Файл: за мерзімді жоспарды тарауы 3в онды блшектер жне олара амалдар олдану (52 са).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 20.03.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 3В Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану (52 сағ)

Күні: 13,13.02.2023ж

13.02.2023ж

Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Аймаганбетова Б.С.

Сынып: 5 Б 1/2


Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ондық бөлшекті натурал санға бөлу. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.30 ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындау;

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлу әдісін біледі.

Көпшілігі Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындай алады.

Кейбірі: Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді күрделі жағдайлар үшін дұрыс орындайды.

Бағалау критерийлері

Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлу әдісін біледі.

Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин

Оқушылармен амандасу

«Жүректен- жүрекке» әдісімен сынып оқушылары бір-біріне жылы лебіздерін білдіре отырып, көтеріңкі көңіл-күй өзгерісін, белсенді ахуалын қалыптастыру.
1. Оқушылардың сабаққа түгел қатысуын қадағалай отырып, жаңа сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстырылады

Үй жұмысын тексеру (дәптер жинау арқылы тексеріледі)

ІІ. «Қайталау - білім данасы»(Қайталау сұрақтары): 5 мин

CТО технологиясының «Шатасқан баулар» стратегиясы бойынша сұрақтар қойылады?

Мақсаты: өткен тақырыпты еске түсіру.
– Ондық бөлшек деп қандай бөлшекті айтады?

– Ондық бөлшекке қолданылатын қандай арифметикалық амалдарды білесіңдер?

– Ондық бөлшектерді қосу (азайту) қалай орындалады?

– Ондық бөлшекті натурал санға көбейту ережесін тұжырымда.

– Ондық бөлшекті ондық бөлшекке көбейту ережесі қалай қорытылады?

Оқушылардың белсенділіген байланысты бағаланады.

Презентация

Сабақ ортасы

ІІІ. Мағынаны тану. Жаңа сабақ

Ой қозғау (8 мин)
Суреттен нені көріп тұрсыздар?

- Шамалар туралы түсіндіріңіз.

- Белгісіз шама қандай?

-Ізделінді шаманы табу үшін қандай амал қолдануға болады?

S=24,8 cм2 b=4 см a-?

Ш ешуі: 24,8 : 4 = 6,2 Ж: 6,2 (см)

Бағалау түрі: өзара бағалау Қалыптастырушы бағалау: «Жарайсыңдар»
Ондық бөлшекті натурал санға бөлуді, натурал сандарды бөлу сияқты бұрыштап бөлеміз.

Ондық бөлшекті натурал санға бөлу
1-мысал.

17,4 : 3 = 5,8




2-мысал.

2,45 : 7 = 0,35

5 0,06 3,02 0,4 6,65 0,84

Кестеде берілген өрнектің жауабымен бір бағанға өрнектің тұсындағы әріпті қойыңдар. Сонда сендер қазақ халқының ұлттық өнерінің ерекшелігін бейнелейтін және ең бірінші сәулеттік құрылыстың КИІЗ ҮЙ екенін білесіңдер.

ҚБ: Мұғалімнің ауызша бағалауы. Балалардан киіз үй туралы не білетінін сұрау.
Шығармашылық тапсырма жекелеген оқушыларға: (7 мин)

Бір тамшы судың массасын білу үшін массасы 45г бос ыдысқа 50 тамшы су тамызылып өлшенді. Сонда суы бар ыдыстың массасы 48,5г болды. Бір тамшы судың орташа массасы неше грамм?

ҚБ: Оқушылардың берілген тапсырманы дұрыс әрі жылдам орындауына қарай «жұлдызша беру» арқылы бағалаймын.

Бөлімдері әртүрлі аралас сандарды қосу.

Жеке жұмыс Оқулықтар бойынша есептер шығару (35 мин)

№ 1115 1) 10,5 : 15 + 1,8;

2) 67,5 : 15 + 1,8;

3) 46,2 :132 · 1,6 ;

4) (16,3 + 21,5) : 14;

5) (42,3 + 34,2) : 9 + 3,5;

6) (47,527,2) : 6-0,81

№1117. Тең қабырғалы үшбұрыштың периметрі 37,14 см. Оның қабырғаларын табыңдар. Самал 2,16 кг, ал Айша одан 3 есе кем дәрілік шөп жинады. Айша қанша дәрілік шөп жинады.
Азық түлік қоймасындағы 1503,6 кг күрішті қаптағанда 28 қап болды. Бір қапта неше килограмм күріш бар? Оқушылар кітаптан берілген тапсырманы орындайды.
Талдау 1-топ. Периметрі 48,64 см квадраттың қабырғасының ұзындығын табыңдар.

2-топ. Тең қабырғалы үшбұрыштың периметрі 2,58 м. Оның қабырғасын табыңдар.

3-топ. Марат 42,75 кг саңырау құлақ жинады, ал інісі одан 38 есе кем саңырауқұлақ жинады. Інісі неше кг саңырауқұлақ жинады?


Ондық бөлшекті натурал санға бөлу үшін:

1) Бөлшекті үтіріне қарамай сол санға бөлеміз;

2) Бөліндіге үтірді бөлінгіштін бүтін бөлігі біткен кезде қоямыз.
Егер бүтін бөлігі бөлгіштен кіші болса, онда бөлінді нөл бүтінмен басталады.


Топтық жұмыс (8 мин)

№1 есеп: Үш қораптың әрқайсының салмағын табу керек, егер бірінші қораптың салмағы екінші қораптан 0,5 кг жеңіл, ал үшінші қораптың салмағы біріншіге қарағанда 0,4 кг жеңіл және олардың жалпы салмағы 4,3 кг.

Шешуі: Екінші қораптың салмағын  x –пен белгілесек, онда:

I қорап - x  - 0,5

II қорап - x

III қорап – (x  - 0,5) – 0,4

Төмендегідей теңдеу аламыз

x  - 0,5 + x + (x  - 0,5) – 0,4 = 4,3

Жақшаны ашып, ұқсас қосылғыштарды біріктіреміз      3x  - 1,4 = 4,3

3x = 5,7

x=1,9

Жұппен жұмыс(10 мин)

БӘ «Көршіңмен кеңес»

І тапсырма: І) (12,33+7,3):6,5;

Й) (6-2,43):414;

К) 9,75:(412 -2,55);

Ү) 15,96:( 925 +2,04);

И) (415 – 3,93):4,5; З) 1:(0,54+1,96);
Жеке жұмыс (10 мин)

2-тапсырма. «Саралап» оқытудың қарқын, диолог және қолдау қағидасына сүйене отырып тапсырма беру

А: Шаршының периметрі 29см. Қабырғасын табыңдар.

В: Тік бұрышты параллелепипед көлемі 17,94м3, ауданы 7,18м2. Биіктігін табыңдар. С: Периметрі қабырғасы 9,65см квадраттың периметріндей тік төртбұрыштың ені 8,7см. Тік төртбұрыштың ұзындығы неше сантиметр?

Дескриптор: - Квадрат, тік төртбұрыштың периметр формуласын білу; - Есептеуде қолдана білу;


Дескриптор –
Ондық бөлшектерді қосу - Ондық бөлшектерді азайту - Ондық бөлщектерді көбейту - Ондық бөлшектерді бөлу

Оқушылар кітаптан берілген тапсырманы орындайды.

Дескриптор: -   Қысқаша берілгенің жазады -Теңдеу құрады -  қораптың салмағын табады -  қораптың салмағын табады - қораптың салмағын табады
Дескриптор: -Ондық бөлшектерді қосу, азайту алгоритмін орындайды; -Ондық бөлшектерді бөлу алгоритмін орындайды; -Дұрыс жауапты сәйкестендіреді;



Оқулық

5 сынып,
Т.А.Алдамұратова

Б.С. Байшоланов







Сабақ соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:(3 мин)

-нені білдім, нені үйрендім

-нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үйге тапсырма беру: Теория оқу 2 мин

Кері байланыс жасау:

1.

№, №

Оқушылардың белсенділіген байланысты бағаланады.