Файл: азастан Республикасыны білім жне ылым министрлігі шж Талдыоран жоары медициналы колледжі мкк силлабус (ашытытан оытуа арналан) Пнмодуль бойынша Жалпы патология.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 20.03.2024
Просмотров: 24
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК
СИЛЛАБУС
(қашықтықтан оқытуға арналған)
Пән/модуль бойынша ________«Жалпы патология»___________________
(оқу жоспары бойынша атауы)
Мамандық __________0301000 – "Емдеу ісі" ________________________
(шифр мен атауы)
Біліктілік ___________0301013 - «Фельдшер»________________________
(шифр мен атауы)
Курс | 2 |
Семестр | ІV |
Барлық сағаты/кредит | 90 |
оның ішінде: | |
Аудиториялық сабақтар: | |
Дәрістер | 14 |
ОБӨЖ | 10 |
Тәжірибелік сабақтар: | |
Симуляция | 40 |
Клиника | |
Жеке сабақтар: | |
БӨЖ | 20 |
Бақылау түрі: Емтихан | 6 |
Талдықорган - 2021
Нормативтік сілтемелер: силлабус оқу жоспарына сәйкес мамандығы: 0301000 – "Емдеу ісі" біліктілігі: 0301013 - «Фельдшер» бойынша оқу-жұмыс бағдарламасы негізінда жасалды. | | |
Әзірлеген оқытушы: | | |
№ _3_Циклдік әдістемелік комиссияның отырысында қаралды. | ||
Хаттама №1 _____28.08.2020 ж. | ||
ЦӘК төрайымы: Махатаева А.Ж.______________________ /аты жөні, қолы/ | ||
Колледждің Әдістемелік кеңесінің отырысында қаралды және мақұлданды. | ||
Хаттама № 1 ______28.08.2020 ж. | ||
Колледж әдіскері: Дуванбекова Г.С. ____________________ /аты жөні, қолы/ |
1. Оқытушы туралы мәлімет
Реттік № | Фамилиясы, аты-жөні | Лауазымы, ғылыми дәрежесі | Электрондық пошта, байланыс телефоны |
1 | Ақсубаева Айжан Серікқанқызы | оқытушы | aksubaeva93@mail.ru 87767364959 |
2. Бағдарлама
Пәннің қысқаша мазмұны: | Жалпы патология аурудың құрылымдық негіздерін оқытады. Ол медицина теориясымен қатар клиникалық тәжірибеге еңбек етеді, сондықтан жалпы патология – клиникалық пән болып табылады. Жалпы патология үрдістердің негіздері жөнінде білімгерге Емдеу ісінде қажет болатын ауру және патологиялық жағдай туралы түсініктер алуға мүмкіншілік береді. | |
Кіріспе: | Бұл бағдарлама білім алушыларға пән бойынша қажетті білім мен дағдыларды қамсыздандыруға, қашықтықтан оқыту жағдайында оқу нәтижелеріне қол жеткізуге арналған. - Бағдарлама BLM.KZ автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Пәнді игеру үшін BLM.KZ-ге енгізілген материалдар қолданылады. - «Тапсырма» модулі сабақ өткізу үшін байланыс құралы ретінде қолданылады (сауалнама, тапсырмалар, дәрістер, тестілер, чат және т.б.). - Дәрістерді оnline режимінде Zoom платформасында немесе басқасында жүргізуге болады, ал егер online режимінде өткізу мүмкін болмаса, ofline режимінде өтеді. - Білім алушылар үшін әр түрлі материалдар дайындалды: үлестірмелі материалдар, дубляжды және дубляжсыз презентациялар, видео, аудио, интерактивті тапсырмалар, ситуациялық есептер, кейстер, графиктер, сілтемелер және басқа Интернет-ресурстар. | |
