ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.03.2024
Просмотров: 67
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қатерлі ісікке қарсы ем: Қазақстанда мамандар қатерлі ісікке қарсы жергілікті жусаннан дәрі жасап шығарды. Дәрігерлердің айтуы бойынша, бұл дәрі бауыр, өкпе және сүт бездерінде пайда болған ісіктерді емдеуге және олардың алдын алуға мүмкіндік береді. 1997 жылы «Арглабин»препаратының жасалуы Қазақстан үшін үлкен жаналық болған еді. Алғашқы сынақ барысында дәріні қабылдаған 72 аурудың 44%–да ісіктің тоқтауы байқалған екен. Қатерлі ісікті сәулемен емдеу барысында «Арглобин» қолданылса, науқастардың емделуі 95%–ға көтеріледі. Ал, фитохимиялық институтының маманы Науан Жанғабыловтың айтуынша, Қазақстанда сынақтан өткен кезде дәрінің шөптен жасалғандықтан адамның сау органдарына зақым тигізбейтіндігі анықталған. «Арглобин» препаратының жалпы қолданысқа енгізілгеніне 15 жылдай уақыт болды. Осы жылдар ішінде ол әлемде тендесі жоқ дәрі екенін дәлелдеді. Мұны, тіпті, шет елдің ғалымдары да мойындап отыр. Бүгінге үш мыңнан астам науқас осы дәрінің арқасында дертінен күлантаза айықты [9].
Обырды ащы жусанмен емдеу: АҚШ ғалымдары Қытайда ежелден бері обырға қарсы қолданылып келген жусанның туындысы ащы жусан –артимезининді ашты. Бұл қосылыс 16 сағат ішінде 98% қатерлі жасушаларды жоя алады. Әсіресе, оны өкпе обыры кезінде қолданылады. Ежелгі уақытта оны малярийға қарсы қолданған, ал казіргі кезде онкологияға қарсы қолданылады. Обырды емдеу үшін ащы жусанның мамыр мен маусым айларының ортасына дейін жиналған жас өсінділері қолданылады, себебі олар күшті әсерге ие. Бір стакан қайнаған суға бір шай қасық үгітілген ащы жусан алынады. 40 минут тұндырады және сүзеді. Стақанның 1/3 бөлігін күніне 3 рет ас қабылдаудың алдында бір апта бойы қабылдайды. Ащы жусанның құрамында токсиндер болғандықтан, жусанмен емдеу шағын курстармен өтеді. Емделу курсы кезінде үзіліс жасап отыру қажет. Тұнбаны ішке қабылдаумен қатар, оны сырттай ісікке компресс ретінде қолдануға болады. Бұл жағдайда үзіліссіз қолдануға болады [10].
Алкогольге тәуелділікті ащы жусанмен емдеу:Алкогольге тәуелділікті емдеу үшін шөптер қоспасын жинау қажет. Оның ең басты компоненті ащы жусан болып табылады. 20 грамм ащы жусан мен 80 грамм өрмелегіш тимьян араластырылады. Бір ас қасық шикізатқа бір стакан қайнатылған су құйылады. 5 минут қайнатылады, одан кейін суытылып, тұндырылады және сүзіледі. Стаканның 1/3 бөлігін күніне 3 рет бір ай бойы қолданады. Одан кейін 1 ай үзіліс жасап, емдеу курсын әрі қарай жалғастырады. Емдеу барысында ауруда алкогольге деген жиіркеніш сезімі
пайда бола бастайды, қаны токсиндерден тазарады [11].
