Файл: Сабаты таырыбы йкеліс кші. йкеліс рекетін техникада ескеру Мектеп.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 7
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру | Мектеп:Ю.Гагарин атындағы орта мектеп |
Күні: 14.12 | Мұғалімнің аты-жөні:Хамидуллина Қ. |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 7.2.2.6-тыныштық,домалау және сырғанау үйкелістерін сипаттау 7.2.2.7-үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянына мысалдар келтіру |
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: -Үйкеліс күшінің анықтамасын және формуласын біледі , бағытын анықтай алады |
Оқушылардың басым бөлігі: - Үйкеліс күшінің түрлерін біледі және үйкеліске мысалдар келтіре отырып пайдасы мен зиянын ажырата алады | |
Кейбір оқушылар: -Үйкеліс күшін өрнегіне қойып есептейді және берілген тапсырма бойынша өлшейді. | |
Бағалау критерий: | -Үйкеліс күшінің анықтамасын және формуласын біледі , бағытын анықтай алады -Үйкеліс күшінің түрлерін біледі және үйкеліске мысалдар келтіре отырып пайдасы мен зиянын ажырата алады -Үйкеліс күшін практикалық тапсырмалар арқылы өлшеп, есептей алады |
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңі/уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 7 мин | Сәлемдесу. Сыныпқа жағымды ахуал туғызу. Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз! І.Үй тапсырмасын тексеру. Тарсия әдісі | Амандасу, Оқушы өткен сабақтарды еске түсіре отырып,сұрақтардың жауабын тауып,пазл құрастырады | Дескриптор: Сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы фигураны дұрыс құрастырады-3 ұпай | Интерактивті тақта | |||
Сабақтың ортасы 33 мин | Жаңа сабақ тақырыбын ашу.Суретті болжау әдісі: Суреттен не көріп тұрсыңдар? Қайсысы тез түседі деп ойлайсыздар. 1-топ'>Үйкеліс күші туралы видео көрсету Жаңа тақырыпқа шолу. (слайдпен) ІІ.Жаңа тақырыпты түсіну, топпен жұмыс 1-топ: Үйкеліс күшінің пайда болу жағдайлары және түрлері.Үйкелістің пайда болу себептері 2-топ: Үйкелісті азайту немесе көбейту жолдары. Үйкеліс күшінің анықталу формуласы. 3-топ:_Сырғанау_үйкеліс_күшінің_дене_массасының_байланысын_зерттеу.Керекті_құралдар:ағаш_білеуше,динамометр,_100гр_жүктер_жиынтығыСергіту_сәті.'>3-топ:Техникада үйкеліс әрекетін ескеру ІІІ.Жұппен практикалық жұмыс. 1-топ: Сырғанау үйкеліс күшінің үйкелісетін беттің кедір-бұдыр болуына тәуелді бола ма? Керекті құралдар: кедір-бұдыр бет,білеуше,динамометр 2-топ: Сырғанау үйкеліс күшінің жанасатын беттердің ауданына байланыстылығын зерделеу. Керекті құралдар: динамометр, ілмекті білеу ағаш -2 3-топ: Сырғанау үйкеліс күшінің дене массасының байланысын зерттеу. Керекті құралдар:ағаш білеуше,динамометр, 100гр жүктер жиынтығы Сергіту сәті. Барабан әдісі. (Оқушыларды кездейсоқ таңдау арқылы қайталау сұрақтарын қою) ІV. Жеке жұмыс. Оқулықпен жұмыс 3.6-жаттығу 2. Жалпы массасы 1т болатын жүгі бар шананы ат мұзбен сүйретіп келеді. Шана табаны мен мұз арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,05. Ат арбаны қандай күшпен тартып келеді? 3. Массасы 70 кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті 0,3. 4.Массасы 50 кг дене 200 Н күштің әрекетінен жазық бетте бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициенті неге тең? | Оқушылар суретке қарай отырып,сұраққа жауап береді. Оқушылар берілген тақырыптар бойынша постер қорғайды Топтар тәжірибесін қорытындылайды 1-топ: Сырғанау үйкеліс күшінің үйкелісетін беттің кедір-бұдыр болуына тәуелді болады.Бет кедір болған сайын үйкеліс күші артады 2-топ:Үйкеліс беттердің ауданына байланысты емес 3-топ:Үйкеліс күші масса өскен сайын өседі. Оқулықтан 3.6,-жаттығуды орындайды | Дескриптор: -Үйкеліс күшінің пайда болу жағдайлары және түрлері.Үйкелістің пайда болу себептерін анықтайды-2 ұпай -Үйкелісті азайту немесе көбейту жолдары. Үйкеліс күшінің анықталу формуласын жазады-2 ұпай - Техникада үйкеліс әрекетін ескереді-2 ұпай Дескриптор:
Бағалау «қол шапалақтау» әдісі. Жеке жұмыс. Дескриптор: 1. Есептің шартын дұрыс жаза алады және формулаларды дұрыс қолдана алады. 1 ұпай 3. Есептеуді дұрыс жүргізе алады. 1 ұпай Бағалау «қол шапалақтау» арқылы | Түрлі түсті фломастерлер , А-3 ақ қағаздар Динамометрлер, ағаш білеушелер, 100гр жүктер жиынтығы. Деңгейлік тапсырмалар жазылған карточкалар | |||
Сабақтың соңы
| Кері байланыс: Үй тапсырмасы:тақырыпты оқу:3.6- жаттығу 5 есеп | | | Стикерлер |