Файл: Орталы Азия ымыны тарихи жне географиялы негіздері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Казакстан тарих емтихан

1.Орталық Азия» ұғымының тарихи және географиялық негіздері?

Орталық Азия ұғымының тарихы. Орталық Азия ұғымын алғаш рет ХІХ ғасырдың ортасында неміс зерттеушілері Карл Риттер мен Александыр фон Гумбольдт кеңінен қолданды. К. Риттер – Орталық Азияны Еуразияның ішкі биік аудандары деп, атап ондағы түбектер мен ойпаттарды бөлек қарастырды. А.Гумбольдт Алтайдан оңтүстікке және Памирден шығысқа қарайғы аумақты атады.

Физикалық география да Орталық Азия – Еуразияның ішкі ағынды алабина жататын түкпірдегі орталық аудан. Ішкі ағындық өзендер деп әлемдік мұхитқа құймайтын өзендерді айтады. Олардың қатарына Жайық, Ембі, Сырдария, Әмудария, Шу, Іле, өзендері жатады.

2.Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу тарихы

Орталық Азия — ел қызығушылығын тудыртатын өркениеті мен мәдени аспектісі бойынша тарихи бай аймақтардың бірі. Көшпелі заманнан ерекше тарихи территорияға айналған бұл аймақтың сыр шертер мәселелері де көп. Соған сәйкес, ҚазҰУ-де «Орталық Азия дәстүрлі өркениеттерін зерделеу» жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу орталығы ашылған болатын. Орталықтың директоры қызметіне көне түркі тайпаларының тарихын зерделеудегі танымал ғалым, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА Құрметті академигі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Омарбеков Талас Омарбекұлы тағайындалады. Орталықтың қызметі Қазақстан мен Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерінің ғылыми проблемаларын жаңа әдістемелік ұстанымдардың негізінде әлемдік тарихнамадағы таным әдістерін сындарлы қайта бағалау тұрғысынан пысықтауға бағытталған.

Жобаның мақсаты — Орталық Азия көшпелілерінің этноаумағының қалыптасуына, мемлекеттік құрылымына, эволюциясына, билік және дәстүрлі құқық мәселелеріне, дәстүрлі көшпелі шаруашылықтың күйреуіне кешенді түрде талдау жасау және тарихи деректер мен тарихнамалық жетістіктерді жаңаша тұрғыда зерттеу, сондай-ақ, отырықшы және көшпелі өркениеттердің синтезін көрсету, көшпелі және отырықшы халықтың мәдени-тарихи ықпалдастығынан туындаған мәселелерге негізделген дереккөздерге аксиологиялық талдау жасау жобаның мақсаты болып табылады.

  1. Орталық Азияда өркениеттерің пайда болу факторлары


Көшпелілер өркениетінің негізгі ошағы Орталық Азия.Тас өңдеу техникасының жетілуі және тастан, ағаш пен сүйектен жасалған жаңа құралдардың пайда болған кезеңі неолиттік төңкеріс.Ертедегі Еуразияның далалық өңірлеріндегі мал шаруашылығының кең таралуына әсер еткен төңкеріс неолит.Неолиттік төңкерістің ең маңызды қадамдарының бірі егіншіліктің пайда болуы,отырықшылыққа көшу.Адамның табиғатқа тәуелділігін азайтқан жаңалық неолиттік төңкеріс.Ежелгі егіншілердің негізгі құралдары таяқ, кетпен, тас орақ.Б.з.б. VІ мыңжылдықта Оңтүстік Түркіменстанда Орталық Азия бойынша алғаш рет жер өңдеп, дәнді дақылдары өсіруді меңгерді.Жейтундықтар Орталық Азияның географиясымен тығыз байланысты аймақта пайда болды.Отырықшы-егіншілік мәдениет Б.з.б. II мыңжылдықтың соңында егіншілікпен айналысуға тиімсіз болған жағдай қуаңшылық.Қоршаған ортаның табиғи -климаттық жағдайына икемделуіне байланысты пайда болған кәсіп көшпелі мал шаруашылығы.Көшпелердің жылы қоралары бар тұрақтар Қыстау Отырықшы шаруашылық дамыған өңірлер Сырдария, Шу, Іле, Талас, Арыс өзендері бойында .Б.з.б. II мыңжылдықтың соңында пайда болған көшпелілерде маңызды рөл атқарған материалдық құндылық киіз үй.

  1. Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтары

Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтары

Маргуш:Маргиана - Орта Азиядағы ежелгі обылыстың аты. Мургаб өзенінің бойында орналасқан. Маргиана бастыста Парфиямен, солтүстік-шығыста Соғдамен, шығыста Бактриямен, оңтүстіктеАреямен шектесті. Саргиана астанасы Ежелгі Мерв аймағында болды.

Шаш:Ташкент қаласы Шыршық өзенінің бойындағы, Гүлстан тауларының етегіндегі шұраттағы (оазис) елді мекен ретінде пайда болған. Көне замандарда осы жерде «Бейтиəн», Қангөй конфедерациясының жазғы астанасы орналасқан.Шаш патшалығының б.з.д. 5-ші-3-ші ғасырларда соғылған басты қаласының қамалының пішіні төртбұрышты болған, ол Сырдария өзенінен 8 километр оңтүстікте орналасқан. Б.з. 7-ші ғасырында Шаш патшалығында шамамен 30 қала мен 50 шақты каналдың желісі болған, соның арқасында ол соғдылықтар мен түркілердің арасындағы сауда орталығына айналды. 8-ші ғасырдыцң алғашқы бөлігінде қала мұсылмандардың билігіне өтті.

Соғды:Соғды, Сугут, Согдиана — қазіргі Тәжікстан және Өзбекстан республикалары аймақтарындағы Зеравшан және Қашқадария өзендерінің алабында орналасқан ежелгі тарихи аймақ.Орталығы Марқанд (Самарқанд) қаласы болды. Б.з.б. 6 — 4 ғасырларда Ахемен мемлекетінің құрамына кірді. Соғдылықтар парсы патшаларына күмістен салық төлеп, қымбат бағалы тастар жеткізіп тұрды, ірі әскери күштер берді. Б.з.б. 329 — 28 ж. С. тұрғындары Спитаменнің басшылығымен Александр Македонскийге күшті қарсылық көрсетті. Кейіннен Селевки әулеті, Грек-Бактрия мемлекеттері мен Кушан патшалығының құрамына енді. 4 — 5 ғасырларда ақ ғұндарға, 6 — 7 ғасырларда Түрік қағандығына бағынды.



Ферғана:Ферғана - тау арасындағы ойпат. Бұл жерге су Сырдариядан тартылған. Ферғана ахеминидтік және Александр Македонский империяларының құрамында да болған. Б.з.б 3-5 ғасыырларда оны өз билеушілері басқарғвн. Сыма Цаньның дерегі бойынша 70 жуық қала орналасқан аймақ

Хорезм:Хорезм — Әмударияның төменгі ағысында орналасқан тарихи өлке. Хорезм жөніндегі алғашқы деректер Дарий Қ-нің Бехистун сына жазуы мен Авестада кездеседі. Көптеген зерттеушілер Хорезмді бірінші зороастризмдік ел-авесталық Арьянам-войчахпен де байланыстырады. Хорезм тарихын зерттеуге 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың бас кезіндекөрнекті шығыстанушы ғалымдар — В.В. Бартольд, Н.И. Веселовский, А.Ю. Якубовский елеулі үлес қосты. Хорезм тарихын зерттеудің жаңа кезеңі 20 ғасырдың 30-жылдарында С.П. Толстов бастаған КСРО ғылым академиясының Хорезм археолагиялық-этнографиялық экспедициясының жұмысымен басталды. Хорезмнің ең ежелгі археологиялық ескерткіштері неолит дәуіріне жатады.

  1. Ұлы Дала» ұғымының тарихи-географиялық сипаттамасы және дала өркениетінің қалыптасуының ерекшеліктері

ҰЛы Дала»деп Дунайдан Маньчжурияға дейінгі жерді алып жатқан Еуразияның орталығындағы кең аумақты айтамыз.

Ұлы дала географиялық емес,тарихи-мәдени ұғым.Бұл аймақтың географиялық атауы Еуразия . Ұлы Дала көшпелілер өркениетінің бесігі болып табылады.Дала өркениетінің этникалық сипаты әртүрлі болды,ол бір халықпен және бір дінмен шектелмеді.Ұлы дала әр ғасырда алуан тлде сөйлейтін,нәсілдік сипаты әртүрлі көшпелі және жартылай көшпелілер қоныс етті.ҰЛЫ ДАЛА кең байтақ ашық кеңістік. Даланың табиғаты ұшы қиыры жоқ байтақ алқапты болып келеді.Осыған байланысты ежелгі уақыттанн бері аумақта түрлі тәсілдер тілдер тайпалар мәдениеттер діндер және өркениеттер тоғысып жатты.

  1. Ерте көшпенділер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті

Далада ұзақ ғасыр көшпелі малшы-егінші шаруашылығы өмір сүрді. Б.з.б. II мынжылдықтың ортасында көшпелі малшаруашылығына өтудің барлық алғышарттары қалыптасқанымен, ол жүзеге аспады. Көшпелілікке өтуге б.з.б. І мыңжыл-дықта болған кезекті құрғақшылық ықпал етті.Б.з.б. I мыңжылдықтың алғашқы жартысында құрғақшы-лыққа ұшыраған Далада шаруашылық жүргізудің жалғыз түрі көшпелілік болды. Ұлы Даланың барлық белдеуінде андрондық мәдениет түрінің мұрагерлері тұрақты қоныстардан бас тартып, жыл бойы көшіп жүретін көшпелілікке ауысты. Қоныстар мүлдем бос қалды немесе маусымдық қонысқа айналды. Осыдан бастап малшаруашылығы басты шаруашылық түріне айналды. Көшпеліліктің тағы бір ерекшелігі малды жыл бойы далада бағу болды. Андрондыктар қыс мезгілінде малды өз баспаналарында ұстады немесе арнайы қорада бақты. Олар малды алдын ала дайындалған азықпен (шөппен) асырады. Өйткені ол кезде,негізінен, қар астынан өздігінен шөп таба алмайтын сиыр түлігі басым болған еді.


7.Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі

Орта Азия халықтарының көп ғасырлық дамыған мәдениеті XIV-ғасырдың екінші жартысынан бастап қайтадан өрлей бастады. Мәдениетімізді дамытудағы жаңа өрлеуге жағдайлар жасалды. ХV-XVII ғасырда Самарқан, Бұқара қалаларында кітап миниатюрасы өркендеді. Орта Азия өнерінің тарихында Бұхарадағы кітап және ағаш пен тасқа ою-өрнек салу мектебі ашылып көрнекті орын алды. Сондай-ақ сәулет өнерінде әсемдік элементі ретінде қолданылған каллиграфия да асқан шеберлікке қол жеткізді.

  1. Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер

Қазақстанның этникалық тарихы да Орталық Азияның барлық аймақтарындағыдай өте күрделі. Ғасырлар бойы бұл аймақта да көптеген халықтар мен тайпалар тағдыры тоғысып, небір тарихи оқиғалар өтті. Олар туралы шығыс және европа халықтарының тілдерінде жазылған деректер де баршылық.. Шығыстанушылардың бірнеше ұрпақтары да этникалық тарихты зерттеумен айналысып, көп еңбек сіңірді.XV-XVI ғғ. Қазақ халқының және оның этникалық территориясының қалыптасуының ұзаққа созылған процессі негізінен аяқталды. Қазақ халқының этникалық құрамын Орта Азияның басқа да түркі тілдес халықтарындағыдай әр тілді тайпалар мен халықтар құраған. Олар: сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, түрік, түргеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, қыпшақ, найман, арғын, керей, қоңырат, жалайыр, дулат және т.б. Қазақстан территориясын мекендеген тайпалар. Бұлардың көпшілігінде өз уақытында мемлекеттері болған. Ертедегі түріктердің көптеген ру-тайпа аттары қазақтарда күні бүгінге дейін сақталған.

  1. Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары

Ш. Уәлихановтың пікірі бойынша, "Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін осындай үлкен одақтар құрған".

Н.А.Аристовтың ойынша, "жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан".

Василий Владимирович Бартольд: "Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық фактор әсер етті, табиғи-географиялық жағдайға икемделу және аумақтық оқшаулану жүздердің мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды", — деп есептейді.

Михаил
Порфирьевич Вяткин: "Жүздердің құрылуына табиғи-географиялық себептермен қатар саяси оқиғалар әсер етті, жекелеген ордалар ерекше саяси одақтар ретінде XVI ғасырдың аяғында қалыптасты", — дейді.

С. Аманжолов: "Қазақ елі, жері үш жүзге моңғолдарға дейінгі кезеңде — X—XII ғасырларда бөлінді", — деп есептейді.

Шығыстанушы Тұрсын Икрамұлы Сұлтанов жүздердің құрылуы жөнінде нақты деректердің тапшылығын айта келіп: "XVI ғасырдың екінші жартысында ұлыс жүйесі біртіндеп жүздерге ауысқан", — деген болжам айтады.

Жүз ұғымының мәні де толық ашылған жоқ. Біраз зерттеушілер қазақтың "жүз" деген сөзін арабтың "джуз" — бір нәрсенің "басты бөлігі", "тармақ" деген сөзімен сәйкестендіреді. Махмүд бен Уәлидің 16341641 жылдарда жазылған еңбегінде:

"Шайбани хан өлгеннен кейін оның ұлы Баһадүр осы ел мен ұлысқа басшылық ете бастады... ол қыстауы мен жайлауы үшін Ақ Орданы таңдап алды, ол әрі Йүз-Орда ретінде де белгілі", — дейді. Осы деректе кездесетін йүз (жүз) сөзін кейбір зерттеушілер қазақтың жүзімен теңестіреді.

М. С. Мұқановтың пайымдауынша, қазақтың жүздері этноәлеуметтік ағзаның жоғары санаттарының бірі. "Этноәлеуметтік организм" деп этностық, әлеуметтік, шаруашылық, саяси бірлестіктерді түсінеміз.

10.Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері

Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 10.2.2.6 – қазақтардың әлеуметтік жіктелуіне тән ерекшеліктерді анықтау үшін «ақсүйек», «қарасүйек», «хан», «сұлтан», «би», «батыр» ұғымдарын пайдалану; 10.2.2.7 – дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың функционалдық рөлін түсіндіру Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтарды жіктеп, қоғамдағы қызметін талдайды. Басым көпшілігі: Қазақ хандығы тұсындағы, Ұлыбритания мен қазіргі Қазақстандағы басқару жүйесін салыстырып, оқушылар 2-4 өзгерісті анықтайды. Кейбірі: Қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтардың хандықты нығайтудағы рөлін түсіндере алады. Бағалау критерийлері • Қазақ хандығы тұсындағы, Ұлыбритания мен қазіргі Қазақстандағы басқару жүйесін салыстырып кем дегенде 2-4 өзгерісті анықтайды;