Файл: Таырыбы Маманды тадау ертеді ойлау Сыныбы 6 Б сыныбы Сынып жетекшісі МусатаеваБалхия Полатхановна Масаты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.03.2024
Просмотров: 11
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
5 бала:
интерьер дизайнері – үйіміздегі немесе кеңсеміздегі жиһаздарымызды талғаммен орналастыра білетін мамандар. Бұл да қазіргі заманның таптырмайтын мамандары.
6 бала:
Грим жасаушы суретші. Бұл мамандықтың құрамына төрт мамандық сыйып кетеді, яғни шығармашылық бірлестік деп атауға болады. Бұл бірлікке қоюшы-суретші кіреді. Суретші кейіпкерге тән бет-бейнені жасап, режисермен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Мамандық таңдау – болашағыңды айқындау
12.Мамандық жөнінде балалар пікірін тыңдайық. — Сендердің алдарыңа қойған мақсаттарың бар ма?
Осы мақсатқа жету үшін сен не істемек ойларың бар?
Осы тәрбие сағаттан не алдыңыз?
Мамандықты дұрыс таңдауда қандай қателер жіберілуі мүмкін?
Мамандық таңдаудағы салғырттық пен немқұрайдылық кешірілмейтін іс. Адамның өз болашағына деген жауапкерсіздік. Мамандық таңдау – болашағыңды айқындаудың өлшемі. Демек, одан қателесуге болмайды. Сол үшін де үш ойланып, төрт толғанғанның артықтығы жоқ. Өз болашағыңды өзің белгілейтін ең маңызды кезеңде тұрғаныңды ұмытпауға тиіссің.
Топтарды бағалау, мадақтау.
13. Рефлексия.
«Тілектер ағашы » Гүл құмырасында ағаш отырғызылған
Тәрбие сағатымыздың түйіні ретінде, рефлексия жасап, алдарыңыздағы алма, жапырақ стикеріне сабақтан алған әсерлеріңізді, тілектеріңізді жазып, «тілектер ағашына » ілеміз.
Бүгінгі тәрбие сағаттан алған әсерлерің.
Болашақтағы жоспарларың
Алға қойған мақсаттарың, бір- бірлеріңе тілектерің
Тәрбиешінің қорытынды сөзі:
Рахмет, сендердің айтқан ой пікірлеріңе қарай, бүгінгі сабағымыз өте маңызды болды деп есептеймін.
«Жарқын болашақтың кепілі- жаныңа жақын кәсіп таңдау» демектей, қазіргі қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, пайдасына қарай өзін өзі толық жүзеге асыруға дайын және бәсекеге қабілетті тұлға болуды талап етеді. Сондықтан да қазіргі кезден бастап,өз- өздеріңді, бір- бірлеріңді танып, өз қабілеттерің мен икемділіктеріңді дамытыңдар. Соған сәйкес болашақ мамандықтарыңды таңдаңдар.
Абыройлы, ақ ниет — адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі — болашақ маман иелері болуларыңызға шын жүректен тілектеспін