Жатыр ісігін ащы жусанмен емдеу: Миома–бұл қазіргі уақытта ащы жусанның тұнбасымен емделетін қатерлі емес ісік. Дайындау тәртібі: Екі ас қасық шикізатқа 1/2 литр спирт немесе арақ құю арқылы жасалынады. 10 күн бойы тұндырылады. Бұл тұнбаны күніне екі рет 1 шай қасықтан ас қабылдау барысында қолданады. Емдеу курсы – 14 күнге созылады. Кейіннен бір ай үзіліс жасап, оң нәтиже көрсетпесе емдеу курсын қайталауға болады. Тұнбаны тоңазытқышта сақтау қажет. Сипатталған емдеулерді қолдану кезінде есте сақтау қажет: қан аздық, жүктіліктің кез–келген айында және емізу кезінде тек қана жусан емес, басқа да токсинді қасиеттері бар шөптерді дәрігердің рұқсатынсыз алдын–ала қолдануға болмайды [12].
Artemisia Absinthium ащы жусанның эфир майы. Artemisia absinthim ащы жусанның құрамында эфир майы 2–ға дейін болады. Бастапқы шикізатқа байланысты түсі сары, қою–жасыл кейбір жағдайларда көк түсті бояу алады. Ащы жусанның эфир майының басты ерекшелігі оның ащы дәмі және тартымды иісі болып саналады.
Artemisia Absinthium ащы жусанының эфир майының химиялық құрамы. Химиялық құрамы бойынша бірегей. Емдік компоненттері: антисептикалық, қабынуға қарсы, құрттарға қарсы болып келеді. Олар: туйон (басқа атауы монотерпин) – табиғи зат, мықты нейротоксин, мидың гаммааминомайлы қышқылына маңызды нейромедиаторына әсер етеді және галлюцинация мен тырысуға әкеліп соғуы мүмкін.
-
Хамазулен сәйкес сесквитерпенді спирттер, қышқылдар мен лактондар әрекеттесуі нәтижесінде пайда болады. Қабынуға қарсы айрықша қасиеті бар. -
Мирцен ауруды басатын және қабынуға қарсы қасиеті бар. Жүйке жүйесін тыныштандыратын әсерге ие. -
Камфора құрамында оттегі болатың табиғи жағдайда пайда болған органикалық қосылыс. Ол ақ немесе түссіз ұнтақ ретінде табиғатта кездеседі. Гранулалары кристал түрінде болады. -
Монотерпены екі изопренді фрагменттерден құралған табиғи көмірсулар [13].
Алу тәсілдері мен жолдары. Эфир майы ащы жусанының кептірілген жапырақтары мен гүлдерінен алынады. Эфир майын алу әдісі келесідей сатылардан тұрады: балғын шөпті жинайды, жуады және кептіреді; өсімдікті дөңгелек түпті колбаға орналастырады, оған зәйтүн майын құйып, тығыздап жабады; эфир майын 10 күн тұндырып дайындығын түс бойынша анықтайды. Май қою жасыл немесе меруерт түсті болады [14].
Artemisia Absinthium ащы жусанының эфир майының адам ағзасына әсерінің маңыздылығы мынада: асқазан–шек жұмыстарынның функциясын тұрақтандырады; бауыр жұмысынының бұзылуында қолданылады; гастрит және асқазан жарасында қолданылады; құртардан тазартады; дене қызуын төмендетеді; кардиотұрақтандырушы әсерге ие; тұмау бронхиалдық демікпеде қолданылады; есту қабілетін жақсартады; ревматизм, артрит кезінде ауыруды женілдетеді; күйзеліс, невроз белгілерімен күреседі; ми жұмысын жоғарлатады; ұйқысыздықпен күреседі [15].
Artemisia Absinthium ащы жусанының эфир майының сыртқы қолдану әдістері. Жусан майы массажға арналған қоспаларда ревматизімдік, артриттік ауыруларға қарсы қолданады. Ол үшін жусанның эфир майының 2–3 тамшысын жай майға немесе өсімдік майының 10мл–не қосып жақпа майы ретінде пайдаланады [16]. Тыныс алу жолдарының ауыруы кезінде ингаляция жасауға Artemisia Absinthium ащы жусанының эфир майы қолданылады. Бір стақан ыстық суға 1–2 тамшы эфир майын қосып, одан кейін буымен 5–7 минут тыныс алады. Artemisia Absinthium ащы жусанының эфир майының компресстері күйіктерді женілдетеді ,жараны қалпына келтіреді. Ол үшін жусанның эфир майының 5–6 тамшысын жай майға немесе өсімдік майының 10мл–не қосып, зақымданған тері бөлігіне жағады.
