ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.03.2024

Просмотров: 63

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Қысқа мерзімді жоспар


Пән: Қазақ тілі Т2

Күні:

Сынып: 8

Бөлім: I. Білім. Ғылым. Инновация

Педагогтің аты-жөні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

11. Рухани жаңғыру-тарих пен инновацияның сабақтастығы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

8.1.5.1 тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау

8.3.4.1 мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшелік

терін салыстырып, талдау жасау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтайды және мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасайды.


Тілдік мақсаттар

Қанша? Қаншадан?

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут


Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.Көтерiңкi көңiл-күй oрнaту үшiн «Көңіл-күйім» әдісін қолдану арқылы сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл-күй қалыптастыру. Кабинеттің төрт бұрышына смайликтер жапсырылады. Смайликтер түрлі көңіл-күйді бейнелейді. Оқушылар өз көңіл-күйіне сәйкес келетін смайликтің жанына барады. Бір-біріне жақсы тілектер айтады


слайд
Суреттер

Сабақтың ортасы

30 минут


Сөздікпен жұмыс:
Жаңа сөздер: қыш, тілек

1. Жаңа сөздердің мағыналарын түсіндіру. 2. Дұрыс айтуға дағдыландыру: мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;




Жаңа сөздерді тыңдайды, оқиды, мұғалім соңынан қайталайды.

Оқушылар жаңа сөздермен сөз орамдарын, қарапайым сөйлем құрастырады.

Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады.


Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!



Оқулық

24 бет
сөздік

слайд



1-тапсырма. Суретке қара. Досыңмен мектептегі өзің баратын не барып келетін үйірме туралы диалог құр.


«Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы айтылым тапсырмасын орындайды.

Дескриптор:

-суретке зер салып қарайды;

- диалог құрады;


Оқулық

24 бет

Оқулық

25 бет



2-тапсырма.

Олжас ақынның сөзінің мағынасын түсін. Мәтінді

жазып ал. Өлеңді жатта.
Қазып қалшы күрегіңмен

Жер бетін,

Табасың сен көшпелі елдер бабасын

Қарғап өткен қаныпезер

жендетін,

Бабалардың нәлет сөзін

табасың.

Тек қарғыс па?

Үміт отын табасың

Жылдар өтер, табысар адам баласы

Қыл өтпестей тату болып

арасы.
Олжас Сүлейменов


Айтылымтапсырмасын орындайды.



«Қол шапалақ» әдісі



3-тапсырма.

Өлеңнің соңғы жолдарындағы ақынның ойын өз сөзіңімен таратып айт. Адамзаттың тарихи жолы мен жаһандану дәуіріндегі әрекеті туралы қандай тұжырым жасар едің?



Айтылым тапсырмасын орындайды.








«Смайликтер» арқылы бағалау




Сергіту сәті.

4-тапсырма. Мәтінді тыңда. Оқы. Қою әріппен жазылған сөздердің мағынасын анықта.
«Тіл тарихы» үйірмесінің жетекшісі Зүбәйра апай жазбаларды зерттеген ғалым. Біз үйірмеде түркі тілдері, шумер тілдері туралы қызық мәліметтермен танысамыз. Апай: «Инновацияның басты мақсаты – жаңаны табу, белгісізді тану, жоғалтқанды іздей білу. Осы жолда ақпараттық технологияны пайдалану керек», - дейді.

Мен жақында интернеттен Олжас Сүлейменовтің «Қыш кітаптың» тарихы жайында жазған сөзін тауып алдым. Ақын: «...Мен үшін поэма жылдан-жылға поэзиялық та, тарихи да мән-мағынамен толыға түсуде. Ой-ниет ассириялық хроникаларда б.з.д. VII ғасырда болған нақты оқиға туралы хабарды оқығаннан кейін басталды», - дейді.

