Файл: Трбиелеубілім беру процесіні циклограммасы Білім беру йымы Мектепалды А сынып Балаларды жасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы:

Мектепалды «А» сынып

Балалардың жасы: 5жас

Жоспардың құрылу кезеңі: 12.12 - 15.12 желтоқсан айы,2022-2023оқу жылы 2 апта

Күн тәртібінің кезеңдері

Дүйсенбі

12.12.2022

Сейсенбі

13.12.2022

Сәрсенбі

14.12.2022

Бейсенбі

15.12.2022

Жұма


Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі көңіл-күймен келуіне жағдай жасау. Балаларға тәрбиешінің толық аты - жөнін атап сәлемдесуді пысықтау. Баладан қандай көңіл күймен келгенін сұрап, баланы жеке пікірін білдіруге тарту (сөйлеуді дамыту).

Ата-аналармен әңгімелесу,

Кеңес беру

Ата-аналармен бала денсаулығы,баланың үйдегі күн тәртібі,жетістіктері,баланы дамыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша әңгімелесу

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар,үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

«Дамытушы Лото»

Қор.орт.танысу,таным

дық,ойын іс-әрекеті

«Жоғалған дыбыс»

Қарым-қатынас іс -әрекеті

«Дауысынан таны»

Танымдық ,зерттеу іс-әрекеті

«Қуырмаш»

саусақ ойыны

Қарым-қатынас,еңбек іс-әрекеті




Таңертенгі жаттығу

Қараша айына арналған таңертеңгі жаттығулар кешені №1 (Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті).

Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

Қайырла таң көк аспанә

Қайырлы таң жер ана.

Қайырлы таң достарым.

Сәлем,сәлем,сәлем.

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын күн келді.

Қайырла таң,

Қайырлы күн,

Күліп шықты күн бүгін.

Ашық менің жүрегім,

Ылғи күліп жүремін

Бірге ойнап бір жүрер,

Достарым көп білемін.

Бақыт деген –

Осы шақтың шеңбері

Қол ұстасып тұрайықшы,кел бері

Бақыт деген-

Көрмей қалса сағынып,

Мені іздейтін

Адал жүрек достарым..




Ұйымдастырылған

іс-әрекеттер

Сөйлеуді дамыту

- интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді дамыту.

Сөйлемдердің үш түрі болады. Біріншісі - хабарлы сөйлем. Бір нәрсені хабарлап тұрады. Сөйлем соңына нүкте қойылады.
Мысалы:
Нүкте деген білгенге,
Жай ғана бір ноқат па?!
Жоқ онсыз сөйлем де,
Жоқ өлең де, жоқ хат та!
Жазып жатқан кездерде
Асықпай ол күтеді,
Асқан дана сөздер де,
Сол нүктемен бітеді.
Ал – балалар келесі тапсырмамыз, бұл суреттерге қарап өз қалауынша хабарлы сөйлем құрастырамыз.

Сөйлемнің екінші түрі - лепті сөйлем. Адамның түрлі көңіл күйін - қуану, ренжу, өкіну, таңдану т. б білдіреді.
Мысалы: Алақай! Қар жауды! Лепті сөйлем ерекше сезіммен айтылады.

Үшінші сөйлемнің түрін сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлем дер бір нәрсені сұрап білуді білдіреді.

Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?

(А.Меңжанова)

Математика негіздері

-Заттарды әртүрлі белгілері бойынша (түсі, пішіні, өлшемі, материалы, қолданылуы) салыстыра білуге үйретуді жалғастыру.

«Айырмашылығын тап» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Балаларға екі суреттің немесе заттың айырмашылығын таба білуге; өз ойын айта білуге үйрету; ақыл-ойларын дамыту; шыдамдылыққа, досының жауабын тыңдай білуге дағдыландыру.
Мазмұны.
Бұл ойында тәрбиеші сенсориканы, көлемді, кеңістік қатынасын, санын салыстыру үшін белгілі бір мақсатты көздейді. Ары қарай салыстыратын заттардың санын арттыра отырып, бірнеше нұсқаларын қатарынан істеуге болады. Ойын өткен материалды бекітуге арналған. Тәрбиеші балалардың сөйлемді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалайды.
Балалар екі сайқымазақты салыстырады. Салыстыруда мына сөздер пайдаланылады: кең – тар, қалың – жұқа, ұзын – қысқа.

