Файл: оамдаы саяси згерістерді ірге сері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қоғамдағы саяси өзгерістердің өңірге әсері

Ұлттың тарихы мен әдебиеті, сол ұлттың – әкесі. Ұлттың салты мен мәдениеті, сол ұлттың – анасы. Ұлттың жері мен қонысы, сол ұлттың – Отаны. Ұлттың тілі мен діні, сенімі сол ұлттың – негізі. Бірлікпен билік, тәрбие елді біріктіреді.

Өнер – білім, елді дамытып, адамын жетілдіреді. Өнер – кәсіп, дәстүрлі шаруашылық, оған шынайы көзқарас елді көтеріп байытады.

Алыс – беріс, барыс – келіс, сенімді серіктестік ұлтты жетілдіреді.

Қуат күші – бірлікте, рух тазалығында, ұлттық байлықтың иесі болды және келешек ұрпаққа деген жауапкершілігінде т.б ерекшеліктер бар.

Негізгі қағидаттар бұзылса, адам азып, ұлттық бірлік бұзылып, негізгі қасиеттер жоғалады.

Төңкеріс жолымен билік басына келген большевиктер партиясы: «Өндіріс орыны жұмысшылардікі, жер шаруалардікі. Мемлекет байлығы қарапайым халықтікі. Елімізде теңдік орнап, отаршылдық жойылып, ұлттарға бостандық беріледі. Үстем топтың қанаушылығы тоқталады. Оқу мен дәрігерлік тегін, барлық билік еңбекшілерге, ұлттар саясаты жолға қойылып, империялық саясат өзгереді» - деген жоспарын ұсынды.

Отаршылдық бұғауынан құтылып, еркіншілік, дербес одақ болып, бірге тізе қосып, өз ұлтымызды өркендетеміз деп, ұлт жанашырлары мен зиялылары большевиктік билікті қолдады.

Барынша жұмыс істеп, халықты жаңа жүйені қолдауға шақырды. Азаматтық соғыс пен бірінші дүниежүзілік соғыста одақты қорғауға барлық күштерін жұмсады. Күйзеушіліктен тез шығу үшін жалпы халықтық күресті жүргізді.

Пролетариат көсемі өз билігін нығайтқан соң. Орыстан өзге ұлттардың билігін шектеп, шекарасын ықшамдады. Барлық өнеркәсіпті халықтық деген атпен мемлекет меншігіне алып, өз қолында ұстады. Сол сияқты жер иелерінен алынған жер мемлекет меншігіне алынды. Шаруалар өзінің шағын отбасылық меншігімен, ұсақ құралымен қалды.

Қазақ халқының тұтастығын сақтап шекарасын белгілеп, түріктектес халықтарды біріктіріп, Алаш туын көтерген Алаш билігі құлатылды. Хиуа, Бұқар хандықтары талқандалып, оған тілектес болғандар жанышталды.

Сүйтіп, еліміздің оңтүстігінде кеңестік жүйе қанды жорықпен, қарулы күшпен орнады.

Торғай аймағын Қызылдың жазалаушы отрядтары тарып, олардың билігі үстем болды.

Күн көсем жаппай наразылықты басу үшін, ұлт басшыларына кешірім беремін, бір одақта, бір жүйеде жұмыс істейік деп, большивиктік жоспарды жүзеге асырысуға шақырды. Амалы қалмаған Ұлт басшылары Ұлттың мәдениетін, тілін, теңдігін, тарихын көтеруге белсене кірісті. Ленин Ұлтшылдыққа жол бермейміз, орыстық шевонизмді жоямыз деп жар салды. Бұған көпшілік сенді. Бәрі бейбітшілік үшін күресіп, бейбіт өмірге бет алды. Бұл уақытша құбылыс, алдау саясаты болып шықты. Негізінен орыс халқын көтеру, оның империясын нығайту ісі нақты қолға алынды.


Дінді мемлекеттен бөлу, идеологиялық саланы коммунистік идеямен толықтыру. Діни орындарды жабу, ол саланың адамдарын қоғамнан аластау мәселесі күн тәртібіне қойылды.

Бұл салада Ұлт кадрларын өз халқына қарсы қою талабы, Заңмен партияның қаулысымен бекітілді. Ұлт кадрларын Маркстік Лениндік ілім жолымен қайта тәрбиелеу, күрескер ету мәселесі негізгі бағыт саналды. Социолизм елесі, ленинизм идеясы күшпен таңылып, халық санасына сіңіруге кірісілді.

