Файл: араша айындаы орытындысына тадау пні ( физика ) бойынша жасалан сараптам а.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 20.03.2024
Просмотров: 4
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қ.Смағұлов орта мектебінің 11А сынып оқушыларының
2021-2022 оқу жылындағы
ҰБТ-ге дайындық сынағының қараша айындағы қорытындысына
таңдау пәні ( физика ) бойынша жасалған
С А Р А П Т А М А
р/с | Оқушының аты-жөні | Нұсқа | Балл | Тест бойынша оқу материалын меңгеруі |
1 | Зинолла Еркебұлан | №1 | 9 | 25% |
2 | Қазизанов Саят | №2 | 7 | 20% |
Орта балл: 8
Қараша айындағы сынаққа физика пәнін таңдап отырған 11А сыныбынан 2 оқушы қатысты. Екі оқушының бірі 9 , екіншісі 7балл алып, орта балл 8 болды.Тест материалы жаңа форматтағы ҰБТ материалдары болды.Нәтиже бойынша екі оқушы 35 сұрақтың 20-25%-на жауап бере алған. Бұл оқушылардың жұмыстарына сараптама жасалды. Төмендегідей қателіктер анықталды:
*Механика курсы бойынша денелердің вертикаль қозғалысы , көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысына берілген тапсырмаларды орындаудан;
*Электростатика тарауындағы зарядтар жүйесінің өзара әрекеттесу заңдарын түрлендіруден;
*Магнит өрісі тарапынан әрекет ететін күштердің формулаларын қате қолдану;
*Жарық құбылыстары тарауы бойынша жарықтың толық шағылуының шекті бұрышын ажыратуда;
*Атомдық физикадағы энергетикалық күйлерді ажыратудан (Бор постулаттаын меңгеруде);
Бұл оқушылармен жіберілген қателер бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді.
Оқушылардың осал меңгерген және әлі де өтілмеген материалдары бойынша қосымша сабақтар жүргізіліп , оқушылар қаперіне берілді:
Пән мұғалімі : Ерғалиева Г.