Artemisia Absinthium ащы жусанының эфир майының қарсы көрсетілімдері. Artemisia Absinthium ащы жусанының эфир майын жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Мөлшерден артық қолдану немесе ұзақ қолдану конвульсияға, галлюцинацияға, бас айналуына, түйілуге, тырысуға және жеке жүйесінің бұзылуы
2. Эксперименттік бөлім
2.1 Шикізатты дайындау кезеңдері
Жусанды гүлдей бастаған уақытта жинайды. Оны жоғарғы жағынан ұзындығы 25 см–дей етіп, жуан бұтақшаларын алмай, пышақпен немесе орақпен кеседі. Сирек жағдайда жусан жапырақшаларын маусым айында тамыр тұсындағы және ірі бұтақтарындағы жапырақшаларын гүлдегенге дейін алып тастап дайындайды. Жусан жинауды уақытынан кешіктірмеу қажет, себебі кеш қалса, гүлдер сары түсін жоғалтып, қоңырланады, ал жапырақшаларында қоңыр түсті дақтар пайда болады, сонымен қатар жусанды кептіргенде ол өз табиғи түсін жоғалтады.
Шикізатты қараңғы, көлеңкелі жерде немесе температурасы 22–30 °С болатын кептіргіште кептіреді, өсімдікті оның бұтақтары мен жапырақшалары сынғыш күйге айналғанға дейін жиі аударып отырады. Зерттеуге алынған ащы жусан Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы далалық аймағынан маусым айында жоғарыда берілген әдістеме бойынша жиналды. Шикізат университеттің зертханалық жағдайында 20-25°С температурада, жабық, қараңғы сөрелерде бұтақтары мен жапырақшалары сынғыш күйге айналғанға дейін аударылып, кептірілді және кейінгі зерттеулер үшін сақталынды.
Зерттеу жұмыстарына өсімдіктің жоғары, жұмсақ бөлігі, яғни бұтақшалары мен жемістері пайдаланылды.
2.2 Artemisia Absinthium ащы жусанның органолептикалық және физикалық – химиялық көрсеткіштері
Зерттеуге алынатын жусанның жан – жақты қарастырылуы бұл шикізаттың түпнұсқалығы мен өнімсапалығын және қауіпсіздік көрсеткіштерін қарастыруды талап етеді. Ол үшін органолептикалық, физикалық және химиялық анализ әдістерінің маңызы зор.
Аталған әдістері негізіндегі зерттеулер нәтижесі бойынша сәйкестендіру көрсеткіштері, соның ішінде органолептикалық көрсеткіштері қарастырылды (1 – кесте).
1 – кесте. Artemisia Absinthium ащы жусанның органолептикалық көрсеткіштері
Көрсеткіштері | Нормативті құжат бойынша | Іс жүзінде |
Сыртқы түрі | Гүлді себетше, тілімді сабақты және жапырақ пішіні 1–ден 7–мм | Гүлді себетше, тілімді сабақты, жапырақ пішіні 5–6 мм - дей |
Түсі | Сұр – жасыл, күмістей – сұр | Сұр – жасылдау |
Иісі | Ароматты, ерекше, күшті иісті | Арнайы ерекше күшті иісі бар |
Дәмі | Татымды ащы | Аздап ашылау |
Алынған мәліметтер негізінде зерттелетін шикізаттың нормативті құжаттың талаптарына сыртқы түрі, иісі, дәмі, түсі және түпнұсқалығы сай екендігі дәлеледенді [18]. Жусанның өнімсапалығын анықтау келесі физикалық – химиялық көрсеткіштерді анықтау арқылы жүргізіледі – үгіту дәрежесі, ылғалдығы, органикалық қоспалар мөлшері, минералды қоспалар мөлшері (2 –кесте).
