Файл: ыса мерзімді жоспар 9 сынып, 4саба.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 20.03.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қысқа мерзімді жоспар

8– сынып №5-сабақ

Бөлім




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Тақырыптық карталар және оларды қосымша сипаттайтын элементтер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.2.1.1- тақырыптық карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді құрастырады: профиль, диаграмма, график, кесте

Сабақтың мақсаты


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Карта мен картосызбалардың айырмашылығын түсіну

.Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Картосызба жасауды үйрену

. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Картадан географиялық номенклатура нысандарын көрсетуді үйрету

Бағалау критерииі

Егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Карталар мен картосхемаларды ажырата біледі

Картосхемалар жасай алады

Географиялық номенклатура муралы біледі

Номенклатураларды ажырата алады

Картаның легендасы мен торлар арқылы оқи алады.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру:

Дала кітапшаларын тексеру, олардың қаланың дизайны туралы ойларын айтқызу.

Оқушыларға карталар мен картасхемалардың суреттері беріледі де , айырмашылығын сұраймыз, тақырыпқа келеміз, оқу мақсаттарымен таныстырамыз.

Сұрақ-жауап.

1. Глобус деген не?

2. Меридиан.

3. Паралелл.

4. Меридианның 10 доғасының ұзындығы.

5. Мектепте қолданылатын глобус масштабтары.

Қорытындылау.

Білімді тексеру кезеңі:\топпен жұмыс\

Жетістік критерийлерін болжайды;

Жетістік критерийлерімен және дескрипторлармен танысады

Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ



Слайд 6-7

Дидактикалық материалдар №1


Ортасы

Карта мен картосызбалардың айырмашылығы туралы презентациямен мұғалім түсіндіреді.



Тапсырма1:

Бір оқушы Қазақстанның барлық облыстарын атап тұрады, қалғандары жазады. Сосын тақтаға дұрыс жазылған нұсқасы шығады немесе дұрыс нұсқасы жазылған қағаз таратылып беріледі. Оқушылар қателерін тексереді.

Мұғалім оқушылардан сұрай отырып қорытынды жасайды. Оқушының бірінші міндеті: картадағы атауларды дұрыс атай білу керек.

Тапсырма2

Бірнеше елдер немесе жерлер туралы пазл таратылады. Олар соны құрастыруы керек.

Мұғалім оқушылардан сұрай отырып қорытынды жасайды. Оқушының екінші міндеті: картадағы бейнелерді есте сақтау керек

Тапсырма 3

Картаның легендасы мен торларынан обьектіні табу

Оқушыларға мұғалім өзі дайындап бірнеше тапсырмалар беру керек, соны табу керек. Карталардың легендасын оқуы керек.

Оқушының үшінші міндеті: картаның легендеасын оқи алуы керек, картадағы торлар бойынша нысандарды таба алуы керек.

Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы карталардың мазмұнына қарай бөлінуін түсіндіру.

3. Топтастыру.

Топтастыру арқылы карталардың масштабына қарай жіктелуі түсіндіріледі.
4. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы картадағы түстерді түсіндіру.

Жер бедерінің бейнеленуі

Жер бедері қат-қабат бояулармен көрсетіледі.

Жер беті суларының бейнеленуі

Көгілдір немесе көк түспен бейнеленеді.

Елді мекендердің бейнеленуі

Елді мекендердің алып жатқан орнына дөңгелек қойылады.


Сұрақ:

Картаның алдында қалай тұру керек?

Неге олай тұру керектігі туралы жауабыңды негізде


Слайдта көрсетілген ресурстарды талқылайды

Видеороликтан тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі
Слайдта берілген сұрақ жауапты орындайды

Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады

Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау

ҚБ: «Баспалдақ» әдісі 1.Білімім төмен

2.Орташа 3.Орташадан жоғары 4. Жоғары

ҚБ: Мұғалім тарапынан жүретін бағалау «Ауызша мадақтау



Слайдар

Ашық сұрап-жауаптар

Сабақтыңсоңы


Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.

Сабақта маған не пайдалы болды?
Сабақта маған не қызықты болды?
Сабақта маған не қиын болды?

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




Саралау: Оқушылардың тақырыпты теориялық тұрғыда жеңіл меңгеруі үшін және негізгі ойды толық түсінуін қолдау мақсатында мына тәсілдерді пайдаландым:

1.Бейнебаян көру , оқулықпен жұмыстану арқылы «Дереккөздер » арқылы сараладым.
2. Веендиограммасы, бинго әдісі арқылы қарқындылын сараладым.

