Файл: Мектепалды А сынып Балаларды жасы 5жас Жоспарды рылу кезеі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы:

мектепалды «А» сынып

Балалардың жасы: 5жас

Жоспардың құрылу кезеңі: 05.12 - 09.12 желтоқсан айы,2022-2023оқу жылы 1 апта

Күн тәртібінің кезеңдері

Дүйсенбі

05.12.2022

Сейсенбі

06.12.2022

Сәрсенбі

07.12.2022

Бейсенбі

08.12.2022

Жұма

09.12.2022

Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі көңіл-күймен келуіне жағдай жасау. Баладан қандай көңіл күймен және кіммен келгенін сұрап, баланы жеке пікірін білдіруге тарту (сөйлеуді дамыту).

Ата-аналармен әңгімелесу,

Кеңес беру

Ата-аналармен бала денсаулығы,баланың үйдегі күн тәртібі,жетістіктері,баланы дамыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша әңгімелесу

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар,үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

«Бұл қай кезде болады?»

Қор.орт.танысу,таным

дық,ойын іс-әрекеті

«Өрнекті жалғастыр» құрастыру

Танымдық іс -әрекеті

«Фонарики» ойыны

Танымдық ,зерттеу іс-әрекеті

«Көңілді буындар»

Қарым-қатынас,еңбек іс-әрекеті

«Ұшты-ұшты»

Танымдық іс-әрекеті

Таңертенгі жаттығу

Желтоқсан айына арналған таңертеңгі жаттығулар кешені №1 (Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті).

Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

Достығымыз берік боп,

Бекітейік беріп қол.

Қуанышты шеңберге ,

Қандай жақсы бір тұрған

Кел,балалар,күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады.

Күліп өмір сүрейік

Бәрінен мен күшті,

Деп айтады оң қол.

Неге сен,ал мен ше?

Деп келіспейді,сол қол.

Екі қолдың күштерін,

Кәне,сынап көрейік,

Оңға,солғатартайық,

Достастырып қайтайық.

Жалқаулықтан қашайық,

Жаттығулар жасайық.

Кәне,ширақ қимылмен

Кәнеки,қадам басайық.

Алға бас,досым,1,2,3

Тағы да біраз жүре түс.

Құлыншағым шапқылайды,тоқ-тоқ,

Тұяқтары тақылдайды,тоқ-тоқ.

Алыстағы ауылдарға шабады,тоқ-тоқ

Жасыл өлке жайлауға да барады.

Ұйымдастырылған

іс-әрекеттер

Сөйлеуді дамыту

- сөйлеуде интонациялық мәнерлілік құралдарын қолдану: дауыс қарқынын, логикалық үзіліс пен екпінді реттеу.

«Қысқа дайындық» ертегі

Математика негіздері

- теңдік туралы түсінік қалыптастыру, әртүрлі заттардан тұратын топтардың санын анықтау, топтарды санау және салыстыру негізінде сандық мәндерді дұрыс жалпылау.

 «Қайсысы артық?»
Мақсаты:  балалардың зейінін, ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: суреттер.
Ойын барысы: Балаларға үлестірмелі қағаздар беріледі. Әр қағазда бірнеше сурет бар, балалар мұқият қарап артық затты табады да атайды, себебін дәлелдейді.

Сауат ашу негіздері

сөйлемді ауызша талдау: жай сөйлемдерді сөздерге бөлуді жетілдіру.

«Кімде не бар?»

Ойынның мақсаты:Заттардын атын дұрыс атай білуді және сөзден сөйлем құрауды үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары:қолдарында заттары бар жануарлардың суреттері

Ойынның мазмұны:Суретте бейнеленген жануарлардың немесе ойыншықтардың қолында қандай зат бар екенін атайды және сол затты сипаттайды және затты қатыстырып,сөйлем құрайды.

Мысалы:қоянның қолында сәбіз бар,ол көкөніске жатады. т.б.

Дене шынықтыру

- гимнастикалық скамейканың бойымен екі қадам қашықтықта орналасқан іші толтырылған доптардан аттап өту;

(Ұ, ПК )

«төрт құдірет» ойын жаттығуы

Балалар шеңбер жасап жүреді. Тәрбиешінің бұйрығын орындайды: «жер» – қолды төмен түсіреді, «су» – қолды алға соза отырып жүзеді, «ауа» – құс секілді ұшады,

«от» – қолдарын айналдырады.

Жалғамалы жүріспен алға және артқа жүру, өкшеден аяқтың ұшына қарай салмақ сала жүру, жартылай отырып жүру. Қайталап жүгіру (3х10). Тыныс алуды қалпына келтіру.

(Ұ) Ырғақты жаттығу. Нұсқау – музыка үнімен ырғақты қимылдар орындау, музыка ырғағына сәйкес қозғалысты бастау және аяқтау.