Біздің өңірде Алаш билігінің жойылуы қарапайым халыққа қатты әсер етті. 1916 жылдан атыс-шабыспен күн өткізіп, күйзеушілік тартқан халық кімнің дос, кімнің жанашыр екенін біле алмай қалды.

Атты орыс, ақ пен қараның тартысы, соғыс коммунизмі, 1920-21 жылдардағы әйгілі жұт шаруаны қатты қинап, ел еңсесін түсірген.

Бұрын еліміз қатарынан бірнеше жыл отарлауға қарсы, азаттық үшін алысып келсе, жеңіске қантөгіспен орнаған жаңа жүйе ұлтты өзімен-өзін атыстырды.

Социолизмнің белсенді құрылысшылары, жаңа жүйеге қарсы социолизмнің жаулары деген екі топқа бөлінді. Бұл күрес 1927 жылға дейін бел алса, 1927 жылдан 1931 жылға дейін бай және кедей табы болып бөлініп, ағайын-туыс өзімен өзі қырқысты.

Жергілікті өкімет басшылары сауаты кем еліктегіш ожарлар мен жағымпаздарды өздеріне тартып, бұлар – белсендіміз, сциолизм ісіне Ленин жолына адал кадрмыз деп қолдап «Белсенді» деген атақ берді. Бұл атақ жастар мен мектеп оқушыларының арасынанда мықтап орын алды. Олар алға ұсталып, үнемі марапатталып отырды.

Діни орындарды жою, байларды түптамырымен құрту саясаты күн тәртібіне қойылып, белсенділердің негізгі ұранына айналды.

Рухтанған белсенділер бұрын сауат ашып, тәрбиенің тірегі болған мешіттерді қиратып елдің тарихи мұрасы сәнді қызылтамдарды құлатып, айын жұлды.

1929 жылы байларды, озық ойлы, білімді адамдарды қамап, олардың ұрпақтарын елден қуғаннан кейін, олардың үйлерін бұзып, ағашын өртеді. Біздің аймақ 1920 жылдан 1928 жылға дейін алым-салық ретінде Ресейдің ішкі аудандары мен Еділ – Дон бойына жылқы, ірі қара, қой беріп келді, оның негізгі салмағын байлар мен әлділер көтеріп, орта шаруа мал салығының ауыртпалығын көрмеді. Өздерінің қысқы қиыншылығымен жұт кезеңі болмаса мемлекет тарапынан болған ауырпашылықты онша сезбеді.

1921 жылдан 1928 жылдар арасында астық өнімін алдымен ерікті деп жинаса, 1923 жылдан бастап, жер иесі егіншілікпен айналысатындармен азықты көтерме бағамен сатып алатын байлардан салық ретінде еріксіз жинады. Азығын жасырғандарға күш қолданды.



Яғни халқымыз малданда, аштықтанда еріксіз айырлып, күйзеушілікке душар болды. Ал мемлекет тарапынан ауылшаруашылығын өркендету жөнінде еш шара қолданылмай, қайта қолда барды тартып алумен болды.

Әр ауылдан халық наразылық білдіре бастады. Шектен шыққан зорлық қарсылыққа кездесуі көбейді.

Кеңестік жүйе қарсылықты туғызып отырған байлармен оның жақтастары яғни олардың оқыған балалары, ел ішінде билік жүргізіп отырған білімді, беделді ағалары деп шешті. Олардың өз ойларын іске асыру үшін арнаулы органдары және ауыл белсенділері арқылы 1927 жылы мал мен жанның есебін жүргізіп, өздеріне ұнамайтындардың есебін құпия алды. Бұл істе ауыл белсенділері мен комсомол-жастар, алғашқы қызыл отау таптары ерекше іскерлік көрсетті. Алдын ала дайындалған тізім ГПУ мен райкомда қортындыланып, әрқайсысы өздерінің жоғарғы орындарына жіберді.

Жергілікті жерден жиналған осы ақпараттың негізінде арнаулы жоспар жасалып, орындалуы кезеңдерге бөлініп, алдын ала жаза белгіленді. Оны архив құжаттары және осы ауданның басшысы Смайылов Мырсалық естелігінде баяндайды.

Жүргізілген саясатты, атқарылған істер дәлелдеп отыр. 1920-1928 жылдардағы малдыларға салынған ауыр салықпен ерікті-еріксіз алынған малдардың салдарынан дәулетті деген көптеген адамдар 1928 жылғы «Ұлы тәркілеуге» ілікпеді.

