Файл: Саба таырыбы Параллелограмны ауданы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 20.03.2024

Просмотров: 18

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Сабақ тақырыбы

Параллелограмның ауданы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.11 параллелограмның, ромбтың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану

Сабақ мақсаттары

  1. Параллелограмның ауданының формулаларын қорытады;

  2. Параллелограмның аудандарын табуға есептер шығарады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері

  1. Параллелограмның ауданының формуласын қорытады.

  2. Параллелограмның ауданының формуласын есептер шығаруда қолдана алады.




Тілдік мақсаттар



Оқушылар:

- есептің шығару жолын түсіндіре алады;

- бөлімнің ұғымдары мен терминдерін түсінеді және қолданады;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- параллелограмның биіктігі;

- параллеограмның қабырғалары;

- табаны, бүйір қабырғасы;

- қабырғалар арасындағы бұрыш;

- параллелограмның ауданы

Диалогқа/жазылымғақажеттітіркестер:

Параллелограмның биіктігі дегеніміз...

Параллелограмның диагоналі дегеніміз...

Параллелограмның диагональдерінің арасындағы бұрыш ...

Параллелограмның ауданы ...

Құндылықтарды дарыту


Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар

Сызу, информатика


АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны қолдану

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар келесі ұғымдарды біледі: параллелограмм, қасиеттері, белгілері. Аудан. Тіктөртбұрыштың ауданы. Үшбұрыштар теңдігінің белгілері.

Ресурстар

АКТ, оқулық ,Ә.Н. Шыныбеков, Геометрия, 2018 «Атамұра», плакат, үлестірмелі карточкалар, қарындаш, сызғыш, түрлі-түсті боялаулар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Оқушылардың іс-әрекеттері

Сабақ барысы


Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу. Жағымды оқу ортасын қалыптастыру. Топқа бөліну

1-топ: «Параллелограмм» 2-топ: «Ромб» З-топ: «Тіктөртбұрыш»
«Сынып көмегі» әдісі арқылы үй жұмысын тексеру.

Жағымды оқу ортасын қалыптастыру мақсатында оқушылар бір – біріне сәттілік тілейді.

Сонымен, балалар бүгінгі сабақта бір – бірімізге:

– жақсы көңіл-күй.

– бірімізді-біріміз тыңдаймыз, сыйлаймыз.

– сабаққа белсенділікпен қатысамыз.

– алынған білімімізді көрсетеміз.

Оқушылармен бірігіп сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтаймыз.




  • Мұғаліммен амандасады;

  • Топқа бөлінеді;

Сабаққа зейіндерін қояды.

3 топқа бөлініп отырады

Тіктөртбұрыш 

Математиканы білместерге
Құбыжық болып көрінем. 
Бар бұрышым тік болса, 
Тік төртбұрыш деп аталам
Ромбы атты бауырым,
Бәрінен де сымбатты. 
Білімділер кеудеге, 
Тағады заттай қымбатты. 
Параллелограмм

Қарама-қарсы қабырғам,
Параллель әрі тең болса. 
Іргелес жатқан бұрыштар. 
Бірінен бірі кем болса. 
Қосындысы бірақ та, 
1800- қа тең болса, 
деп аталам! 


Сабақ ортасы


І тапсырма «Ойлан, жұптас, бөліс»

Топпен жұмыс. «Постермен жұмыс»

Әр топ өз фигуралар бойынша тоқталып кетеді. Яғни (анықтамасын,қасиеттерін,формулаларын) айтып шығады.

Дискрептор:

Сызбаның дұрыс салады

Формуланы дұрыс пайдалана алады 

Анықтамасын дұрыс айтады

Бағалау: «жеке мадақтау»
ІІ тапсырма «Алғырлық кілті» (оқулықпен жұмыс) Қолдану Жұппен жұмыс.

«Ойлан! Шығар! Салыстыр!»
«Параллелограмм» тобына

461 (Л.С.Атанасян, В.Ф.Бутузов, С.Б.Кадомцев)

Параллелограмның сыбайлас қабырғалары 12 см-ге және 14 см-ге тең, ал оның сүйір бұрышы 30 -қа тең. Параллелограмның ауданын тап. Жауабы: S=84см2
253 (Ж.Кайдосов, Г.Хабарова, А Абдиев)

а) Параллелограмның қабырғалары 12 см және 15 см. Ұзын қабырғасына түсірілген биіктігі 8 см­ге тең. Параллелограмның екінші биіктігін табыңдар. Жауабы: S=10 см
265. (Қосымша есеп)

Параллелограмның диагоналі 12 см, қабырғаларының бірі 8 см,

ал олардың арасындағы бұрышы 30°. Параллелограмның ауданын табыңдар.

Жауабы: S=48 см2
Дескриптор:

  • Параллелограмның қабырғаларын табады;

  • Параллелограмның биіктігін табады;

  • Параллелограмның ауданын табады

  • Параллелограмның бұрышын табады;

  • Есептің шешімін табады.


Ромб тобына

462. (Л.С.Атанасян, В.Ф.Бутузов, С.Б.Кадомцев)

Ромбының қабырғасы 6- см-ге, ал бір бұрышы 1500-қа тең. Ромбының ауданын табыңдар. Жауабы: 18 см2.
477. (Л.С.Атанасян, В.Ф.Бутузов, С.Б.Кадомцев)

Ромбы диагональдарының бірі екіншісінен 1,5 есе үлкен, ал оның ауданы 27-см2-ге тең диагональдарының ұзындықтары қандай?

Жауабы: 9 см, 6 см
242 (Ж.Кайдосов, Г.Хабарова, А Абдиев)

Ромбының диагоналдарының қатынасы 2:3, ауданы 12 см2. Ромбының диагональдарын табыңдар. Жауабы: 4 см, 6 см

Дескриптор:

Есепті шешу алгоритмін дұрыс құрады

Сызбаның дұрыс болуы

Формуланы дұрыс пайдалана алады 

Есеп шешімін таба алады

Бағалау: «жеке мадақтау»
Тіктөртбұрыш тобына

215 (Ж.Кайдосов, Г.Хабарова, А Абдиев)

Өлшемдері 3 м × 1,8 м болатын тіктөртбұрыш пішіндес бөлменің еденін қабырғасы 30 см болатын шаршы тақтайшалармен жабу керек. Неше тақтайша керек болады? Жауабы: 60 тақтайша
246 (Ж.Кайдосов, Г.Хабарова, А Абдиев)

Егер тіктөртбұрыштың қабырғаларының қатынасы 5:7, ауданы 140 дм болса, қабырғалары неге тең?

Жауабы: 10дм, 14 дм
463(Л.С.Атанасян, В.Ф.Бутузов, С.Б.Кадомцев)
Параллелограмның ұзындығы 8,1 см-ге тең қабырғасымен 14 см-ге тең диагоналі 300 бұрыш жасайды. Параллелограмның ауданын тап.
Дескриптор:

  • Тіктөртбұрыштың қабырғаларын табады;

  • Өлшемдері арқылы еденін ауданын анықтайды

  • Параллелограмның биіктігін табады;

  • Параллелограмның ауданын табады

  • Параллелограмның бұрышын табады;

  • Есептің шешімін табады.

Бағалау:«Жеке мадақтау»
ІІІ тапсырма . Деңгейлік тапсырмалар

(Қолмен жұмыс жасау)

«Параллелограмм» тобына Қолдарына берілген қағаздан параллелограмм фигурасын шығарып,оның ауданын табыңдар.Өлшем бірлігін см2 –пен өрнектеңдер.Дескриптор:

  • Параллелограмм сызбасын салады;

  • Сызбасын қияды;

  • Параллелограмның қабырғаларын табады;

  • Параллелограмның биіктігін табады;

Параллелограмның ауданын табады

«Ромб» тобына сурет бойынша есеп шығару



Дескриптор:

Есепті шешу алгоритмін дұрыс құрады

Сызбаның дұрыс болуы

Формуланы дұрыс пайдалана алады 

Есеп шешімін таба алады

«Тіктөрбұрыш» тобына Пик формуласы бойынша берілген тіктөртбұрыштың ауданын табу керек

Өлшемі 1 см х 1 см болатын торкөзде төртбұрыш салынған. Сол фигураның ауданын шаршы см-мен табыңыз






Дескриптор:

  • Берілген фигураның ауданан таба алады;

  • Аудан және тағы бір қабырғасы берілгенде, белгісіз элементті анықтай алады;

  • Тор көзді парақта берілген кез келген фигураның ауданан шаршыларды санау арқылы септей алады.

Математикалық диктант

Кез келген төртбұрыш параллелограмм бола ала ма? жоқ

Кез келген параллелограмм төртбұрыш бола ала ма? иә

Кез келген квадрат тік төртбұрыш бола ала ма? иә

Кез келген тік төртбұрыш квадрат бола ала ма ? жоқ

Кез келген ромб параллелограмм бола ала ма ? иә

Кез келген параллелограмм ромб бола ала ма ? жоқ

Диагональдары тең және өзара перпендикуляр төртбұрыш квадрат бола ала ма? жоқ

Семантикалық картамен жұмыс

Постер

Үлестірме 1

ҚБ жинағы

Үлестірме 2

ҚБ жинағы

Үлестірме 3



Сабақ соңы
Үйге тапсырма беру

7. Рефлексия. “Блоб” ағашы




Сіз өзіңіздің бүгінгі сабақта түсінгеніңізді қаншалықты бағалайсыз. Блоб ағашынан өзіңізді таңдап, белгілеңіз
Екі жұлдыз бір тілек




Оқушылар сабақтан әсерлерімен бөліседі,

Оқушылар кестені толтырады.

Бағалау парағы бойынша бағаларын айтады.