Қоршаған ортамен танысу

- топта тазалық сақтауға, ойыншықтарды сүртуге, табиғат бұрышындағы тіршілік иелеріне күтім жасауға, кезекшілік міндеттерін жауапкершілікпен атқара білу дағдыларын жетілдіру

«Терезе алдында не өсіп тұр?» табиғат бұрышындағы гүлдерге күтім жасау.

Қазақ тілі

-азық-түлік өндірудегі тұрмыстық кәсібімен, тұрмыста, аң аулауда, мал өсіруде және егіншілікке қажетті құрал жабдықтарымен таныстыруды жалғастыру.

«Қажетті сөзді ойлан» ойыны

Көркем әдебиет

рөлдерде кейіпкердің көңіл күйі мен мінезін, бейненің қимылын, интонациясы мен мимикасын беру.

Е.Өтетілеуұлы «Әдептілік әлемі» өлеңі

Дидактикалық ойын: «Не істеу керек?»

Ойын шарты: Сұрақтарға жауап алу арқылы балаларды əдептілікке жетелеу.

  • Үлкен кісіні ... керек.

  • Үлкендердің ... алу керек.

  • Кішілерге ... керек.

  • Ойыншықтарды ... керек.

Музыка

- музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз жеке ән айту дағдыларын дамыту.

Тақырыбы: «Ақырын қатты»

Мақсаты: Тембрлік есту қабілеттерін дамыту.

1. Балалар музыка залына қолдарына жалауша алып көңілді маршпен кіреді.

Балаларға бір түсті бірақ әр түрлі реңктегі карточка жаймалары беріледі.

Балаларға: Көгілдір – ақырын музыка, қара көк – қатты музыка, көк – орташа.

Әрі қарай музыка жетекшісі әнді ақырын, қатты жіне орташа орындайды.

Балалар музыканы тыңдай отырып қолдарындағы фишкаларымен карточкаларды жабады.

2. Музыкалық-ырғақты қимыл: Яғни оңға, солға бұлғауға болады. Әннің шумағын үйреніп болған соң жалаушалармен жаттығу жасату.

Жалаушалармен жаттығу.

1.Қолды екі жаққа жайып жоғары көтеру, қайта түсіру.

2.Қолды жоғары көтеріп денені оңға , солға иілту.

3.Жалаушаны жоғары көтеріп орындарында тұрып айналу.

4. Жалаушаны ұстап жүру.


Сауат ашу негіздері

сөйлемдегі сөздердің ретін, санын анықтау. берілген сөзге сөйлем құрастыру дағыдысын одан әрі жетілдіру

«Біз нені үйрендік,нені білдік?»ойыны

Шарты: сөйлем сызбаларындағы сөздердің санын анықтайды. Берілген сөзге сөйлем құрастырады.

Математика негіздері

-10 көлеміндегі сандарды салыстыру, саны кем затқа бір зат қосу арқылы теңсіздіктен теңдік немесе саны көп заттан біреуін алып тастау арқылы теңдіктен теңсіздік шығару

«Зейінді бол» ойыны

Шарты: сандарды салыстыру, саны кем затқа бір зат қосу арқылы теңсіздіктен теңдік шығару.

Қазақ тілі

-тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән ү, ұ, і, дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыруды жалғастыру.

«Сөз айт,тез айт»ойыны

Шарты: қазақ тіліне тән ү, ұ, і, дыбыстарына сөз айтуы керек.Тәрбиеші допты дыбысты айтып балаға береді.Допты алған бала сол дыбысы бар сөз айтуы тиіс.

Дене шынықтыру

- жүрумен алмастыра отырып, 100-120 метр арақашықтықта жүгіру;

(Ұ, ПК ) Балаларға шеңбер құрып, жаттығу орындау үшін алақандарын біріктіру ұсынылады. «Қолымызды біріктіріп бәріміз біртұтас, бір отбасымыз деп елестетейік. Бәріміз бірге демімізді ішке тартамыз және сыртқа шығарамыз (3 рет). Өте жақсы. Жүрегіміздің қалай соғатынын тыңдайық. Түк – алға қадам аттау, түк – бір қадам артқа (3 рет)»

Жетондарды пайдалана отырып жаттығу жасауды бақылауды ұсынады.

Бір-бірінің артына біреуден тізбекке тұрып жүру.


Сөйлеуді дамыту

- зат есімдер мен жалпылаушы сөздерді дұрыс қолдана білуді дамыту.

«Алғашқы қар» суретке қарап,әңгіме құрастыру.

Қоршаған ортамен танысу

-балаларды адамгершілік құндылықтарға, өз іс-әрекеттері мен басқа адамдардың іс-әрекеттерін бағалай білу дағдысына үйрету.

«Құрылысшы» сюжетті рөлдік ойын

Көркем әдебиет

Баланың басқа құрдастарымен және ересектермен түрлі дереккөздерден: ғаламтордан, теледидардан, жақындарының әңгімесінен алған ақпараттарымен, әсерлерімен бөлісуіне мүмкіндік беруді жалғастыру.

