Файл: Зертханада жмыс істегенде андай негізгі ереже жне техника кауіпсізділігін толы игеру жне білу керек.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 22

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


ІҮ. науқастың дене салмағының дефициті 10% және одан жоғары.

Асқынулары:

• дегидратациялык шок,

• екіншілік микрофлораның косылуы

Диагностикасы. Тырыскак кезінде қан плазмасының меншікті салмағын, гематокритті және электролиттер көрсеткіштерін бақылау қажет. Классикалық зерттеу - бактериологиялық. Экспресс эдістері - иммунофлюоресценттік зерттеу, ИФА. Серологиялық әдістері: вибрицидті және антитоксикалық антиденелерді анықтау (нейтрализация реакциясы т.б.). Сонғы жылдары Полимеразды тізбеліреакция (ПТР) қолданылады.

Емдеуі. Міндетті түрде наукастар ауруханаға жатқызылады. Бірінші орында патогенетикалық терапия: жоғалған сұйықтық орнын толтыру - регидратация. Регидратация 2 кезеңді жүргізіледі:

-Біріншілік регидратация

-Компенсаторлы регидратация

Аурудың женіл түрінде - оральді (ауыз арқылы) регидратация қолданылады: регидрон, цитраглюкосолан ерітінділері қолданылады. Физиологиялық ерітіндісін, Рингер ерітіндісін, глюкозаның 5% ерітіндісін көктамырға енгізуге болады. Ертінділердің көлемі 200-350 мл/кг/тәулігіне. Дегидратацияның ауыр дәрежесінде сұйыктыктарды көктамырға жіберу арқылы жүргізіледі. Бұл кезде Филлипстің N1 ерітіндісі немесе хлосоль, трисоль ерітінділері көктамырға енгізіледі. Ерітінді 37° С-қа дейін жылытылған болу керек.

2. Этиотропты ем. Емдеу курсы 5 күн.

Тамыр ішіне 1-3 күн: Цефтриаксон ; Цефтизоксим ; Цефалотин ; Цефазолин; Карбенициллин; Амикацин ; Нетилмицин; Доксициклин; Пефлоксацин; Ципрофлоксацин; Флероксацин; Офлоксацин.

Бұлшық ет ішіне 1 -2 күн: Сизомицин; Мономицин.

Науқасты ауруханадан шығару ережелері: науқас толығымен сауыққанда және бактериологаялық зерттеу нәтижесінде 3 рет теріс жауап алынғанда.

Алдын алу шаралары. үй-жай тазалығын жақсартуға . Сонымен қатар сыртқы ортаны қалпына келтірудің де көп маңызы бар. Соның ішінде халықты таза ішімдік сумен қамтамасыздандыру, ағынды суларды дезинфекциялау, азык-түлік кәсіп орны мен сүт өнеркәсібінің, сауда орындарының, көпшілік тамақтандыру орындарының тазалығын қатаң бакылау аса маңызды орын алады.

Анықтамасы. Құтыру - Neuroryctes rabid (нюрейтиз рабид) жедел вирусты зоонозды нейроинфекция. Клиникасы гидрофобия мен, аэрофобиямен сипатталады, ауыр ағымды әсерінен өліммен аяқталады.

Этиологиясы. Қоздырғышы - Neuroryctes rabid – рабдовирус тұқымдастығына жататын вирус, оқ тәрізді пішінімен сипатталған. Нейротропты вирус. Құрамында РНҚ бар. Суық құтыру вирусын өлтірмейді, қатырғанда тіптен қасиетін жоймай айлар, жыл- ай дар бойы сақталады. Жоғары температураға сезімтал - 50° - 1 сағатта, 55° -20-30 мин., 100°- 2 мин. Кептіруге, ультрафиолетке, күн сәулесіне төзімділігі аз. Вирустың 2 түрі бар - далалық және фиксацияланған. Фиксацияланған вирус сілекей мен берілмейді, тіндік торшаларда, тауық эмбрионында көбееді, вакцина алу ушін қолданады.


Эпидемиологиясы.

1. Аурудың көзі және резервуары - жабайы және үй жануарлар - түлкі, қасқыр,енот тәрізді итгер, борсық, қоян, аю, жабайы ешкі, жарғанат, кеміргіштер, жылқы, ірі қара мал, ұсақ қара мал, түйе.

2. Берілу жолдары

• Контактілі - жануарлар адамды тістеп және сілекейлеген кезде вирусты жұқтырады. • Аэрогенді • Алиментарлы • Трансплацентарлы

Клиникасы.

Құтырудың кезеңдері:

1. Жасырың кезең -10 күннен 1 жылға дейін (1-3 ай)

2. Продромальды кезең -депрессия кезеңі -1-3 күн

3. Қозу кезені -2-3 күн

4. Паралитикалык (терминальды) кезең -12-20 сағат

Қутырудын ерекше белгілері:

Гидрофобия Аэрофобия, фотофобия,акустикофобия Психомоторлы қозу Сиалорея

Параличтер - салданулар (өлудің алдында)

Құтырудың клиникалық жіктелуі1. Классикалық түрі 2. Бульбарлы түрі 3. Паралитикалық түрі - бәсеңді құтыру 4. Мишық түрі

Продромальды кезеңінің белгілері:

қорқыныш сезімі апатия депрессия тістегін аймақта ауру сезімі, қабыну, гиперестезия иіс сезу және есту галлюцинациялары (бетті тістегенде)

температура 37,2-37,3°С

Қозу кезеңінің белгілері:

Мазасыздық Тахикардия, тахипноэ Гидрофобия, аэрофобия, фотофобия, акустикофобия Мидриаз, экзофтальм Сиалорея Қозу Жүрек, тыныс жетіспеушілігі Салдану кезеңінің белгілері: Температура 40-42°С

Тахикардия,гипотония Бұлшық еттердің салдануы Парездер Коллапс Тыныс алу орталығының салдануы Жүректің салдануы

Диагностикасы

1. Эпиданамнез

2. Клиникалық көріністер

Гистологиялық әдіс - Бабеш-Негри денешіктерін анықтау

Емдеуі: Аурудын емі қолайсыз

1. Науқасты қаранғыдыныш палатаға оңашалау

2. Морфин, аминазин, димедрол, хлоралгидрат клизма арқылы

3. Өкпенің жасанды вентиляциясы

4. Антирабиалық иммуноглобулиннің ауру кезінде әсері жоқ

Болжамы қолайсыз, ауру өліммен аяқталады.

Таксономиясы және жіктелуі. Энтеровирустар – құрамында РНҚ вирустары бар

Тұқымдастығы:Picomaviras (латынның рісо - өлшемі кіші, - РНҚ дегенінен),

Туысытастығы: Ehteroviras жатқызылатын вирустар.

Полиомиелит вирустары, Коксаки, ECHO, 68-71 түрдегі энтеровирустары осы туыстың өкілдері болып табылады.

Энтеровирустар - сфера түріндегі, біржіпті желілі плюс-жіпті РНҚ-дан және капсидтен тұратын ең кіші және барынша қарапайым түрде ұйымдасқан вирустар. Капсид симметриясы текше түрі бойынша орналасқан 60 ақуыздық суббірліктерден кұралған. Вируотардык сыртқы суперкапсиді жоқ. Олардың құрамында кемірсулар мен липидтер жоқ, сондықтан олар эфирдің жөн Энтеровирустар тудыратын аурулар барлық жерде таралған,, көбінесе балаларға жұғады. Энтеровирус инфекциясының суда, тағамда эпидемиялық кұрт кебею ошақтары жыл бойы тіркеледі, әсіресе жазда. Полиомиелит, Коксаки, ECHO вирустарың тасымалдаушылар кең тараған.



Инфекцияның көзі энтеровирустарды көп мөлшерде нәжісімен бөліп шығаратын науқастар мен тасымалдаушылар болып табылады. Негізгі таралу механизмі фекалды-оралды. Энтеровирустар су, топырақ, тағам өнімдері, тұтыну заттары, лас қолдар арқылы таралады, оларды шыбындар таратады. Алайда, аурудың алғашқы 1-2 аптасында энтеровирустар кысқа мерзімде мүрынжұтқыншақтан бөлініп таралудың ауа-тамшылы жолын қамтамасыз етеді.

Энтеровирустар ағзаға асқорыту жолы арқылы енеді, ауызжүтқыншақ жөне ащы ішек эпителилері мен лимфалық түйіндерінде көбейіп, одан соң қанға түсіп вирусемияны тудырады. Вирустардың өрі қарайғы таралуы, сондай-ақ әртүрлі мүшелердің зақымдануы энтервирустың түріне және адамның иммундық статусына байланысты болады.


Клиникалық белгілері. Полиомиелит вирусы жеке нозологиялық түрді - полиомиелитті тудырады. Басқа энтеровирустар клиникалық белгілерінің әр түрлілігімен сипатталатын ауруларды туындатады, өйткені олар әртүрлі мүшелерді және тіндерді зақымдайды: ОЖЖ (полиомиелит тәріздес аурулар, менингштер және энцефалиттер), көлденең жолақ бұлшық еттерді (миалгия, миокардит), тыныс мүшелерін (тыныс мүшелерінің жедел аурулары), асқорыту жолы (гастроэнтерит, диарея), тері және шырышты қабатгы (конъюнктивит, бөртпелі немесе бөртпесіз қызба аурулары) және басқалары.

Иммунитеті. Энтеровирус инфекциясымен ауырғаннан соң ағзада тұрақты, түр ерекшелігі бар иммунитет қалыптасады.

Сақтандыруы. Көптеген энтеровирус ауруларының арнайы сақтандыруы жоқ.е басқа да май еріткіштердің әсерін сезімтал емес.

Ротавирустар - адамның жедел гастроэнтеритін тудыратын қоздырғыштар, 1973 жылы табылған. Таксономиясы, морфологиясы, химиялық кұрамы. Ротавирустар Reoviridae түқымдасына, Rotaviras туысына жатады. Вирус сфералық пішінді, екі жіпті бөлшектен РНҚ-нан түрады. Ерекшелігі екі капсидке ие -сыртқы және ішкі. Вирустың аталуы капсидтің ерекшелігіне байланысты (латын тілінен rota - дөнгелек). Сыртқы липопротеидті қабығы жоқ.Эпидемиологиясы. Ротавирусты гастроэнтериттер барлық жерде таралған, кебінесе 6 айдан бастап 6 жасқа дейінгі балаларды зақымдайды (балалардың іш өту ауруының 40-60% құрайды). Ерекшелігі қысқы айларында көтеріледі. Су, тағам,жан-ұялар, аурухана ішілік инфекциялар түрінде тіркеледі. Инфекцияның көзі - аурулар мен вирусты тасымалдаушылар. Таралу механизмдері фекалды-оралды. Иммунитеті, клиникасы, зертханалык диагностикасы барлық энтеровирустарға тән.