Мысалы, Ашудасты бойындағы: Әйтен, Үсен, Нұрмағанбет, Дүзен әулеттері Қаянбай әулеті, Боқтыкөт балалары, Қойшығұл әулеті. Қарынсалдыдан: Каркөз, Қарынбай, Төленді, Шойынбай әулеттері. Тастыдан: Шодан қажы әулеттері, Тышқақ. Жалдамадан: Міркемел, Оспан, Бөкенбай, Ержан, Шыныбек, Маңыбай, Малшыбай әулеттері, Хасен қажы балалары, Досай, Тайшығара, Өміртай, Алшынбай, Ашықбай, Байсамат, Қисықбас, Жүндібай әулеттері т.б. Бұлар байлардан әлді қатарына өткен еді.

1928 жылғы Ұлы Конфескацияға №6 ауылдан іліккен жалғыз Қойшыбай Тілеуліұлы. Орта Азиямен қазақ далаларында қанды жүйеге қарсы көтерілістер шықты. Оларды орталықтан шыққан Фрунзе бастаған арнаулы армия аясыз жасалады. Әліби Жанкелдин бастаған жазалаушы отрядтар батыстан бастап, Торғай даласын ойрандап жатты. Бірнеше жазалаушы отрядтар дайын тұрды. Биліктің қысымы мен жүгенсіз белсенділердің қылығынан ашынған аудан халқы 1929 жылы қараша айында көтеріліске шықты. Ашулы халық аудан орталығына жиналғанымен қантөгіске барған жоқ. Оларға қарсылық жасар күші жоқ аудан басшылары белсенділіктерін ертіп, басқару орындарын тастап қашып кетті. Бұл халық наразылығы еді. Үрейленген билік иелері тұс-тұстан әскер шығарып, жазалаушы отрядтарды қаптатты. Бұл алдын-ала дайындалған жазалау шараларын, жүзеге асыруға нақты себеп болды.


Көтерілістің басталғаны туралы алғашқы хабарды алысымен-ақ қамданған ОГПУ, партия және кеңес орындары Батпаққараға Қостанайдың өзінен бірінен соң бір 3 отряд шықты. Әр отрядта 20-30 адамнан Қалиев Сейітбектің тобын Таряник Атбасарда тұтқындады. Ал, Исмағұловпен Бекжановтың адамдарының соңына ОҒПУ-дың өкілдері түскен. Қалиев пен Бекжановты қолға түсіруге Қазақстандағы барлық округтік ОГПУ бөлімдері, және 49-50-ші шекаралық отрядтардыда арнаулы бұйрықпен жұмылдырылған, Қызыл Армия бөлімдерінің күшімен жанышталған Батпаққара көтерілісіне қатысушылар қолға түскен соң қайта жазаланды» - деді Талас Омарбеков. Мұны біз Қостанай округтік партия комитетінің хатшысы А.Дискановтың 1929 жылы 20 қарашадағы көтеріліске қатысушыларды жазалау үшін жергілікті жерде жүрген Логачевпен Гнеевке жолдаған телеграммасынан білеміз.

Өлкелік комитеттің қаулысымен Галащекиннің телефонмен берілген хабарламасы бойынша Наурызым, Батпаққара, Торғай аудандарында саяси – бұқаралық жұмыстар жүргізу үшін Ә.Жангелдин жіберілген. Оған бұлармен қатар банды басшыларын қолға түсіру және жедел шараларды жүзеге асыру тапсырылған. Жазалау қортындысына қарасақ, қамалған көптің ішінен тергеусіз өлтірілгендерді есепке алмағанда 530 адам қылмысты деп саналған.

Қазақстандағы ПП ОГПУ-дың Үштігі бұл мәселеге байланысты 1930 жылдың 24 сәуірінде, 3, 13- мамырында, 8-ші және 14- шілдесінде, 1931- жылдың 23-қарашасында арнайы үкімдер шығарып, 115 адамды ату жазасына, 170 адамды 2 жылдан 10 жылға, 28 адамды Қостанайдан тыс жерге жер аударуға, қалғанын шартты жазамен босатқан. Яғни оларда жылжарым қамауда, тергеуде жатты.

Тергеу бойынша қылмыстылардың құрамы: байлар -172, молдалар -12, ауқаттылар -73 адам делінген ( Архив. Тағылымды шежіре - 14,15 беттер)

ОГПУ-дың тергеу құжаттарында нақты дәлел жоқ. Мақсат жаппай жазалауға бағытталған.

Шындығында жазаланғандар отбасы иесі ғана емес олардың жанұядағы мүшелеріде жазаланып, қудалауға ілікті. Тіршілігіне қажетті мал-мүлкінен айырылды.

Жоғарыдағы цифрлар көтеріліске қатынасты, соны ұйымдастырушы есебінде 1929 жылы қараша, желтоқсан айларында қамауға алынғандар.

1930 жылдың аяғына дейін ауқатты саналған адамдар мен сауаттылар қамалды. Себебі кеңестік жүйеге қарсы, салықты уақытында төлемеді, азық-түлігін жасырды, қоғамға зиянкес деген сылтау.

Салық мөлшері заңға негізделмеген және орындалуы мүмкін емес. Белсенділердің тапсырмамен жасаған жолсыздығы. Қыс ішінде: ет, жүн, май, тірі жылан, қоян және бағалы аң терілері. Өтеу мерзімі 15 немесе 30 күн. Өтелмесе тәркілеп, қолда
барды тартып алып, үй-ішін аш қалдыру.

Сыртқа жібермей, өз орнында аштыққа ұшырату. Кеңестік жүйенің халықты қансыз өлтіру саясаты біздің өңірде осылай жүзеге асты.

Халыққа тиісті тұқым мен басқалай азық-түлік үлестерін жергілікті басшылар мен бесенділер өздері пайдаланды. Халықтың жауы кім екенін іздеп көр?

Бестау ауылдық кеңесі бойынша 1929-30 жылдары саяси қуғынға ұшырап жазаланғандар:

І.Ашутасты бойынан:

1.Нұрмағанбеттің балалары: Қайдар, Қайсар,Сейіл, Сейдәлі.

2. Әйтеннің тұқымы: 4 ұлы аттары белгісіз.

3.Үсеннен 3 азамат олар да белгісіз.

4. Дүзеннен 4 азамат аттары белгісіз.

5. Қосшығұл балалары: Әлмағанбет, Бірмағанбет

6. Бекалап қажының балалары:Қасым, Досым, Есім.

7. Бөлекбай қажының баласы – Қойшыбай.

8. Боқтыкөт баласы Құлбас, Жақып

9. Шодан қажы балалары: Баймағанбет, Бимағанбет,Балмағанбет, Баймағанбетұлы Жұмаш, Жұмабек ,Әбдрахман. Бимағанбетұлы Кәкімжан.

10. Қойшығұлұлы Қанафия

11. Рахи қажы және оның ұлы Мұханбетжан.

12. Әлімбай екі баласы Хасен, Құсайын.

13. Елтоқ баласы Нарымбай, Шорабай.

ІІ. Қарынсалды бойынан:

1.Шойынбайұлы Ташмағанбет

2.Айқадан ұлдары: Тұржан, Ахмет.

3.Төленді отбасымен жер ауған 5 жылға 7 адам

4. Қарынбай отбасымен жер ауған барлығы 8 адам

(Сатыбалдының әкесі Келіні Ажар)

5. Құлпейісұлы Қоден 5 жылға отбасымен жер аударылған. Барлығы 9 жан.

6. Айтбайұлы Белгібай

7. Құдабай балалары: Ахметбек, Оспан, Шәріп.

8.Тәкет баласы Зұлхарнай

9. Ұлысбайұлы Шыныбек отбасымен 5 жылға жер аударылған балығы 11 жан

ІІІ. Жалдама бойынан:

1.Елеусізұлы Малшыбай, оның баласы Ташмағанбет

2. Хасен қажының екі баласы Зікір,Зікірия

3.Досай қажы балалары: Жағыпар, Ыбыраш, Қапан, Асан, Асқар.

4.Тойшығараның балалары: Әбдіраман, Оспан, Омар, Әубәкір, Қонар.

5. Бекбауыл балалары: Алшынбай, Өміртай, Қарамекен

Олардың балалары Фазыл, Жұқа т.б.

6. Ашықбай балалары Жармағанбет, Жүніс, Жандарбек барлық отбасы жандарымен 5 жылға жер аударылған барлығы 21 жан. (1930ж).

7. Байсаматұлы Мұстафа, інісі екі отбасы 5 жылға басқа жерге жер аударылған барлығы - 13 жан.

8. Тілеуліұлы Қойшыбай 1928 жылы 5 жылға Семей облысына барлық отбасымен жер аударылған барлығы 12 жан.

9. Мешіт имамы Ақмолда, оның інісі Қарамолла ( Мұханбетжан) оның баласы Дастен.

10. Райымбек балалары Хамза, Ғаппас

11. Қазақбай баласы Қаражүсіп

12. Керменбай баласы Қыдыке

13. Жақсынбетұлы Әубәкірмолла, оның ұлы Ильяс