3. «1минуттық әңгіме» арқылы әңгіме-диологқа түседі.

Сабақ өң бойында оқушыларды алға жетелеу мақсатымда, мадақтап, қолдап отырдым. Оларды дескриптор бойынша, смайликтер, «толық ай, жарты ай, жаңа ай», от шашу әдістерін пайданаландым.




Сабақ бойынша рефлексия



Қысқа мерзімді жоспар

11– сынып №4-сабақ

Бөлім




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Географиялық модельдеу әдістері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

11.1.1.3 - зерттеу тақырыбына сәйкес модельдеу әдістерін қолдану

Сабақтың мақсаты


Барлығы: Модельдеу әдістерін қолдануды үйренеді

Көпшілігі: заттық және ақпараттық модельдердің ерекшеліктерін айта алады.

Кейбіреуі: түрлі материалдар мен техникаларда географиялық модель түрлерін жасай алатын болады

Бағалау критерииі

1.модель түсінігін қалыптастыру, модель түрлерімен таныстыру

2. модельдерді ажырата білу, нысанның модельін жасай алуы

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

. Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу 

Ұқыпты, ынталы болуға үйрету 

Алдыңғы өткен тақырыпты еске түсіру мақсатымен төмендегі сұрақтарға қысқаша жауап беру

1.Географияда қолданылатын деректердің түрлерін атаңдар.

2. Сандық деректерді өңдеудің қандай тәсілдерін білесіңдер?

3.Географиялық деректерді сапалық өңдеу мен талдаудың жолдары қандай?

4. Деректерді өңдеумен талдаудың мақсаттары қандай?

5. Рангтерге жіктеу әдісінің ерекшелігі неде?

6. ГАЖ дың атқаратын қызметі

Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды


«Кіру билеттері»



http://bestreferat.kz/extra_rkd/show/59


Ортасы

Жаңа тақырып Ой қозғау:

1. Модельдеу не үшін қажет?
​2. ​Модельдеудің қандай түрлерін білесіздер?
​3. ​Дайын географиялық картаны шындықты тану үшін модель деп есептеуге бола ма?

1 тапсырма. Сызбанұсқа

(модельдің не екенін білу және түрлерін білу)


Модель (анықтамасы)

Модельдің түрлері

(мысалдармен)




2 тапсырма Видео көрсету

Сәйкестендіру

(кез келген нысан, құбылыстың атауларын түсініп қандай модельге жататынын ажырата білу үшін)

Блок-сызбалар

Вербалды

Мұхит табанының жер бедері

Математикалық

параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар

Графикалық

Ауызша не әңгіме түріндегі

оқу

Көрнекі оқу құралдары

Заттық

3 тапсырма Берілген мәтін негізінде халықаралық көші-қонның негізгі бағыттарын сызба-модель түрінде көрсетіңіз

ХХ ғасырдың соңына қарай сыртқы көші-қонның қарқыны арта түсті, дүние жүзі бойынша көшіп келушілер саны шамамен 150 млн адамнан асты. Көші-қонға экономикалық, саяси факторлар көп әсер ете бастады. Дамушы елдердін дамыған елдерге тек жұмыс күші ғана емес, кәсіби деңгейі мен білімі өте жоғары мамандар («ақылдың ағылуы»), өнер иелері және сапалы білім алуға ұмтылған жастар да қоныс аудара бастады. Әрқайсысының үлесіне иммигранттардың 20%-ы тиеслі Батыс Еуропа мен АҚШ басты «қабылдаушы» аймақтар қатарында; соңғы жылдары Аустралия мен Мұхит аралдарына қоныс аудару артып отыр. Кейбір Оңтүстік және Шығыс Еуропа және Африка мен Азияның дамушы елдерінде халықтың әл-аухатының төмендігі, экономикалық және саяси-әлеуметтік тұрақсыздық эмигранттар санын арттыруда. Парсы шығанағының мұнай өндіретін елдері жұмыс күшін Оңтүстік Азия мен Филипиннен, Солтүстік Шығыс Африка елдерінен қабылдайды. Латын Америкасының елдерден АҚШ жұмыс іздеп қоныс аударушылар саны да артуда