Сауат ашу негіздері

сөйлемдегі сөздердің ретін, санын анықтау. берілген сөзге сөйлем құрастыру дағыдысын одан әрі жетілдіру.

«Өз үйіңді тап»

-сөйлемдегі сөздердің ретін, санын анықтау. берілген сөзге сөйлем құрастыру дағыдысын бекіту.

Шарты:

Екі,үш сөзден тұратын сөйлемнің сызбасын үш немес екі терезелі үйге орналастыраулары тиіс.

Мысалы: «Қыс» сөзіне сөйлем құрастырып,сөйлемде неше сөз бар екенін тауып,сөйлемдегі сөздің санын білдіретін сызбаны үйшіктің терезе санына қарай орналастырулары тиіс.

Дене шынықтыру

- бір аяқпен және қос аяқпен құрсаудан құрсауға секіру (арақашықтықтығы 40 сантиметр),

(Ұ, ПК ) Балаларға спорт түрлерін атау ұсынылады. «Денесі шыныққан адамдар сымбатты келеді. Олар қуатты, ширақ, көтеріңкі көңіл күйде болады». Сен аз да болса оларға ұқсағың келе ме? Бұл үшін саған тек спорт көмектесе алады! «Денсаулық адамға күш-қуат беріп, табысқа жетелейді. Сені ерігуден, сандалып бос жүруден арылтады». Спортшыларды жаттықтыруды және спортта қажет сапа-қасиеттерді дамытуды ұсынады. (Ұ) Жинақылыққа баулу Бір-бірден қатарға тізіліп тізбекке тұру. Бір-бірден тізбекке тұрып тізені жоғары көтеріп жүру, жүру; Баяу қарқынмен 2.5 минут үздіксіз жүгіру. Тыныс алу жаттығулары «Біз спортпен шұғылданып, тезірек өсеміз», – деп аяқтың ұшымен тұрып, қолды жоғары көтеріп, ішке дем тартады. «Күн сайын биіктей береміз», – деп қолды төмен түсіріп, табанмен тұрып, демді сыртқа шығарады. Қатар тізбекке тізіліп, залдың қарсы бетіне жүреді. Барлық баламен бірдей адымдау қажеттігін ескертеді. Гантельмен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары. Тапсырмаларды топ болып орындау. Күшті жаттықтыру. (Т) Толтырылған доптармен жүгіру. Топтың бірінші ойыншысы доппен жүгіріп, құрсауды айналып кері қайтады да, допты келесі балаға береді. Толассыз тәсілмен қимыл-қозғалыс орындау кезінде қауіпсіздік техникасына, қозғалыс ретіне – мәре сызығына жақын келу, тапсырманы орындау, затты айналып тізбектің соңына қайта оралуға балалардың назарын аударады. (Ұ, Т, Ө) Төзімділікті жаттықтыру Білек пен тізеге сүйене отырып гимнастикалық орындық үстімен еңбектеу. Балалар орындықта/бөренеде қимыл-қозғалыс орындағанда аяқ-қол жұмысының үйлесуіне назар аударады.


Қоршаған ортамен танысу

ұлттық мереке (Тәуелсіздік күні) маңыздылығын түсіну, оларға белсенді қатысуға үйрету.

«Ортақ суреттерді тауып,орналастыр»

ойыны.

Шарты: Тәуелсіз Қазақсан сөзіне қатысы бар суреттерді тауып,шеңберге орналастырады.Рәміздер,

ата заң, бәйтерек,

Қазақ тілі

-тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән ү, ұ, і, дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыруды жалғастыру.

«Сөздер тізбегі»

-тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән ү, ұ, і, дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыруды жалғастыру.

Шарты: ү,ұ,і дыбыстары бар суретті карточкаларды жинақтай отырып, сөздерді атайды және дыбыстың сөз ішінде қай жерде кездесіп тұрғанын дыбыстып,айта отырып,орнын анықтайды. Мысалы: үй-сөзінде ү дыбысы сөздің басында естіліп тұр. Ірімшік сөзінде і дыбысы сөздің басында және сөз соңында тұр.Құс сөзінде ұ дыбысы сөз ортасында,ұршық сөзінде ұ дыбысы сөз басында тұр.Сөздердің мағанасына тоқталып,түсінік беру.Дыбыстық талдау жасайды.Қарым-қатынас іс -әрекеті

Көркем әдебиет

-баланың басқа құрдастарымен және ересектермен түрлі дереккөздерден: ғаламтордан, теледидардан, жақындарының әңгімесінен алған ақпараттарымен, әсерлерімен бөлісуіне мүмкіндік беруді жалғастыру.

Ойын "Интервью". 

Алдымен балаларды жаңа сөздермен таныстыру керек.
Интервью –газет, теледидар немесе радиодан берілетін сұхбат әңгіме.
Тілші – сұрақ қойып отыратын кісі. 
Респондент – сұраққа жауап беретін адам.

Балаларды микрофонға нық сөйлеуге үйрету керек. Ол үшін балаларды 10 дейін өсу, кему ретімен санауды ұсыныңыз. Сосын балаларға рөлдерді бөліп беріңіз. Мүмкін болатын тақырыпты талқылаңыз. Тілшілер сұрақ бастайды. Сосын әңгімені ұжым боп тыңдап, талқылайды. Мүмкін болар тақырыптар: театрға барғанын, көрген қойылымды талқылау; мерекені талқылау; суреттер көрмесін, қызықты кітапты, аптада болған ең қызықты оқиғаларды.

Музыка

-марш сипатын анық ырғақты жүрумен; музыканың қимыл сипатын жеңіл және ырғақпен жүгіру, жүрелеп отыру арқылы бере білуді жетілдіру.

Тақырыбы: «Музыкалық аспаптар дүкені»

Мақсаты: Балаларға арналған музыкалық аспаптардың дауыс тембрін ажыратуға үйрету. Аспаптарда өз еріктерінше ойнауға, шығармашылыққа баулу.

1. Балалар музыка залына қолдарына жалауша алып көңілді маршпен кіреді.

Ойын: Балалар аспап түрлеріне сәйкес бірнеше қатар болып отырады. Музыка жетекшісі ширма артында аспапта ойнайды.

2. Музыка тыңдау «Тұлпарым».

3. Ән айту «Қуыр-қуыр-қуырмаш»

Әннің мәтінін үйрету.

4. Музыкалық-ырғақты қимыл:

Лентамен жаттығу.

1.Қолды екі жаққа жайып жоғары көтеру, қайта түсіру.

2.Қолды жоғары көтеріп денені оңға , солға иілту.

3.Лентаны жоғары көтеріп орындарында тұрып айналу.


Сауат ашу негіздері

үзік сызықтарды бастырып олардың арасындағы арақашықтықты сақтап, алдымен үлгі бойынша және кейіннен өз бетінше жазуға мүмкіндік беру.

«Көңілді сызықтар» қол жаттықтыру жұмысы.

Математика негіздері

-геометриялық фигуралар (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш пішіндерімен таныстыруды жалғастыру.

«Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Геометриялық денелер мен фигуралар туралы білімдерін бекіту; айналадағы заттардың геометриялық пішінін ажырата білу дағдыларын дамыту.
1-нұсқа.
Тәрбиеші геометриялық пішінді немесе геометриялық денені балаларға көрсетеді, ал балалар оның қоршаған ортадағы қандай затқа ұқсайтындығын табады немесе естеріне түсіреді.
2-нұсқа.
Тәрбиешінің үстелінің үстінде геометриялық пішіндерді немесе заттар мен суреттер жатыр. Бала суретті не затты таңдай отырып, оның қандай пішінге ұқсайтындығын айтады. Өзінің жауабын түсіндіреді.

Қазақ тілі

азық-түлік атауларын (бидай, күріш, арпа, жүгері, талқан, тары, жент, құрт, сүзбе, шұбат, қымыз, айран сөздермен толықтыруды жалғастыру.

«Дүкен» сюжетті рөлдік ойын

Мазмұны: дүкен сөрелеріндегі дәнді дақылдар мен сүт өнімдерінің суреттерін,макетін қойып,балалар атауын атап,алулары тиіс.

