Файл: азастан Республикасы Оуаарту министрлігі Абай облысы денсаулы сатау басармасыны Д.алматаев атындаы мемлекеттік жоары медицина колледжі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 18

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Д.Қалматаев атындағы

мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі»

ШЖҚ КМК




Бекітемін

Директордың оқу өндірістік

тәжірибесі жөніндегі

орынбасары Ульбауова А.М ______


20___ж. "____" _________


ӨНДІРІСТІК тәжірибе бағдарламасы

Пән/модуль: «Жалпы хирургия, анестезиология және реанимация»"

Мамандық: 09120100 «Емдеу ісі»

Біліктілік: 4S09120101 «Фельдшер»

 

Курс: 3

   Семестр : V

   Бақылау түрі : Сараланған сынақ

   Барлық сағат/кредит: 48/8 KZ

   Әзірлеуші (-лер)_ Асқаров Д.Е

(қолы) Т.А.Ә. (болған жағдайда)
 

Арнайы клиникалық пәндер №1 бірлестік

отырысында қаралды және мақұлданды

20__ж. "____" _______ № ___ Хаттама

Төрағасы: ________Нургазинова.Н.М

Типтік Әдістемелік

оқу бағдарламасынан көшірме.

Өндірістік тәжірибе – студенттерде білімнің, дағдылардың және медициналық қызметке кәсіби дайындықтың кәсіби бағытын қалыптастыруды мақсат ететін білім беру бағдарламаларының құрамдас бөліктерінің бірі.

Өндірістік тәжірибе мақсаттары

1. Клиникалық пәндерді оқу кезінде қалыптасатын базалық және кәсіби құзыреттерді дамыту.

2. Практикалық дағдыларды жетілдіру.

3. Медициналық құжаттаманы жүргізумен (КМАЖ-да жұмыс істеу), есептілікпен, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырумен танысу.

4. Жекелеген адамдардың және олардың отбасылары денсаулығы мен әл-ауқатын нығайту мақсатында үйде күтім жасау үшін тиімді санитариялық-ағарту іс-шараларын жүргізу.

Өндірістік тәжірибе міндеттері

1. Денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмекті ұйымдастыруды зерделеу.

2. Мамандықтың білім беру стандартының біліктілік талаптарына сәйкес базалық және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, дамыту.

3. Теориялық оқытуда алынған практикалық дағдыларды бекіту.

4. Қоғамдық, ұйымдастырушылық және тәрбие жұмысының тәжірибесін алу.

5. Пациенттермен тиімді коммуникация, кәсіби аралық өзара іс-қимыл және командада жұмысты ұйымдастыру дағдыларын жетілдіру.


Өндірістік тәжірибе игеру деңгейіне қойылатын талаптар

Студенттер практиканы Қазақстан Республикасы облыстарының денсаулық сақтау басқармаларымен бекітілген колледждің клиникалық базаларында, дуальдық оқыту туралы шартқа сәйкес өтеді (№1 қосымша).

Студенттер күніне 9 сағаттан жұмыс істейді (5 күндік жұмыс аптасында). Клиникалық практикаға басшылықты тьютор мен ментор жүзеге асырады. Практика бағдарламасының орындалуын бақылау, бағалау сұхбатын өткізу, консультативтік көмек көрсету колледж директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктеледі.

Практика базасына келгеннен кейін студенттерде: практикаға жолдама, жұмыс бағдарламасы/практиканың силлабусы, медициналық киім, ауысымдық аяқ киім, клиникалық практиканың күнделік-есебі болуы тиіс.

Студент-практикантқа медициналық ұйымның ішкі еңбек тәртібінің қағидалары қолданылады. Студенттің практика базасы мен уақытын өз бетінше өзгертуге құқығы жоқ. Студенттердің практика мен жұмыс уақытына баруын ментор бақылайды.

