Файл: Ерекше білім беруге ажеттілігі бар балалармен жмыс жасауда педагогикалы психотерапия дістерін олдану.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жоба тақырыбы :

«Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен жұмыс жасауда педагогикалық –психотерапия әдістерін қолдану »

Топ құрамы :

1.Ахметова А.К.

2.Карашиянова А.Б.

3.Нығметова Р.К.

4.Исина О.Т.

5.Самал Қайырбековна

6.Нысангалиев Э.К.

Кіріспе

Еліміздегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан, қазіргі таңда туа біткен,тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулар салдарыынан қаршадай бастарынан қасірет дертке шалдыққан мүмкіндігі шектеулі балалар саны жылдан жылға артуда.Әрбір елде мүмкіндігі шектеулі балалар кездеседі, олар тәрбиелеудің және білім берудің ерекше түрлерін қажет ететін жандар.Осындай балаларға арнайы көмек көрсету қазіргі таңда біздің елде өзекті мәселелердің бірі.

«Мүмкіндігі шектеулі жандарға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс Ондай жандарға қамқорлық көрсетілуі керек-бұл біздің қоғам алдындағы үлкен парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады».,-делінген Елбасы Н. Назарбаевтың биылғы жолдауында.

Ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім беру мемлекет үшін негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Бұл әрбір адам өз әрекетінің қажеттілігін және қатыстығын сезіне алатын нағыз инклюзивті қоғам құрудың қажетті шарты. Біз әрбір балаға оның қажеттілігіне және басқа жағдайларына қарамастан, өз әлеуетін толық жүзеге асыруға, қоғамға пайда келтіруге және оның толыққанды мүшесі болуына мүмкіндік беруге міндеттіміз.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуда, тәрбиелеуде, дамытуда және әлеуметтік бейімдеуде психологиялық-педагогикалық әдістерін қолдана отырып қолдау көрсету Қазақстанда да жиі қолданыла бастады.

Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл — ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі. Десекте қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады.Осы ретте мектебімізде әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп білім берілуде. Бүгінде еліміздің барлық аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді қолдау негізінде жалпы білім беретін мекттептерде түзете-дамыта оқыту сыныптары біртіндеп ашылып жатыр. Бұл сыныптың мақсаты: әр сыныптағы мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бір сыныпқа топтастырып, әр оқушыға жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына сай білім беру.


Психикалық дамуы тежелген балалар қалыпты дамушы құрбыларынан шаршағыштығымен, жұмысқа қабілетінің төмендігімен ерекшеленеді. Психикалық дамуы тежелген балалардың қоршаған орта туралы түсініктері фрагментарлық, зейіндері тұрақсыз, тұтас қабылдау мүмкіндігі бұзылған, қимыл-қозғалыс координацияларының т. б. жалпы психикалық процестердің дамуында бұзылыстар байқалады. Сондықтан психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық қызмет саласының дамуындағы ауытқулар оқу процесінде нақтылы қиындықтарды құрады.

Әр бағыт арнайы диагностикалық әдістермен тексеріліп, қорытындыланып тиісінше балл қойылады. Шығарылған балға сәйкес психологиялық-педагогикалық профиль толтырылады. Профиль – баланың даму деңгейін көрсететін құжат. Профиль баланың қатер даму зонасын анықтап береді.

Диагностика қорытындысы мектепішілік консилиумда талқыланады. Әр маман баламен жүргізілген алғашқы диагностикалық тексеру бағыты бойынша өзінің қорытындысын ұсынады.

Консилиумда баланың дамуының мінездемесі, оның одан әрі дамуы, балаға түзете дамыту бағдарламасын құру бойынша мәселелері қарастырылып ортақ шешімге келеді. Тексерудiң нәтижелерiн талдау баланың одан әрi дамуының бол- жамын анықтап, әр оқушыға оқыту процесінде тиiмдi әдiстерді іріктеп, түзете- дамыту жұмысының мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Диагностиканың нәтижесі баланың тек өзекті даму аймағының даму деңгейін ғана анықтау емес, баланың жақын даму аймағы деңгейін бағалап баланың ықтимал мүмкіндіктеріне бағытталады.

Қорыта келе, баланы психологиялық-педагогикалық қолдау мақсатында баламен жүргізілген диагностикалық бағыт бойынша дефектолог диагностиканың нәтижесін негізге ала отырып, баланың жасына сай жұмыс түрін анықтап, балаға педагогикалы- психологиялық бағдарламасын құрады

Негізгі бөлім:

Мұғалім-дефектолог – бұл өзінің кәсіби еңбек ету әрекетіндегі атқарған жұмыстарының қорытындысын шығара білетін, мейірімді, бастамшыл, шығармашылық қабілетке бай, жауапкершілігі мол тұлға. Олар үшін қазіргі әлемдегі адамның ролі, адамның құндылығы мен қажеттілігі, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаның өмір сүру әрекеті маңызды. Мұғалім-дефектологтың кәсіби көзқарасы ерекше білімді қажет ететін тұлғалардың орны мен олардың қоғамдағы ролін белгілеуге бағытталады. Маман иесінің оптимистік көзқарасы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қоғамдағы белсенділігін айрықшалауда нақты байқалады. Мұғалім-дефектологтың кәсіби-тәжірибесі түрлі ұжымдағы оқушылар, тәрбиеленушілер, олардың ата-аналары, студенттер, жастар тобы, конфессионалдық және қоғамдық ұйымдардағы кәсіби біліктілікпен ұйымдастырылған әрекетті қамтамасыз етеді .


Мұғалім-дефектологтың кәсіби, іскерлік құзіреттілігін айқындаушы қызмет түрлері мыналар: дамудағы кемшілікті алдын алу жұмыстары, педагогикалық диагностика мен кеңес беру, арнайы педагогикалық ағарту жұмыстары, психологиялық және психотерапиялық көмек көрсету жұмыстарына қатысу, білім беру және әлеуметтік-педагогикалық әрекет, жоғары оқу орнында немесе орта арнаулы педагогикалық білім беру мекемелерінде қызмет ету, арнайы педагогика ғылымының шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады. Мұғалім-дефектолог өзінің міндетті қызмет түрімен шектелмейді, себебі оның кәсіби әрекеті әлеуметтік қайырымдылық акцияларын ұйымдастырудың инициаторы болуды, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығы мен өмірін қорғауды қажет етеді. Мұғалім-дефектолог өмір бойы оқумен, үйренумен шыңдалады. Тәжірибе барысында кәсіби шыңдалу әрекетін ұйымдастыру кезінде өзінің әріптестерімен, ата-аналармен, ұжым мүшелерімен өзінің жеке кәсіптік тәжірибесі туралы бөлісіп, өзінің шығармашылық қабілеті мен кәсіби мүмкіндіктерін арттырып отырады. Мұғалім-дефектологтың кәсіби әрекеті адамның денсаулығы мен жалпы жағдайына тікелей жағымсыз әсер ететін жақтарын да анықтайды. Соған байланысты мамандық таңдауда денсаулығында қандай да бір жағымсыз жағдайлар болса, яғни жүрек-қан тамырлары жүйесіндегі түрлі аурулар, есту, көру, сөйлеу органдарындағы кемшіліктер, иммундық жүйедегі аурулар адамның кәсіби әркетін шыңдауға кедергі болатыны анықталған. Арнаулы мамандар, соның ішінде логопедтер анық, таза, мәнерлі сөйлеулері тиіс. Мұғалім-дефектолог үшін ең қажетті кәсіби мінездер – мейірімділік, жауапкершілік, оптимизм, шыдамдылық, эмпатия, шапшаңдық, өзінің жұмысына деген қызығушылықтың жоғарылығы, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың өмір сүруге деген қызығушылықтарын арттыра білу, оқушылар мен тәрбиеленушілерге жылы жүрегін ұсына білу, кәсіби шындықты қалайтын сыйластық қажет.

Білім беруде педагог мамандарға тән сапалық қасиеттердің құрамы міндетті түрде коммуникативтік құзіреттілік, қарым-қатынасқа түсудегі

тиімділікті сезіну қабілетті екендігін ескерсек, мұғалім-дефектологқа қажетті сапалық қасиеттердің тізбегін былайша сипаттауымызға болады:

Ақыл-ойы кем балалар- (әсіресе бас ми қабы) органикалық зақым алуының нәтижесінде психикалық, әсiресе жоғарғы танымдық үрдiстерiнiң (белсендi қабылау, ауызша-қисынды ойлау, сөйлеу, еске сақтау) бұзылуына шалдыққан балалар.

Ақылы кем балаларда мынандай белгiлер байқалады: танымдық қызметiнiң (бiрiншi кезекте абстрактiлi ойлаудың талдап қорыту және назарын аудару үрдiстерiнiң) алғашқы кемiстiгi және жүйке үрдiстерi серпiнiнің бұзылуы (психиканың енжарлығы), сондай-ақ екiншiлік кемістіктер — сөйлеу қабiлетiнiң, ерiк-жiгер аясының толық дамымауы, дене дамуы мен мiнез-құлқындағы ауытқулар. Осы категориядағы балаларды оқыту және тәрбиелеуді арнайы педагогиканың бір саласы олигофренопедагогика жүзеге асырады.


Психикалық дамуы тежелген балаларды түзетудің жолдары

Қазіргі уақытта ортамызда болып жатқан әлеуметтік жанұя мәселелері, экологиялық-экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психикалық аурулары бар әр түрлі жастағы балалардың көбеюіне әкеліп соқтырды. Олар аутизм, психикалық дамуының тежелуі, инфантилизм, жүйке жүйесінің бұзылуы, энурез сияқты түрлі аурулармен ауырады. Балалардың психикалық дамуының тежелуі туралы айтатын болсақ, оның білімді меңгеру дағдысы толықтай сақталып, деңгейлері өз құрдастарынан 2-4 жылға қалыс қалған баланың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себептері әртұрлі болуы мүмкін. Олар басынан өткерген аурулар, негізгі әлеуметтік жағдайы, нашар көруі, құлақ ауруы тағы да басқа себептерден болуы мүмкін. Психиатр, невропатологтың зерттеулері бойынша психикалық дамуының тежелуі балада тұмау, малярия, сары ауру, іштегі улану сияқты аурулардан кейін пайда болады. Психикалық дамуының тежелуінің негізгі бұзылыстары интеллектуалды деңгейі көбеюіне таным процестері: зейіні, логикалық есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып келеді. Бұл балалар өзінің құрдастарынан кеш жүріп, кеш сөйлейді. Олардың салмағы аз, бойы кіші, көп сөйлемейтін, әлжуаз, тез шаршап, көп ауырады. Психикалық дамуының тежелуі бар балалардың оқу үлгерім ерекшеліктеріне келетін болсақ, бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі 1-сыныптан бастап көріне бастайды. Бірақ анық белгілері 2-3 сыныптарда белгілі болады. Оқу процесінде олардың оқу дағдыларындағы кездесетін кемшіліктері:

- сабақ процесінде жай қосылады;

- оқу материалын жай немесе тіптен қабылдамайды;

- берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындай алмайды;

- оқу мен жазуы баяу;

- оқыған мәтінді түсінбейді және түсінгенін айтып бере алмайды.;

- есептер шығарған кезде үлкен қателер жібереді;

- тез шаршағыш;

- сыныптастарымен аз араласады;

- өз ойын анық айта алмайды.

Мақсаты: ПДТ балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Мүмкіндігі шектеулі балалардың түрлі сырқаттардың салдарынан дамымаған немесе бұзылған функцияларының себептерін, белгілерін, құрылымын мезанизмдерін зерттей отырып, анықталған кемістіктерді түзету, жетілдіру, толтыру жолдарын, әдістерін, амалдарын іздену және орнын тәжірибеге енгізу. Сөздік қорын молайту, көрнекті сюжетті суреттер мен ертегілер арқылы әнгімелеуге дағдалындыру. Зейін тұрақтылығына арналған жаттығулар арқылы зейінін шоғырландыру. Сенсорлы этолондары мен математикалық ұғымдарын қалыптастыру. Өлшем бірліктері мен бағыт-бағдарлауға үйрету. Қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту. ұсақ қол қимылдарын дамыту.


Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық әдістерді қолдану бүгінгі күннің талабы болып отыр .

Психикалық дамуы тежелген балалар қалыпты дамушы құрбыларынан шаршағыштығымен, жұмысқа қабілетінің төмендігімен ерекшеленеді. Психикалық дамуы тежелген балалардың қоршаған орта туралы түсініктері фрагментарлық, зейіндері тұрақсыз, тұтас қабылдау мүмкіндігі бұзылған, қимыл-қозғалыс координацияларының т. б. жалпы психикалық процестердің дамуында бұзылыстар байқалады. Сондықтан психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық қызмет саласының дамуындағы ауытқулар оқу процесінде нақтылы қиындықтарды құрады.

Психотерапия дегеніміз-психикалық сипаттағы мәселелер немесе қиындықтар туындағанда баламен психикалық құралдар арқылы кәсіби педагогикалық көмек көрсету .Психотерапияның тәсілдері аутогендік жаттығу ,иландыру ,зейнелі терапия ,Мұғаліммен оқушының өзара түсінісуі , ұжымдағы сыйластық әрбір адамға деген оң ықпалын арттырады .Адамдар арасындағы жағымды мінез-құлықтар әлсіреген адамның өзін-өзі дұрыс тануына себепші болады.

Мұғалім мен оқушының арасында рольдік ойындар ойнау ерекше білімді қажет ететін оқушының мәселесін түсінуге алып келеді .Бұл форма жеке жаттығу болуы да кіріктірілген болуы да мүмкін .Егер жеке жаттығу болса барлығы бір тақырып бойынша әр оқушымен кезекпен ойнап шығады .

1әдіс .«Қиын әңгіме »/Оқушымен өзіңе ұнамайтын нәрсе туралы сөйлесу .

2әдіс. «Татуласу »/ренжіген адаммен татуласу /

3 әдіс«Реніш»/ ренішінді айтып салу ,ол адам өзінің кінәсің сезінеді

4 әдіс Әуентерапиясы /бұл әдісті негізінде мектеп психологы жүргізгені дұрыс болады /

5 әдіс библиотерапия кітап оқу арқылы баланың психикасына әсер ету

6,Арттерапия өнертерапиясы ,қолданбалы өнертерапиясын жүргізу

Күтілетін нәтиже :

-баланың мінез құлқы өзгереді

- өзің басқара алуды үйренеді

-айналасындағы адамдарға сыйластықпен қарайды

- реніш, ашу ызасын тежей алады

- Кешірімді болуды үйренеді

Ақыл-ойы кем балалар- (әсіресе бас ми қабы) органикалық зақым алуының нәтижесінде психикалық, әсiресе жоғарғы танымдық үрдiстерiнiң (белсендi қабылау, ауызша-қисынды ойлау, сөйлеу, еске сақтау) бұзылуына шалдыққан балалар.

Ақылы кем балаларда мынандай белгiлер байқалады: танымдық қызметiнiң (бiрiншi кезекте абстрактiлi ойлаудың талдап қорыту және назарын аудару үрдiстерiнiң) алғашқы кемiстiгi және жүйке үрдiстерi серпiнiнің бұзылуы (психиканың енжарлығы), сондай-ақ екiншiлік кемістіктер — сөйлеу қабiлетiнiң, ерiк-жiгер аясының толық дамымауы, дене дамуы мен мiнез-құлқындағы ауытқулар. Осы категориядағы балаларды