Дене шынықтыру

-допты екі қолымен заттардың арасымен (арақашықтығы 4 метр) жүргізу

(Ұ, ПК ) «Мен осындаймын, біз осындаймыз» ойын жаттығуы. Балалар шеңбер құрып тұрады. Шеңбер ортасына бір бала шығып, «Мен – әдемімін (сымбаттымын)!» – дейді де тиісті қимыл көрсетеді, қалғандары хормен «Біз – әдеміміз (сымбаттымыз)!» деп айтады да, қимылды қайталайды. Содан кейін келесі бала шығып, өзінің жеке қасиетін атайды

(Ұ, Ө) Жүру, доппен түзету жаттығулары: қолға доп ұстап (оң қол астында) жүру, аяқ ұшымен жүру – допты алдыға ұстап бұрыла кеудеден беру. Екі-екіден тізбекке тұру. Доппен жалпы дамыту жаттығулары. (Ұ, ПК) Қос қолмен допты жерге соғу. Нұсқау – доптың жерге соғылу күшін саралап, секіріп кеткен допты ұстап алу мүмкіндігін сәйкестендіру. (Т, Ө) Гимнастикалық орындықта алақан мен тізеге сүйене отырып еңбектеу. Бала бұл жаттығуды жасағанда орындық үстінде оның аяқ пен қолының үйлесімді жұмыс істеуіне назар аударады. (Т, Ө) Тепе-теңдік – басына қапшық қойып, қолын белге қойып, еденде созылып жатқан арқан үстімен бір бүйірмен адымдап жүру. Нұсқау – өкшені арқан табан ортасында болатындай етіп қою


Сөйлеуді дамыту

- интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді дамыту.

Ажарлы қыс (сурет бойынша әңгіме құрау)

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды. Мұз болады, қатады.

Жып-жылтыр боп жатады.

-балалардан қыс мезгілінде неше ай бар екенін сұрау? Қыс мезгілі ұнай ма, несімен ұнайды? – деп сұрақ қойады.

Демонстрациялық материал.

-Ендеше, мына үлгі суретке қарап, әңгіме құрайық. Суретте қарап, көргендеріңді өз қиялдарыңмен толықтырып, әңгіме құрап көріңдер.

-Суретке мұқият қарап, тақырып қойыңдар. Сендер суретте шанамен сырғанап жүрген балаларды, коньки теуіп жүрген баланы көріп отырсыңдар, балаларға ат қоя отырып, әңгіме құраңдар.

«Бұл суреттің тақырыбын сендер қалай деп атайтын едіңдер?» деген ұсыныс айтады педагог.

Балалардың ойларын қорыта келе: «Бұл суреттің тақырыбын "Ажарлы қыс " деп атасақ қайтеді, келісесіңдер ме?» – деп сұрау.

-Балалар "ажарлы " – сөзі «көрікті, әсем, тамаша, сұлу» деген мағынаны береді. Қол көтеріп, әңгіме құрауға қызығушылық танытқан балалардың бәрінің ойын тыңдау. Жақсы әңгіме құраған баланы мақтау.

Балалардың, құраған әңгімелері ұнағанын айтады, балалардың өздеріне ұнаған, ұнамағандарын сұрау.

-Балалар, сендер құраған әңгімелерің сөйлемнен тұрады, ал сөйлем сөзден құралады.

-Балалар, сөз дегеніміз айтылатын бір ой. Егер сен «қыс», «қар», «шаңғы» деген сөздерді ойлап айтсаң, сол сөзді өрбітіп сөйлем құрауға болады. Сөйлем дегеніміз – тиянақты жинақталған бір ой. Сөйлемдер сұраулы сөйлем, хабарлы сөйлем болып бөлінеді. Әр сөйлемнің өзінің тыныс белгілері бар. Хабарлы сөйлемнен соң нүкте қойылады. Қуанышты, көңіл күйді білдіретін сөзддерге леп белгісі қойылады, сұраулы сөйлемнен кейін сұрақ белгісі қойылады.

Қоршаған ортамен танысу

- Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астана, республикадағы қалалар мен ауылдардың атаулары, олардың көрікті жерлері, ауыл мен қала өмірінің ерекшеліктері туралы ұғымдарын байыту.

Дидактикалық ойынның атауы: «Ойлан , тап!»

Құралдар жабдықтар: Қазақстанның көрікті жерлерінің суреттері

Ойын барысы: Тәрбиеші балаларды бір – бірлеп ортаға шығарады , содан кейін кез келген суретті ұсынады, бала қолында ненің суретін ұстап тұрады , соны сипаттап айтып беру керек , ал қалған балалар не нәрсені сипаттап айтып тұрғанын табу керек.

Көркем әдебиет

санамақ, жаңылтпаш айта білу дағдыларын жетілідру.

Тақпақ жаттап, Айтсақ жақсы-ақ. Жатка тақпақ Жатта тақ-тақ

Ғарышкер ұшты ғарышқа. Ғарышқа ұшты ғарышкер. Айтшы, ғарыш алыс па?

Музыка

-қазақ халқының би өнерімен таныстыру. Қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқандығын, ол халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, әнкүйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы екенін түсіндіру.

Тақырыбы: «Күн мен бұлт»

Мақсаты: Балалардың есту, тыңдау қабілеттерін дамыту. Әр – түрлі сипаттағы әуендерді ажырату қабілеттерін дамыту. (көңілді,қуанышты, мұңды, көңілсіз).

1.Балалар музыка залына қолдарына жалауша алып көңілді маршпен кіреді.

Үш карточка бірінші карточкада жарқырап тұрған күннің көзінің суреті, екінші карточкада бұлт басқан күннің көзінің суреті, үшінші карточкада жаңбыр мен бұлттың суреті

Ойынға қатысушылар, ойын құралының санына байланысты алынады. Балаларға карточкалар таратылып, Үш түрлі музыкалық шығарма тыңдауды ұсынады.

Балалар бос шаршыларды әуеннің көңіл күйіне байланысты, суреті бар карточкалармен жабады. Әр сурет әуеннің көңіл күйіне байланысты.

2. Ән айту. «Көңілді күн»тұрып айналу.







Балалармен жеке жұмыс

Раяна, Балым, Имран, Досан, Таисия,

Қозғалыс кезінде қайтадан сап құрып тізбекпен жүру және бағытты өзгертіп жүру дағдыларын жетілдіру

Қимыл-қозғалыс іс -әрекеті

Сакен, Аймира

арнайы көлік құралдарының түрлерін, белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін олардың жабдықталуын түсіне білуге үйрету.

Қоршаған орта

Танымдық іс-әрекеті

Сакен, Аймира, Досан, Айерке

суретке қарап әңгіме құрауды және байланыстырып сөйлеуді үйрету

қарым-қатынас іс -әрекеті

Расул, Айзере, Айзере Ғ. Таисия

Берілген дыбысқа сөз құрап айта білу дағдысын жетілдіруге жұмыс жүргізу

қарым-қатынас іс -әрекеті




Серуенге дайындық

Киімдерін реттілік сақтап дұрыс киінуге үйрету. Достарына көмектесу.

Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету. Таза ауада қандай ойындар ойнайтынын балалармен жоспарлау. (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).

Серуен

Ауа-райын бақылау

Қарым-қатынас іс-әрекеті

Қимылды ойын «Үкі мен жәндіктер»

Балалардың еркін ойыны

Қысқы бақшаны бақылау.

Қарым-қатынас іс әрекеті.

Қ/ойын «Иықтасу»

ойын қозғалыс қызметі


Қардын жауғанын бақылау

Қарым-қатынас іс-әрекеті

Балалардың еркін ойыны


Жеңіл көліктерді бақылау

Қарым-қатынас,

танымдық іс-әрекеті

Балалардың еркін ойыны.




Балалардың үйге қайтуы

Кеңес: Тұмаудың алдын алу.Екпе жұмыстары жайлы айту.

Балаларға өздері тұратын мекен жайларыны естеріне салып,жатқа білуге дағдыландыру.

Кеңес: Баланы қоршаған ортаны танып білуге дағдыландыру

Кеңес:Балаға жеке басының тазалығын қадағалыуды үйрету.