Пәннің/модульдің саясаты: | - Білім алушылар дәріс, практикалық және ОБӨЖ сабақтарының кестесіне сәйкес тапсырмаларды күн сайын орындап отыруы керек. - Білім алушылар сабақты талқылауға қатысып, жеке және топтық тапсырмаларды орындап, басқа ресурстарды да зерттеуі керек. - Білім алушылар тапсырманың соңғы орындау мерзімін қадағалап отыруы керек. - Білім алушылар сабақтың барлық түрін себепсіз жіберіп алуға болмайды. - Білім алушылар БӨЖ-ын бағдарламада көрсетілген кестеге сәйкес орындауы керек. | |
Пәнді оқу мақсаты: | - білімділік: теориялық білімдерін тәжірибелік дағдылармен ұштастыруға,жүйелендіру және топтастыру. Ойларын тұжырымдауға уйрету. - тәрбиелік: білімгерлерді салауатты өмір сүруге,жақсы маман иесі болуға тәрбиелеу. - дамытушылық:оқушының логикалық ой-өрсін дамыту,ойлау қабілеттерін дамыту, қойылған сұрақтарға жылдам ойланып жауап беру, пәнге қызығушылығын, өз беттерімен шешім қабылдауды, жаңа ғылым технологияларымен таныстыру | |
Пәнді оқу міндеттері: | - түрлі деңгейде патологияның құрылымдық негіздері туралы білім беру. - жалпы патологиялық процесстердің даму механизмдері мен олардың морфологиялық көріністері және байланыстары жөнінде білім беру. | |
Құзыреттіліктер (оқыту нәтижелері): БҚ-1.ОҚЫТУ | Ақпаратты басқару, сыни ойлау және шешім қабылдау дағдыларын қолдана отырып, өзінің оқу қажеттіліктерін мойындайды және оқу мақсатын кояды | |
БҚ-1.2 Сыни ойлау және шешім қабылдау: | қиын жағдайларда мәселелерді және әлеуетті шешу жолдарын анықтайды, фактілерді, пайымдауларды қисынды талдайды және оның кәсіби қызыметі шеңберінде негізделген шешімдер қабылдайды. | |
БҚ-2. ЭТИКА ЖӘНЕ КӘСІПҚОЙЛЫҚ | Фельдшерлік көмек көрсету процесінде пациенттермен, олардың отбасыларымен және әріптестерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде кәсіби этикалық қағидаттар мен нормаларды ұстанатынын көрсетеді. Өз іс-әрекеттері мен жұмыс нәтижелері үшін жауапкершілік алады, сондай-ақ оң жұмыс жағдайын қолдайды | |
БҚ-2.2 Этикалық қағидаттар | кәсіби этикалық қағидаттарға бейілділігін көрсетеді, құпиялылықты сақтайды, пациенттердің өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік шараларын түсінеді, пациенттердің\клиенттердің, отбасылар мен топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында белгілі бір жағдайларда этикалық мәселелер туындаған кезде сыни бағалайды және шешімдер қабылдайды. | |
БҚ-3 БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ КОМАНДАДА ЖҰМЫС ІСТЕУ | Технологиялардың кең спектрін пайдалана отырып, әр түрлі жағдайларда әртүрлі адамдармен тиісті өзара іс-қимыл жасай алады | |
БҚ-3.1 Коммуникативтік дағдылар: | мәдениет, сенім,салт-дәстүр, өмір салты және түрлі тілдердегі дүниетаным бойынша ерекшеленетін адамдармен тиімді қарым-қатынасты көрсетеді. | |
ПК-1 ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ | Пациенттердің\клиенттерді, отбасыларды және халық топтарын тиімді бақылау және кеңес беру арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру және денсаулықты нығайту. | |
