ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 13
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
14. Ақтан молла (әкесін ұмыттық) ұлты татар
Бұл келтірген тізім сол жылдардағы қағаз қуғынға ұшырағандар түгел қамтылды деген сөз емес. 1929 жылы Көтерілісті ұйымдастырды және оларға тілектес болды деп ұсталып қамалғандардың бір қатары босатылды. Олардың көбі 18-ге толмаған жастар және кедейленгендер.
1930 жылы сот шешімімен 5 жылға жер аударуға кесілгендерді алдымен дүние мүлкін тәркілеп, мемлекет меншігіне алды. Өздерін Қостанайдың теріскей аудандарына қуды. Жаза олардың барлық отбасы мүшелеріне қатысты болды. 1930 жылдың желтоқсанынан1931 жылдың мамырына дейін салық арқылы тәркіленгендер сот шешімінсіз, барды тартып алып отбасы мүшелерін аш қалдыру жолымен іске асырылды. Үй иесі түрмеге қамалды, қалғаны көпшіліктен оқшауландырылды. Жер аударылғандар 1937 жылғы Одақтық сайлауға дауыс беруге қатыстырылмады. Біздің әулет мүшелері бұл сайлауға жіберілмеді.
Республиканың басқа халқы №6 ауылдың адамдарыда қанды билікпен «Шолақ белсенділер мен оғаш белсенділерімен күресе отырып, 1931-1933 жылдар арасында аштықтың қанды қырғынына тап болды». Көбі мекенінде өлді. Қашқандары жолда қырылды. Қаулап жанған өрттенде «1 шоқ көде қалады» деген халық мақалы.
Өлмей қалғаны бас құрап, 1933-1937 жылдар арасында жан сақтау үшін тіршілік қамына кірісті. Бастарын қайта құрап, серіктестікке бірікті. Ұлт жанашырларының жан аямай күресуінің арқасында қалған халықты сақтау күресі жүрді.
Ел ішіне алғашқы көмек ауыл шаруашылық құралдары, егіске тұқым, аздап мал берілді.
Аштың қарны шығып, өмірге нәрестелер келе бастады. Мектептер қайта ашылып, коммунист партиясы барлық салада үстемдік құрып, өзін-өзі тазарту саясаты жүргізілді. Бұл саясат ұлт кадрларын, халық жанашырларын біржола жан болып шықты. Олар жан шошырлық жаман атақ «Халық жауы» деген атпен жазаланды. Арасында кеңеске жұмыс істеген асыра белсенділерде кетті.
Бұл саясат №6 ауылдыда айналып өтпеді. 1929-1930 жылдардан қуғынға ұшырап, елге қайта оралғандар, 1927-1937 жылдар арасында Кеңеске қызмет еткендер оның ішінде елге жанашырлық танытқандар «Халық жауы» атанды. 1937-1938 жылдары «Халық жауы» атанып жазаланғандар:
-
Ержан ұлы Атанбоз. -
Нұрахан ұлдары: Әкімбек, Ділдабек. -
Әбдіраман ұлы Нұғыман. -
Тайшығара ұлдары: Омар, Серікбай, Әубәкір, Қонар. -
Оспан ұлы Жағыпар. -
Райымбек ұлдары: Хамза, Қаппас. -
Билан Нұртазаұлы Рахан. -
Жәутікбай ұлы Қышпақбай. -
Ержан ұлы Қали. -
Байғон ұлы Қанеш. -
Сыздық ұлы Қойбағар. -
Қоғабай ұлы Жарасхан. -
Берден ұлы Хамза. -
Қасқыр ұлы Зейнекен. -
Балықбай ұлы Айса. -
Байторы ұлы Сәулебай. -
Батырбай ұлы Мырзағали. -
Молдызақ ұлы Тайгелді. -
Төлекбай ұлы Қойшыбай. -
Сырғабай ұлы Ақыл. -
Әлмағанбет ұлы Бәйкен. -
Айқадам ұлы Ахмет. -
Тәкет ұлы Зұлқарнай. -
Қалақбасов Жұмабай. -
Әубәкір ұлы Ильяс. -
Өтеген ұлы Шілдебай -
Қызыр ұлы Сыздық т.б.
Осылардың кеңеске қызмет етіп, лауазм иесі болған білімділері атылып кетті. Көпшілігі он жыл отырып, жазасын өтеп шықты. Бірқатары тергеуде болып, азабын тартып, ертерек шықты.
Аман оралғандары өз ауылдарында еңбек етті. Алайда 1954 жылға дейін қауыпсыздық комитетінің бақылауында болды. Оларды елді мекендегі жолда молы агент (тыңшылар) көзден таса етпеді.
