен жұмыс. Суреттерге қарап сөйлем құрандар. Отбасында бір-біріңе қандай қамқорлық жасайсыңдар? |
Негізгі бөлім | Сергіту сәті: Ал, балалар, тұрайық. Алақанды ұрайық Оңға қарай иiлiп Солға қарай иiлiп Бiр отырып, бiр тұрып, Бойымызды созайық Белiмiздi жазайық. Оңға - оңға түзу тұр Солға - солға түзу тұр Жоғары - төмен қарайық Қолымызды созайық Бойымызға күш жинап Бiр шынығып алайық. Отбасы туралы мақал мәтелдермен танысу, мағынасын ашу. Інісі бардың тынысы бар, Ағасы бардың жағасы бар
Адамдықтың белгісі. Отбасы мүшелерін суретін салу. |
Рефлексия Табыс баспалдығы | Табыс баспалдағы. |
Күні: 2.09.2022ж Сыныбы: 3ә Тәрбиеші: Мухаметрахимова Н.А | |
| |
Тақырыбы: | Менің жазғы демалысым |
Мақсаты: | 1.Жазғы демалыс туралы білімдерін толықтыру. «Жазғы демалыс» тақырыбында сөйлесу дағдысын қалыптастыру. 2. Көру/ есте сақтау қабілетерін дамыту, сөздік қорын молайту; зейіннін дамыту, ойлау қабілеттерін дамыту. |
Коррекциялық мақсаты: | Көру/ есте сақтау қабілетерін дамыту, сөздік қорын молайту; зейіннін дамыту. |
Қолданылған әдістер: | Миға шабуыл, әңгімелесу, сұрақ-жауап |
Сөздік | лагерь, |
Ресурстар: | /бейнетаспа/ Презентациялар, видеоролик « Жазғы демалыс» |
Тренинг-психологиялық ахуалды орнату | Оқұшылар бірі біріне жақсы тілеітерін айтады, |
Ой шақыру | Жазғы демалыс қанша уақытқа созылды? Жазғы демалысты қайда қткіздіндер: Жазғы демалыста немен айналыстың? Қайда бардыңдар? |
Негізгі бөлім | Суретпен жұмыс. 1.Суретте қандай жыл мезгілі бейнеленген? 2.Жаз айлары қандай? 3.Жазда күн қандай болады? 4.Жазда мектепте оқушылар неге шығады? 4.Балалар жазда не істейді, қайда барады? Көзге арналған жаттығулар Жазғы демалыс . Мектепте жазғы демалыс басталды.Оқушылар үш ай демалады.Олар лагерьге, ауылға, Астанаға, шетелге барып демалады.Мен лагерьге барамын.Лагерь қалың қарағайдың ішінде орналасқан.Қасында үлкен көл бар.Біз көлде шомыламыз, күнге күйеміз, балық аулаймыз.Лагерьде өте қызық.Балалар жақсы демалады. Сергіту сәті: Ал, балалар, тұрайық. Алақанды ұрайық Оңға қарай иiлiп Солға қарай иiлiп Бiр отырып, бiр тұрып, Бойымызды созайық Белiмiздi жазайық. Оңға - оңға түзу тұр Солға - солға түзу тұр Жоғары - төмен қарайық Қолымызды созайық Бойымызға күш жинап Бiр шынығып алайық. Жазғы демалыс туралы сурет салу. Диалог. Бір -біріне оқұшылар сұрақ қою. Жазғы демалысты қайда өткіздің? Қандай қызықты оқиғалар болды жазда? Дәптермен жұмыс. |
Рефлексия Табыс баспалдығы | Табыс баспалдағы. |
Күні: 6.09.2022ж Сыныбы: 3ә Тәрбиеші: Мухаметрахимова Н.А | |
| |
Тақырыбы: | Отбасылық мерекелер |
Мақсаты: | 1. Оқушыларға отбасылық мерекелер туралы түсінік беру 2. Көру/ есте сақтау қабілетерін дамыту, сөздік қорын молайту; зейіннін дамыту, ойлау қабілеттерін дамыту. 3. . Отбасын, ата-анасын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу |
Қолданылған әдістер: | Миға шабуыл, әңгімелесу, сұрақ-жауап |
Сөздік | отбасылық дәстүрлер, тұмау кесу, беташар |
Ресурстар: | /бейнетаспа/ Презентациялар, видеоролик « Отбасылық мерекелер» |
Тренинг-психологиялық ахуалды орнату | Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді) Қарады маған да, Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді) Қарады саған да! Сәлем деймін достарға, Сәлем барша ұстазға! Тату болып халықтар, Аман болсын балалар! |
Ой шақыру Негізгі бөлім | -Отбасында қандай мерекелер өтеді? -Қай кезде көбірек қуанасындар? (Мереке күндері) -Ия,дұрыс айтасындар, балалар! Ендеше біз бүгінгі сабақта немен танысамыз? - Отбасындағы мерекелермен/ -Ия, бүгінгі сабақта отбасындағы дәстүрлі мерекелер жайында білеміз -Саған отбасындағы қандай мереке ерекше ұнайды? -Неге? -Сенің отбасыңда қандай мерекелер ерекше аталып өтіледі? Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзі сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Отбасы – әр адамның сүйеніші, алтын діңгегі. Отбасы – адам тәрбиесінің алғашқы мектебі. Отбасылық мерекелерге: туған күн, жаңа жыл, бесік той, тұсау кесер т. |
| Отбасылық дәстүрлермен таныстыру. Презентация көрсету. Сұрақтарға жауап беру. -Тойдан бұрын болатын қандай дәстүрлерді білесің? /Құда түсу, сырға салу/ -Қалыңдықтың бас киімі қалай аталады? /Сәукеле/ -Күйеу жігіт пен қалыңдықтың ата-аналарын кім дейді? /Құда-құдағи/ -Той басталар алдында қандай ән айтылады? /Жар-жар/ -Асаба қалыңдыққа арналған қандай жыр айтады? /Беташар/ Сергіту сәті: Оңға, оңға түзу тұр, Солға, солға түзу тұр, Артқа қарай бір адым, Алдыға қарай бір адым, Жоғары төмен қарайық, Орнымызды табайық. |
Рефлексия Жеміс ағашы | Бүгін тәрбие сағатында сен нені түсіндің? Қандай отбасылық мерекелерді білесін? |
Күні: 8.09.2022ж Сыныбы: 3ә Тәрбиеші: Мухаметрахимова Н.А | |
| |
Тақырыбы: | Мен сенің өмірінің жалғасымын. |
Мақсаты: | 1. Жанұядағы әке мен бала арасындағы байланысты нығайту, ата – ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақтастықты жақсарту. Ата – ана мен, оқушылармен, ұжымдық, топтық жұмысты жүзеге асыру, отбасы тәрбиесі туралы ой – пікірлерін ортаға салу. 2. Көру/ есте сақтау қабілетерін дамыту, сөздік қорын молайту; зейіннін дамыту, ойлау қабілеттерін дамыту 3. Оқушыларды ата – аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. |
Қолданылған әдістер: | Миға шабуыл, әңгімелесу, сұрақ-жауап |
Сөздік | еңбексүйгіш, ұқыптылық |
Ресурстар: | /бейнетаспа/ Презентациялар, видеоролик « Отбасылық мерекелер» |
Тренинг-психологиялық ахуалды орнату | Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді) Қарады маған да, Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді) Қарады саған да! Сәлем деймін достарға, Сәлем барша ұстазға! Тату болып халықтар, Аман болсын балалар! |
Ой шақыру Негізгі бөлім | «Әке деген кім?» Оқушылар өз ойларын ортаға салу. «Әкесіз бала – панасыз балапан» - дейді халқымыз. Әрбір баланың әке алдында борыштары мен парыздары, міндеттері бар. Әке алдындағы міндеттер: тілін алу, сөзін тыңдау, ізет көрсету, әдеп сақтау. Парыздар: балалық міндеттерді орындауды дәстүрге айналдыру, әкеңе көмекші, демеуші, сүйеуші болып, оны әрқашанда қуанышқа бөлеп отыру, кәмелетке жеткен соң әкеге қызмет көрсетіп, қартайғанда асыраушысы болу, әкенің еңбегін өтеу. Әкені сыйламаған балада адамдық сезім жоқ. Ол – бақытсыз. Өйткені ондай балада адамгершілік мейірім, қайырым болмайды. Әкенің алдында дауыс көтермей, дөрекіленбей сөйлеу қажет. Ол жасқаншақтық емес кішіпейілділік, әдептілік болып табылады. Әрбір бала, алдымен, әкенің берген тапсырмасын орындап, содан кейін ғана алдына қойған мақсаттарын орындай бастауы тиіс. Әкенің тапсырмасын орындауға шамасы келмесе, ол әкеден кешірім сұрайды. Әкеге баласы имандылығын, тазалығын, ұқыптылығын, еңбексүйгіштігін көрсете білсе, ол - әкенің қуанышы, бақыты. Әке дәстүріне мұрагер болу – парыз. Отбасының тірегі Әке: Ұрпағы үшін асқар тау Мәуелі бәйтерек Ақылшы, отбасының пірі Көзге арналған жаттығулар «Бала деген кім?» Ата - аналар өз ойларын ортаға салу. Мақал мәтелдермен таныстыру. Әдепті бала ата – анасын мақтатар (Әдепсіз бала ата – анасын қақсатар) Ата сүтін ақтамағанды (Ешкім мақтамайды) Әкесі тұрып ұл сөйлегеннен без, (Шешесі тұрып қыз сөйлегеннен без.) Үйінде ұл – қызы бардың (Көгінде сөнбес жұлдызы бар) Биікке шықсаң көзің ашылады, (Жақсымен жолдас болсаң, көңілің ашылады.) Әке туралы ән тындау. |
| |
Рефлексия Жеміс ағашы | Әкемен баланың қарым қатынасы қандай болу керек? Бүгін тәрбие сағатында сен нені түсіндің? |
| |
Күні: 9.09.2022ж Сыныбы: 3ә Тәрбиеші: Мухаметрахимова Н.А | |
| |
Тақырыбы: | «Отбасындағы қуаныш» |
Мақсаты: | 1. «Отбасы» құндылығының маңыздылығын ашу. Отбасы туралы түсініктерін кеңейту. -отбасына деген жағымды қарым-қатынастарын дамыту. 2. Көру/ есте сақтау қабілетерін дамыту, сөздік қорын молайту; зейіннін дамыту, ойлау қабілеттерін дамыту 3. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. |
Қолданылған әдістер: | Миға шабуыл, әңгімелесу, сұрақ-жауап |
Сөздік | отбасы құндаылығы |
Ресурстар: | /бейнетаспа/ Презентациялар, видеоролик « Отбасым » |
Тренинг-психологиялық ахуалды орнату | Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді) Қарады маған да, Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді) Қарады саған да! Сәлем деймін достарға, Сәлем барша ұстазға! Тату болып халықтар, Аман болсын балалар! |
Ой шақыру Негізгі бөлім | -Балалар жайланып отырып, көздеріңді жұмып өздеріңнің отбастарыңды, үйлеріңді көз алдарыңа елестетіңдер. Үйіміз қандай әдемі. Бөлмеміз жайлы, жинақы. Бөлмедегі әр нәрсе өз орнына қойылған. Асқар таудай атамыз, мейірімді әжеміз, ақылды әкеміз, қамқор анамыз, ағамыз, әпкеміз, ініміз, қарындасымыз дастарқан басына жиналыпты. Бәрі саған мейірлене, сүйіспеншілікке толы көздерімен қарайды. Қандай тамаша! Бәрі бақытты, көңілді! Сурет бойынша әңгімелеу -Балалар, бұл суретте не көріп тұрмыз? Отбасы. -Кімдерді? Ата, әже, әке, ана, аға, әпке, т.с.с. -Өз отбасы туралы не айта аласыңдар? Отбасымызды біз өте жақсы көреміз. Отбасындағы адамдарды жүрегімізде сақтап жүрейік. Ол үшін мынау жүректі сүйікті адамдармен толтырайық. Біздің отбасымыз бақытты, көңілді болу үшін, біз бәріміз бір дастарханда жиналамыз. -Қандай отбасындағы мерекелерді сендер білесіңдер? Туған күн, жаңа жыл мерекесі, 22-наурыз жаңа жыл, аналар мерекесі т.с.с. -Қандай мереке келе жатыр? Аналар мерекесі. -Қандай мерекені сендер өте жақсы көресіңдер? -Мына фотосуреттерде қандай мерекелер? Ойын: «Тату-тәтті отбасы» Тәрбиеші балаларға әр отбасының құрамы әр түрлі болатынын айтады. Балалар тәрбиешіні: «Тату-тәтті отбасында 3 адам, 4 адам, 5 адамнан т.с.с. тұрады» деген нұсқауы бойынша айтылған санға сәйкес тез топтасып, бір-бірімен құшақтасады. Сергіту сәті: Оңға, оңға түзу тұр, Солға, солға түзу тұр. Артқа қарай бір адым Алдыға қарай бір адым Жоғары төмен қарайық Орнымызды табайық. Көзге арналған жаттығулар Ғажайып сөздер Балалар өз отбасымыз туралы қандай әдемі сөздерді білеміз, кәне айтайықшы. -Адамға ең қымбат-отбасы. -Отбасы-сенің ең жақын адамдарың. -Менің отбасым бақытты. -Отбасымдағы әрбір сәтім қуаныш сыйлайды. -Менің отбасым тату. Қорытынды -Сендер бақытты балаларсыңдар. Сендердің отбастарына әрқашан күннің көзі жарқырап, жылу берсің. Өз тілектеріңді күннің шуақтарына орналастырайық. Көмектесу, сыйлау, құрметтеу, тату болу, жақсы көру, қамқоршы болу. Отбасы туралы сурет салу. |
Рефлексия Жеміс ағашы | Бүгін тәрбие сағатында сен нені түсіндің? |
Күні: 12.09.2022ж Сыныбы: 3ә Тәрбиеші: Мухаметрахимова Н.А | |
| |
Тақырыбы: | Менің ата тегім |
Мақсаты: | 1.Оқушылардың ата тектері туралы мағлұматтарды түсінік беру, жеті атасы туралы ойларын ортаға салуға, олардың өз ата тектерін білуге тәрбиелеу. 2. Көру/ есте сақтау қабілетерін дамыту, сөздік қорын молайту; зейіннін дамыту, ойлау қабілеттерін дамыту. 3. Оқушыларға өз елін қастерлеуге халық дәстүрін , Отанын сүюге , қазақтың киелі, қасиетті сандарын есте сақтауға тәрбиелеу. |
Қолданылған әдістер: | Миға шабуыл, әңгімелесу, сұрақ-жауап |
Сөздік | ұрпақ, киелі сан |
Ресурстар: | /бейнетаспа/ Презентациялар, видеоролик « жеті атам » |
Тренинг-психологиялық ахуалды орнату | Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді) Қарады маған да, Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді) Қарады саған да! Сәлем деймін достарға, Сәлем барша ұстазға! Тату болып халықтар, Аман болсын балалар! |
Ой шақыру Негізгі бөлім Cергіту сәті: | Балалар , « Жеті» дегенде сендерге қандай ой келеді? Ал , енді , Қадыр ағамыздың « Жеті» өлеңіне көңіл бөлейік. Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқып шығуы. « Жеті» . Киелі сан жеті деген, Байланысты жетіменен. Көп ұғымы халқымыздың, Белгісіндей салтымыздың. Жеті қабат көк жер үсті Жеті қабат жер асты. Жеті Жарғы- заң жеті, Қазынамыз бар жеті. Жеті атамыз- жеті жұрт, Ағайынды жеті құт. Өлеңнің түсінігін айту; Ақын өзінің өлеңінде жеті санының неге қымбат екеніне тоқталады. Жеті саны қазақта киелі сан. Оны мына өлең сөздерінен де көруге болады. Жеті жасқа келген бала күрт өседі, яғни есейеді. Аптамыз жеті күннен, қайтыс болған адамның жеті күн садақасын береді. Мұсылмандар балаларына жеті атасын жаттатады. Аспанымызда жеті жұлдыз қордаланып орналасқан жеті қарақшы бар. (5 слайд) 3.Қазақ халқының ұғымында жеті санының қасиетті, киелі сан екендігін білесіңдер ме? Оңға, оңға түзу тұр, Солға, солға түзу тұр. Артқа қарай бір адым Алдыға қарай бір адым Жоғары төмен қарайық Орнымызды табайық. Слайд көрсету. « Жеті ата» — бір кісіден тараған аталас қауым. Бала жеті атасын білу керек. Жеті ата Жеті ұрпақ Бала Әке Әке Бала Ата немере Арғы ата Шөбере Тек ата Шөпшек Түп ата Немене Баба Туажат ( дәптерге жазып алу) Қазақ халқының ұғымында жеті санының қасиетті, киелі сан екендігін білесіңдер ме? Қазақ халқында жеті саны киелі деп есептелген. Себебі, орта ғасырларда ғалымдар жеті күнге, жеті жұлдызға ат берген. « Жеті» сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті ата, жеті ұрпақ, жеті байлық сөздері пайда болған. 17- ғасырда Тәуке ханның « Жеті жарғысы» да жеті санының қасиеттігіне байланысты болған. Қайтыс болған адамның жетісін беру, жеті шелпек пісіріп, еске алу жетімен байланысты. Наурызкөжеге де жеті тағам салып пісіреді. |
Рефлексия Жеміс ағашы | Өте жақсы түсіндім, қызықты болды. Мен сабақты жақсы түсіндім. Тақырып бойынша сұрақтарым бар. Бүгін тәрбие сағатында сен нені түсіндің? |
Күні: 13.09.2022ж Сыныбы: 3ә Тәрбиеші: Мухаметрахимова Н.А | |
| |
Тақырыбы: | Әр отбасы – бір әлем! |
Мақсаты: | 1. Отбасы туралы ұғымдарын кеңейту. Отбасы мүшелерінің алатын орны туралы түсінік беру. Отбасы — әр адамның шағын Отаны. Оқушыларға әке — шеше, бауырдың қадірін түсіндіру. 2. Көру/ есте сақтау қабілетерін дамыту, сөздік қорын молайту; зейіннін дамыту, ойлау қабілеттерін дамыту. 3. Оқушылардың бойына ата — анаға деген сүйіспеншілікті, құрмет сезімін ояту. Сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу. |
Қолданылған әдістер: | Миға шабуыл, әңгімелесу, сұрақ-жауап |
Сөздік | қарым қатынас |
Ресурстар: | /бейнетаспа/ Презентациялар, видеоролик « жеті атам » |
Тренинг-психологиялық ахуалды орнату | Баяу ән ырғағы ойнап тұрады. Интерактивті тақтадан әсем гүл шоқтары көрсетіледі.( Бір – бірлеріне деген ыстық тілектерін айтады) |
Ой шақыру Негізгі бөлім Cергіту сәті: | Жұмбақ жасыру. Маған да, саған да, Жақын туыс – бес адам. Үш әріптен тұратын. Оңға оқы, солға оқы. Өзгермейді еш одан. Бәрі де өз жұратың, Айтады, қане, кім атын? /апа, ата, ана, іні, аға./ Жұмбақ отбасы туралы 1. Балдан тәтті не? ( бала) 2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл) 3. Балаға кім сыншы? (ата) 4. Үйдегі алтын адам кім? ( ана) 5. Ұлдардың кішісі (іні) Балалар, байқадыңдар ма, сөзжұмбағымыз да, жұмбағымыз да отбасы, туыс туралы тақырыпта болды. Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Менің отбасым» деп аталады. — Отбасы дегеніміз не? — Ата, әже, әке, ана, қарындас, іні, әпке – отбасы болып есептеледі. Отбасының басшысы болады. Басшы отбасының бүкіл шаруасын ұйымдастырады. Басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіреді. Отбасының белгілі тұратын мекен — жайы және өзінің табысына лайықты шаруасы болады. Отбасы мүшелерінің бәрі де өз мүмкіндігінше іс атқарады: оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасымен айналысады. Барлығының ортақ ісі — отбасын дұрыс ұстап, әр мүшенің дамуына жағдай жасайды. Отбасындағы шаруа ақылдасып шешіледі. Отбасы табысы да бәріне ортақ. Оның мүшелеріне керегінше жұмсалады. Отбасының ауқатты болуы қоғамға да байланысты. Халық тұрмысының жақсаруы қоғамның өркендеуіне жағдай жасайды. Отбасы туған — туыстармен қарым — қатынаста болады. Ата — ананың ақылымен қарым — қатынас түрлері реттеліп отырады. Қарым — қатынас түрлері көп: қонаққа шақыру, тойға көмек беру, ауырып – сырқаттанғанда көмек беру, кәмелетке келгендерін үйлендіру. Адамның өз басының жұмысынан басқа да осындай қатынастарға үлес қосуы — адамгершілік парызы. Мұндай қатынастар арқылы ағайын, туған — туыс арасындағы адамның өз басының алатын орны айқындалады. Мейірімді болсаң сенен үнемі көмек сұрайды. Керек кезінде саған да көмек береді. Сөйтіп, отбасы шағын қоғамның жұмысын атқарады. (саусақ гимнастикасы: балалар саусақтарын жұдырықтарына түйеді) Бір үйде біз нешеуміз? Кел, ойнайық екеуміз: Бас бармағым — папам, Балаң үйрек — апам, Ортан терек — ағам, Шылдыр шүмек — мен, Титтей бөбек — сен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз! (балалар жұдырықтарын ашып, жұмады) Сұрақ-жуап: «Менің отбасым». Жоспар бойынша әңгімелеу: 1. Отбасында неше адам? (оларды ата). 2. Олардың әрқайсысы туралы айтыңдар (қайда жұмыс істейді, оқиды, бос уақытында немен айналысады). 3. Сенің отбасың барлығы жиналғанда не істегенді ұнатады? 4. Сен өз отбасыңды неге және не үшін жақсы көресің? Адам баласы бақытты болуы үшін он екі мүшесі сау болып,өмірдегі бар жақсылықты бойына жинап,білім алу керек. Бұған аяулы ата-анасы,қоғам көмектеседі,осы жасалған жағдайды пайдаланып өмірден өз орнын табуға міндеттіміз. |
Рефлексия Жеміс ағашы | Өте жақсы түсіндім, қызықты болды. Мен сабақты жақсы түсіндім. Тақырып бойынша сұрақтарым бар. Бүгін тәрбие сағатында сен нені түсіндің? |
Күні: 7.09.2022ж Сыныбы: 3 Тәрбиеші: Мухаметрахимова Н.А | |
| |
Тақырыбы: | Отбасы мүшелері және олардың міндеттері |
Мақсаты: | Оқушыларға «отбасы» түсінігінқалыптастыру. Отбасында адамдардың алатын орны туралы түсінік беру.Отбасы мүшелерінің міндеттерімен өзара қарым- қатынасы жайлы әңгімелеу арқылы түсіндіру. Оқушыларға әке — шеше, бауырдың қадірін білгізу.Түрлі тапсырмаларды орындау арқылы сөйлеу дағдыларын,шеберліктерін қалыптастыру. |
Коррекциялық мақсаты: | Көру/ есте сақтау қабілетерін дамыту, сөздік қорын молайту; зейіннін дамыту. |
Қолданылған әдістер: | Миға шабуыл, әңгімелесу, сұрақ-жауап |
Сөздік | міндет; қарым -қатынас |
Ресурстар: | /бейнетаспа/ Презентациялар, видеоролик « Отбасыдағы міндеттер» |
Тренинг-психологиялық ахуалды орнату | Шырылдады қоңырау, Біз сабақты бастаймыз. Партамызға отырып, Өзара көз тастаймыз. Табыс тілеп көзбенен – Жаңа білім алуға Алға қадам аттаймыз. |
Ой шақыру Негізгі бөлім | «Отбасы» осы сөзді қалай түсінесіңдер? (ата-әже, әке-ана,аға-іні, апа –сіңлі- олар кімдер? Бәрін бір сөзбен қалай атаймыз? Ә) Суретпен жұмыс, өлеңнің мағынасын ашу Суретті және өлеңді түсіндір. Қандай отбасы деп ойлайсың? Отбасы әр адамның шағын отаны.Отбасынды өсіп-өніп тәрбие алады. Біз жастаймыздан өзгелерге қамқор болуды, ата-ананы үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын ең қымбат жандар отбасында яғни бірге жанымызда болады. Отбасы ата –әженің ұрпағынан тарап, шағын мемлекетке айналады. Отбасы- Бірге тұратын, бір -біріне қамқорлық жасайтын және ортақ шаруашылық жүргізетін бір үйдің адамдары Ата-ана міндеттері туралы не айтасыңдар? Ата-анамыз біздің тұрмысымыз жақсы болуы үшін еңбек етеді. Отбасын қорғау. «Батыр ана» қалай түсінесің? Көп баланыдүниеге әкелген ананы- Батыр ана деп атаймыз. Көп бала өсірген аналарға «Күміс алқа», «алтын алқа» беріледі. Б) « менің отбасым»өз отбасы жайлы әңгіме Оқушылардың өз отбасылары жайлы әңгімелеу |
| Оқушылардың отбасындағы міндеттері: Улкедерді сыйлау. Уй жұмысына көмектесу: ыдыс жуу, сыпыру, бөлмелерді тазалау. Кіші іні, қарындастарына қамқор болу, ойнату. Сергіту сәті: Оңға, оңға түзу тұр, Солға, солға түзу тұр, Артқа қарай бір адым, Алдыға қарай бір адым, Жоғары төмен қарайық, Орнымызды табайық. |
Рефлексия Жеміс ағашы | |