ПК-1.2 Бақылау: | Созылмалы және әлеуметтік маңызды аурулары бар пациенттерді диспансерлік бақылауды жүзеге асырады. | |
ПК-1.3 Кеңес беру: | Пациенттер мен оның отбасы мүшелерін денсаулықты сақтау, күтім жасау және аурулардың алдын алу мәселелері бойынша оқытады, қауіп және қорғау факторларын анықтайды. Әр түрлі әдістерді пайдалана отырып, жеке және отбасылық деігейде алдын алу іс әрекеттерін жоспарлайды және орындайды. | |
Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы: | ||
|
| |
|
| |
|
| |
Курстың пререквизиттері: | Анатомия, физиология, гистология, генетика мен медициналық биология | |
Курстың постреквизиттері: | Терапия, жұқпалы аурулар, педиадтирия, ішкі аурулар, хирургия. | |
Әдебиеттер мен интернет – ресурстары: | Негізгі әдебиеттер:
Қосымша әдебиттер:
Электронды ресурстар:
|
3. Пәннің тақырыптық жоспары
3.1 Дәрістің тақырыптық жоспары
№ р\с | Тақырыптар атауы | Қысқаша мазмұны | Сағат саны |
1 | Патологияға кіріспе. Ауру жайлы ұғым. | -Патология ұғымы, -Патологияның зерттеу әдістері, -Патогенез, -Этиология. | 2 |
2 | Зақымдану. Дистрофиялар. Зат алмасуының бұзылуының жалпы көрінісі. Атрофия. Некроз. Апоптоз. | -Дистрофия түрлері, -Май, көмірсу, нәруыз алмасуының бұзылуы, - Ашығу, -Некроз белгілері, -Атрофия түрлері, - Апоптоз ұғымы. | 2 |
3 | Компенсациялық - бейімдеулік жауаптар. Организм мен қоршаған ортаның патологиялық жағдайда әрекеттесуі. | -Бейімделу түрлері, -Регенерация, -гипертрофия мен гиперплазия, - Мехникалық зақымдар, -Температуралық зақымдар, -Сәулелік,химиялық зақымдар, -Реактивтілік, -Резистенттілік. | 2 |
4 | Қан айналымның бұзылуы. Иммундық – патологияялық үдерістер. Аллергия. | -Гиперемия,оның түрлері, -Ишемия,тромбоз,эмболия -Қан кету, қан құйылу, -Иммунитет түрлері, -Аллергияның маңызы | 2 |
5 | Қабыну. Термореттелудің бұзылуы. Қызба. Қалтырау. | -Қабыну факторлары, -Қабыну кезеңдері, - Қабыну жіктемесі, -Термореттелу, -Жылу алмасу механизмі, -Қалтыраудың маңызы. | 2 |
6 | Гипоксия Экстремалды жағдайлар: Стресс. Шок. Коллапс. Кома. | -Гипоксия түрлері мен этиологиясы, -Стресс, шок, коллапс, кома. | 2 |
7 | Ісіктер | -Ісіктер этиологиясы, -Ісіктер патогенезі, -Ісіктер түрлері | 2 |
| Барлығы: | | 14 |
3.2. Оқытушының білім алушымен өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары (ОБӨЖ)
№ р/с | Тақырыптар атауы | Қысқаша мазмұны | Сағат саны |
1. | Қан айналым жүйесінің жеке аурулары. Миокард инфаркт. Инсульт. Ишемиялық ауру. | -Миокард инфаркт, -Инсульт, -Ишемиялық ауру түрлері | 2 |
2. | Тыныс алу жүйесінің аурулары. Туберкулез. Пневматоракс. Бронхопневмония. | -Туберулез,түрлері -Пневматоракс, -Бронхопневмония | 2 |
3. | Ас – қорыту жүйесінің аурулары. Гастрит. Энтероколит. Асқазан ойық жарасы. Бауыр циррозы. | -Гастрит -Колит,энтероколит -Асқазан ойықжарасы -Бауыр циррозы | 2 |
4. | Зәр шығару жүйесінің аурулары. Пиелонефрит. Гломерулонефрит. Нефросклероз. | -Цистит -Пиелонефрит -Гломерулонефрит -Нефросклероз | 2 |
5. | Жүйке жүйесінің аурулары. Бас сақинасы. Гидроцефалия. Миелит. Қояншық. Акинезия. | -ОЖЖ ауруларының этиологиясы мен патогенезі -Бас сақинасы, -Гидроцефалия, -Миелит, -Қояншық, -Акинезия | 2 |
| Барлығы: | | 10 |
3.3 Білім алушының өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары (БӨЖ)
№ | БӨЖ-ның бөлім/тақырып атауы | Тапсырмалар / өткізу формалары | Бақылау түрі | Бақылау кестесі | Сағат саны |
1 | Қан айналым жүйесінің жеке аурулары. | Презентация | блиц – тест | 1 - сабақ | 2 |
2 | Тыныс алу жүйесінің аурулары. | Реферат | сұрақ – жауап | 2 - сабақ | 2 |
3 | Ас – қорыту жүйесінің аурулары. | Презентация | блиц – тест | 3 - сабақ | 2 |
4 | Зәр шығару жүйесінің аурулары. | Эссе | сұрақ – жауап | 4 - сабақ | 2 |
5 | Жүйке жүйесінің аурулары. | Презентация | блиц – тест | 5 - сабақ | 2 |
6 | Тіс пен жақ аппаратының аурулары. | Эссе | сұрақ – жауап | 6 - сабақ | 2 |
7 | Ішкі секреция бездерінің аурулары. | Реферат | блиц – тест | 7 - сабақ | 2 |
8 | Жыныс мүшелері мен сүт бездерінің аурулары | Презентация | сұрақ – жауап | 8 - сабақ | 2 |
9 | Жұқпалы аурулар. Гепатит В,С. Безгек. АИТВ | Эссе | блиц – тест | 9 - сабақ | 2 |
10 | Қатерлі ісіктер. | Реферат | сұрақ – жауап | 10 - сабақ | 2 |
| Барлық сағат саны: | | | | 20 |
3.4 Симуляциялық сабақтардың тақырыптық жоспары
№ р/с | Тақырыптар атауы | Қысқаша мазмұны | Сағат саны |
1 | Патологияға кіріспе. Ауру жайлы ұғым. | -Патология ұғымы, -Патологияның зерттеу әдістері, -Патогенез, -Этиология. | 6 |
2 | Зақымдану. Дистрофиялар. Зат алмасуының бұзылуының жалпы көрінісі. Атрофия. Некроз. Апоптоз. | -Дистрофия түрлері, -Май, көмірсу, нәруыз алмасуының бұзылуы, - Ашығу, -Некроз белгілері, -Атрофия түрлері, - Апоптоз ұғымы. | 6 |
3 | Компенсациялық - бейімдеулік жауаптар. Организм мен қоршаған ортаның патологиялық жағдайда әрекеттесуі. | -Бейімделу түрлері, -Регенерация, -гипертрофия мен гиперплазия, - Мехникалық зақымдар, -Температуралық зақымдар, -Сәулелік,химиялық зақымдар, -Реактивтілік, -Резистенттілік. | 6 |
4 | Қан айналымның бұзылуы. Иммундық – патологияялық үдерістер. Аллергия. | -Гиперемия,оның түрлері, -Ишемия,тромбоз,эмболия -Қан кету, қан құйылу, -Иммунитет түрлері, -Аллергияның маңызы | 6 |
5 | Қабыну. Термореттелудің бұзылуы. Қызба. Қалтырау. | -Қабыну факторлары, -Қабыну кезеңдері, - Қабыну жіктемесі, -Термореттелу, -Жылу алмасу механизмі, -Қалтыраудың маңызы. | 6 |
6 | Гипоксия Экстремалды жағдайлар: Стресс. Шок. Коллапс. Кома. | -Гипоксия түрлері мен этиологиясы, -Стресс, шок, коллапс, кома. | 6 |
7 | Ісіктер | -Ісіктер этиологиясы, -Ісіктер патогенезі, -Ісіктер түрлері | 4 |
| Барлығы: | | 40 |
4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижелеріне жету үшін оқытудың негізгі формалары/әдістері/ технологиялары
-
Дәрістер - презентация және/немесе мәтіндік материал түріндегі шолу дәрісі.