Қоғамдағы құбылмалы кезең кедергі болғаны мен тіршілік ағымы жалғаса берді. Колхоз мүшелері тынбай еңбек етіп, колхозды нығайтумен айналысты. Шығыр салып, егін екті. Арық қазып, егіс көлемін көңейтті. Бәрі қолмен ақысыз атқарылды.
Халық енді есін жинай бастағанда 1941 жылы 22 маусымда Отан соғысы, яғни екінші дүние жүзілік соғыс басталды.
Отанды қорғау әр адамның міндеті, бәріде майдан үшін»! деген ұранмен болды. Кім міндетін (нормасын) орындай алмаса, немістің жансызы атанды.
1941 жылы маусымда алғашқы еріктілер қатарында Ауданнан 4 адам аттанды. Соның біреуі біздің ауылдан Жүсіп ұлы Тапай.
Әскер қатарына алғашқы жаппай алу 1942 жылы қаңтар айында басталды. 19 бен 45 жастың арасы. Олар 3 ай жаттығудан өтіп, бірден соғысқа қатынасты. 1943 жылы 18 бен 50 жастың арасындағылар алынып, бірден майданға жіберілді. Қазақстаннан барғандар дайындықсыз, жетімсіз қарумен соғыстың отына, алдыңғы шепке тоғытылып, жазалылардың қатарында соғысты. Сондықтан көбі өліп кетті.
Біздің ауылдан майданға аттанған 194 адам. Одан ажалы жоқ өлмей келген мыналар:
-
Бесжан ұлы Есентұр. -
Бірмағанбет ұлы Төлеубай. -
Байқадан ұлы Қабылда. -
Байкенже ұлы Көшек. -
Бәйкенже ұлы Кәментай -
Байсалбай ұлы Кенжебек. -
Басалқы ұлы Жақыпбек. -
Бейсен ұлы Сәрдарбек. -
Бержан ұлы Әлжапар. -
Бозбай ұлы Оңай. -
Бәйкенже ұлы Кәкен. -
Әбдіреш ұлы Кәмеш. -
Әубәкір ұлы Хұсайын. -
Әндір ұлы Сәтмағанбет. -
Әбдіраман ұлы Төлеп. -
Әбдіқадыр ұлы Әбдібек. -
Баймағанбет ұлы Жұмабек. -
Есмағанбет ұлы Сағидолла. -
Есмағанбет ұлы Әбдіхалық. -
Есжан ұлы Нұрғали. -
Жәмит ұлы Сағынбай. -
Жылкелді ұлы Сағынбай. -
Жүсіп ұлы Нәби. -
Жарасхан ұлы Мизан. -
Жарасхан ұлы Сәрдарбек. -
Жүсіп ұлы Бекқали. -
Жүсіп ұлы Әкімбек. -
Досан ұлы Сейдақ. -
Досан ұлы Нұрмұхан. -
Кеңбейіл ұлы Әнуар. -
Керуен ұлы Қара -
Қази ұлы Көккөз -
Қылышбай ұлы Төкеш -
Қалиахмет ұлы Құсайын -
Көзентай ұлы Дайыр -
Қарынбай ұлы Сатыбалды -
Сүлеймен ұлы Мырзағали -
Сәрсенбай ұлы Торғай -
Сағындық ұлы Алпысбай -
Сынабай ұлы Жетімек -
Сүлеймен ұлы Төлеби -
Сүлеймен ұлы Әмірбек -
Қараболат ұлы Баяхмет -
Нұрғали ұлы Нұралы -
Иманбай ұлы Әбсадық -
Ізтілеу ұлы Жүсіп -
Мұқанбетжан ұлы Дәстен -
Молдызақ ұлы Тайкелді -
Малшыбай ұлы Сәлтен -
Молдахмет ұлы Байғали -
Омар ұлы Бәзен -
Кенебай ұлы Тайшын -
Тәжікей ұлы Мұханбедия -
Оспан ұлы Нүкен -
Шәріп ұлы Қабылда -
Шілдебай ұлы Әбдіқадыр -
Ұйтқы ұлы Ахмет -
Омар ұлы Құдиарбек -
Шоқан ұлы Ләтіп -
Әбдырахман ұлы Бәйділда -
Өтелбай ұлы Әпузар -
Жауғаш ұлы Есенаман
Жасы елуден асқан немесе аздап кемтарлығы барлар 1943 жылдан 1946 жылға дейін әскери қара жұмысқа алынды. Қару-жарақ шығаратын заводтар мен теміржол салуға алынды. Золатаус, Мияс, Челябі, Тройцк кейін Қостанай, Құшмұрын қалаларында әскери казармаларда жатып жұмыс істеді. Олар:
1. Баймағанбет ұлы Тапай
2. Байқадам ұлы Бижан
3. Бекіш ұлы Қылышбай
4. Оразбай ұлы Әбдірахман
5. Баймырза ұлы Қойшыбай
6. Баймырза ұлы Дәуіт
7. Оспан ұлы Ерғазы
8. Өтепберген ұлы Сары
9. Байторы ұлы Сәулебай
10. Жаңбыршы ұлы Қолшынбай
11. Көшкінбай ұлы Әбден
12. Сейіл ұлы Кәрімбай
13. Сейіл ұлы Нұртаза
14. Мәнжан ұлы Әмір
15. Махаш ұлы Хамит
16. Төлеу ұлы Әйіп
17. Төлеу ұлы Дүбірбай
20. Ұйтқы ұлы Әбдібек
21. Сексенбай ұлы Сәбит
22. Ахмет ұлы Сәрсенбай
23. Қарынбай ұлы Тәшен
24.Тәшен ұлы Біртаза
25. Жаңаберген ұлы Қабдуәли
26. Омар ұлы Молдабек
27. Дәрқұл ұлы Рахмет
28. Қайырбек ұлы Сейілбек
29. Сәпи ұлы Баяхмет
30. Шәріп ұлы Смағұл
31. Шорабай ұлы Сағындық
32. Әйгісі ұлы Кенжеғозы
33. Жүсіп ұлы Коңқас (Жүніс)
Әскери жұмысқа алынғандардың ішінде ауыр жұмысқа шыдамай өлгендері де бар. Негізінен көпшілігі әртүрлі уақытта оралды. Ауруы бар және жарымжандары жарамсыз ретінде елге қайтарылды.
Сол сияқты баласы жоқ, кәмелетке толған қыздар мен әйелдерде әскери жұмысқа алынды. Олардың әскер семьясы екеніне қарамады. Көпшілігінің оты осылай өшірілді. Олар: (кейбірінің әкелерін білмедім, сондықтан аттарын ғана жаздым)
1. Ақбілек 11. Аякөз
2. Маржан 12.Қатша
3. Шәнкен 13.Бәтіш
4. Биғанша 14. Кәмила
5. Мәкі 15. Ұмыттық
6. Гүлсім 16.Рәзия
7. Биша 17.Орынбасар
8. Қалима 18.Рәпіш
9. Нағима 19. Алтыншаш
10. Рақыш
Бұл әйелдер әскери жұмыстың ауылығын көтеріп, ел алдындағы аманатты атқара білді. Біреулер соғыстан оралған азаматтармен қосылып, ұрпақ өсіріп, тіршілігін жалғады. Елге аман оралғандары тұрмыс құрып, өмірге ұрпақ әкелді. Олардың көбінің ұрпақтары бар. Тағдырдың тақсіретін тартқан қайран аналар бұл қиыншылықты да жеңді. Олар соғыстың тоқтағанына қуанғанымен жеңістің құрметімен қызығын тата алмады. Ұрпақтарын аялап еңбекке қосты.
Соғыстан әртүлі жағдайда оралғандармен еңбек майданында (әскери жұмыста) болғандарда ел игілігіне қызмет етіп, еңбек жасады. Олармен жұмыстаста болып, ұрпақтарымен бірге өстік. Олар социолизмнің ірге тасын бекітіп қана қоймай, халықтың тұрмыс дәрежесін көтерді. Торғай тыңын игеруге қатынасты. Еңбек майданының үлгісін көрсетті.
Қазіргі ұрпақ соғыста есін білмей жетім қалғандар мен соғыстан, әскери еңбектен елге оралған жарымжандардың балалары.
Қазіргі байлықтың негізінде солар қалады. Қазақ халқының болашағы мен мемлекетті нығайтуда осы ұрпақтың қолында. Арам пиғылды жепкетерлермен сұғанақтарда уақытша. Бестау ауылдық кеңестен соғысқа алынғандар «194» адам, одан әртүрлі жағдайларда оралғандардың тізімін келтірдік. Аман оралғанның 9-ы 1944 жылдың екіншісі жартысында алынып, соғыстың соңына қатынасқандықтан аман жеңіл жарақатпен оралды. Азаматтардың көпшілігі алғашқы кескілескен соғыста 132-сі өліп кетті. Яғни 69% өлім құшты.
Осыдан-ақ соғыстың ащы зарын біздің тартқанымыз белгілі. Жеңіске кімге не берді? Кім не алды? Айтпасада түсінікті.
Амантоғай ауылы. 2010жыл.
Материалды дайындаған. Қоденұлы Мұхтар Акбар қажы.