Студенттің практикадан өту кезіндегі міндеттері:

-клиникалық практиканы өткізуге жауапты практика бөлімі мен практика тьюторы

өткізетін клиникалық практика жөніндегі анықтамалық конференцияға қатысу;

  • клиникалық практика бағдарламасында көзделген тапсырмаларды адал және белсенді орындау, практикалық дағдыларды меңгеру;

  • медициналық ұйымның ішкі еңбек тәртібінің (практика базасының) қолданыстағы ережелеріне бағыну;

  • қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан өту және қауіпсіздік ережелерін сақтау;

  • атқарылатын жұмыс үшін жауапкершілік;

  • жүргізілген жұмыстың есебін жүргізу;

  • бағалау сұхбатына күнделік-есепті ұсыну.



Өндірістік тәжірибе бағдарламасын орындамаған, бағалау сұхбатында «практика есептелмеді» деп бағаланған студент колледж әкімшілігі белгілеген мерзімде клиникалық практикаға қайта жіберіледі.

Клиникалық практиканы ұйымдастыру және өткізу

Клиникалық практиканы ұйымдастыруға және өткізуге үш тарап қатысады:

1. тьютор-оқытушы, ол практиканы ұйымдастыруды жүзеге асырады, нұсқаулық береді, бақылайды және ментормен бірге бағалау сұхбатына қатысады;

2. ментор – клиникалық практикадан өту кезеңінде студенттерге теориялық білім мен практикалық дағдыларды клиникалық базада бекітуге ықпал ететін білікті медицина қызметкері.

3. студент.
Тьютордың рөлі

  • медициналық ұйым қызметінің құрылымын, түрін және көлемін біледі;

  • әр білім алушы үшін клиникалық практикадан өту уақыты мен ұзақтығын клиникалық базамен алдын ала келіседі;

  • практика жетекшісіне қажетті құжаттарды ұсынады;

  • клиникалық практиканы дамыту мәселелерінде әртүрлі қатысушылармен өзара іс-қимыл жасайды;

  • ментормен бірге білім алушының білімі мен іскерлігіне бағалау жүргізеді;

  • клиникалық практиканы бағалауға жауапты.



Ментордың рөлі:

  • практика бағдарламасына сәйкес клиникалық практиканы өткізуді қамтамасыз етеді;

  • білім алушыға эмоциялармен күресуге көмектеседі;

  • клиникалық (практикалық) дағдыларды меңгеруде, теорияны практикада бекітуде көмекші;

  • студенттің кәсіби әлеуметтенуінде, тиімді жұмыс қарым-қатынасын қалыптастыруда көмекші;

  • студенттің клиникалық оқудағы прогресін талдайды және бағалайды;

  • студенттің кәсіби және жеке өсуіне ықпал етеді;

  • практика құжаттамасын жүргізуге көмек көрсетеді;

  • бөлім қызметкерлерінің, тьютордың пікірлерін ескере отырып, клиникалық практикаға (күнделікті, аралық, соңғы) бағалау жүргізеді.

Студенттің рөлі:

  • практикадан өтуге рұқсат алады;

  • клиникалық базаның қызметімен танысады;

  • бағдарламаға сәйкес клиникалық практикадан өтеді;

  • практика күнделігінде күн сайын практикада іске асырылатын мақсаттарды, игерілген дағдылар бойынша жұмыс түрлерін көрсететін жазбалар;

  • инфекциялық және техникалық қауіпсіздік, құпиялылық ережелерін, этикалық нормаларды сақтайды;

  • клиникалық практикадан уақтылы өтуге жауапты;

  • практикалық бағдарламада қарастырылған тапсырмаларды сапалы және толық көлемде орындайды;

  • практикадан өту орны мен мазмұнына байланысты қажетті медициналық құжаттарды уақытылы және сапалы толтырады;

Өндірістік тәжірибе өткізу алдында клиникалық практика модуліне байланысты медициналық ұйымдар айқындалады, менторлар жоспарланады (ментор:студент арақатынасы нұсқаларын оқу орны айқындайды).

Клиникалық практика «Менторларды даярлау бағдарламасы» Ұлттық екі апталық бағдарламасы бойынша оқытылған ментордың басшылығымен медициналық ұйымдарда жүргізіледі. Осы бағдарлама бойынша менторларды оқытуды «Тренерлер тренингі» бағдарламасы бойынша дайындалған жаттықтырушылар жүзеге асырады.

Менторлықтың маңыздылығы – ментордың жұмыс орнында оқумен бірге практикалық дағдыларды, базалық және кәсіби құзыреттерді меңгеруде басты рөл атқаратындығында.

Менторлар практика бағдарламасымен, практикадан өту уақыты мен ұзақтығымен, сондай-ақ күтілетін оқу нәтижелерімен танысады.

Білім алушыларды клиникалық практикаға жіберу клиникалық базаны, өту мерзімін және практика жетекшісін көрсете отырып, колледж директорының бұйрығымен ресімделеді. Клиникалық базалар ұйымның жобалық қуатына, сондай-ақ оқытылған менторлардың санына байланысты толтырылады. Клиникалық практикаға шығар алдында білім алушы мынадай құжаттарды: силлабусты, құпия ақпаратты жарияламау туралы міндеттемені, студенттің жұмыс кестесін, жолдаманы, студенттің практикалық дайындығын бағалау сауалнамасын, тиімді оқыту ортасының бағалау шкаласын, тәлімгерлік қызметті (CLES + T шкаласы (Mikko Saankoski, 2008 ж.) және клиникалық практиканың күнделік-есебін таныстыра және ұсына отырып (№2-6 қосымшалар); анықтамалық конференция өткізеді.


Практиканың бірінші күні ментор студенттерді медициналық ұйымның құрылымымен, қызметкерлермен және бөлімше жұмысының ерекшеліктерімен (ішкі тәртіп және қауіпсіздік техникасы ережелерімен) таныстырады. Ментор студенттермен байланыс деректерімен алмасады, бірлескен жұмыс үшін кестені келіседі және оқыту мүмкіндіктерін анықтайды (бұл бөлімшеде нені оқуға болады), бастапқы сұхбат үшін уақыт пен орынды ұйымдастырады (студент, ментор, тьютор). Ол мыналарды анықтайды:

  • дамытылатын құзыреттіліктер;

  • студенттің білім деңгейі;

  • алдыңғы клиникалық тәжірибелер;

  • студенттің оқу мақсаттары;

  • студентке арналған оқу стилі (аудиал, визуал, кинестетик);

  • оқытудың бірлескен перспективалары.

Өндірістік тәжірибеден өту кезінде ментор:

  • клиникалық практика алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі;

  • студенттерге кәсіби құзыреттіліктерді меңгеру және иеленуге жеке көмек көрсетеді;

  • үздіксіз педагогикалық қолдау көрсетеді;

  • студенттік жеке қажеттіліктерді анықтау мен іске асыруда, оның ішінде психологиялық жайлылықты қамтамасыз етуде қолдау көрсетеді;

  • тиімді кері байланыс береді;

  • студенттің іс-әрекеті мен өзін-өзі бағалауын көтермелейді;

  • оқуы жайлы пікір білдіріп, жетілуге қатысты кеңестер береді;

  • білім, білік немесе құзіреттіліктің даму деңгейін анықтайды.

Өндірістік тәжірибе аяқталғаннан кейін ментор студентке (студент, ментор, тьютор) бағалау сұхбатының уақыты мен орнын ұйымдастырады. Онда:

  • оқу мақсаттарына қол жеткізу туралы айтып беруді, оған не білетінін және не істеу керек екенін анықтауға көмектесе отыра өзін-өзі бағалауды жүргізуді ұсынады;

  • клиникалық практиканы бағалаудың қойылған мақсаттары мен критерийлеріне сәйкес білімді, дағдыларды немесе құзыреттерді игеру деңгейін анықтайды;

  • клиникалық практикадан өту және клиникада оқу ортасын ұйымдастыру нәтижелері бойынша пікір береді. Ментордың еңбекақысы №.7 қосымшаға сәйкес есептеліп төленеді.

Өндірістік тәжірибеден қорытындысы бағалау сұхбаты болып табылады (практика есептелді немесе есептелмеді).

Өндірістік тәжірибеден өту критерийлері
Өндірістік тәжірибеден қанағаттанарлық өту критерийлері (практика есептелді).