«Ғалым болу үшін өз тіліңе деген шексіз махаббат керек екен» деген ой түйдім. Көне жазбадан бір ғана сөзді «көре алу» керек! Жаңашылдық деген – осы! Инновация – талмай іздену арқылы өткенді жаңғырту, болашақты болжау екен! Ел Президентінің «рухани жаңғыру» деген сөзінің мәнін енді түсіндім. Рухани жаңғыру – тарих пен инновацияның алтын көпірі!

«Қыш кітап» пен «Ғажайып планетаның» арасын байланыстыра алу да – инновация! Ғылым мен білімдегі жаңашылдық! Әрбір түлек осыны түсінсін!


Сергіту сәтін

орындайды
Мәтінді тыңдайды, оқиды. Қою әріппен жазылған сөздердің мағынасын анықтайды.



Дескриптор

- Мәтінді тыңдайды;

-мәтінді оқиды;

-қою әріппен жазылған сөздердің мағынасын анықтайды;


Оқулық

25 бет


Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия «Гүл күлтелері» әдісі: Кері байланыс

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін

«Гүл күлтелеріне» арқылы жеткізеді






Үй тапсырмасы: 9 тапсырма 27 бет

Бағалау.Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2

Күні:

Сынып: 8

Бөлім: I. Білім. Ғылым. Инновация

Педагогтің аты-жөні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

12. Рухани жаңғыру-тарих пен инновацияның сабақтастығы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

8.1.5.1 тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау

8.3.4.1 мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшелік

терін салыстырып, талдау жасау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтайды және мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасайды.


Тілдік мақсаттар

Қанша? Қаншадан?

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут


Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.Көтерiңкi көңiл-күй oрнaту үшiн «Әсерлерімізбен бөлісейік» жылулық шеңбері жүзеге асады. Педагог балаларға 1-2 минут көздерін жұмып,өздерін тағы да табиғат аясында,көк майса шалғында жатып,көк аспан,аппақ бұлттарды көріп,құстардың сайраған әнін,судың сыбдырын естіген кездерін елестетуді ұсынады.



слайд
Суреттер

Сабақтың ортасы

30 минут


Сөздікпен жұмыс:
Жаңа сөздер: қыш, тілек

1. Жаңа сөздердің мағыналарын түсіндіру. 2. Дұрыс айтуға дағдыландыру: мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды


Жаңа сөздерді тыңдайды, оқиды, мұғалім соңынан қайталайды.

Оқушылар жаңа сөздермен сөз орамдарын, қарапайым сөйлем құрастырады.

Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады.


Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!



Оқулық

24 бет
сөздік

слайд



1-тапсырма

Мәтіндегі тірек сөздерді анықта, жаз. Сөздіктің көмегімен олардың мағынасын түсіндір. Тірек сөздерді қолданып, мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қойыңдар.


Оқушылар айтылым тапсырмасын орындайды. Мәтіндегі тірек сөздерді анықтап, жазады. Сөздіктің көмегімен олардың мағынасын түсіндіреді. Тірек сөздерді қолданып, мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қояды.


Дескриптор:

- Мәтіндегі тірек сөздерді анықтап, жазады;

- Сөздіктің көмегімен олардың мағынасын түсіндіреді;

- Тірек сөздерді қолданып, мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қояды.


Оқулық

26 бет

Оқулық

26 бет



2-тапсырма. Оқылым.
Сөйлемдерді оқы. Тарихи деректерді есіңде сақта.
Ой-ниет ассириялық хроникаларда б.з.д. VII ғасырда болған нақты оқиға туралы хабарды оқығаннан кейін басталған. Каспий өңірінің солтүстігінен келген көшпелілер Иранды басып өтіп, Ассирияға кірген. Оны бағындырып, алып, жиырма сегіз жыл билеген. 200 жылдан кейін Геродот та өзінің «Тарихын» жазған кезде осы оқиға туралы мәліметті кездестірген.



