Файл: Биология пнінен термин сздер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Биология пәнінен термин сөздер


р/с

Термин сөздер

Анықтамасы



Биология

Тіршілік туралы ғылым



Ботаника

Өсімдіктер дүниесін зерттейтін ғылым



Биосфера

Жердің тіршілік қабаты



Экожүйе

Зат және энергия ағындары үздіксіз жүріп жататын табиғи бірлестіктер мен тірі организмдер жиынтығынан тұратын табиғи орта



Экология

Тірі ағзалардың қарым-қатынасын және олардың қоршаған ортамен байланыстыра отырып зерттейтін биология ғылымының саласы. 1866 жылы алғаш ғылымға Э.Геккель енгізді



Экологиялық факторлар

Ағзаға қажетті немесе жағымсыз әсерін тигізетін орта элементтері



Абиотикалық фактор

Организм тіршілігіне әсер ететін өлі табиғат факторлары



Биотикалық фактор

Тірі табиғат факторлары. Тірі ағзалардың өзара жағымды және жағымсыз әсерлесуі және өлі табиғатқа әсері.



Антропогендік фактор

Адам іс-әрекеті және тіршілік әрекетінінің қоршаған ортаға тікелей немесе жанама әсері.



Продуцент (түзуші, өндіруші)

Автотрофтар, яғни бейорганикалық заттардан органикалық зат түзуші организмдер



Консумент (тұтынушы)

Дайын органикалық заттармен қоректенетін ағзалар



Редуцент (қалпына келуші, ыдыратушы)

Органикалық заттарды бейорганикалық заттарға айналдыратын гетеротрофты ағзалар



Экологиялық пирамида

Экожүйедегі әртүрлі қоректік тізбек деңгейдің ара қатынасын графикалық бейнелеу



Қоректік тізбек

Тірі ағзалардың бір-бірімен қоректенуі арқылы өзара байланысы



Қоректік тор

Қоректік тізбектердің өзара баланысуынан түзіледі.



Экологиялық Сукцессия

Экожүйелердің біртіндеп өзгеруі, ретті ауысымы



Бірінші реттік сукцессия

бұған дейін тіршілік болмаған, өнім бермейтін ортадан басталады. Бұл опырылудан немесе көшкіннен кейінгі тау беткейлері, құм қайраңдары, жанартаулық аралдар болуы мүмкін



Екінші реттік сукцессия

табиғи құрылымы бұзылған экожүйе орнын баяу қалпына келтіру процесінен басталады



Симбиоз

Тірі ағзалардың бір-біріне пайдалы бірігіп тіршілік етуі



Агроценоз

Табиғи бірлестіктер орнына мәдени өсімдіктерді өсіру үшін адам арнайы жасаған биоценоз



«Қызыл кітап»

Сирек кездесетін, жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды қорғау мақсатында жазылған



Қорықтар

Арнайы қорғалатын тұтас аймақтар



Прокариоттар

Ядро қабықшасы жетілмеген, бірақ ядро заттары (ДНҚ,РНҚ,нәруыз) бар организмдер



Эукариоттар

Жасушасында ядросы бар организмдер



Жасуша

Тірі организмдердің ең кіші өлшем бірлігі. 1665 жылы Р.Гук енгізді. Құрылымы – мембрана (жарғақша), цитоплазма, ядро.



Ядро

1831 жылы ағылшын ғалымы Р.Броун ашты. Тұқымқуалаушылықты жүзеге асыратын,көбеюге қатысатын Жасушаның негізгі органоиды



Цитоплазма

Жасушаның күрделі құрылысты түссіз, шырышты, қоймалжың сұйықтығы



Пластид

Жасушаға түс беретін құрылым



Лейкопласт

Түссіз ұсақ денешіктер қоректік қор затын жинауға қатысады



хлоропласт

Өсімдікке жасыл түс беретін-хлорофилл болады,органикалық зат түзуші



хромопласт

Қызыл,сары түс береді,күлтеде т.б кездеседі



ұлпа

Шығу тегі,құрылысы,атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы



мүше

Нақты пішіні бар,бір немесе бірнеше қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі



Мүшелер жүйесі

Белгілі бір физиологиялық қызметі бойыншабіріктірілген,шығу тегі бір,бірақ құрылысы әртүрлі мүшелер жиынтығы



Түзуші ұлпа

Ұдайы бөлінуге қабілетті,мүшелерді түзетін ұлпа



Жабын ұлпа

Өсімдік мүшелерін қаптап кеуіп кетуденсақтайды



Қор жинаушы

ұлпа

Энергияға бай заттар қорға жиналады



Фотосинтездеуші

ұлпа

Хлоропластары көп,жасуша қабығы жұқажасушалар тобы



Органикалық зат

Фотосинтез жүргізетін жасыл өсімдіктер түзетін зат (нәруыз, май, көмірсу, нуклеин қышқылдары)



Бейорганикалық зат

Жансыз табиғатта көп мөлшерде кездеседі (су)



Нәруыз

Нәруыз (ақуыз) тірі ағзалардың құрылыс материалы, жас ағзаға көп мөлшерде қажет (спортшылар т.б.) 1гр.ыдырағанда 17,8 кДж энергия



Көмірсулар

Дәмі тәтті, органикалық зат. 1844ж. К.Шмит енгізді. 17,6 кДж энергия бөледі.



Май

Тірі ағзада энергия көзі, қоректік зат, қорғаныш қызметін атқарады. 38,9 кДж энергия



Макроэлемент-тер

Көміртек,сутек,оттек,азот , нуклеин қышқылдары және ағзаның басқа да биологиялық белсенді қосылыстарының құрамына кіреді.



Микроэлемент-тер

Көпшілігі бауырда ,сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады.Бұл ұлпалар көптеген микроэлементтердің негізгі қоры.



Тыңайтқыштар

Топырақтың құнарлылығын арттыру үшін қолданылатын зат



Сабақ

Өсімдіктің жер асты мүшелері мен жерүсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек. 4 қабаттан тұрады:

1.Қабық Өң- түссіз, жас сабақ сыртында болады

Тоз- оттегіні өткізеді, жасымықшалар бар

Тін- сабаққа беріктік қасиет береді, органикалық заттар қозғалады

2.Камбии – көктемде бөлінеді. Жылдық сақина түзеді, ағашытң жасын анықтауға болады.

3.Сүрек- камбиден кейінгі минаралды тұздар қозғалатын түтікшелері бар қабат

4.Өзек – сабақтың орталық бөлімі, органикалық заттар қорға жиналады.




Тамыр

Өсімдіктің жерасты мүшесі. Тамыр ұзындығына, атқаратын қызметіне қарай: тамыр оймақшасы, бөліну, созылу (өсу), сору, өткізгіш деп бөлінеді. Тамыр оймақшасы тамыр бөліміне кірмейді. Тамыр ұшындағы өсу нүктесінің сыртын қаптап тұрады.



Бөліну аймағы

атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы, ішкі болып 3 қабаттан тұрады. Ең сыртқы қабатындағы жасушалар тамырдың мөлдір өңі мен оймақшасын түзеді. Ортаңғы қабатынан алғашқы қабық, ішкі қабаттан орталық цилиндр түзіледі.



Өсу бөлімі

жас жасушалары бөлінбейді. Ұзынынан созылып ұзарып, тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді. Алғашқы өткізгіш ұлпалар осы бөлімде түзіле бастайды.



Сору бөлімі

өсу бөлімінен кейін орналасқан, қалың түктері бар бөлік. Тамыр түктері тамырдың сыртын қаптап жатқан жұқа өң қабықшасы жасушаларының созылуынан пайда болады.



Өткізу бөлімі

су мен онда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің жер үсті мүшелеріне өткізеді. Бұл бөлімде тамыр түктері болмайды, жанама тамырлар дамиды



Қан айналым мүшелері (жануарларда)

Жүрек қанды ағза ішінде үнемі қозғалуын қамтамасыз етіп бір бағытта айдайды. Қантамырлар – ашық, тұйық болып бөлінеді.

Тұйық – қан үнемі тамырларда болады, ашық- біргеше ірі тамырлар болады, олар үзіліп, қан дене қуысына төгіледі. Ең бірінші жүрек – ұлуларда пайда болған, екі қуысты.



Жүрекше

Ағзадан қан келетін кішкентай бөлік, ол қанды үлкен қуысқа қарыншаға айдайды



Қоректену