Файл: ащы жусанны химиялы рамын жан жаты зерттеу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.03.2024

Просмотров: 55

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қазақстан Республикасының ғылым және жоғарғы білім министрлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті КеАҚ

«АЩЫ ЖУСАННЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН ЖАН – ЖАҚТЫ ЗЕРТТЕУ»

3 курс студенті: Талғатұлы Дәурен

Білім беру бағдарламасы: 6В01504- Негізгі мектептегі химия және биология

Ғылыми жетекші: Тлеуова З.Ш., дәріскер


Кіріспе...................................................................................................................

3

1

Artemisia Absinthium ащы жусаны....……………………......................

5

1.1

Artemisia Absinthium ащы жусанның химиялық құрамы ……........

6

1.2

Ащы жусанның маңызы және қолданылуы………………………...

11

2

Эксперименттік бөлім ………………………….....................................

17

2.1

Шикізатты дайындау кезеңдері ………………………………….........

17

2.2

Artemisia Absinthium ащы жусанның органолептикалық және физикалық – химиялық көрсеткіштері ……………………..................



17

2.3

Artemisia absinthium ащы жусанның сапалық құрамын анықтау үшін табиғи қосылыстарды бөліп алу және фракциялау ………........



19

2.4

Artemisia Absinthium ащы жусанның сулы сығындысының сапалық құрамын зерттеу …………………..........................................................



20

2.5

Artemisia Absinthium ащы жусанның сулы– спиртті сығындысының сапалық құрамын зерттеу ……………………………………………..



25

2.6

Artemisia Absinthium ащы жусанның сулы және спиртті сығындысын ЯМР–спектроскопия әдісімен зерттеу ……………......



27

Қорытынды...........................................................................................................

31

Қолданылған әдебиеттер.....................................................................................

32







Кіріспе

Адам кейбір өсімдіктерді әр түрлі ауруларды емдеуге пайдалануға болатындығын алғашқы кезеңнен бастап – ақ білген. Одан бірнеше мың жылдан кейін дәрілік өсімдіктерді емге пайдаланудың мән – жайы халық арасында ауыздан ауызға таралып, кейіннен қағазға жазыла бастаған. Әбу–Насыр әл–Фараби, Әбу–әли Ибн–Сина, Беруни, Әл–Джуржани, т.б орта ғасырларда өмір сүрген шығыс ғалымдары қазақ медицинасының дамуына, әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып пайдалануға зор ықпал етті. Оның ішіндегі маңыздысы – жусан. Ұлан – байтақ даламыздың қай қиырына барсақ та, оны кездестіреміз. Жусан арғы – бергі қиыры атты адамға айшылық алыс жол болатын кең – байтақ жеріміздің сəнін кіргізіп тұрған секілді көрінеді. Жусан – күрделі гүлдер тұқымдасына жататын өсімдік, көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер, шала бұта. Жусан жер бетіндегі өсімдіктердің ішінде ең ащысы. Оның пайдалы жақтары жетерлік. Латындар бұл шөпті артемизия деп атайды. Шөптесін өсімдіктердің дəрілік қасиеттерін ашқан Артемид құдайдың құрметіне осылай атаған. Ертеректе олимпиада ойындарында жеңіп шыққандарға сыйлық ретінде жусаннан жасалған сусын ішкізетін болған. Жусанның дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Оның тұңбасы көбінесе ас қорыту жұмысын жақсартуға, тамақ ішуге ынталандыруға қолданылады. Тұқымдас өсімдіктердің ішінде емдік қасиеті бар өсімдік шикізаттарын іздеу перспективті. Бұл мақсатта өзінің алуан түрлігі, таралуы мен үлкен шикізаттық қоры бар.


Artemisia Absinthium ащы жусанын халық медицинада қолданылады. Бұның себебі Artemisia Absinthium ашы жусанның бірегей химиялық құрамы болып табылады. Шөптің емдік қасиеттерін оның табиғи, биологиялық белсенді компоненттерімен байытылғаны түсіндіреді. Жерүсті бөлігінде гүлдену кезеңінде биологиялық белсенді компоненттері ең жоғарғы концентрацияны көрсетеді.

Осыған орай, аталған ғылыми – зерттеу жұмысының мақсаты: Artemisia Absinthium ащы жусанының физикалық – химиялық құрамын анықтау.

Жұмыстың міндеттері:

– Artemisia Absinthium ащы жусанының органолептикалық көрсеткіштерін анықтау;

– Artemisia Absinthium ащы жусанының сулы және сулы–спиртті сығындысының физикалық – химиялық қасиеттерін қарастыру;

– Artemisia Absinthium ащы жусанының химиялық құрамын ЯМР – спектрометрия әдісі арқылы зерттеу.

Жұмыстың өзектілігі:

Artemisia Absinthium ащы жусанының химиялық құрамын ЯМР – спектрометрия әдісімен зерттеу.

Жұмыстың жаңалығы:

Емге шипа, жанға дауа, құндылығы өте жоғары, ең қасиетті өсімдіктің бірі – Artemisia Absinthium ащы жусанының құрамын жан – жақты қарастыру.

1 Artemisia Absinthium ащы жусаны



Ащы жусан (лат.Artemisia Absinthium) – астралылар тұқымдасына жататын, күрделі гүлділер тұқымдасы. Ащы жусанның бірнеше атауы бар. Олар: ақ жусан, емші жусан, ащы ермен жусан, далалы жусан. Биіктігі 60–100 см кейде 120 см–ге жететін көпжылдық шөптесін тамырсабақты өсімдік. Сабақтары жеке, түзу орналасқан, сызықшалары бар, көп жапырақты, жоғары жақтары бұтақтанған. Сабақтарының төменгі жақтары ұзын сағақты, сағақтың түбі ланцет тәрізді бөлік. Сабақтың ортаңғы бөлігіндегілердің сағақтары қысқа, сағақ түбінің бөліктері болмайды. Барлығы үш қауырсынды салаланған. Гүл жапырақшалары сағақсыз, қарапайым қауырсынды. Гүлі сары түсті түтікті. Ортанғы гүлдерінде аталық пен аналық болады. Ал шеткі гүлдерінде тек аталықтары болады. Гүлдері жинақталған гүлі–себетті шар пішінді, диаметрі 4 мм дейін жетеді. Гүлінде 3–4, 94% сантонин. Жемісі қонырлау, ұзынша, дәндерінің ұшы үшкірлеу, ұзындығы 1мм, айдарсыз, 1000 дәнінің салмағы 0,1грамм. Шілде–тамыз айларында гүлдеп, тамыз–қыркүйекте жемісі жетіледі. Ащы жусан тұқым арқылы және вегетативті жолмен көбейеді. Тұқым арқылы көбеюі үшін тұқымдарды жинау қажет. Жиналған тұқымдар қатарлармен егіледі. Тұқымдардың өсуіне қарай өсімдікті сирету қажет. Сирету үрдісінен кейін ең жақсы өсімдіктер қалады. Бірнеше апта өткен соң ащы жусанды қолдануға болады.

Таралу аймағы. Artemisia Absinthium ашы жусаны Европа, Солтүстік Африка, батыс Азиядан пайда болған деп саналады. Қазақстанның барлық аудандарында кездеседі, тек қана құмды шөлейт аймағында өспейді. Жусанның Қазақстанда 81 түрі өседі. Қазақстан Флора бойынша Солтүстік Қазақстан облысының аймағында 24 түрі таралған [1]. Жусанның ең көп таралған кеппешөптерінің түрлері: бөрте жусан (A. Austriaca L.), ащы жусан (A. absinthium Jacq.), қара жусан (A. vulgaris L.), жазық жусан (A. campestris L.), сұр жусан (A. glauca Pall.), жапырақты жусан (A. latifolia Ledeb.) және т.б.


Экологиясы. Ылғал–сүйгіш арамшөп ретінде ауыл маңында, жол бойында, бақта, бау–бақшада, егістік, тыңайған және шалғынды жерде, орманда, бұта аралығында, таудың төменгі, орта белдеуінде өсіп–өнеді. Кейде үллкен қау құрып өседі, әсіресе тау алқаптарында. Қоры. Есептелінбеген, себебі өндіріске деген табиғи шикізаты жеткілікті [2].

1.1 Artemisia Absinthium ащы жусанның химиялық құрамы

Ащы жусанды халық медицинада қолданылады. Бұның себебі ашы жусанның бірегей химиялық құрамы болып табылады. Шөптің емдік қасиеттерін оның табиғи, биологиялық белсенді компоненттерімен байытылғаны түсіндіреді. Жерүсті бөлігінде гүлдену кезеңінде биологиялық белсенді компоненттері ең жоғарғы концентрацияны көрсетеді. Ащы жусанның құрамын зерттеуге негізделген көптеген жұмыстарда оның құрамын кіретін заттар туралы мәліметтер берілген. Соның ішінде, сесквитерпеноидтар туындылары (анабсинтин, артамарин, артамаридин, артамиридинин, артабсин, матрицин, анабсин, абсинтолид, изоабсинтин, артабсинтолидтер A,B,C,D) кездеседі, құрамында туйон, хамазулен, гвайазулен, кетопеленолид А, кетопеленолид В, гидроксикетопеленолид, α, β-кариофиллен , γ-селинен, бизаболен, 2-метил-6-метиленил-10-п-толилундецен-2, 2-метил-6-метелинил-10n-толилундекан, мирцен, α-пинен, туйил спирті, нерол, туйилацетаты бар эфир майлары (0,12-0,8%) да болады. Бұл эфир майлары ащы жусанның гүлдеуі кезінде, ал жапырақтарында гулдеуге дейінгі кезеңде жинақталады. Жусан құрамында полисахаридтер, сапониндер, флавоноидтар (артемитин, кверцетин, кемпферол, изорамнетин, апигенин), фитонцидтер, аскорбин қышқылы, шайырлы және иленетін заттар, артемизетин, каротин және органикалық заттар (янтарь қышқылы) да кездеседі. Ащы жусан тамыры көмірсуларға өте бай, соның ішінде инулин көп мөлшерде кездеседі. Кумариндерден скополетин, умбеллиферон де бар [3].

Осы аталған заттардың ішіндегі маңызды түрлеріне жалпы сипаттама.

Ащы гликозидтер. Гликозидтер бірқатар моно немесе олигосахаридтердің спирттермен, аминдермен, фенолдармен, меркаптандармен қосындысынан туатын зат. Түзілуі гликозилтрансферазалардың, ал ыдырауы гликозидазалар әсерімен өтеді. Гликозидтердің бір түрі нуклеозидтер. Гетероциклді азот негізі бар рибозалар мен дезоксирибозалардан тұрады. Нуклеин қышқылдарының құрамына кіреді. Олар шөптің дәміне жауап береді. Ащы гликозидтер ас қорыту органдарының жұмысын жақсартады және өт айдаушы эффектке ие. Сонымен қатар, трихомоноза, хламидиоза, зеңді инфекциялар (оның ішінде кандидоз) қоздырғыштарын жояды [4,5].


Флавоноидтар.Табиғи полифенолды қосылыстардың класына жатады. Олар табиғатта өте жиі кездеседі. Оның құрамында көптеген әртүрлі бояушы пигменттер болады (флавондар, флавонолдар, антоциондар, және тағы басқалары). Бұл пигменттер өсімдіктердің жоғарғы және төменгі бөліктерінде көп мөлшерде кездесіп отырады. Олар түссіз және сары кристалды заттар. Флавоноидтардың әр алуандылығы гидроксилдеу, метоксилдеу, ацилдеу арқылы анықталады. Өсімдіктерден моно–, ди–, три–, тетра–, пента– гексаметокситуындылары бөлінген. Artemisia Absinthium ащы жусанның химиялық құрамындағы флавоноидтарының бірі артемизетин, табиғи антибиотик болып табылады. Артемизетин бактериялардың көбеюін тоқтатып, ішек таяқшасын және көкірінді таяқшаларды жояды. Ісіктердің қабынуын басып залалсыздандырады.

Илік (таниндер) заттар. Илік заттар деп жоғары молекулалы, бір–бірімен гинетикалық байланысты табиғи фенолды қосылысты айтады. Бұл заттар өсімдіктердің жер асты және жер үсті мүшелерінде жинақталады. Медицинада тұтқыр дәру түрінде пайдалану былжыр қабықта одан әрі қабынуға кедергі болатын пленканың (үлкен қабыршақтың) жасалуына байланысты, ал жараға жағылған танин қанды ұйытады және қанды тоқтататын дәру ретінде қолданылады. Ащы жусандағы илік заттары жараны тез арада емдеуге әсер етеді. Сонымен қатар қан кетуді тоқтатып, инфекциялармен күреседі.

Органикалық қышқылдар. Органикалық қышқылдар – (құмырсқа, сірке, сүт, май, пирожүзім, янтарь, оксиянтарь, альфа–глютарлы, лимон, изолимон және т.б.). Өсімдіктерде эфир немесе тұз түрінің бос күйінде белгілі мөлшерін құрайды. Органикалық қышқылдар көп мөлшерде жидектерде, тұқымдарда, жемістерде, жапырақтарда, бұтақтарда, тамырларда жиналады. Органикалық қышқылдар ағзада түрлі функцияларда қатысады, белгілі фармакологиялық белсенділік көрсетеді: біреуі атеросклероз дамуын ескертсе, басқалары зат алмасуда белсенді қатысып қышқылды – негіз тепе–теңдігін ұстап секреторлық без жұмысына әсер етеді.

Эфир майлары өсімдіктердің гүлінде, жапырағы мен жемісінде кездесетін күшті иісті жеңіл, ұшатын зат. Эфир майы, әсіресе әртүрлі микробтармен, вирустармен күресуге өте әсерлі. Сонымен қатар, жүрек–қан тамыры жүйесінің қызметін, асқазан – ішек қызметін жақсартуға және қақырық түсіруге мүмкіндік туғазады [6].

Микроэлементтер.Топырақта, тау жыныстарында, қазба көмірлерде, табиғи және минералды суларда, организмдерде (аз мөлшерде 0,01 – 0,1% не одан төмен) кездесетін химиялық элементтер
. Artemisia Absinthium ащы жусанның химиялық құрамында келесідей микроэлеметтер бар: цинк, бром, селен, кальций, магний, молибден.

Дәрумендер. Ащы жусанның құрамында А, В (В2, В3, В6, В9), С, РР дәрумендері бар: А дәрумені көздің көру процесіне қатысады. Бұл дәруменнің өсіп–өну және зат алмасу үшін маңызы өте зор; В дәрумені ағзадағы суларды ерітетін дәрумен болып саналады, инсульт қаупін азайтады; В1 дәрумені ағзада дұрыс зат алмасуы үшін аса қажет; В2 дәрумені (рибофлавин) биологиялық тотығу процестеріне қатысады; В3 дәрумені никотин қышқылы холестерин деңгейін азайта алатын қасиетке ие және гиперлипемия кезінде пайдаланыла алады; В6 дәруменi (пиридоксин) ақуыздардың құрамдас бөлігі болып табылатын амин қышқылдарының алмасуы на қатысады; РР дәрумені (ниацин) көмірсулар алмасуын жақсартады; С дәрумені тотығу–тотықсыздану процессіне, ақуыздың түзілуіне қатысады.

Фитонцидтер. Фитонцидтік қасиеті бар ащы жусан ерте заманнан бері халықтық медицинада кең қолданылып келді. Фитоцидтердің емдік күші бірқатар жүрек, жүйке жүйесінің ауруларын емдеген кезде айқын білінеді. Сонымен қатар бактерицидті шығаратын, саңырауқұлаққа қарсы әсері бар органикалық қосылысты комплекстер болып табылады [7].

Ащы жусанның тамыры мен шөбінің химиялық құрамына келесі заттар кіреді. Бициклді монотерпеноидтар 0,5–2%, туйол (10–25 %), туйон (10 % -ке жуық) пинен және тағы басқалары. Сонымен қатар азуленогенді сесквитерпенді лактондар, жусанға ащылық қасиет беретін – артабин, абсинтин (димер артабсин). Жусанның майының жасыл–көк түсі азуленге негізделген. Сонымен қатар құрамында: флавоноидтар, органикалық қышқылдар, иленетін заттар және т.б. органикалық қосылыстар [8] кездеседі.

1.2 Ащы жусанның маңызы және қолданылуы

Біздің еліміздің бай өсімдіктер әлемі ертеден-ақ адам баласына қызмет етіп келеді. Қазақстан тұрғындары тірі табиғатпен дәстүрлі байланыста, олар ертеден-ақ өздерінің айналасындағы өсімдіктерді және олардың күнделікті тұрмыстағы пайдасы туралы жақсы білген. Солардың бірі – ащы жусан.

Жусан жер бетіндегі өсімдіктердің ең ащысы. Оның пайдалы жақтары жетерлік. Латындар бұл шөпті артемизия деп атайды. Шөптесін өсімдіктердің дәрілік қасиетін ашқан Артемид құдайдың құрметіне осылай деп атаған. Шөптесін өсімдіктердің дəрілік қасиеттерін ашқан Артемид құдайдың құрметіне осылай атаған. Ертеректе олимпиада ойындарында жеңіп шыққандарға сыйлық ретінде жусаннан жасалған сусын ішкізетін болған. Жусанның дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Оның тұңбасы көбінесе ас қорыту жұмысын жақсартуға, тамақ ішуге ынталандыруға қолданылады. Ащы жусан дәрілік өсімдік, медицинада келесі ауыруларды емдеуге пайдаланылады: