Файл: мір деген не десем.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Өмір деген не десем?

Өмір деген не десем,


Өмір деген осы ма?


Үрейлендің неге сен?

Үрікпе, жаным, шошыма!

Өзіңе-өзің жүк артып

Өмір деген тер төгу.

Бір нәрсеге құмартып,

Бір нәрседен жеркену.

Біреулерді алдау да

Біреулерден алдану.

Қор боп өтпей жалғанда

Қолдан келсе, жан бағу.

Кейде шалқып шаруам,

Кейде қашып берекем.

Өмір деген-жаным-ау,

Өзім екем, мен екем…

«Поэзия! Менімен егіз бе едің?»


Поэзия!  Менімен егіз бе едің?


Мен сені сезесің бе, неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

Сені іздедім кездескен адамдардан,

Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,

Сені іздедім, жоғалған замандардан.

Сені іздедім сезімге у шараптан да,

Минуттардан іздедім, сағаттан да

Сені іздедім.


Іздемей тағат бар ма?


Сені маған егіз ғып жаратқан ба?

« Халыққа хат »

Туған халқым!

Қатемді кешір менің

Сенің арқан-сескенбей,есіргенім

Егерде жырың болмай,ұрың болсам

Алақанға саласың несін мені

Жоқ!

Менің жүрек емес төсімдегі

Ол бір от сенің ұлы көшіндегі

Өзіңнің жандырғаным,өшіргенің

Әзірге тастаған жоқ есім мені

Уа,жұртым!

Кешір мені!  Кешір мені!
Үш бақытым”

Ең бірінші бақытым – халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын.

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші  бақытым – тілім менің,

Жас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Кім мықты? – десе біреу, — Отан дер ем.

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?.

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.
«Менің  анкетам»


  • Туған жерің?

Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.


  • Туған жылың?

Құрдасымын Шәмілдің.


  • Шыққан тегің?

Шаруамын.


  • Білімің ше?

Орташа ғой.

Алайда өзім жоғары бағалаймын.

  • Ана тілің?

Қазақша.

Қысылғанда орысша да, немісше де бар.

  • Қайда істедің?

Мынау «Еңбек кітапшамнан» тауып ал.

Оқымаған, дипломсыз демесең, бір басымнан бар мамандық табылар.

  • Міндеттісің бе әскерге?

Міндеттімін.

Міне мұнда көп мағына бар.

  • Мекен – жайың ?

Жерде жүрген  ақын  деген  пендемін,

Қағаз, қалам, уақыт  бер  аздаған .

Мен  өмірді  жырлау  үшін  келгенмін !