Файл: Ерекше білім беруге ажеттілігі бар балалармен жмыс жасауда педагогикалы психотерапия дістерін олдану.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


оқыту және тәрбиелеуді арнайы педагогиканың бір саласы олигофренопедагогика жүзеге асырады.

Ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар

1.тапсырма

"Кімді ұмытып кетті?"әдістемесі

Мақсаты: Баланың ойлау қабілетінін даму деңгейін анықтау.

Тапсырманын сипаты: берілген суретке мұқият қарап, кімнін суретін ұмытып кеткенін анықтау керек.

2.тапсырма

"Жазылмай қалған сандарды тап" әдістемесі

Мақсаты: бала бос тор көздерге қалып қойған сандарды жазу керек.

Тапсырманын сипаты: қалып қойған сандарды бос тор көзге жазу керек.

Зейін қабілетін арттыруға арналған тапсырмалар

3."Нүктелерді қос" әдістемесі

Мақсаты: баланың зейінің дамыту.

Тапсырманын сипаты: бала мұқият қарап, сандарды рет ретімен қосу арқылы қандай да бір суретті салуы тиіс.

4.тапсырма

"Астын сыз" әдістемесі

Мақсаты: баланың зейінің дамыту.

Тапсырманын сипаты: бала мұқият қарап, суреттердің ішінен бірдей суреттердің астын сызу қажет.

"Не жоғалды" әдістемесі

Мақсаты:заттарды тұтас ұғыну (қабылдау) деңгейін анықтау.

Тапсырманын сипаты: балаға олардың кейбір бөлшектері жетіспейтін ойыншықтар бейнеленген суреттерді қарап көріп, бұл ойыншықтардың қандай бөліктері жоғалғанын анықтау ұсынылады.

5 - тапсырма

"Суретте не жасырылған?" әдістемесі

Мақсаты: кескіні бойынша бейненің тұтас қабылдауын (ұғынуын) анықтау.

Тапсырманын сипаты: балаға заттардың кескіні бейнеленген суреттер ұсынылады. Онда қандай заттардың жасырылғанын анықтау керек

"Не бейнеленген?" әдістемесі

Мақсаты: шығармашылық қуатты, оның даму деңгейін анықтау

Тапсырманын сипаты: балаға аяқталмаған сурет беріледі. Бала суретті аяқтап, атын атауы тиіс.

6 тапсырма

"Елестет те ойлап көр....Егер..."әдістемесі

Мақсаты: шығармашылық қуатты, оның даму деңгейін анықтау

Тапсырманын сипаты: бала орындалмас ситуацияны киялымен әңгіме құру керек. Қаншалықты баланын қиялы дамыған.

Сөздік қор

1) қоршаған ортадағы күнделікті жиі қолданылатын туыстық қатынасқа байланысты сөздерді (әке, ана, ата, әже, апа және т.б.), кейбір тұрмыстық заттардың, жемістердің, жануарлардың, төрт түліктің атауларын айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру;

Күтілетін нәтижелер:

-Сөздерді ынта қойып тыңдайды, атайды және есте сақтайды;

-күнделікті жиі қолданылатын сөздердің мәнін түсінеді және оларды дұрыс айтады;

-қоршаған ортадағы тірі және өлі табиғатты ажырата алады мәнін түсінеді ;

-өзіне таныс жануарларды , құстарды атай алады


-қарапайым сұрақтарды түсінеді, оларға қысқа сөйлемдермен жауап береді.

Қорытынды.

Психологиялық, педагогикалық түзеу кабинеті өз қызметтерін Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясына, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Кемтар балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарына және басқа нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес жүзеге асырып келеді.

Жыл бойына жасы 18-ге толған кемтар балалар есептен шығарылып отырады, бірақ оның орнына дамуында кемістігі бар балалар бірінші рет есепке алынады. Сөйтіп жыл сайын дамуында кемістігі бар балалар есептен шыққандардың орнын толтырады. . Қазіргі заманда Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беру жүйесін қайтадан құру жұмысы оқыту үдерісін жеке тұлғаға,денсаулықты сақтауға бағытталған.

Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі мамандарының ерекше білім беру қажеттілігі бар баланы тексеруіне, сондай-ақ жеке білім беру бағдарламаларын жасауға қатысады. Оқыту және дамыту жұмыстары барысында ерекше білім беру қажеттілігі бар бала туралы деректерді жинауды, білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін хаттамалауды, білім беру, әлеуметтік-бейімделу (мінез-құлық) дағдыларын дамыту динамикасын, оқыту процесінің динамикасын мониторингілеу және баланы әлеуметтендіру үшін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мамандарына ақпарат беруді жүзеге асырады және жүргізеді. Ерекше білім беру қажеттілігі бар баланың өмір сүру қауіпсіздігі мен денсаулығының қажетті жағдайларын сақтайды, ілесіп жүру кезеңінде қорғау педагогикалық режимін сақтайды. Белгіленген нысан бойынша есеп беру құжаттамасын жүргізеді. Білім беру процесінің барлық субъектілерінің, оның ішінде балалар отбасының қатысуымен ұйымда «құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын енгізеді .

Педагог-ассистенттің қызметін ұйымдастыру инклюзивті білім беру процесінің жалпы құрылымындағы ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады.

Педагог-ассистенттің ерекше білім беру қажеттілігі бар баланы қолдауы педагогикалық практикада жеке-бағдарланған тұлғалық-бағдарланған тәсілдерді жүзеге асыру үшін кең мүмкіндіктер береді. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау аясында педагог-ассистенттің қызметі пәнаралық командаға қатысушылардың барлығымен тығыз байланыстағы және өзара іс-қимыл жасаудағы өлшеусіз еңбектен тұрады. Бұл жұмыстың тиімділігі ерекше білім беру қажеттілігі бар бала өмірінің салаларын:


  1. когнитивті (танымдық) саласын: білімі мен дағдыларын;

  2. коммуникативті саласын: қарым-қатынас жасай білуін, қарым-қатынас жасау процесінде туындайтын әртүрлі жағдайлардан өз бетінше шыға білуін;

  3. эмоционалдық саласын: сыныпта оқу процесіне психологиялық бейімдеуді, оқыту процесіне және мектеп ортасында болуға қатысты жақсы эмоционалдық көңіл-күйдің туындауын және оны сақтауды;

  4. дербестігін: өз-өзіне қызмет көрсету, психикалық және физикалық реттеуді дамыту тұрғысынан анықталуы тиіс.

Ерекше оқушының мектепте болуы үшін жағдайлар шын мәнінде қолайлы және оның дамуына түрткі болуы үшін педагог-ассистенттің жұмысының негізінде, балаға сену, оның жеке тұлғасына шынайы қызығушылық, оның ерекшеліктерін қабылдау, ізгі ниеттілік, шыдамдылық, жүйелілік сияқты ұғымдар жатуы тиіс. Осы міндеттерді шешкен кезде межеленген мақсатқа қол жеткізуге болады деп сенеміз.

Қолданылған әдебиеттер

1. «Арнайы педагогика» курсы бойынша оқу бағдарламасы

2. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды ерте жастан дамыту. Жалмұхамедова А.Қ, Халықова Б.С

3. Зерде дамуы орташа және терең бұзылған балалардың сөйлеу тілін дамыту және сауаттылықа үйрету. Баряева Л.Б,Логинова Е.Т,ЛопатинаЛ.В,Сүлейменова Р.А, Есенжолова Г.Ж

4. Ақыл-ой дамуы ауыр және терең бұзылған баларды психологиялық-педагогикалық тексеру және дамыту бағдарламасы Сүлейменова Р.А Ильмұратова Г.А

5. Дефектология журналдары