Оқушылар оқылым тапсырмасын орындайды. Сөйлемдерді оқиды. Тарихи деректерді есте сақтайды.



«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

3-тапсырма. Оқылым. Айтылым.
Мәтіндегі ақпараттардың дұрыстығын тексер. Қате ойларды түзетіп айт.
1.Балалар үйірмеде қазіргі заман тілдері туралы қызықты мәліметтермен танысады.

2. «Инновацияның басты мақсаты – ақпараттық технологиялармен таныстыру», - дейді Зүбәйра апай.

3.400 жылдан кейін Геродот өзінің «Тарихын» жазған кезде осы оқиға туралы мәліметті кездестірген.

4.Рухани жаңғыру – бүгін мен болашақтың алтын көпірі.

.

Оқушылар оқылым тапсырмасын орындайды. Мәтіндегі ақпараттардың дұрыстығын тексереді. Қате ойларды түзетіп айтады.



«Бас бармақ» әдісімен бағалау

Оқулық

26 бет


Сергіту сәті.

4-тапсырма. Жазылым.

Мәтіндегі Зүбәйра апайдың сөзін дәйексөз ретінде төрт нұсқада жаз.


Сергіту сәтін орындайды

Оқушылар жазылым тапсырмасын орындайды.
Дәйексөзді қолдану үлгісі:

1. «.........», - деді....

2.«.........», - деді....

3..... пікірінше «.........».

4.Зүбәйра апай бізге ... екенін айтты

Дескриптор:

-Мәтінмен жұмыс жасайды;

-дәйексөз ретінде жазады;

Оқулық

27 бет


Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия «Алма ағашы» әдісі: Кері байланыс

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін

«Алма ағашы» арқылы көрсетеді.






Үй тапсырмасы: 10 тапсырма 27 бет

Бағалау.Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2

Күні:

Сынып: 8

Бөлім: I. Білім. Ғылым. Инновация

Педагогтің аты-жөні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

13. Нәтиже сабақ.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

8.1.5.1 тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау

8.5.1.1 болжалдық сан есімді

жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтайды. Болжалдық сан есімді

жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолданады.

Тілдік мақсаттар

Нешінші? Екінші, үшінші қабатта

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут


Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.Көтерiңкi көңiл-күй oрнaту үшiн «Достық шеңбері» жылулық шеңберін өткізеді. Балалар шеңберге жиналады.Педагог ортаға орындық қойп,кез келген балаға отыруды ұсынады (ұялшақ,өзіне сенімсіз,жасқаншақ баланы шақырғаны жөн).Педагог «Күлгін көзілдірікті» киіп «күн сәулесін қорғайтын әйнегі күлгін түсті көзілдірік жарайды),ол арқылы адамның ең жақсы қасиеттерін көруге болатынын айтады да,ортада отырған баланың жақсы қасиеттерін айтады.Балалар қалаулары бойынша көзілдірікті кезекпен киіп,ортадағы баланы мадақтайды.


слайд
Суреттер



1-тапсырма. Айтылым.

Диалогті толықтырыңдар.

-Мектебіңдегі оқу жүйесін өзгерткің келе ме?

- .........................................

-Сен армандаған мектеп қандай болуы керек?

- .........................................

- Сабақ кестесін өзің құруға мүмкіндік берілсе, не істер едің?

- .........................................

-Сен армандаған мектепте қандай үйірмелердің жұмыс істегенін қалайсың?

- .........................................

-Мектепте атақты ғалымдармен кездесу өткізу саған жүктелсе, кіммен кездесу өткізер едің? Неге?

- ........................................


Оқушылар айтылым тапсырмасын орындайды.

Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!



Оқулық

28 бет

Оқулық

28 бет



2-тапсырма. Оқылым. Жазылым. Айтылым.
Сөздіктің көмегімен мәтінді оқы. Негізгі деректерді жазып ал. Мәтіндегі ақпараттарды тақырып бойынша өтілген мәліметтермен байланыстырып айт. Болжалдық сан есімдерді қолдан.
Бабыл сына жазуы.

Біздің заманымыздан бұрын 3-мыңжылдықтың II жартысында бабылдықтар мен ассириялықтар 300-дей белгі қолданған. Кейін Бабыл сына жазуы жетілдіріліп, дыбыстық жазуға ауысты. Мазмұнына қарай Бабыл сына жазуымен жазылған жазбалар іс қағаздары, тарихи оқиғалардың қысқаша баяны, эпостық жыр жолдары, сөздіктер және т.б. болып бөлінеді.


Оқушылар оқылым, жазылым, айтылым тапсырмаларын орындайды.

Дескриптор:

-Сөздіктің көмегеімен мәтінді оқиды;

-Негізгі деректерді жазып алады;

-мәтіндегі ақпараттарды тақырып бойынша өтілген мәліметтермен байланыстырып ацйтады;

-болжалдық сан есімдерді қолданады;

3-тапсырма. Жазылым. Айтылым.
Төмендегі тақырыптардың бірін таңда. Постер құр. Оны сынып алдында айт. Сөзіңде болжалдық сан есімдерді қолдан.
1.Мен армандайтын мектеп

2.Фантастикалық шығарманың ерекшелегі

3.Т.Сұлтанбеков – балалар жазушысы

4. Инновация – тарих пен инновация болашақтың алтын көпірі
.


Оқушылар жазылым, айтылым тапсырмаларын орындайды. Тақырып таңдайды. Постер құрады. Болжалдық сан есімдерді қолданады.




«Қол шапалақ» әдісі арқылы бағалау

Оқулық

28 бет


Сергіту сәті.
4-тапсырма. Айтылым.
«Баскетбол» ойыны. Ойын екі кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің ұпай сандары қойылып отырады. Сынып төрт топқа бөлінеді. Тақтаға баскетболдың төрт тор себеті ілінеді. Ол тор себеттің біріне «Инновациялық мектеп», екіншісіне «Тіл үйірмесі», үшінсіне «Т.Сұлтанбеков», төртіншісіне «Ғажайып планета» деп жазылады.

Бірінші кезеңде мұғалім алдын ала дайындаған сөздерді үлестіреді. Оқушылар өз парақшасындағы сөздерді үлестіреді. Оқушылар өз парақшасындағы сөздердің қай тақырыпқа сай келетінін айтып, баскетболдың тор себетіне жапсырады. Дұрыс жапсырылған сөздер саны бойынша әр топқа ұпай беріледі.

Екінші кезеңде әр топ өзіне бөлінген себеттегі сөздерді қатыстырып, «Оймоншақ» тәсілімен біртұтас мәтін құрап айтады.


Сергіту сәтін орындайды
Оқушылар айтылым тапсырмасын орындайды.

«Оймоншақ» тәсілімен біртұтас мәтін құрап айтады.

Дескриптор:

-айтылым тапсырмасын орындайды;

-өз парақшасындағы сөздерді үлестіреді;

-мәтін құрады;

Оқулық

29 бет


Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия «Сауал» әдісі: Кері байланыс

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін

Сауалдарға жауап беру арқылы арқылы жеткізеді.
Сіз бүгін сабақтан нені үйрендің?

Сен үшін маңызды болған не?

Сен бүгінгі сабақ барысы бойынша нені тағы білгің келеді?







Үй тапсырмасы: Болжалдақ сан есімдерді пайдаланып еркін тақырыпта эссе жазу

Бағалау.Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды.




Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2

Күні:

Сынып: 8

Бөлім: I. Білім. Ғылым. Инновация

Педагогтің аты-жөні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

14. Мен не үйрендім?

БЖБ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

8.1.5.1 Тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау

8.2.1.1 Тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтайды. Тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрайды.

Тілдік мақсаттар

Нешінші? Екінші, үшінші қабатта

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут


Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.Көтерiңкi көңiл-күй oрнaту үшiн «Менің көңіл - күйім» жаттығуын орындатқызады.
Мақсаты: оқушылардың көңіл - күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу
Оқушылар алдарындағы бланкіге өз көңіл - күйлерін суреттеп салады.



бланкі

суреттер



1-тапсырма. Жазылым.

«Менің осы тақырып бойынша алған әсерім» кестесін тотырыңдар
Қандай ой пайда болды?

Не сезіндім?

Не ұнады?


Жазылым тапсырмасын орындайды. Кестені толтырады.

Дескриптор:

-кестені толтырады;

-сұрақтарға жауап береді;


Оқулық

29 бет

Оқулық

29 бет



2-тапсырма. Айтылым.
Өлеңді мәнерлеп оқыңдар. Мағынасын түсіндір
Білгенге маржан

Мен таңсықпын тұяғы мен тұлпардың

Топшысына қыран бүркіт, сұңқардың.

Құмыраның қыл мойны мен қылышқы,

Қашап жазған қайсар жырға іңкәрмін.

Бақи уақыт,

Бақи тірлік,

Бақи құм...

Құпиясынтосып маған не қилы.

Толық айды түніменен сөндірмей,

Құс жолынан аспан жырын оқимын.
Олжас Сүлейменов



Оқушылар айтылым тапсырмасын орындайды.




«Смайлик» арқылы бағалау

Сергіту сәті.

3-тапсырма. Жазылым. Айтылым.
Осы уақытқа дейінгі өткен тақырыптар бойынша «Қорытынды постер» құр.


Сергіту сәтін орындайды
Оқушылар жазылым, айтылым тапсырмаларын орындайды.

Дескриптор:

-постер құрады;

-қорытынды пікірін білдіреді;


Плакат, суреттер

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия «Ой-пікір» әдісі:

Кері байланыс

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін

ой-пікірлері арқылы жеткізеді.






Үй тапсырмасы: «Білгенге маржан» жаттап келу

Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22





Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2

Күні:

Сынып: 8

Бөлім: II. Сауда жасай білесің бе?

Педагогтің аты-жөні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

1. Досыма сыйлық таңдаймын

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

8.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру

8.5.1.1 бөлшектік сан есімдерді

жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап береді. Бөлшектік сан есімдерді

жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолданады.


Тілдік мақсаттар

Қанша? Қаншадан?

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут


Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.Көтерiңкi көңiл-күй oрнaту үшiн «Ой шебері» әдісі орындалады. Оқушылар есте қалған қанатты, нақыл сөздерді ретімен айтып шығады




слайд
Суреттер

Сабақтың ортасы

30 минут


Сөздікпен жұмыс:
Жаңа сөздер: сыйлық, назар, арзан, тым, уақытылы, кәдесый, қаражат
1. Жаңа сөздердің мағыналарын түсіндіру. 2. Дұрыс айтуға дағдыландыру: мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;




Жаңа сөздерді тыңдайды, оқиды, мұғалім соңынан қайталайды.

Оқушылар жаңа сөздермен сөз орамдарын, қарапайым сөйлем құрастырады.

Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады.


Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!



Оқулық

30 бет
сөздік

слайд



1-тапсырма. Жазылым.

Төмендегі мақал-мәтелдерді қажетті сөздермен толықтырып жаз.

Қажетті сөздер: базары, сақал, достық, ақшаң, әркім.

1.Саудада ... жоқ.

2.Сауда .... сипағанша.

3..... жақын байымас.

4.Базарға ..... барар, өзіне керегін алар.

5.Базарда бәрі бар, ... болса, әрі бар.

Оқушылар жазылым тапсырмасын орындайды. Мақал-мәтелдерді қажетте сөздермен толыөтырып жазады.



Дескриптор:

-мақал-мәтелдерді толықтырып жазады;

-қажетті сөздерді пайдаланады;


Оқулық

30 бет

Оқулық

31 бет



2-тапсырма. Оқылым. Айтылым.

Сұраққа жауап бер.
Сен қандай сыйлықты жақсы көресің?

Өзің қандай сыйлық бергенді ұнатасың?

Сыйлықты қолдан жасай аласың ба? Ең алғашқы қолдан жасаған сыйлығың қандай? Оны кімге сыйлап едің?



Оқушылар оқылым, айтылым тапсырмаларын орындайды.







«Бес бармақ» әдісі арқылы бағалау

3-тапсырма. Тыңдалым. Оқылым.
Мәтінді оқы. Түсінгеніңді баянда.
Біз бүгін досым екеуміз Айзеренің туған күніне барамыз. Жинаған азын-аулақ қаражатымыз бар. Оған қандай сыйлық алатынымызды әлі шешкен жоқпыз. Маған ұнаған сыйлық досыма ұнамады, оған ұнаған сыйлық маған ұнамады. Екеуміз бір шешімге келе алмадық. Мен сыйлық таңдаудың қиын екенін білмеппін. Анама осы жайды баяндап бердім. Анам сыйлық таңдаудың ережесі барын айтты. Сендерді де осы ережемен таныстырайын:

Сыйлық берген кезде төмендегі нәрселерді назарға алған жөн:

-туған күнге бүкіл отбасы емес, туған күн иесінің өзі ғана қолданатын зат сыйла;

-сыйлық не кәдесыйды туған күн өткеннен кейін сыйлауға болмайды, сондықтан сыйлығыңды алдын ала беріп қой;

-сыйлық ретінде ақша сыйлаған дұрыс емес, ол адам сен үшін шынайы қымбат болса, уақытыңды бөліп, оны қуантатаындай сыйлық таңда;

-өте қымбат сыйлық бермеген жөн, қымбат сыйлық адамды ыңғайсыз жағдайға қалдыруы ықтимал. Өте арзан сыйлық, оған ұнамауы мұкін, сондықтан оның көңілінен шығатындай сыйлық ал;

-сыйлықтың безендірілуіне мән бер;

-өзіңе сыйлаған сыйлықты беруге болмайтыын жадыңда сақта;

-күшік, мысық, тотықұс және т.б. сыйлықтарды сол үйдің отбасы мүшелерінің рұқсатымен сыйлау керектігін ескер;

-сыйлықты кіреберістер беруге болмайды, оны қонақбөлмеде асықпаы, жылы лебізіңді айтып сыйлауды дәстүрге айналдар;

-сыйлығың тосынсый болса, туған күн иесі қатты қуанышқа бөленетінін ескер;

-ақшалай сыйлықты конвертке салып бер;

-тым нашар сыйлық бергеннен гөрі бермеген дұрыс;

Осы ережелерді жадыңда ұстасаң, сыйлық беру мерекеге айналары сөзсіз.

Оқушылар тыңдалым, оқылым тапсырмасын орындайды. Мәтінді оқиды. Түсінгенін баяндайды.



«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

Оқулық

31 бет

Сергіту сәті.
4-тапсырма. Оқылым. Айтылым.
Мәтін мазмұны туралы пікіріңді «Төрт сөйлем» құрылымына салып жаз.
Пікір. Оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз.

Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.

Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір.

Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды жаз.

Сергіту сәтін орындайды
Оқушылар оқылым, айтылым тапсырмасын орындайды.

Дескриптор:

-мәтін мазмұны туралы пікір білідеріді;

-өз пікірін дәлелдейді;

-мысал келтіреді;

-қорытындылайды;


Оқулық

32 бет


Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия «СМС» әдісі: Кері байланыс

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін

смс арқылы білдіреді.






Үй тапсырмасы: 5 тапсырма 32 бет

Бағалау.Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды.