Файл: Таырыбы Трбиетал бесіктен! Армысыздар рметті онатар! лаатты стаздар мен оушылар! Тртіпті е тамаша мектебіотбасы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.03.2024
Просмотров: 10
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тақырыбы: «Тәрбие-тал бесіктен!»
Армысыздар құрметті қонақтар! Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар! «Тәртіптің ең тамаша мектебі-отбасы», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»,- дейді халқымыз. Иә, ұрпақтың тәрбиесі, қоғамның болашағы және оған аса зор жауапкершілікпен қарау-әрбір саналы азаматтың борышы. «Ел боламын десең-бесігіңді түзе»,-деп М.Әуезов көрегендікпен дәл айтты емес пе? Бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі оны қоршаған ортаға, әсіресе отбасы мен ұстаздар қауымының парасаттылығына байланысты.
Ендеше, бүгінгі мектепішілік сынып жетекшілер арасындағы тәрбие апталығының 10 күндігінің салтанатты ашылуы ашық деп жариялаймыз!
Олай болса, салтанатты шараға өз өнерін алып келген оқушылар жетерлік! Құлақтан кіріп бойды алар!
Жақсы әнмен тәтті күй!
Көңілге түрлі ой салар!
Әнді сүйсең менше сүй -деп
Абай атамыз айтқандай кезекті әсем әуенге береміз!
1. 2 «Ғ» сынып оқушысы Жолжақсын Фаризаның орындауында «Жас қырандар әні!»
2. 3 «Г» сынып оқушысы Бакенова Алуа «Мама» әнін қарсы
алыңыздар!
3. 6 «Ә» сынып оқушылары Қайратқызы Талшын мен Төлеген Махаббаттың орындауында «Үкілі әуен» әнін қарсы алыңыздар!
Халықтың болашағы-ұрпағы, ұрпақтың тәрбиесі-ұстазда. Ұстаздың мұраты-жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеуде. Ал толыққанды азамат қалыптастыру үшін-ақыл-ой тәрбиесі, имандылық, еңбек, эстетикалық, экологиялық, экономикалық, патриоттық тәрбие берілуі тиіс. Міне осы тұрғыда тәрбиенің қалыптасуы-ұстаз, бала, ата-ана еңбегімен етене байланысты екендігі айқын дей отыра келесі кезекті өнерлі оқушыларға берейік! Сынып жетекшілеріміздің 10 күндігі Ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың туған күнімен орайлас келіп тұр екен ,ендеше ақынның өлеңдеріне кезек берейік!
1. 6 «а» сынып оқушысы Шәкен Алима «Біз актерміз!» М.Мақатаев
2. 3 «Б» сынып оқушысы Жолашар Нартай «Анашым» М.Мақатаев
3. 3 «В» сынып оқушысы Ахметқали Диана «Сәби болғым келеді» М.Мақатаев
4. 4 «Б» Нұрболатқызы Ақерке « -------- » М.Мақатаев
Тәрбие - адам тағдырын шешетін ұлы іс. Сондықтан, бүгінгі күнде жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, дінімізді балалардың бойына, санасына сіндіре білу басты міндетіміз болмақ. Олай болса келесі кезекті термеге берейік! Абдуғани Асылбектің орындауында
«Ата-ананың қадірі!» қарсы алыңыздар!
Осы құндылықтар арқылы ұрпағымызды тәрбиелесек ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз.Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезімізде қолға алар ісіміздің өзі ұрпақ тәрбиесі болса бүгінгі күннің әрбір жас толқыны қай жағынан болсын, тамаша, жан-жақты келісті азамат болып қалыптасуы қажет. Ол еңбекқор, адал, білімді, көп оқыған ақылды болып қана қоймай, тәрбиелі де көркем, ибалы болуы керек.
Мақалдың жалғасын тап ойынын ойнап жіберейік!
1.Атаға қарап..........
2.Анаға қарап..........
3.Ананың көңілі балада,........
4.Жақсы сөз-
5.Ұяда не көрсең......
6.Мал баққандікі,.....
Қорыта келе «Бала тәрбиесі – өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер», — деген екен М.Жұмабаев. Қандай тауып айтылған даналы сөз десеңізші.Тәрбие арқылы адам тағдыры шешілетінін, оның білімді тұлға болып қалыптасатынын, елдің берік тірегі болатынын көрсетеді. Балалар тәрбиесіне, келер ұрпақ тәрбиесіне қай кезеңде болса да, қай елде, қай ұлтта болмасын үлкен мәнге ие. Өйткені бала – біздің болашағымыз. Плтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көөп рахмет! Сау болыңыздар!