Файл: Жаратылыстану ылымдар лемінде.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 16

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: “Жаратылыстану – ғылымдар әлемінде

Ашылуы : Ән Қапасов Алтайдың орындауында

1-жүргізуші: Қайырлы күн аяулы ұстаздарымыз бен құрметті студенттер ! Бүгінгі Жаратылыстану бірлестігінің «Жаратылыстану – ғылымдар әлемінде» атты апталығының қорытынды кешіне қош келдіңіздер.

2- жүргізуші:

Математика, информатика физика,

География, биология, химия, сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Апталықты бірге қорытындылауға,
Шақырамыз сіздерді.



  1. жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.

Қинаятова Назеркенің орындауында Ән

2- жүргізуші:

Асу, асу белдерден асып жатқан

Асқар биік таулардын артында жатқан

Асем де шұрайлы жерде

«Жаратылыстану» патшалығы орналасқан

Сол патшалықта әділ де, жомарт билік ететін патша өмір сүріпті

Сол патшылықтың ханшайымы.Ел ішінде «Күлмес ханшайым» атанған патшаның қызы болыпты. Күндердің бір күні ханшайым өз еркелеген мінезін көрсетеді.

Сол кезде болған оқиға ...
Күлмес ханшайым

Ханшайым: Қызықты емес, ішім пысты! Осыдан мен жылағым келеді, өңім де қашып кетіпті (өзі бетін сипайды). Әкетай, сіз патшасыз ба, әлде жоқ па? Мен ханшайыммын ба, әлде ханшайым емеспін бе?

Патша: Мен патшамын, ал сен қарағым, ханшайымсың, міне, тіпті сенің жазылған атыңмен жеке куәлігің бар (көрсетеді). Жаным-ау, жылама. Қаласаң кино көрсетейік. «Сүйкімді ханшайым» деген киноны көргің келе ме?

Ханшайым: Әкетай, қызық екенсіз! Сүйкімді ханшайым, ол менмін ғой! Мен бәріне ұнағым келеді, көңіл көтеріп күлгім келеді!

Патша: Министр, менің қызым көңіл көтергісі келеді!

Министр: (бұрылып). Ұлы мәртебелі патша, тыңдап тұрмын!

Патша: Қызымның іші пысты, егер ештеңе ойлап таппасаң, сен жұмыстан шығарыласың!

Министр: Әр патшалықтың ханзадаларымен кездесу ұсынуға болады?

Министр: Бірнеше келбетті әр патшалықтың ханзадалары, әдемі ханшайымға арналған.

Ханшайым: Келбетті ханзадалардың керегі жоқ, ақылдыларын көргім келеді! (ашуланып)

Патша: Ақыылллдылаардыы? Олар қандай? (Таңданып)

Министр: Сегіз қырлы, бір сырлы жігіттер ғой! Мұндай жігіттер қазір сәнге айналған. Келісіңіз патша.

Патша: Жарайды.

Ханшайым: Ақылдылармен кездескім келеді, тез әкеліңдер алдыма! Басқа хандықта ақылды ханзадалар көп, ал бізде тек келбеттілер ғана (шыдамсызданып).


Патша: Оның ақылды екенін біз қалай білеміз? (Таңданып)

Министр: Ұлы мәртебелім, біз оларды тестілеуден өткіземіз.

Патша: Тестілееу? (Таңданып) Япырмай, бұндай сөзді алғаш естіп тұрмын, бірақ маған ұнайды, келістім.

Министр: Құп болады тақсыр (телефонды алып). Алло!!! Танысу бюросы? Патша мен ханшайымның бұйрығы бойынша, сіздерге хабарласып тұрмын. Тапсырыс бар. Бір топ ақылды ханзадаларды жіберіңіз! (телефонды қояды). Бәрі орындалды.

Патша: Естіп тұрсың ба, қызым?

Ханшайым: Ура!!! Бірінші тест ойнаймыз, ал содан кейін дискотека болады!

Би: Флеш - моб

Уәзір: Алыс хандықтардан біздің ханшайымыздың көңілін көтеру үшін ең ақылды және ең сымбатты ханзадалардан таңдаулылары келіп тұр. Олар: «Математика» патшалығының патшасының жалғыз ұлы Пифагор, «Информатика» патшалығының патшасының тұңғыш ұлы Билл Гейтс,

«Физика» патшалығының патшасының кенже де ерке ұлы Ньютон...

ең шалғайдағы «География» патшалығының патшасының үлкен ұлы Христофор Колумб

«Биология» патшалығының патшасының ортаншы ұлы Чарльз Дарвин

«Химия» патшалығының патшасының үлкен ұлы Менделеев

Патша: Оооо, келе жатыр.

Министр: Біз бүгін ханшайымымыздың көңілін сіздердің эксперименттеріңізбен, білімдеріңізбен және де жаңалықтарыңызбен көтереміз. Сонымен бастайық! Бірінші тест (3 сұрақ).

Министр: 1 сұрақ: менде міне екі қасық бар. Біреуі ағаш, екіншісі металл. Екеуі де бірдей температурада. Бірақ екеуін де бір мезетте қолға алсақ, метал қасық ағаш қасықтан едәуір жылы екенін сеземіз. Бұған не болды екен?

Жауабы: ағаш қасықты ұстасақ, оның жылуөткізгіштігі аз болғандықтан, аз ғана бөлігі жылиды. Ал металл қасықтың жылуөткізгіштігі көбірек болғандықтан, оның көп бөлігі жылиды.

Ханзада Ньютон: ағаш қасықты ұстасақ, оның жылуөткізгіштігі аз болғандықтан, аз ғана бөлігі жылиды.

Ханзада Дарвин ағаш қасықты ұстасақ, оның жылуөткізгіштігі аз болғандықтан, аз ғана бөлігі жылиды.

Ханзада Пифагор: ағаш қасықты ұстасақ, оның жылуөткізгіштігі аз болғандықтан, аз ғана бөлігі жылиды. Ал металл қасықтың жылуөткізгіштігі көбірек болғандықтан, оның көп бөлігі жылиды.

Ханзада Билл Гейтс: ағаш қасықты ұстасақ, оның жылуөткізгіштігі аз болады.

Ханзада Менделеев: ағаш қасықты ұстасақ, оның жылуөткізгіштігі аз болғандықтан, аз ғана бөлігі жылиды.

Ханзада Колумб: ағаш қасықты ұстасақ, оның жылуөткізгіштігі аз болады.


Министр: 2 сұрақ: Бір топ үйрек ұшып келеді. Біреуі алдында, екеуі соңында;біреуі соңында екеуі алдында; біреуі екеуінің ортасында;үшеуі бір- бірінің соңында. Үйректер нешеу? Жауабы: 3.

Ханзада Ньютон: 6

Ханзада Билл Гейтс: 8

Ханзада Пифагор: 3

Ханзада Колумб: 15

Ханзада Менделеев: 9

Ханзада Дарвин: 12

Министр: 3 сұрақ: Принтер түрлерін атаңдар?

Ханзада Ньютон: матрицалық, ,...

Ханзада Пифагор: сия-бүрккіш, лазерлік, матрицалық

Ханзада Билл Гейтс: матрицалық, сия-бүрккіш, лазерлік.

Ханзада Колумб: лазерлік

Ханзада Менделеев сия бүріккіш

Ханзада Дарвин матрицалық

Ханшайым: Қызықсыз, ұнамайды! Сіздер сөз бердіңіздер ғой, сиқырлық қайда?!

Министр: Сиқырлық? Қазір болады. Ханшайым сіздің құрметіңізге Маденов Серікбек қазір өзінің сиқырын өнерін көрсетеді. Тамашалайық.

Тек сиқырлыққа қосымша, қызықты тапсырмалар. Сонымен әрбір эрудитқа жеке тапсырмалар беріледі. Кім тапсырмаларды орындамаса, тестілеуден шығып кетеді.

Ханзада Ньютонға сұрақ: Саған мына шөлмек беріледі. Оның ішінде су бар. Ол судың ішінде металл ұнтақтары бар. Сен ол металл ұнтақтарын 5 минут ішінде қолыңды суға салмай, металл ұнтақтақтарын жылжыту керексің.

Ханзада Ньютон: тапсырманы орындай алмайды.

Келесі Ханзада Пифагорға сұрақ: Үстелдің үстінде тарелка тұр. Оның ішінде су бар, суда күміс жатыр. Және де стақан, қағаз, сіріңке берілген. Осы 3 зат арқылы қолыңды суға батырмай күмісті алып шығуын керек.

Ханзада Пифагор: орындайды.

Ханзада Билл Гейтс: орындай алмайды

Ханзада Дарвин: орындай алмайды.

Ханзада Менделеев: орындай алмайды

Ханзада Колумб: орындай алмайды

Ханшайым: Қызықсыз, ұнамайды!!!!!!!

1 жүргізуші:

Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,

Компьютер бар сенің қасиетің,

Бір емес бірнеше іс атқарсаң

Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарсаң-дей келе «Информатика әлемі» мен «Қызықты информатика» сайысының жеңімпазадарын марапаттайық Даулет ағайларыңызды ортаға шақырайық.

2 жүргізуші:

Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы-күйлі
Тыңдағанда көңілдің өсері бар.
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Әннің тәтті оралған мәні оятар.

Ән: Орындайтын Маденов Серікбек

Ханшайым: Ал, енді мен сіздердің ақылды екеніне көзім жетті! Әрине әрбір адамның өнері бар гой, мен өнерлеріңізді көргім кеп тұр.

Министр: Әрине ханшайым, біздің ақылды ханзадаларымыздың өнерлерін тамашалайық!!!!!!!!!

Ханзада Ньютон “Би”

Ханшайым: Қызықсыз, ұнамайды!!!!!!!

1 жүргізуші:

Ақыл – тон аңдығанға тозбайтұғын,

Білім – кен, қанша болса азбайтұғын,

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын –

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,

- дей келе «Ғажайып биология» сайысының жеңімпазадарын марапаттайық ортаға Абылкасымова Лайла апайларыңызды шақырайық

2 жүргізуші:

Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне, ортаға толқып-тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Би Арқалықова Назеркенің орындауында

Министр: Ал енді екінші ханзадамызды қарсы алайық

Ханзада Пифагор “Ән”

Ханшайым: Керемет........)))))))))))))))

2 жүргізуші:

География әлемі – қызық әрі тартымды,
Өз сырымен география қызықтырар әркімді.
Оқысаңдар ғылымға сендер көз ашып,
Танисыңдар табиғаттың ғажабын.- дей келе «Геогрфия әлемі» атты геграфия пәніннің жеңімпазадарын марапаттайық. Ортаға Кажиакберова Маржан апайларыңызды шақырайық.

1 жүргізуші:

Өлең сөздің патшасы сөз сарасы

Қиыннан қиыстырар ер данасы – дегендей Қапасов Алтайдың орындауында ән қабыл алыңыздар!

Патша: ООО Пифагор, үлкен рахмет менің ханшайымымның көңілін көтердіңіз!!!

Министр: Урааа! Мені жұмыстан шығармайтын болды.(Бәрі би билейді)

Уәзір: Содан бері талай күндер өтіп,сонында Жаратылыстану патшалығында бақыт орнап, біздің күлмес ханшайымның жүзінен күлкі кетпейтін болыпты. Патшаның тілегі орындалдып, Пифагорымыз атақ даңққа бөленіп ханшайыммен бірге ұзақ ғұмыр кешіпті....

2жүргізуші: Осылайша біздің Жаратылыстану – ғылымдар әлемінде атты сиқырлы патшалығымызға саяхатымыз аяқталды.

Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесеміз біздер әлі.
Құрметті көрермен сау тұрындар
Күтеді бізді жарқын күндер әлі.

1 жүргізуші:

Көңіл бөліп бұл кешке ,
Келгендерге мың алғыс,
Шын сезінген көрермен,
Кездесеміз әлі біз –дей келе «Жаратылыстану - ғылымдар әлемінде» атты апталығымыздың жабылу кеші өз мәресіне жетті, келгенлерінізге көп рақмет! Қош сау болыңыздар.