Файл: 23 Топ мектепалды А сынып Балаларды жасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы:№23

Топ: мектепалды «А» сынып

Балалардың жасы: 5жас

Жоспардың құрылу кезеңі: 21.11 - 25.11 қараша айы,2022-2023оқу жылы 3 апта


Күнтәртібініңкезеңдері

Дүйсенбі

21.11.2022

Сейсенбі

22.11.2022

Сәрсенбі

23.11.2022

Бейсенбі

24.11.2022

Жұма

25.11.2022

Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі көңіл-күймен келуіне жағдай жасау. Балаларға тәрбиешінің толық аты - жөнін атап сәлемдесуді пысықтау. Баладан қандай көңіл күймен келгенін сұрап, баланы жеке пікірін білдіруге тарту (сөйлеуді дамыту).

Ата-аналармен әңгімелесу,

Кеңес беру

Ата-аналармен бала денсаулығы,баланың үйдегі күн тәртібі,жетістіктері,баланы дамыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша әңгімелесу

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар,үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

«Бұл қай кезде болады?»
Қор.орт.танысу,таным

дық,ойын іс-әрекеті

Құрылыс ойыны: «Қуыршаққа үй құрастырамыз»
Қарым-қатынас іс -әрекеті

«Көйлекті әшекейле »үстел үсті ойыны
Танымдық ,зерттеу іс-әрекеті

«Құлып»

саусақ ойыны

Қарым-қатынас,еңбек іс-әрекеті

«Екі шеңбер»
Танымдық іс-әрекеті

Таңертенгі жаттығу

Қараша айына арналған таңертеңгі жаттығулар кешені №2 (Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті).

Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

Достығымыз берік боп,

Бекітейік беріп қол.

Қуанышты шеңберге ,

Қандай жақсы бір тұрған

Кел,балалар,күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады.

Күліп өмір сүрейік

Бәрінен мен күшті,

Деп айтады оң қол.

Неге сен,ал мен ше?

Деп келіспейді,сол қол.

Екі қолдың күштерін,

Кәне,сынап көрейік,

Оңға,солғатартайық,

Достастырып қайтайық.

Жалқаулықтан қашайық,

Жаттығулар жасайық.

Кәне,ширақ қимылмен

Кәнеки,қадам басайық.

Алға бас,досым,1,2,3

Тағы да біраз жүре түс.

Құлыншағым шапқылайды,тоқ-тоқ,

Тұяқтары тақылдайды,тоқ-тоқ.

Алыстағы ауылдарға шабады,тоқ-тоқ

Жасыл өлке жайлауға да барады.

Ұйымдастырылған

іс-әрекеттер

Сөйлеуді дамыту

«Ең тәтті дүние?» ертегі

Байланыстырып сөйлеу.

Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологты байланыстырып құра білу, әңгімені бірізді айту, шағын логикалық және хабарлау сипатындағы әңгімелерді құрастыру.

Ертегі мазмұнын әңгімелеп беру.

-Ертегі кейіпкерлері нені ұнатады?

-Ал өзің қандй тағам түрін ұнатасың?

«Нені ұнатады?» ойыны

Ешкі,борсық,аю,қоянның сүйікті тағамдарын тауып,байланыстыру.

Математика негіздері

геометриялық фигуралар (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш пішіндерімен таныстыруды дамыту.

«Ұқсас затты тап» ойыны

Ойынның мақсаты: Үшбұрыш, тіктөртбұрыш, дөңгелекке ұқсас заттарды тауып, атын атай бiлуге үйрету. Баланың түстердi, пiшiндi ажыратудағы ой-қиялын дамыту.

Қажетті құралдар: Геометриялық пішіндер, суреттер.

Ойын барысы: Тәрбиешi үш түрлi пiшiндердi көрсетiп, аттарын сұрайды. Оларды атаған соң, түстерiн сұрайды. Бұдан кейiн балаларға тапсырма бередi. Тәрбиешi: - Таратып берiлген суреттерге қараңдар, мен үшбұрышты көрсетемiн, соған ұқсас сурет тауып көрсетiңдер. (тіктөртбұрышты көрсетедi, дөңгелектi көрсетедi). Балалар өздерiндегi ұқсас затты көрсеткенде, олардан не екенiн, түр-түсiн сипаттап айтуды талап етедi. (Үшбұрыш сызғыш, үйдiң төбесi). Топ бөлмесiнде үшбұрышқа ұқсас зат бар ма?

Тiк төртбұрыш: кiтап, терезе, есiк т.б.

Дөңгелек: доп, алма, шар т.б.

Сауат ашу негіздері

- тамшы тәрізді пішіндерді олардың арасындағы арақашықтықты сақтап, алдымен үлгі бойынша және кейіннен өз бетінше жазуға мүмкіндік беру.

«Затты сипатта» ойыны

Шарты: балалардың саусақ моторикасын дамыту үшін, аталған заттың сипатын ауада саусақпен бейнелеп көрсетеді.

Қағаз бетінде жұмыс жасау.

Үзік сызықтарды бастырып,жалғастыру.

Шарбақша,күн суреттерінің ішін штрихтап,сызу.

Бір,екі,үш,

Кәне жина күш.

Саусақтарды басайық,

Жаттығуды жасайық.

Дене шынықтыру

2–2,5 метр арақашықтықтағы нысанаға құм салынған қапшықты, асықты лақтыру, допты екі қолымен бір-біріне (арақашықтығы 1,5–2 метр) басынан асыра лақтыру

Балалар бір-біріне кедергі жасамайтын, зал ішінде еркін тұрады. Әр сөзді нақты айтып, тақпақты айтыңыз.

Қимыл-қозғалыстардың келісімді және ырғаққа сай орындалуын қадағалау.

«Топылдатам үш рет – бір, екі, үш! Шапалақ ұрамын үш рет – бір, екі, үш! Басымды шайқаймын – бір, екі, үш!

Тағы, тағы қайталаймын!»

(Ұ, Ө) «Бірінші бол!»

Баяу қарқынмен жетекшіні ауыстырып отырып жүгіру: қол бү- гіліп, кеуде тұсына дейін жоғары-төмен қозғап, шынтақты арт жаққа жібереді. Қолды үйлесімді түрде қозғап, еркін жүгіру қажет. Нұсқау: адымдар қысқа болуы тиіс және аяқты табан- ның алдыңғы жағына қою керек. Педагог атаған бала тізбекті бастаушы болып, бағытты өзгертеді. «Кім допты алысқа лақтырады?»

Бастапқы қалыпты дұрыс тұруларын қадағалаңыз: үш саусақ доптың арт жағында, шынашақ пен бас бармақ екі шетінде бо- лады. Допты лақтыру техникасына басты көңіл бөліңіз. Допты ұстаған қолды сәл босаңсыта жоғары әрі артқа қозғап, денені еппен еңкейтіп, сол аяқтың өкшесін көтере созылып, ал оң аяқты көтере тізені сәл бүгіп, кідірместен допты алға қарай сілки лақтыру керек. Қауіпсіздік техникасы: доптың артынан белгіден кейін жүгіріп, алаңның сол немесе оң жағынан айналып өту қажет. Содан кейін арақашықты сақтап, тізбектің соңына барып тұрады.

Қорытынды. Секіру және лақтыру кезінде үздік нәтиже көрсеткен балаларды атап көрсету.


Қоршаған ортамен танысу

Еңбекке баулу

- шамасы келетін, бірлескен еңбек әрекетіне қатысуға, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, дербестік пен жауапкершілікке баулу.

«Гүлдерді күтіп,баптаймыз»

Шарты: табиғат бұрышындағы гүлдердің өскіндісін ыдысқа отырғызу. Ыдысқа гүл өсіру үшін бірінші ыдыс және қажетті құрал-жабдықтарды әзірлеп алу керектігін және гүлдерді күтіп,баптау ережелері туралы түсініктері қалыптасады.

Қазақ тілі

азық-түлік атауларын (бидай, күріш, арпа, жүгері, талқан, тары, жент, құрт, сүзбе, шұбат, қымыз, айран сөздермен толықтыру.

«Берекелі дастархан» ойыны.

Шарты: балаларға азық-түлік түрлері: бидай, күріш, арпа, жүгері, талқан, тары, жент, құрт, сүзбе, шұбат, қымыз, айран суреттері бар карточкаларды үлестіріп беріп,атаулары бойынша дастархан үстіне орналастырады.

Көркем әдебиет

санамақ, жаңылтпаш айтуға дағдыландыру.

«Кел, санайық бәріміз» ойыны

Шарты: саусақтар мен санамақ айту.

Бас бармағым алғашқы.

Балан үйрек жалғасы.

Ортан терек ағасы.

Шылдыр шүмек нағашы.

Нешеуміз?

Бір үйде нешеуміз?

Кел,санайық екеуміз.

Бас бармағым-әкем

Балалы үйрек -анам,

Ортан терек-ағам,

Шылдыр шүмек-мен,

Кішкене бөбек-сен,

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

Музыка

Билер.

-қазақ халқының би өнерімен таныстыру.

Мақсаты: Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру, оның мазмұны мен сипаты туралы пікірін айту.

Міндеттері: Қазақ халқының музыкасын қабылдау. Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру, әннің кіріспесін, басын, білуге тәрбиелеу.

Музыка тыңдау:

«Туған ел» (Л. Хамиди)

Ән айту:

«Жомарт елім» (И. Нүсіпбаев)

«Астана» (А. Досмағанбет)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Жаса, Қазақстан» (үнтаспада)

«Көңілді балалар» литва халық әуені

(өңдеген Т. Ломова)

Билер: «Қара бала» биі («Билеп үйренейік» жинағынан)

«Асатаяқ биі» (қыздар)

(«Билеп үйренейік» жинағынан) Ойындар, хороводтар: «Ноталарды орналастыр» («Дидактикалық ойындар» жинағынан)


Сауат ашу негіздері

-тамшы тәрізді пішіндерді олардың арасындағы арақашық

тықты сақтап, алдымен үлгі бойынша және кейіннен өз бетінше жазуға мүмкіндік беру.

«Көңілді сызықтар» ойыны

Шарты: қағаз бетінде берілген өрнектерді түрлі бағытта сызып,жүргізіп шығулары тиіс.



Алақанды ысқылап,

Қыздырайық,балақай.

Алақаның ысыды,

Қараңдаршы ,алақай!

Математика негіздері

Кеңістікті бағдарлау.

қозғалыс бағыттары: сол жақтан оң жаққа, оң жақтан сол жаққа, жоғарыдан төменге, алға, артқа.

«Не қайда орналасқан!» ойыны

Шарты: Айгүл қуыршақтың оң жағында пирамида тұр,сол жағында қонжық отыр,артында ойыншық тұр.

«Сөйлемді толықтыр»

Шарты:

Санжар доп лақтырды...(жоғары); Әсем текшені қойды...(оң жаққа);Маржан текше қойды... (сол жаққа) т.б.сөздерді айтып бір балаға орамал лақтырады,орамал кімге барып түссе,сол жауап береді.

Қазақ тілі

азық-түлік атауларын (бидай, күріш, арпа, жүгері, талқан, тары, жент, құрт, сүзбе, шұбат, қымыз, айран сөздермен толықтыруды бекіту.

«Анамызға көмектесеміз» ойыны

Шарты: ұлттық тағамдар: қымыз, шұбат, бауырсақ, құрт, қазы, ірімшік. түрлерінің суреттерін тауып, дастархан үстіне орналастырып, атауларын атау.

Дене шынықтыру

сапқа бір, екі, үш қатармен тұру, бір-бірінің жанына және бір-бірінің артынан сапқа тұру, орнында айналу, оңға, солға бұрылу.

Ұ, Ө) Бір қатар сапқа тұру. Бағыт пен қарқынды ауыстыра отырып жүгіру. Қол әртүрлі қалыпта, түзету жаттығуларын орындау.

«тыңда және орында» ойын жаттығуы

Ойын бастаушы 1-2 қимылды атайды, бірақ көрсетпейді. Ойынға қатысушылар айтылған қимылды сол ретімен орында- уы тиіс.

