Файл: Орталы Азия ымыны тарихи жне географиялы негіздері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.03.2024
Просмотров: 14
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
11.Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттердің саяси ұйымдасуы
Көшпелі қоғамда тайпалар одағынан мемлекеттік құрылымға өту кезеңінде күшті әскери билік дәстүрі үлкен рөл атқарды. Үлес-тайпа билеушілері әрі әскери қолбасшы, әрі әкімшілік басқарушысы болды. Әскери және әкімшілік биліктердің біріктірілуі олардың билеуші көсемдерінің саяси-экономикалық жағынан нығаюына әкелді. Мәселен, Қарлұк қағанатындағы үлестік-тайпаның кейбір басшылары орталық билікті мойындамады. Олар қолайлы жағдай туғанда мемлекеттегі жоғары билікті басып алуға ұмтылды. Соның салдарынан билеуші әулетті ауыстыратын күштер олардың өз ортасынан өсіп шықты. Барлық тарихи кезеңде Түрік, Түркеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Қарахан мемлекеттерінің бірін-бірі ауыстырып отыруын, бір жағынан, осылай түсіндіруге болады. Екіншіден, мемлекеттік құрылымдардың санғасырлық әлеуметтік-мәдени дәстүрлері қалыптасты.
12.Түркі империясы - көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі.
Батыс Түрік қағанаты ыдырағаннан кейін орнына бірнеше мемлекет құрылды. Төменгі Еділ бойында және Солтүстік Кавказдың шығысында Хазар қағанаты құрылды. Қазіргі Қазақстан аумағында үш мемлекет: Қазақстанның батысында-Оғыз мемлекеті, Солтүстік-шығыс және Орталық Қазақстан аймағында-Қимақ қағанаты, ал Жетісуда-Түргеш қағандығы қалыптасты.
Түргеш қағандығы (704-756 жж.). Жетісудағы Қытай тағайындаған билеушіні құлатып, 699 жылы түргештер мен дулуды біріктірген түргештер тайпасының көсемі Үшелік билік орнатты. Түргеш қағандығындағы «он оққа» бөліну мен басқа да Батыс Түрік қағандығындағы әскери - әкімшілік дәстүрлер сақталды. Сонымен қатар Үшелік әкімшілік реформа жүргiздi. Ол Шу және Іле жазықтарында өз ордасын құрып, қағандықты 20 аймаққа (тұтыққа) бөлді. 708 жылы Үшелiктiң мұрагері Сақал Кучадағы Қытай билеушісінің әскерін талқандайды. Алайда мұның артынша Сақалдың кіші інici көтеріліс жасап, шығыс түркілердің билеушісінен көмек сұрады. 711 жылы шығыс түркілердің әскері Жоңғарияда Сақалдың әскерін талқандап, қаған қаза тапты.
-
Шыңғысхан империясы және оның мұрагерлері
Шыңғыс хан (моңғ. Чингис хаан), шын аты – Темүжін (моңғ. Тэмүжин) — Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Ежелгі ру басшысы Есугей баһадүрдің отбасында туған.Басып алынған жерлерді Шыңғыс хан ұлыстарға бөлді де, ұлдарына үлестіріп берді. Жошыға Ертістен Орал тауына, одан оңтүстікке қарай Каспий теңізі мен Арал төңірегіне дейінгі жерлер, Орта Азиядағы иеліктерінен Солтүстік Хорезм мен Сырдария аймағы, Шағатайға Мауераннахр, Жетісу, Қашқария, Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Төле әкесінің ұлысы Моңғолияны мұраға алды.
14.Шыңғысханның әлем тарихындағы рөлі.Алтын Орда
Әлем тарихындағы ең құпияға толы тұлғалардың бірі әрі бірегейі — Шыңғыс хан.Ол туралы шындықтың кейбір беттері әлі ашылмай келеді. Ол өте сұңғыла, ақылды адам болған. Оның бойынан қатыгездікпен басқа елдерді жаулап алудың неше түрлі әдістерімен қатар, еркімен берілген халықтарға зорлық-зомбылық көрсетпеу туралы өзінің нояндарына берген бұйрығы туралы аңыздар да айтылады. Шынында да, ол қатыгез, жауыз, жабайы, надан болса, неге оны бүкіл әлем «екінші мыңжылдықтың тұлғасы ретінде» мойындап отыр. Оның ұлылығы ерте ме кеш пе тарихта өз атының қалатынына сенген. Сол кезде біреу мақтап-жақтар, ал екінші керісінше пікірде болуы мүмкін ғой. Мұндайда достарыңнан гөрі қастарыңның көп болатындығы тарихтан белгілі. Сондықтан Шыңғыс хан досқа да, жауға да өз өмірінің кейбір сәттерін құпия ұстаған.
15.Ақ Орда - Қазақ хандығының негізі
XIII ғасырдың ортасынан бастап Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Ақ Орда құрамына (Жетісуды қоспағанда) Орал өзенінің шығыс жағындағы және Арал теңізі мен Сырдарияның солтүстік жағалауындағы Қазақстанның кең аумағы кірді. Ақ Ордада Ежен ордасының ұрпақтары билік жүргізді. Мұсылмандардың хронологиялық кестесінде Ақ Орда хандарының есімдері мынадай тәртіппен берілген: 1. Орда Ежен; 2. Сарак ; 3. Қоныш; 4. Баян; 5. Сасыбуга; 6. Ерзен; 7. Мүбарак; 8. Шымтай ; 9. Орыс хан ; 10. Қойыршақ ; 11. Барақ.1428 жылы Ақ Орданың соңғы ханы Барақтың өлімінен кейін билікке 17 жасар Шайбанның ұрпағы Әбілқайыр хан тағайындалды, оның ұлы Жәнібек тағайындалмады.
16.Қазақ хандығы: мемлекеттің саяси институттары
Қазақ мемлекеттілігі ру – тайпалық, кейiн жүздік жүйемен біріккен аумақ, билік және халықтың бірлігіне негізделген. Қазақ мемлекетінің идеологиясы шығу тегі мен дәстүрінің ортақтығы туралы түсінік болды. Қазақ қоғамының саяси билік институттары - ханның, билердің, құрылтайдың, ұлыстардың көмегімен басқарылды.Хан етіп сұлтанды Шыңғыс ханның тікелей ұрпағын ғана жариялауға болатын. Хан сайлауда көбінесе рудың жасы үлкен ер адамы басым құқыққа ие болды. Сондықтан ханның ағасы, інісі ханның ұлдарынан үлкен болып есептелді.
-
Қазақ хандығының құрылуы - тарихи үдерістердің заңды нәтижесі
Қазақ хандығы - Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді.
18.Қазақ хандарының Қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен нығаюындағы рөлі
XV ғасырдың 60-жылдары өмірге келген Қазақ хандығы бұл мезгілге дейін аяқталып қалған қазақ халқының қалыптасуының табиғи жалғасы әрі жиынтығы болатын. Өз ішінде алаш атанған қазақ ұлтының негізгі өмірлік сұранысын, яғни этнос|этностық аумағының бүтіндігін, шаруашылығы мен күнделікті тұрмыс-тіршілігінің қауіпсіздігін Ақ Орда , Моғолстан мемлекеті , Әбілхайыр Ордасы Әбілхайыр хандығы және Ноғай Ордасы сияқты мемлекеттік құрылымдар қамтамасыз ете алған жоқтын. Өйткені бұл хандықтардың өз ішінде де саяси және экономикалық тұрақтылық болған емес. Сондықтан да қалыптасу жолында тұрған қазақ ұлтының аумағы мен жеке тайпалық бөліктерінің түрлі тұрақсыз хандық биліктердің құрамына еніп, тынымсыз қайта бөлініп отыруы ұлттық ұюға жағымсыз ықпал жасаумен болды. Бұл мезгіл — Орталық Азия кеңістігінде Шыңғыс хан дәуірі, тіптен одан да бұрынғы ру және тайпалық араласудың күні өткен уақыт болатын. Ұлттық ұюға біржола бет бұрған ендігі кезеңде халықтардың тұрақты өмірі мен тіршілігін, атамекеннің тұтастығын, үдемелі дамуға деген табиғи ұмтылысын қамтамасыз ете алатын жалқы фактор — мемлекет тұтастығының болуы еді. Әрқайсысы жеке хандықты иемденуден үміттеіп, тынымсыз соғыс жүргізуге әдеттенген Шыңғыс хан әулетінің арасында мұндай қоғамдық сұраныстарды дәл түсініп, оны қанағаттандыруға бар күшін сарп еткендері де аз болған жоқ.
19.Құтты жерді қорғау мен сақтаудағы ата-бабалардың рөлі