Білім алушы:

  • клиникалық практиканың мақсаттарын анықтай алады;

  • клиникалық практика мақсаттарына қол жеткізді;

  • клиникалық практика кезінде өз бетінше жұмыс істеу тәсілін дамыта алды;

  • өзінің кәсіби дамуына жауапты;

  • өзінің оқу процесінің күшті және әлсіз жақтарын талдай алады;

  • кері байланысты беруге, қабылдауға қабілетті және кері байланысты өз пайдасына тиімді пайдалана алады;

  • пациенттің қауіпсіздігі үшін өзіне жауапкершілік алады;

  • ынтымақтастыққа қабілетті;

  • кәсіби өзара іс-қимыл мен өзін-өзі танытуға қабілетті болып табылады.



Өндірістік тәжірибеден қанағаттанғысыз өту критерийлері (практика есептелмеді).

Білім алушы:

  • клиникалық практиканың мақсаттарын анықтай алмайды;

  • практика кезінде дағдыларын дамытпаған немесе толық дамытпаған;

  • жүйелі түрде сол дағдыларда қате жібереді;

  • клиникалық практика кезінде өз бетінше жұмыс істеу тәсілін дамыта алмады;

  • пациенттің қауіпсіздігін ескермейді;

  • өзінің кәсіби дамуы үшін өзіне жауапкершілік алмайды;

  • өзінің оқу процесінің күшті және әлсіз жақтарын талдай алмайды;

  • кері байланысты бере алмайды, қабылдай алмайды және кері байланысты өз пайдасына тиімді пайдалана алмайды;

  • клиникалық практика мақсаттарына жете алмайды.

  • ынтымақтастыққа қабілетті емес;

  • кәсіби өзара іс-қимылда елеулі қиындықтары бар;

  • өзін танытуда қиындықтарға ие;

  • кәсіби тілді меңгермеген.


Қорытынды
Кәсіби өмірдегі мақсаттарға сәтті жетудің кілті өзгерістерге тез бейімделуде, жағдайдың динамикасы мен белгісіздігі жағдайында шешім қабылдау қабілетінде, стандартты емес жағдайлар туындаған кезде тез әрекет етуге дайын болуда екендігі мәлім.

Бұндай жағдайлардағы сәттіліктің кепілі – бұл негізгі білімге, білікке және дағдыларға ие болу ғана емес, сонымен қатар өмірге және қызметке деген шығармашылық көзқарастың жемісі болып табылатын стандарттар, форматтар мен шаблондарға сәйкес келмейтін оригиналды шешімдерді, ерекше идеяларды оңай ойлап табу мүмкіндігі болып табыладыОсыған байланысты бәсекеге қабілетті маман даярлаудағы клиникалық практиканың рөлін асыра бағалау қиын. Оқытудың осы түрі барысында студенттер мамандық бойынша белгілі бір жұмыс түрлерін орындап қана қоймай, жылдамдық дағдылары мен машықтарын қалыптастырады және жетілдіреді, тиісті мамандық пен біліктілік деңгейіне сәйкес келетін білікті маманның еңбек өнімділігін арттыру тәсілдерін игереді, сонымен қатар өндірістік тәжірибені кеңейтеді және тереңдетеді, өндірістік жұмыстарды орындаудың заманауи техникасы мен технологияларын игереді, ұйым ұжымының өндірістік және қоғамдық өміріне қосылады.

Бұл ретте оларға медициналық ұйымдардың қызметкерлері: басшылар, тәлімгерлер үлкен көмек көрсетеді. Колледж педагогтары мен өндірісшілердің күш-жігерін ортақ арнаға салуға олардың болашақ мамандарды дайындаудың педагогикалық негіздерін, білім алушыларды кәсіби оқыту және тәрбиелеу әдістемесін білуі, осынау маңызды іске бар күші менен шеберлігін салуы ғана мүмкіндік береді.Колледж түлектерінің жоғары кәсіби дайындығы – олардың еңбек нарығында сұранысқа ие болуының басты кепілі.