4 тапсырма Жұппен жұмыс

Аймақтар бойынша халықтың таралуын диаграмма-модель түрінде көрсетіңіз

Дүниежүзі бойынша халық мейлінше әркелкі орналасқан. Шығыс жарты шарда халықтың 85%-ы, ал батыс жарты шарда халықтың 15 %-ы тұрады. Сонымен қатар солтүстік жарты шар үлесіне Жер тұрғындарының 90%-ы, ал оңтүстік жарты шар үлесіне халықтың 10 %-ы тиеслі. Жалпы алғанда жеке аймақтар бойынша да біркелкі таралмаған. Азия – 61%, Африка – 13%, Еуропа – 12%, Латын Америкасы – 8,5% Солтүстік Америка – 5%, Аустралия және мұхит аралдары – 0,5

5.Нысандар, құбылыс немесе үдерістер немесе олардың қасиеттері түрінде берілетін модель түрі


(Сұрақтармен жұмыс жасау)

1.Климаттық өзгерістер жайлы не білесің?

2. Қазақстан климатының ерекшеліктері туралы не айтар едің?

3. Әлеуметтік жылыну жайлы естігендерің бар ма?

Кітаппен жұмыс.

  1. Тақырыпты үш бөлікке бөліп оқу.

  2. Оқыған бөліктерді жұпта талқылау.

  3. Топ құру, топта әңгімелеу.

Оқушылар бір –бірлерін дискриптор арқылы бағалайды




Қысқа мерзімді жоспар

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт 10– сынып №3-сабақ

Бөлім




Күні




Сынып

Қатысушылар саны Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Географиялық аудандастыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.1.1.3 зерттеу тақырыбына сәйкес аудандастыру әдістерін қолданады

Сабақтың мақсаты

Саяси карта көмегімен тарихи және географиялық аймақтарға кіретін елдерді анықтау

Бағалау критерииі

Қолдану: Мемлекеттердің тарихи және географиялық шекараларының қалыптасу ерекшеліктерін ажыратады

Картадан тарихи географиялық аймақтарды анықтайды

Саяси картадан тарихи географиялық аймақтарға кіретін елдерді таба алады

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

«Сәлемдесу.Ұйымдастыру уақыты.

Тақырыпқа шығу:

Интербелсенді тақтадағы  бейнеьаян арқылы сабақ тақырыбын анықтау. Бейнебаянды талдауға арналған Активити

«Сo-operative listening»

Презентацияда келесі етістіктерді көрсету: «түсіну», «анықтама беру», «ажырата алу», «жіктеу», «орындау», «қолдану», «талдау», «талқылау», «бағалау», «зерттеу» т.б. Осы және басқа да етістіктерді қолдана отырып, осы сабақта тақырып аясында жүзеге асуы мүмкін іс-әрекеттерді болжаңыздар! Осы сабақта не істейміз? Оқушыларды тыңдаған соң, оларды мақтап, қолпаштап, бағыттай отыру. Кейін тақтада оқу мақсатын көрсету.

Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ


дидактикалық материалдар.


Интерактивті тақ

Ортасы

Тарихи –географиялық аймақ деген не?

Егер біз төменгі сыныптарда физико –географиялық аймақтармен таныссақ. Ол кезде сол аймақтың географиялық ерекшелігін айтканда орналасу жайы, өсімдігі, жануары туралы айтамыз, ал енді тарихи –географиялық аймақ дегенде сол аймақтағы тарихи жағдайлар, өркениет, елдердің даму тарихы, халқы, экономикасы туралы қарастырамыз. Тарихи –географиялық аймақтардың ірілері дүние бөліктері, материктер, субаймақтар, мемлекттер болып бөлінеді. Әр аймақтың даму картинасы әртүрлі: Мысалы: Европа ежелгі өркениет ауданы болса, Азияның әр бөлігі әртүрлі, Ал Африка мен Латын Америкасының тарихи даму кезеңі өте аз уақытты қамтиды. Тарихи –географиялық аудандастыруда

Континент – субаймақ – мемлекет

Тарихи –географиялық аймақтың континенттік деңгейі 4 өмір сүру аймағынан тұрады : Евразия, Африка, Америка, Австралия және Мұхиттық аралдар

Субконтинентальді деңгейі макроаймақтардан тұрады: Шетелдік Европа, Оңтүстік Азия, Оңтүстік –Шығыс Азия, Орталық Африка, Солтүстік Америка және т.б.