Көздің көру қабілетін жақсартуға (алыстан көрмеушілікті сауықтыру) арналған жаттығулар жасау.

«Саяхатшы көз»

Бастапқы қалып – тік тұру. Басты бұрмай, педагог атаған қандай да бір затты көзбен табу.

«Сол жақ жоғарыға қарау». Оң қолмен иектен ұстап басты тік- теп қойыңыз. Сол қолға ұсақ ойыншықты алып, оны оң көзге көрінбейтіндей шамаға дейін 45 градусқа бұрып жоғарыға апарыңыз.

Осыдан кейін 7 секунд жаттығу жасалады. Сол қолдағы ойын- шыққа басты бұрмай көзбен қарау, содан кейін алдыға тура қарау (7 секунд). Жаттығу үш рет орындалады. Осыдан кейін ойыншықты оң қолға алып жаттығу қайталанады.

Ойын түріндегі эстафеталарды орындауды ұсыну. Оларды орындау ретін сақтауға, жарақатты болдырмауға балалардың назарын аудару.

«Айдаһар»

Ойынға қатысушылар бір-біріне артына сап құрып тұрады – бұл «айдаһарлар». Балалар өзара арқамен немесе кеудемен доп қысып тұрады. Мәре сызығына бірде-бір доп түсірмей бірінші келген топ жеңіске жетеді.

(т) «Жолақтардан секіру»

Алаңға ені 50 см құрайтын жолақтар орналастырылады. Екі топ алаңның бір жағына тұрады. Белгі берілгенде алғашқы ойыншылар жолақтан-жолаққа секіре бастайды. Педагогтің нұсқауы бойынша (секіру тәсілі көрсетілген карточкалар) олар бір аяқтан екінші аяққа немесе қос аяқтап т.б. секірсе болады. Тапсырманы дұрыс орындағандар ұпай жинайды.



Сөйлеуді дамыту

«Мамандықты ата» ойыны

Байланыстырып сөйлеу.

Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологты байланыстырып құра білу, әңгімені бірізді айту, шағын логикалық және хабарлау сипатындағы әңгімелерді құрастыруды жалғастыру.

Мақсаты: Мамандық иелерімен таныстыру, олардың атқаратын қызметі және қызметтік көлік түрлері туралы әңгімелей білуге үйрету.

Құрал-жабдықтары: маман иелерінің суреттері, құрал-жабдықтардың суреттері

Ойынның барысы: Сурет бойынша мамандықтардың аттарын, қызметі және арнай көлік түрлері түрлерін атау. (Бұл – дәрігер. Ол ауырған адамдарды емдейді.Арнай көлігі-жедел жәрдем көлігі.

Бұл – тәртіп сақшысы. Ол қоғамда тәртіп сақтауды бақылайды.Қызметтік көлігі 102 санымен белгіленген.т.б

Қоршаған ортамен танысу

Жол қозғалысы ережелері

-жолда қауіпсіздік ережелерін сақтау.

«Бағдаршам»

Мақсаты: Балаларды жол ережесімен таныстыру.

Көрнекіліктер: Қызыл, сары және жасыл дөнгелектер, машиналар, балалардың пішіндері.

Ойын барысы:
Қатысушылардың біреуі бағдаршамның белгілі бір түстерін орнатып қояды (қызыл, сары және жасыл дөнгелектерді қойып) машиналарды және балалардың пішіндерін, әр түрлі бағытпен жүретін. Екінші бала машиналарды көше қиылысынан өткізеді, (жүру жолынан) немесе балалардың пішіндерін (жүргінші жолынан) жол жүру ережесіне сәйкес. Содан соң ойыншылар рөлдермен ауысады. Машина және жүргінші жолы ережесімен және бағдаршамның шамдарымен белгіленетін әртүрлі жағдайлар қарастырылады. Кім қателеспей жақсы ойын көрсетсе сол жеңімпаз болып есептеледі.

Көркем әдебиет

санамақ, жаңылтпаш айтуын бекіту.

«Жаңылмай,жаңылтпаш айтамыз» ойыны

Шарты:

Тақпақ жаттап,

Айтсақ жақсы-ақ.

Жатқа тақпақ

Жатта тақ-тақ.

Доп теп

Дөптеп.

Мысық күшікпен ойнамайды.

Тышқан мысықпен ойнамайды.

Мысық күшікті,тышқан мысықты

Шын досым деп санамайды.

Музыка

мәтінге сәйкес әнді сахналау; шығармашылық тапсырмаларды орындауға ынталандыру.

Музыка тыңдау:

«Туған ел» (Л. Хамиди)

Ән айту:

«Жомарт елім» (И. Нүсіпбаев)

«Астана» (А. Досмағанбет)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Жаса, Қазақстан» (үнтаспада)

«Көңілді балалар» литва халық әуені

(өңдеген Т. Ломова)

Билер: «Қара бала» биі («Билеп үйренейік» жинағынан)

«Асатаяқ биі» (қыздар)

(«Билеп үйренейік» жинағынан)

Ойындар, хороводтар: «Ноталарды орналастыр» («Дидактикалық ойындар» жинағынан)


Сауат ашу негіздері

-сөздерге дыбыстық талдау: сөздегі дыбыстардың ретін, дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтау дағдысын жетілдіру.

«Менің үйім қайда?» ойыны

Мақсаты: Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату, есте сақтау қабілетін дамыту..

Құрал-жабдықтары:қызыл, көк шатырлы үйлер, дауысты, дауыссыз дыбыстар жазылған карточкалар, сазды әуен.

Ойынның барысы: Балалар алаңда еркін түрде аралас тұрады. Олардың қолдарына дауысты және дауыссыз дыбыстар белгіленген карточкалар таратылады. Залдың бір бұрышында фланелеграфта шатыры көк түсті үй, екінші бұрышында қызыл шатырлы үй. «Күн»деген тәрбиеші бұйрығы берілгенде балалар жүргізушінің көрсеткен қимылын жасайды, ал «Жаңбыр»деген бұйрықта қолдарындағы әріптің түсіндегідей шатырлы үйге қарай жүгіреді. (Үйдің орнына көк және қызыл түсті қолшатыр алуға болады.)

Математика негіздері

Кеңістікті бағдарлау

-қозғалыс бағыттары: сол жақтан оң жаққа, оң жақтан сол жаққа, жоғарыдан төменге, алға, артқа.

«Жануарларды орналастыр?» ойыны

Шарты: Балаларды тақтада және қағаз бетінде бағытты таба білуге үйрету.
5 бала кезекпен тақтадағы тапсырманы, ал қалғандары үстелдің үстіндегі парақ қағазда фишкамен орындайды.
- Оң жақтағы жоғарғы үйшікке ақтиінді орналастыр.
- Сол жақтағы төменгі үйшікке мысықты орналастыр.
- Төменгі оң жақтағы үйшікке аюды орналастыр.
- Жоғарғы сол жақтағы үйшікке қасқырды орналастыр.
- Барлық аңдарға үйшіктер жетті ме?
- Неше үйшік екенін санаңдар. Осы санды цифрмен көрсетіңдер.
- Неше аң? Цифрмен көрсетіңдер.
- Қай сан артық? 4 пе, әлде 5 пе?
- Аңдардың қайсысы артық? Неге?
Балалардың нұсқалары әртүрлі болуы мүмкін. Балалардың өз ойларын айтуына мүмкіндік беру.

Шығармашылық іс-әрекет

жапсырудың түрлі әдістері (симметриялы, сыңарлы симметриялы, сұлбалы) мен тәсілдерін (тура, қисық қию, ою, флористика элементтерін) қолдану, түрлі материалдардан (қағаз, мата, табиғи материалдар) жапсыру.

пішіндердің түрлі қалыптарын бере білуді, оларды күрделі емес композицияларға біріктіруді қалыптастыру.

«Не қайда жүруі керек?»

пішіндердің түрлі қалыптарын бере білуді, оларды күрделі емес композицияларға біріктіруді қалыптастыру.

Дене шынықтыру

Қимылдардың ырғағын музыкалық сүйемелдеумен үйлестіру. Түзу бағытта адымдап жүру.

Балалар бір-біріне кедергі жасамайтын, зал ішінде ер- кін тұрады. Әр сөзді нақты айтып, тақпақты айтыңыз.

Қимыл-қозғалыстардың келісімді және ырғаққа сай орында- луын қадағалаңыз.
«Топылдатам үш рет – бір, екі, үш! Шапалақ ұрамын үш рет – бір, екі, үш! Басымды шайқаймын – бір, екі, үш!

Тағы, тағы қайталаймын!»

(Ұ, Ө) «Бірінші бол!»

Баяу қарқынмен жетекшіні ауыстырып отырып жүгіру: қол бү- гіліп, кеуде тұсына дейін жоғары-төмен қозғап, шынтақты арт жаққа жібереді. Қолды үйлесімді түрде қозғап, еркін жүгіру қажет. Нұсқау: адымдар қысқа болуы тиіс және аяқты табан- ның алдыңғы жағына қою керек. Педагог атаған бала тізбекті бастаушы болып, бағытты өзгертеді.


(т) «Секіргіштер»

Белгі бойынша әр команда мүшелері орындарынан екі аяқпен серпіліп секіреді. Бірінші бала секіреді, екінші бала оның се- кіріп түскен жеріне тұрады да, секіреді. Ойыншылардың бәрі секіргеннен кейін бірінші және екінші команданың секірген ұзындықтары өлшенеді.

(т) «Кегельдерді жина»

Әр тізбек болып тұрған балалардың алдына метр сайын 6 кегель қойылады. Ең соңғы кегельдердің жанына жалауша қойылады. Белгі бойынша бірінші тұрған ойыншылар алдыға жүгіріп, жақын тұрған кегельді алып, қайтадан орнына келеді. Келесі ойыншы алдыңғы ойыншы сөреден асқаннан кейін ғана жүгіреді. Әр жүгірген сайын арақашықтық ұзара түседі. Соңғы ойыншы жалаушаны алып, орнына келуі тиіс. Тапсырманы бі- рінші орындаған команда жеңіске жетеді.

Балалармен жеке жұмыс

Алина, Аяла,күз мезгілінің ерекшелік

тері жайлы әңгімелесу

қарым-қатынас іс -әрекеті

Әділет, Арман тура,кері санау

Танымдық іс-әрекеті

Нұрасыл, Алихан дыбыстардың айтылуы жайлы түсі-н сұрау.

қарым-қатынас іс -әрекеті

Ұлан, Алина мен

10 санның құрылымын,тура,кері санау

Танымдық іс-әрекеті

Жанел, Аделя мен түзу бағытта адымдап жүруді қайталау

Қозғалыс іс-әрекеті

Серуенге дайындық

Киімдерін реттілік сақтап дұрыс киінуге үйрету. Достарына көмектесу.

Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету. Таза ауада қандай ойындар ойнайтынын балалармен жоспарлау. (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).

Серуен

Топырақты бақылау

Қарым-қатынас іс-әрекеті

Қимылды ойын «Қу түлкі»

Балалардың еркін ойыны

Ауа-райын бақылау.

Қарым-қатынас іс әрекеті.

Қимылды ойын «Дәл көзде»

ойын қозғалыс қызметі

Балалардың еркін ойыны

Күнді бақылау

Қарым-қатынас іс-әрекеті

Балалардың еркін ойыны


Торғай,сауысқан,сарышымшықты бақылау

Қарым-қатынас,

танымдық іс-әрекеті

Балалардың еркін ойыны


Ағаштарды бақылау

Танымдық ,

Зерттеу іс-әрекеті

Қимылды ойын «Қасқыр қақпан»
Балалардың еркін ойыны

Балалардың үйге қайтуы

Кеңес:Бала қырсық болса не істеу керек?

Психолог кеңесі:

Кеңес: Баланы жыл мезгіліне сай ыңғайлы киіндіру

Кеңес:Ата аналар нені білуі керек?

Кеңес: балалардың өзін қоршаған ортаны таза ұстай білу туралы