2 – кесте. Artemisia Absinthium ащы жусанның физикалық – химиялық көрсеткіштері
Физикалық – химиялық көрсеткіштері | |
Үгіту дәрежесі, мм | 7мм |
Ылғалдығы, % | 13% |
Қоспалар мөлшері (органикалық және минералдық қоспалары) | Бөгде иістері жоқ, көгеру, шірудің байқалмайды |
Шикізаттың үгіту дәрежесі 7мм – ден аспайды, себебі диаметрі 0,5мм елеуіш арқылы өтетін зат мөлшері стандартқа сай болуы қажет .
Зерттелетін жусанның ылғылдығы стандартқа сай 13 пайыздан аспайды.
Бөгде иістер, көгеру, шірудің болмауы шикізаттың дайындау, кептіру және транспортталу ережесіне сай екендігін көрсетеді. Зерттелінетін шикізаттың алдын – ала нормативті құжаттар талаптарына сай тексерілуі зерттеу нәтижесінің мәліметтерін ғылыми зерттеу жұмыстарына қолдануға мүмкіндік береді.
2.3 Artemisia absinthium ащы жусанның сапалық құрамын анықтау үшін табиғи қосылыстарды бөліп алу және фракциялау
Artemisia absinthium ащы жусанның сапалық құрамын анықтау үшін табиғи қосылыстарды бөліп алу және фракциялауға арналған құрылғысы жиналды.Artemisia absinthium ащы жусанның сапалық құрамын анықтау үшін, алдымен сулы сығындысы дайындалды. Сулы сығынды дайындау келесі әдістеме арқылы жүргізілді: 5,0 г шикізатты дөңгелек түпті колбаға салып, үстіне 50 мл тазартылған су құйып, экстрагент қайнай бастағаннан бастап 1 сағат бойы қайнап жатқан су моншасында кері тоңазытқыш арқылы қыздырылды. Сығынды суытылып, сүзіліп, шикізатқа қайтадан су құйылып, қыздырылып; операция үш рет жүргізілді. Үш сығынды бір–біріне қосылып, араластырылды. Бөліп алынған сулы сығынды кейін жан–жакты зерттелді. Artemisia absinthim ащы жусанының құрамындағы кумариндерді, фенолкарбондық қышқылдарды, флавоноидтарды сулы–спиртті сығындыны қолдану арқылы анықталды.
Сулы–спиртті сығындыны алу келесі әдістеме арқылы жүргізілді: 5,0 г шикізатты дөңгелек түпті колбаға салып, үстіне 60 мл 70%–дық этил спиртін құйып, экстрагент қайнай бастағаннан бастап 1 сағат бойы қайнап жатқан су моншасында кері тоңазытқыш арқылы қыздырылды. Сығынды суытылып, сүзіліп, шикізатқа қайтадан 40 мл этил спирт құйылып, экстрагент қайнаған уақытын белгілеп алып, кейін тағы 15 минут қайнатылды. Екі сығынды бір–біріне қосылып, араластырылды [19].
2.4 Artemisia Absinthium ащы жусанның сулы сығындысының сапалық құрамын зерттеу
Көмірсуларды сапалық анықтау: көмірсуларды сапалық анықтау үшін полифенолды қосылыстардан тазартылған Artemisia absinthium ащы жусанның сығындысы қолданылады [20] .
Бос қанттарды анықтау.
1. Бертран реакциясы: 1 мл тазартылған сулы сығынды мен 1 мл Фелинг сұйықтығын су моншасында қыздырған кезде қызғылт - қызыл мыс (І) оксиді тұнбаға түсті (1–сурет ).
1–сурет. Қызыл түсті тұнба түзілуі
2. Несслер реактивімен реакциясы: 1 мл тазартылған сулы сығындыға 1 мл Несслер реактиві құйылып, қайнап тұрған су моншасында қыздырылды. Құрамында бос қант болғандықтан сынаптың (І) оксиді қара түсті тұнбаға түсті [21,22,23] (2–сурет).