Субаймақтар – бұл макроаймақтардың ірі бөліктері. Мысалы Латын Америкасын мынадай субаймақтарға бөлеміз: Мезоамерика немесе Орталық Америка (құрамында Мексика, Орталық Америка мен Вест-Индия аралдарының елдері), Анд елдері (Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия, Чили), Ла-плато елдері немесе Атлант жағалауы елдері (Аргентина, Уругвай, Парагвай, Бразилия). Соңғы кезде жаңа атау да пайда болған: Оңтүстік конус елдері (Аргентина, Уругвай, Парагвай, Чили).

Ал Латын Америка атауы осы аймақта тарихи орын тепкен роман тіл әулетінің (латын тілді) халқы – испандар мен португалдардың орналасуымен таралған. Қазіргі терминологияда Кариб елдері деген атауды да кездестіруге боладыЖүппен жұмыс.

Әрбір жүп өздерінің таңдауы бойынша 1 тарихи – географиялық аймақты таңдап, оның ерекшелігіне сипаттама береді.

  1. Географиялық орнына сипаттама жасаңыз

  2. Тарихи – географиялық облыстың құрамына қандай ірі мемлекеттер кіреді анықтаңыз.

  3. Этникалық және діни ерекшеліктері бойынша (халқына сипаттама беріледі) Мәдениет және тұрмыс салтына шағын сипаттама беріңіз.

  4. Әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайына баға беріңіз

Ескерту: Оқушыларға көмек ретінде мәтіндер немесе ноутбуктерді/ғаламторды пайдалануға мүмкіндік жасау

  1. Батыс Еуропа

  2. Шығыс Еуропа

  3. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД)

  4. Оңтүстік Батыс Азия

  5. Оңтүстік Азия

  6. Орталық және Шығыс Азия

  7. Оңтүстік-Шығыс Азия

8. Солтүстік Америка

9. Латын Америкасы

10. Солтүстік Африка

11. Батыс Африка

12. Орталық Африка

13. Шығыс Африка

14. Оңтүстік Африка

15. Аустралия

16. Мұхит аралдары

Дескрипторлар:

1 тарихи – географиялық аймақты толық сипаттап, ерекшелелігін талдай алады.
Жеке жұмыс

Саяси карта көмегімен тарихи және географиялық аймақтарға кіретін елдерді кескін картаға түсіреді

Арнайы ресурстар арқылы жаңа тақырыпты талдайды

Жұп бойынша

Жеке, өзара тақырыпты түсінгендерін мұғалімге қол көтеру арқылы білдіреді

Слайдта көрсетілген ресурстарды талқылайды

Видеороликтан тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі
Слайдта берілген сұрақ жауапты орындайды

Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады


Топтар тақтаға шығып жұмыстарын қорғайды және интербелсенді тақтадағы ActivInspire картаға өздерінің 1 тарихи – географиялық аймағына кіретін елдерді көрсетеді

Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау

ҚБ «Бәрекелді,әттеген-ай»


Бағалау парақшасын толтырады.

ҚБ Бағдаршам

Бірін – бірі бағалайды.

http://ikitap.kz/audiobook/5189-kerqula_atty_kendebaj/5189-kerqula_atty_kendebaj

аудиокітап

Алты томдық «

Сабақтыңсоңы


Сабақты қорытындылау. Сабақта оқушылардың жинаған зерттеулеріне қарай тезірек сабақты түсінгендеріне байланысты ерекше мадақтау жасап,әрқайсысына жеке- жеке рефлексия жасау.

Рефлексия. «Қажетті сөздің астын сызыңыз»әдісі

арқылы оқушылардан бүгінгі сабақ бойынша рефлексия

жасауды ұсынамын.

1. Сабақүстінде мен жұмысжасадым

белсенді/ енжар

2. Сыныптағыөзжұмысыма

ризамын / ризаемеспін

3. Мағансабақтыңуақыты … көрінді

қысқа / ұзақ

4. Менсабақта

шаршадым / шаршамадым

5. Меніңкөңілкүйім … болды

жақсы / нашар

6. Сабақтақолданылғантапсырмалар … болды

түсінікті / түсініксіз

маңызды / маңыздыемес

қызықты / қызықсыз

7. Меніңойымша, үйтапсырмасы

оңай / қиын

қызықты / қызықсыз





Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы