Файл: ащы жусанны химиялы рамын жан жаты зерттеу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.03.2024

Просмотров: 56

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




2–сурет. Қара түсті тұнба түзілуі

Artemisia absinthium ащы жусанның сулы сығындысын зерттеу нәтижесі бойынша түзілген өзгерістер оның құрамында көмірсулардың бар екендігін дәлелдейді.

Органикалық қышқылдарды сапалық анықтау.

Аскорбин қышқылын анықтау: Artemisia absinthium ащы жусанның сулы сығындысымен сапалық реакциялар жүргізілді.

Калий пермаганаты ертіндісімен әрекеттесуі: 1 мл калий пермаганаты ертіндісіне құрамында аскорбин қышқылы бар сулы сығынды қосылды. Ерітіндінің жартылай түссізденуі байқалды (MnО4 ионының Mn2+ ионына тотығуына дейін) [24,25] ,(3–сурет ).


3–сурет. Ерітіндінің жартылай түссізденуі
Реакция оң нәтижеге көрсетті. Artemisia absinthium ащы жусанның құрамында аскорбин қышқылы бар екндігі осы өзгеріске сай анықталды.

Таниндерді сапалық анықтау: Artemisia absinthium ащы жусанның құрамындағы таниндерді анықтау үшін сапалық реакциялар келесідей жүргізілді [26,27], (3–кесте).
3– кесте. Ащы жусанның Artemisia absinthium құрамындағы таниндерді анықтау



Реакция шарттары

Зерттеу нәтижесі

Ескертпе

1

5–6 тамшы сулы сығындыға 1–2 тамшы темір–аммонийлі шайыры қосылды

Ертінді жасыл түске боялды






Оң нәтиже

2

5 мл сулы сығындыға 5–6 тамшы 0,5 %–тік желатин ерітіндісі мен 1 тамшы концентрлі тұз қышқылы қосылды

Ерітіндінің лайлануы байқалды




Оң нәтиже

3

5–6 тамшы сулы сығындыға бірнеше тамшы темір (ІІІ) хлориді ерітіндісін құйылды

Ерітіндінің қараюы байқалды




Оң нәтиже

4

5 тамшы сулы сығындыға 1–2 тамшы калий бихроматы ертіндісі қосылды

Ерітіндінің қоңыр түске боялуы байқалды





Оң нәтиже

5

5 мл сулы сығындыны 0,1 Н тұз қышқылымен қышқылдандырып,

3 тамшы 10%–тік қорғасын ацетаты ертіндісі қосылды

Сарғыш түсті тұнба пайда болды




Оң нәтиже



Жүргізілген сапалық реакциялардың негізінде Artemisia absinthium ащы жусанның құрамында конденсацияға қабілетті таниндердің бар екенін байқауға болады.

Кумариндерді сапалық анықтау: Artemisia Аbsinthium ащы жусан құрамындағы кумариндерді келесідей тәжірибе арқылы анықталды. 5 мл сулы спиртті сығындыға 10 тамшы 10%–тік метил спиртіндегі калий гидроксиді қосылып 5 минут су моншасында қыздырылды. Сарғыш түс пайда болды. Кейіннен ерітіндіні екі бөлікке бөлініп, бірінші бөлікке – 5 мл тазартылған су қосылып араластырылды, 10%–тік хлорсутек қышқылымен бейтараптандырылды. Осы кезде ерітіндінің лайлануы байқалды (4–сурет).


4–сурет. Бірінші пробиркада ерітінді лайланды
Екінші бөлікке 0,1 мл диазореактивті қосқан кезде қызыл–қоңыр түс пайда болды (5–сурет).



5– сурет. Екінші пробиркада ерітіндінің қызыл–қоңыр түске боялды
Бұл нәтижелер Artemisia absinthium ащы жусан құрамында кумариндердің бар екенін көрсетеді.
2.5 Artemisia Absinthium ащы жусанның сулыспиртті сығындысының сапалық құрамын зерттеу

Artemisia absinthim ащы жусанының құрамындағы флавоноидтарды сапалық анықтау келесі тәжірибелер арқылы жүргізілді (4–кесте).

4–кесте. Artemisia absinthim ащы жусанының құрамындағы флавоноидтарды сапалық анықтау



Тәжірибенің өту жағдайлары

Зерттеу нәтижесі

Ескертпе

1.

Сулы–спиртті сығындыға магний жарғақшалары, кейіннен тамшылатып концентрлі хлорсутек қышқылы қосылды

Ертінді қызыл түске боялды




Оң нәтиже

2.

Сулы–спиртті сығындыға натрий гидрокарбонаты ертіндісі қосылды

Ертінді жасыл–көк түске боялды




Оң нәтиже

3.

Сулы–спиртті сығындыға 1%–дық темір хлориді(ІІІ) қосылды

Ертінді жасыл–қоңыр түске ие болды





Оң нәтиже

4.

Сулы–спиртті сығындыға бірнеше тамшы 2%–дық алюминийхлоридінің ертіндісі қосылды

Ертіндіде сары–жасыл түс байқалды




Оң нәтиже

5.

Сулы–спиртті сығындыға бор қышқылының 10%–дық және лимон қышқылының сусыз ацетондағы ертіндісі қосылды

Ертінді сары түске ие болды

Оң нәтиже



Бұл тәжірибелер қортындысы бойынша зерттелініп отырған Artemisia absinthim ащы жусанының құрамында флавоноидтар бар екендігі дәлелденіп отыр.
Сесквитерпенді лактондарды сапалық анықтау: Artemisia absinthim ащы жусанының құрамындағы сесквитерпендерді сапалық анықтау үшін жұқа қабатты хроматография әдісі қолданылды. Екі жұқа қабатты хроматография қағазына бастапқы белгі (старт) белгіленді. Белгіге бірнеше рет анық көрінгенге дейін сулы-спиртті сығындысы тамызылып, кептірілді. Бірінші жұқа қабатты хроматография қағазын алдын-ала дайындалып қойылған қозғалмалы фаза диэтил эфиріне соңғы шекке көтерілгенше дейін орнатылды. Екінші жұқа қабатты хроматография қағазын бензол-ацетон (9:1) ертіндісіне соңғы шеккке көтерілгенше дейін орнатылды. Сесквитнерпенді лактондар жұқа қабатты хроматография қағазында түрлі бояуларға ие болды (5- кесте).
5-кесте. Сесквитерпенді лактондарды хроматографиялық талдау

Зерттелген шикізат

Ертінді жүйелеріндегі Rf өлшемі

Зерттеу нәтижесі

Ескертпе

І

ІІ

І

ІІ

І

ІІ


Artemisia absinthim ащы жусаныны



0,3


0,35








+


+



2.6 Artemisia Absinthium ащы жусанының сулы және сулы спиртті сығындысын ЯМР – спектроскопия әдісімен зерттеу
Artemisia absinthium ащы жусаны сулы сығындысының ЯМР спектрлерінің талдауы. Спектрлер Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің зертханасында «Jeol» (Жапония) компониясының JNN–ECA 400 ЯМР- спектрометрінде тіркелген. Спектрометрдің жұмыс жиілігі 1Н және 13С ядроларында, сәйкесінше 400 және 100 МГц-ке тең жағдайда өтті. Талдау қалыпты температурада D2O ертіндісін қолдану арқылы жүргізілді. Химиялық ығысулар миллиондық үлеспен (ppm) көрсетілген. 6-суретте 3,84–12,67 аралығында химиялық ығысулар байқалады, спектрлер идентификациялау нәтижесінде бұл қосылыс құрамында артемизин флавоноидының бар екендігі айқын көрсетілген.



6 – сурет. Ащы жусан сулы сығындысының құрамындағы артемизин флаваноидының 1Н ЯМР спектрі
Берілген спектрлерге (7-сурет) сәйкес ащы жусанның сулы сығындысының құрамында: 1) 0,59 – 2,63 миллионды үлес сигналдары аралығында метилді және метиленді топтары байқалды; 2) 3,88 – 4,08 миллионды үлес сигналдары аралығында метокси тобы мен флавоноидтар байқалды; 3) 6,00 – 8,50 миллионды үлес сигналдары аралығында ароматты көмірсутектер мен басқа да флавоноидтар болатынын көрсетеді.



7 – сурет. Ащы жусанның сулы сығындысының 1Н ЯМР спектрлері
Кестеде берілген мәндер зерттелетін заттың белгілі бір бөлігінің немесе тобының сигналдарын байқау үшін қолданылады (6 - кесте).
6-кесте. Ащы жусан функциональды топ компоненттері мен мультиплеттігі

Сигнал

Функциональды топ

Мультиплеттігі

δ, ppm

1

CH3- , CH2-

s

0,59 – 2,63

2

CH3О -

s, d, t

3,88 – 4,08

3

Aроматты көмірсутектер және басқа флавоноидтар

s, dd

6,00 – 8,50



Аrtemisia absinthium ащы жусаны сулы-спиртті сығындысының ЯМР спектрлерінің талдауы. Artemisia absinthium ащы жусаны сулы-спиртті сығындысының ЯМР спектрлерінің талдауы жоғарыдағыдай жүргізілді. Берілген спектрлерге (8 – сурет) сәйкес ащы жусан құрамында: 1) 0,49 – 2,50 миллионды үлес сигналдары аралығында метилді және метиленді топтар сигналдары түрінде байқалды; 2) 2,70 – 5,50 миллионды үлес сигналдары аралығында метокси топ пен флавоноидтар сигналдары түрінде байқалды; 3) 5,60 – 8,50 миллионды үлес сигналдары аралығында ароматты көмірсутектер мен басқа да флавоноидтар болатынын көрсетеді.


8 – сурет. Ащы жусанның сулы – спирті сығындысының
1Н ЯМР спектрлері
7 – кестеде берілген мәндер ащы жусанның сулы – спиртті сығындысының белгілі бір бөлігінің немесе тобының сигналдарын байқау үшін қолданылады

7-кесте. Ащы жусанның 1Н ЯМР-спектрі және функциональды топ компененттері

Сигнал

Функциональды топ

Мультиплеттігі

δ, ppm

1

CH3- , CH2-

s

0,49 – 2,50

2

CH3О-

s, d, t

2,70 – 5,50

3

Aроматты көмірсутектер және басқа флавоноидтар

s, dd

5,60 – 8,50




Қорытынды
Artemisia Absinthium ащы жусанның зерттеу нәтижелерін талқылау:


  • органолептикалық көрсеткіштері нормативті құжаттың талаптарына сәйкес;

  • ащы жусанның физикалық – химиялық көрсеткіштері анықталды;

  • сулы сығындысының сапалық құрамында органикалық қышқылдар, танин және кумарин, көмірсулар, аскорбин қышқылы бар;

  • сулы–спиртті сығындысының сапалық құрамында флавоноидтар, ал қағазды хроматография негізінде сесквитерпенді лактондар анықталды;

  • 1Н ЯМР спектрлері негізінде салыстырмалы түрде ащы жусанның сулы және сулы – спиртті сығындысының құрамындағы функционалды топтары – метил, метилен, метокси топтары, ароматты көмірсутектер және флавоноидтар бар екендігі анықталды. Яғни, ЯМР – спектрометрия әдісі арқылы Artemisia Absinthium ащы жусанының химиялық құрамын зерттеу оның қолдану аясына сай маңыздылығын ашып көрсете алады.


Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстанның флорасы. Т.8. [ Solanaceae – Compositae]. Алматы, 1998.

  2. Ботаникалық иллюстрация «Köhler's Medizinal–Pflanzen». 1997.

  3. Северин А.П. Изучение химического состава и фармакологической активности комплексов биологически активных веществ, выделенных из шрота полыни горькой. Курск 2013

  4. Қазақстанның иллюстірлік өсімдіктерінің анықтамасы. Т.2.Алма–Ата,1997.

  5. Жумабекова С.Д., Тлеубергенова Г.С., Каракучукова А.Б. Күрделігүлділер (Аsteraceae) тұқымдасы өсімдіктердің флоралық анализі /Родная земля ғылыми конф. матер., СҚМУ, 2013.

  6. Семенов А.А. Очерк химии природных соединений. –Новосибирск: Наука, 2000.

  7. Корулькин Д.Ю., Абилов Ж.А., Толстиков А.У., Музычкина Р.А. Природные флаваноиды. – Новосибирск, 2008.

  8. Музычкина Р.А., Корулькин Д.Ю., Абилов Ж.А «Основы химии природных соединений» – Алматы: Қазақ Университеті, 2010.

  9. АксёноваЛ. Полынь - горькая, полезная, красивая //Цветоводство: журнал. - 2008. - № 6. С. 58-61.

  10. http://womanadvice.ru/odnoletnyaya–polyn–protiv–raka–kak–prinimat–polyn–pri–onkologii

  11. https://alkogolik–info.ru/alkogolnaya–zavisimost/lechenie/narodnye–metody/polyn–ot–alkogolizma.html

  12. https://bees.agrogro.ru/article/lechebnye–svoystva–polyni–v–ginekologii

  13. Абдуллабекова P.M. «Табиғи шикізаттан алынған биологиялық белсенді қоспаларды жасап шығарудың технологиялық және гигиеналық негіздері». Шымкент. 2008.

  14. Аширматова M.H., Шарипова Ф.И., Махатов Б.К.«Влияние фитопрепаратов на обменные процессы». Алматы. 2009.

  15. Рахимов Қ. «Қазақ халық емшілігіндегі өсімдіктердің шипалық қасиеті» зерттей түсу – негізгі мақсаттардың бірі. Денсаулық журналы №3, 2008.

  16. Исин А. «Дәстүрлі қазақ медицинасының ерекшеліктері». Абай журналы №2, 2008.

  17. Отарбаев А. «Жабайы өсімдікті шетке теппейік» (өсімдіктердің емдік қасиеті туралы). Жаршы №2, 2008.

  18. Павлов М. Энциклопедия лекарственных растений, 2009.

  19. Магомедова С.Р Разработка технологии, исследование и стандартизация гидрофильных препаратов при комплексной переработка сырья: Пятигорск, 2008.

  20. Bouchra Saadali et al. Alkamides from Artemisia A. / Driss Boriky, Mohamed Blaqhen, Maurice Vanhaelen, // Phytochemistry. 2010.

  21. Гончаров А.Г. Исследование растительного полисахаридного комплекса/ А.Г. Гончаров Т.И. Искаков, Л.Д. Халеева //Актуальные вопросы поиска и технологии лекарств: тез. докл. респ. науч. конф. – Харьков. 2009.

  22. Хаитов Р.М. Современные иммуномодуляторы: основные принципы их применения/ Р.М. Хаитов, Б.В. Пинегин // Иммунология– 2011. №2.

  23. Сальникова Е.Н. Исследование полисахаридного комплекса полыни горькой (Artemisia absinthium). // Теоретические и практические аспекты изучения лекарственных растений. Томск.2011.

  24. Государственная фармакопия 11.е, доп М.: Медицина: Вып. 2. Общие методы анализа Лекарственноерастительное сырье.2012.

  25. Государственный реестр лекарственных средств М. Минздрав. 2011.

  26. Шмид О. Природные дубильные вещества /Биохимические методы анализа растений М. 2008.

  27. Запрометов С. В. Выделение и анализ природных биологически активных веществ // С.В. Запрометов , Е.Е. Сироткина, Краснов Е.А.// Томск. 2007.