Файл: Кні 09. 2022ж Сыныбы 3 Трбиеші Мухаметрахимова Н. А.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 13
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Күні: 15 .09.2022ж Сыныбы: 3ә Тәрбиеші: Мухаметрахимова Н.А | |
| |
Тақырыбы: | Отбасы- бақыт мекенім! |
Мақсаты: | 1.. оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу. 2. Көру/ есте сақтау қабілетерін дамыту, сөздік қорын молайту; зейіннін дамыту, ойлау қабілеттерін дамыту, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту. 3. Оқушылардың бойына ата — анаға деген сүйіспеншілікті, құрмет сезімін ояту. Сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу. |
Қолданылған әдістер: | Миға шабуыл, әңгімелесу, сұрақ-жауап |
Сөздік | қарым қатынас |
Ресурстар: | /бейнетаспа/ Презентациялар, видеоролик « жеті атам » |
Тренинг-психологиялық ахуалды орнату | |
Ой шақыру Негізгі бөлім Cергіту сәті: | Отбасы туралы не білесіңдер? Отбасы мүшелерінің арасында қандай қарым қатынас болу қажет? Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Бүгін біз «Отбасы-аялы алақан мекені» тақырыбындағы тәрбие сағатымызда Бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен еразаматқа жүктеледі. Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел ананың тікелей міндеті. Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Ата-аналар балалардың жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқау керек. Сонда ғана балалар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамытады. Жас күнінен бастап олардың қабілетін байқап, соған сәйкес тәрбиелеу, бағдар беру қажет. Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Әке-шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер. Отбасым - менің жүрегім Отбасым - менің тірегім Отбасым – менің Отаным Тек сен деп соғар жүрегім - дегендей отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы. Тәрбие отбасынан басталады. Отбасының тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата - анаға, үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу – біздің борышымыз. Ата - ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана - отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы. (саусақ гимнастикасы: балалар саусақтарын жұдырықтарына түйеді) Бір үйде біз нешеуміз? Кел, ойнайық екеуміз: Бас бармағым — папам, Балаң үйрек — апам, Ортан терек — ағам, Шылдыр шүмек — мен, Титтей бөбек — сен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз! (балалар жұдырықтарын ашып, жұмады) Отбасы туралы мультфильм көру. Оқушылар бір біріне сұрақ кояды. |
Рефлексия Жеміс ағашы | Өте жақсы түсіндім, қызықты болды. Мен сабақты жақсы түсіндім. Тақырып бойынша сұрақтарым бар. Бүгін тәрбие сағатында сен нені түсіндің? |
Күні: 14.09.2022ж Сыныбы: 3ә Тәрбиеші: Мухаметрахимова Н.А | |
| |
Тақырыбы: | Ата-ананы қадірлеу-парыз!” |
Мақсаты: | 1. оқушылардың бойында ата-анаға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру, ата-ананың бала өміріндегі рөлін түсіндіру, ата-ананы құрметтей, сыйлай білуге тәрбиелеу. .2. Көру/ есте сақтау қабілетерін дамыту, сөздік қорын молайту; зейіннін дамыту, ойлау қабілеттерін дамыту. 3. Оқушылардың бойына ата — анаға деген сүйіспеншілікті, құрмет сезімін ояту. Сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу. |
Қолданылған әдістер: | Миға шабуыл, әңгімелесу, сұрақ-жауап |
Сөздік | қарым қатынас |
Ресурстар: | /бейнетаспа/ Презентациялар, видеоролик « жеті атам » |
Тренинг-психологиялық ахуалды орнату | Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді) Қарады маған да, Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді) Қарады саған да! Сәлем деймін достарға, Сәлем барша ұстазға! Тату болып халықтар, Аман болсын балалар |
Ой шақыру Негізгі бөлім Cергіту сәті: | Бейнеролик көру. Әке ролигіне байланысты сұрақ 1. Бұл видеороликтен не түйдіңіздер ? 2. «Ата-анаңа не істесең, алдыңа сол келеді…..»деген сөзді қалай түсінесіздер? Оқушылардың жауаптары; әкеңді тағдыр тәлкегіне тастамау керек . Ата-анаң тентек болса байлап бақ қазағымыздың сөзі бар. Ал енді ана тұралы роликке назар аударыңыздар! Бұл видеороликтен не түйдіңіздер ? 2. Өмірінің бәрін бізге арнайтын анаға сіздер қандай іс-әрекет немесе сөздеріңізбен жауап қайтарып жатырсыздар?( оқушылардың жауаптары) Кіріспе сөз. Ата-ана – әрбір адамның қайтып соғар қазығы. Оған деген сүйіспеншілік тек жүректен шығу қажет. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде ештеңе жоқ. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың ата-ана алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады.«Әкеге бағыну – тәңірге бағыну» деп әкені одан бетер дәріптеген. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымызда адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәтке де есінен шығармауына арналады. Қазақта әдемі сөз бар емес пе? Ата-анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңды өтей алмайсың.Осы сөздің астарында үлкен мән жатыр. Ата-анамызды шексіз сүйетін бала есебінде,келешекте ата-анамызды Меккеге апарамыз деген арманды жүзеге асырудың сәті түсіп тұр балалар! (саусақ гимнастикасы: балалар саусақтарын жұдырықтарына түйеді) Бір үйде біз нешеуміз? Кел, ойнайық екеуміз: Бас бармағым — папам, Балаң үйрек — апам, Ортан терек — ағам, Шылдыр шүмек — мен, Титтей бөбек — сен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз! (балалар жұдырықтарын ашып, жұмады) Ата ана туралы мақал мәтел оқу. Мағынасын анықтау. Дәптерге жазу. Ана туралы әң тыңдау. |
Рефлексия Жеміс ағашы | Өте жақсы түсіндім, қызықты болды. Мен сабақты жақсы түсіндім. Тақырып бойынша сұрақтарым бар. Бүгін тәрбие сағатында сен нені түсіндің? |
Күні: 15 .09.2022ж Сыныбы: 3ә Тәрбиеші: Мухаметрахимова Н.А | |
| |
Тақырыбы: | Отбасы- бақыт мекенім! |
Мақсаты: | 1. Отбасы туралы ұғымдарын кеңейту. Отбасы мүшелерінің алатын орны туралы түсінік беру. Отбасы — әр адамның шағын Отаны. Оқушыларға әке — шеше, бауырдың қадірін түсіндіру. 2. Көру/ есте сақтау қабілетерін дамыту, сөздік қорын молайту; зейіннін дамыту, ойлау қабілеттерін дамыту. 3. Оқушылардың бойына ата — анаға деген сүйіспеншілікті, құрмет сезімін ояту. Сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу. |
Қолданылған әдістер: | Миға шабуыл, әңгімелесу, сұрақ-жауап |
Сөздік | қарым қатынас |
Ресурстар: | /бейнетаспа/ Презентациялар, видеоролик « жеті атам » |
Тренинг-психологиялық ахуалды орнату | |
Ой шақыру Негізгі бөлім Cергіту сәті: | Жұмбақ жасыру. Маған да, саған да, Жақын туыс – бес адам. Үш әріптен тұратын. Оңға оқы, солға оқы. Өзгермейді еш одан. Бәрі де өз жұратың, Айтады, қане, кім атын? /апа, ата, ана, іні, аға./ (саусақ гимнастикасы: балалар саусақтарын жұдырықтарына түйеді) Бір үйде біз нешеуміз? Кел, ойнайық екеуміз: Бас бармағым — папам, Балаң үйрек — апам, Ортан терек — ағам, Шылдыр шүмек — мен, Титтей бөбек — сен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз! (балалар жұдырықтарын ашып, жұмады) |
Рефлексия Жеміс ағашы | Өте жақсы түсіндім, қызықты болды. Мен сабақты жақсы түсіндім. Тақырып бойынша сұрақтарым бар. Бүгін тәрбие сағатында сен нені түсіндің? |