«Тілші»ойыны

Музыка

-марш сипатын анық ырғақты жүрумен; музыканың қимыл сипатын жеңіл және ырғақпен жүгіру, жүрелеп отыру арқылы бере білуді жетілдіру.

Тақырыбы: «Менің балапандарым қайда?»

Мақсаты: Дыбыстық жоғары есту қабілетін дамыту мен бағдарлама материалын бекітуге арналған.

1.Көңілді музыкамен залға кіреді.

Музыкалық жетекші ойнауды ұсынады да әңгімесін бастайды: Бір аулада балапандарымен тауық , үйрек, қаз өмір сүріпті, ал ауланың сыртындағы ұяда құс балапандарымен тұрыпты. Бірде қатты жел соғып, жаңбыр жауды да, барлығы тығылып қалды. Ең бірінші болып өз балапандарын үйрек шақырады (суретті көрсетеді):

2. Ән айту. «Менің балапандарым, сүйкімді балақандарым қайды? Кря, кря!» (бірінші октаваның рес дыбысы бойынша ән салады).

Карточкаларында үйректің балапандарының суреті салынған балалар оларды көтеріп, былай деп жауап береді: «Кря – кря, біз мұндамыз» (екінші октаваның ля дыбысы бойынша ән салады).

Музыкалық жетекші былай деп жалғастырады: «үйрек өз балапандарын тапқанына қатты қуанады.

3. Музыка тыңдау.

Ал енді сендер ән тыңдаңдар.

«Балапан»

Сауат ашу негіздері

сөйлемдегі сөздердің ретін, санын анықтау. берілген сөзге сөйлем құрастыру дағыдысын одан әрі жетілдіру

«Кім зерек»

Математика негіздері

-10 көлеміндегі сандарды салыстыру, саны кем затқа бір зат қосу арқылы теңсіздіктен теңдік немесе саны көп заттан біреуін алып тастау арқылы теңдіктен теңсіздік шығару

«Не өзгерді?»

Шығармашылық іс-әрекет

«Билеп тұрған адам»

-мүсіндеудің әртүрлі әдістерін қолдану: құрылымдық (жеке бөліктерден) және мүсіндік (негізгі бөліктерді тұтас кесектен жасау). Затқа қарап мүсіндеуде ойыншықтарды, пішіні шағын мүсіндерді, халық шеберлерінің бұйымдарын қолдану

Дене шынықтыру

- бірнеше заттардан еңбектеп өту

(Ұ, ПК ) Балаларға өзіне сенімді болуды бір-бірінен үйрену ұсынылады.

«Тез шеңберге тұр»

Бір-бірінің артына бірден тізбекке тұрып жүру, бағытты өз- гертіп жүгіру, түзету жаттығуларын орындау. «Тез шеңберге тұр!» деген бұйрық бойынша қол ұстасып залдың ортасына дөңгелене тұрады.

.


Балалармен жеке жұмыс

Дархан,Асылай,Жанботамен

Дыбыстық талдау жасау.сөйлем құрауға үйрету.

қарым-қатынас іс -әрекеті

Р.Медина,Жұлдызаймен қоршаған әлемнің әртүрлілігі туралы әңгімелесу

Танымдық іс-әрекеті

Каусар Мединамен

Заттар тобының жалпы қасиетін табу,қандай да бір қасиеті бойынша топқа біріктіру.

қарым-қатынас іс -әрекеті

Саниямен заттарды санау дағдыларын жетілдіру

Танымдық іс-әрекеті

М Медина,Хадиша,

Жұлдызаймен Заттың пішінін,көлемін және өзіне лайықты бояу түстерін таңдап алуға үйрету.

Қозғалыс іс-әрекеті

Серуенге дайындық

Киімдерін реттілік сақтап дұрыс киінуге үйрету. Достарына көмектесу.

Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету. Таза ауада қандай ойындар ойнайтынын балалармен жоспарлау. (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).

Серуен

Жердің сулануын бақылау

Қарым-қатынас іс-әрекеті

Қимылды ойын «Жерде қалып қойма»

Балалардың еркін ойыны

Қардын еруін бақылау.

Қарым-қатынас іс әрекеті.

Қимылды ойын «Кім күшті?»

ойын қозғалыс қызметі

Балалардың еркін ойыны

Сынған бұталарды бақылау

Қарым-қатынас іс-әрекеті

Балалардың еркін ойыны «Қуаласпақ»


Қарлы бұлтарды бақылау

Қарым-қатынас,

танымдық іс-әрекеті

Балалардың еркін ойыны «Гараждар»


Мұздын еруін бақылау

Танымдық ,

Зерттеу іс-әрекеті

Қимылды ойын «Қасқыр мен қояндар»

Балалардың еркін ойыны

Балалардың үйге қайтуы

Кеңес:Үйде ойын бұрышын ұйымдастыру

Кеңес: «Көңілді күшік»

«Р» дыбысын қайталау

Кеңес:» Бала өміріндегі маңызы»

Кеңес:»Ата аналар нені білуі керек?»

Кеңес: пайдалы дәрумендер